Күні:22.10.18.
Мектеп: ...........................
Сыныбы:2А.
Сынып
жетекшісі: ....................
Машықкер: .....................
Тәрбие сағаттың
тақырыбы: «Жол ережесін есте
сақтайық!»
Тәрбие сағатының
мақсаты:
1.Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру
.
2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол
ережесінің белгілерімен
таныстыру
3.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін
сақтауға тәрбиелеу.
Тәрбие сағаттың
әдісі: сұрақ – жауап, іздену,
жинақтау, көрнекілік.
Тәрбие сағатының
көрнекілігі:Сыныпты тақырыпқа сай
безендіру.
Сабақтың
барысы:
I.Ұйымдастыру
кезеңі:Сәлеметсіңдер ме, балалар.
Көңіл – күйлерің қалай? Бүгінгі сабақты жүргізетін мен –
.................... Ал балалар сабағымызға дайын болсақ
бастайық.
Психологиялық
дайындық: Сабағымызды бастамас бұрын балалар шаттық
шеңберге тұрып, бір – бірімізге ыстық тілектерімізді
айтайық.
II. Негізгі
бөлім:
Жұмбақ
жасыру
Жасыл көзі
«жүр» дейді.
Қызыл көзі
«тұр» дейді
Сары көзі
«дайын бол» дейді.
Бұл не?
оқушылар -«бағдаршам».
Мұғалім - дұрыс
айтасыңдар, балалар. Бүгін біз
жолда жаяу жүру
ережесімен танысамыз.(балалардың назарын суретке
аудару)
Мұғалім:-
суретте не көріп тұрсыңдар?
Оқушылар - үш
түсті дөңгелек бар.
Мұғалім - үш
түсті кім атап береді? Оқушының
жауабы
-- Қызыл
түс.
- Сары
түс.
- Жасыл
түс.
Мұғалім - өте
дұрыс, бұл бағдаршам екен. Қазір мен бағдаршамның не үшін керек
екенін айтып берейін. Сендер мұқият тыңдап
алыңдар.Бағдаршам
бізге жол қиылыстарынан өтуге көмектеседі. Жаяу жүрушілерді жол
апатынан сақтайды. Жолдан өтерде өте мұқият болу керек. Жолдан
жүгіріп өтуге болмайды.
Бағдаршамның үш
көзі - үш түрлі. Бағдаршам бар қиылыста адамдар өтетін ақ жолақтар
болады. Бағдаршамның қызыл көзі жанғанда көліктер тоқтайды, ал
адамдар жаяу жүрушілер
ақ жолақтармен
өтеді.- Ал, ортадағы сары көзі жанса, көліктер дайындалады.- Ал
жасыл көзі жанса, жол ашылады, көліктер жүреді. Бағдаршамның үш
көзі жаяу жүргіншілерге және көлік пен жүруге де өте қолайлы, адам
өміріне орасан зор.
Олай болса,
көшеден өткенде арнайы ақ жолақтардан өту керек. Жол қиылысында аса
абай бол, көшелерде, жолдарда доп ойнауға, шанамен сырғанап
ойнауға, болмайды.
Олай болса
балалар «бағдаршам» ойынын
ойнаймыз.
- Мақсаты:
Балалардың есте сақтау қабілетін
дамыту.
-
Шарты: Балалар қызыл
түсті дөңгелекті көрсеткенде тыныштық сақтайды, ал сары түсті
дөңгелекті көрсеткенде алақандарын соғады, ал жасыл түсті
дөңгелекті көрсеткенде аяқтарын
тарсылдатады.
«Бағдаршам
өлеңін»оқып
беру:
Жолды кесіп өтуге мен
қамдансам,
Қиылыста қарсы алады
бағдаршам.
Менікіндей екеу емес, үш
көзді,
Әр көзінің түсі бөлек,
аңғарсаң.
Көзі алысты қалт жібермей
қырағы,
Бір көз жанса, қалғаны өшіп
тұрады.
Қызыл, сары, жасыл түсті
көздердің
Бас әрпінен үш түрлі ұғым
шығады:
Қ — Қызыл түс — қимылдама, баспа
алға,
Қиылыста қарап тұрма
аспанға.
С — Сары түс — сәл сабыр ет,
дайындал,
Ж — Жасыл түс, жүре бергін,
жасқанба.
Сергіту
сәті.
Тербеледі
ағаштар,
Алдымнан жел
еседі.
Кіп-кішкентай
бөбектер
Үлкен болып
өседі.
Жол белгілері –
көлік қозғалысын реттеу және көлік жүргізуші мен жаяу жүрушіге
маңайдағы жол жағдайы жөнінде ақпарат беру мақсатында көше мен жол
бойына қойылатын арнайы белгілер. Жол белгілерінің бекітілген
суреті мен техникалық сипаттамалары «Жол белгілері мен сигналдары
туралы» Конвенция (Вена, 1968) мен осы Конвенцияны толықтыратын
Еуропа елдері келісімі (Женева, 1971) талаптарына сәйкес жасалады.
1998 жылға дейін Қазақстанда 1987 жылы КСРО-да қабылданған жолда
жүру ережелері қолданылды. 1998 жылдан республикада жолда жүрудің
жаңа Ережелері қабылданған. Осы ережелерге сай жол белгілері
мемлекеттік стандарттар негізінде анықталады. Бұл стандарттар
бойынша, жол белгілері 7 топқа
бөлінеді:
ескерту
белгілері
басымдылық
белгілері
тыйым салу
белгілері
міндеттеу
белгілері
ақпараттық-көрсеткіш
белгілері
қызмет көрсету
белгілері
Қосымша
тақтайшалар
Ескерту
белгілері жолдың қауіпті бөлігінің жақындағанын хабарлайды. Ол
айналасы қызыл жолақпен көмкерілген ақ түсті тең қабырғалы
үшбұрыш түрінде
жасалып, ортасына қауіп түрін айқындайтын шартты белгілер салынады.
Басымдылық белгілері көше қиылыстарын, жолдың жіңішкерген бөлігін,
кесіп өту кезектілігін
белгілейді.
Ендеше, балалал сендермен тағы бір ойын
ойнайық.
Ойынның аты «Дәл тап». Мақсаты: оқушыларды
жануарларды ажыратуға
үйрету.
Балалар жолдан өтерде ата – анамыздың қолынан
ұстап өткен абзал. Жолдан өтерде оңға солға қарауды
ұмытпа.
III.
Қорытынды.
Сұрақ –
жауап.
1.Бағдаршамда қанша түс
көрсетілген? ( 3 түс )
2. Бағдаршамдағы түстерді ата:
(қызыл, сары, жасыл)
3. Сары түс қандай белгі
береді? (Жүруге дайындал)
4. Жолдан өтерде нестеу керек?
(Оңға бір, солға бір қарау керек)
Жол тәртібін
білейік.
Аман - есен
жүрейік.
- Балалар,
сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. Жолда жүру ережесін жақсы меңгерген
сияқтысыңдар. Жолда қиналмай арғы бетке өтетіндеріңе сенімдімін.
Сабақ сендерге ұнадыма? Рахмет сендерге. Сау
болыңдар.
Әдіскер:
Мұғалім:
Баға: