Жол тәртібін білейік, есен – аман жүрейік!
Мақсаты:
1. Көшеде жүру тәртібі туралы білімдерін тиянақтау, жинақтау.
2. Көше тәртібін әрдайым сақтауға, қиын жағдайларда дұрыс шешім
таба білуге тәрбиелеу, құқықтық тәрбие беру.
3. Оқушылардың ой - өрістерін, жан - жақты білімдерін дамыту.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, суретті тест, “Жол белгілерін еске
түсірейік” «Бағдаршамды сыйлаңдар» сөзжұмбағы, бағдаршам макеті,
сигналдық белгілер, «Бағдаршам»
мультфильмі.
Мұғалім
:
-Сәлеметсіздер ме,оқушылар!Бүгін біздерге мемлекеттік авто
инспекция қызметкері келіп тұр.Ол сендерге жолда жүру тәртібі
туралы айтып өтеді
МАИ
қызметкері:
- Сәлеметсіздер ме,балалар!Бүгін мен
сендерге жарақаттардың алдын алу мақсатында жол тәртібі
нұсқауларына қысқаша шолу өткіземін. Бағдаршам - өмірімізді
жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу
баршамызға керек.
Біздің ауылымызда, сол сияқты біздің еліміздің басқа да қала,
ауылдарында бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл
ережені оқушылар да, үлкендер де, яғни барлық көлік жүргізетін
жүргізушілер де бұлжытпай орындауы
керек.
- Балалар, сендер көшеде
жүру ережесін білесіңдер ме екен, көрейік.
Мынандай сұрақтарға жауап беріңдерші:
1. Көшеде жүру ережесін білу бізге не үшін керек?
- Әр оқушы көшеде жүру тәртібін өте жақсы білуі керек. Көшеде жүре
білу машина астына түсуден, апаттан сақтайды.
2.Жиекжол дегеніміз не?
- Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол.
3.Жаяу адамға қай жермен жүруге рұқсат етілмейді?
- Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.
4.Көшеде жүру тәртібін кім басқарады?
- Көшеде жүру тәртібін бағдаршам басқарады.
5.Көше қиылыстарында қай жерлерден өтуге болады?
- Көшенің екінші көшемен қиылысқан жерінде немесе «Өтетін жер» деп
жазылған тұста немесе асфальтта көлденеңіне сызылған жалпақ ақ
жолақтары бар жерінде және бет алдындағы бағдаршамның жасыл жарығы
жанған кезде өтуге болады.
6.Ал жиекжолда қалай жүру керек?
- Жиекжолдың оң жағымен жүру керек, сол жағымен жүруге
болмайды.
7.Жиекжолдан тағы қалай жүруге рұқсат етілмейді?
- Төрт-бес адам қатар жүруге
болмайды.
Бағдаршам макетін киген оқушы және бағдаршамның үш көзін ұстаған
төрт оқушы ортаға шығып, тақпақтар
айтады.
Қызыл
көзі
Мен көзімді ашқанда,
Ешқашанда баспа алға.
Орныңда тұр қозғалма
Ереже бұл “Сен тоқта!”
Сары
көзі
Мен көзімді ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
Жүруге әлі болмайды,
Дайындықты сақтайды
Жасыл көзі
Мен көзімді ашқанда,
Көліктер саған тоқтайды.
Ережені білгендер,
Өтуге еш қорықпайды.
Бағдаршам
Жолды кесіп өтерде,
Сол жағыңа қарайла,
Жарты ортаға келгенде
Оң жағыңа қарайла
Білгеніңді басқаға
Үйрете жүр, жарай ма?
Ән:Бағдаршам
Мұғалім: Балалар, келесі кезекті жұмбақ шешуге берелік.
1. Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырықпен түзеткен. (Милиционер)
2. Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялайды. (Автобус)
3. Жоқ өзінде бас та, ауызда да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)
4.Бір тұлпар су ішпейді, жем жемейді,
Есіркеп ешбір адам жемдемейді.
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Доғасын сымына сүйреп, жол жөндейді. ( Трамвай)
5.Арқаным тым ұзын,
Ала алмайсың бір үзім. (Жол)
6.Қозғалмасаң құлайды,
Сүйемесең сұлайды.
Құйымшақты ері бар,
Бұл не деген жануар? (Велосипед)
Көрініс:«ҚЫЗЫЛ ТЕЛПЕК»
Қызыл телпек қыдырып...әжесіне бармақшы
Жету үшін орманға, белгіні еске алмақшы
Жету үшін адаспай ережені сақтайды
Жол белгісін білмесе, әженің үйін таппайды
ҚЫЗЫЛ ТЕЛПЕК: Фатима
Шуақты өміріміз күндей
күліп,
Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.
Әжеме сапар шегу мүмкін емес,
Жол жүру ережесін білмей тұрып.
Балақай -Көмектесіңдерші,
Көмектесіңдерші...
Жасырмай айтсам сырымды
Жол апатына тап болдым
Бағдаршамға қарамай
Жолда ойнап тап болдым
ҚЫЗЫЛ ТЕЛПЕК:-Көрдің бе сен жол ережесін білмегендіктен жол апатына ұшырадың.Жол ережесі дұрыс өмір сүріп,абай болуды талап етеді.Мен сені жолда жүру ережелерімен таныстырайын.Тыңда....( жол белгілерімен таныстырады )
-
Сақтандыру, ескерту белгісі:
Өзі қызыл, үшбұрышты ескертуің
мен болам,
Хабарлайтын бар қауіпті оң сапарға жолдаған.
Маған қарап жүрер болса жүргізуші, жаяу да,
Жолы болып, сәтсіздікке ешқашан да
қалмаған.
-
Тыйым салу белгісі:
Мен бәріне әрқашанда тыйым салып тұрамын,
Қайда болса алда тұрып жібермеймін бір адым.
Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін,
Осы жолы үндемейін бар ма тағы сұрағың. -
Міндеттеу белгісі:
Белгімін көрсетер жылдамдық бағытын,
Ой, шұңқыр, бұрылыс, қатерді, қауіпті.
Барлығын анықтап, көрсетіп жіберем,
Сондықтан бәрі де мені тез таныпты.
-
Нұсқау белгісі:
Баратын сапардың қашығын, тұрағын,
Үн - түнсіз жол сілтеп көрсетіп тұрамын.
Күндіз де, түнде де от болып жанады,
Көкпеңбек боялған төртбұрыш шырағым.
Балақай
-Енді мен бәрін білдім,жол ережесін бұзбаймын,Қызыл телпек, саған көп рахмет!
ҚЫЗЫЛ ТЕЛПЕК:
-Ережені бұзбайық
Тәртіпті біз сақтайық
Бағдаршамға қарайық
Аман алып қалайық!
«Көше ережелерін білейік»
кезеңіне тоқталайық.
1.Жүріп келе жатқан машинаның алдынан өтіп кетемін деуші болма,ол
тоқтағанша,не өтіп кеткенше күте
тұр.
2.Мектепке келе жатып үлкен
жолдың шетімен жүр.Алдыңнан машина шықса, жол бер. Тоқтап тұрған
машинаның қасынан абайлап өт.
3.Көше тәртібін орындамау көліктің жүріп тұруына кедергі
келтіреді.
4.Көшеден өтерде әуелі сол жағыңа,көшенің орта тұсына жеткенде оң
жағыңа қара.
Егер машина келе жатса, өтіп
кеткенше сол орныңда ақ жолақ сызылған тұста күте тұр.
5.Аялдамада тұрған автобустың артқы жағынан айналып өт. Сонда сен
келе жатқан машинаны дер кезінде
көресің.
6.Бағдаршам-өмірімізді
жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу
баршамызға керек. Оның беретін сиқырлы әмір сөздері
бар.
Бағдаршам
Менің үш көзім бар,
Бір көзім «кідір» дейді
Бір көзім «жүгір» дейді.
Бір көзім «абайла» дейді
Қарап қалма маңайға дейді.
Көреген дәу қырағы,
Көшемізде тұрады.
Ол бергенде команда,
Бағынамыз әманда!
Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп ұқ үш сөзін.
Тоқта!Сақтан!Жол ашық!
Жүрме жолға таласып.
Қызыл көзін ашқанда
Сынық сүйем баспа алға
Сары көзін ашқанда
Қарап қалма аспанға
Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін жасқанба!
1. Сен жолдан өтіп бара
жатқанда саған біреу айқайласа, не істеу керек?
2. Сен жолдан өтіп келе жатырсың. Кенет аялдамада тұрған өзіңе
керекті автобусты көрдің.Сен не істейсің?
3. Сен автобустан түстің. Сен көшенің қарсы бетіне өтуің керек. Сен
қалай өтесің?
4. Егер ұзақ уақыт көлік болмаса, не
істейсің?
Қимылды ойын: «Бағдаршам»
Жүргізуші жасыл түсті көрсеткенде балалар жүреді, сарыны көрсеткеде алақандарын соғады, қызыл түсті көрсеткенде тыныштық сақтаймыз.
Жол белгілері бірнеше топқа бөлінеді:
— Ескерту белгілері, ұшбұрышты қызыл болумен көмкерілген бұл белгілер жол бойындажайсыз, қауіпті жерлер бар дегенді білдіреді.
— Тыйым салу белгілері дөңгелек шеңбер түрінде қызыл бояумен беріледі. Ол қозғалыс атаулының бәріне тыйым салады.
— Көрсеткіш белгілер, дөңгелек шеңбермен беріліп, көк бояумен көмкерілген. Бұл белгілер көліктің жүретін бағытын, жаяу адамдардың жүруіне болады дегенді білдіреді.
Ән: Жаяу Ізім Аружан
Қорытынды:
Өмірде күтпеген оқиғалардан сақтану үшін жол ережелеріне бағыну керек. «Сақтансаң сақтармын» дегендей ережелерді тек білу ғана шарт емес, оны бұлжытпай орындаса ғана аман - есен жүруге болады. Көше тәртібін сақтау- сенің міндетің! Егер жол ережесін бұзсаң, тек өзіңе қауіп төндіріп қоймай, басқа адамдарға да зияныңды тигізесің. Сондықтан, жолда сақ бол! Көше тәртібін есіңнен шығарма!
Қарақия аудан әкімдігі аудандық білім бөлімінің
«№9 бастауыш мектебі» мемлекеттік мекемесі
Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік!»
Сыныбы: 3 «В»
Өткізген:Ешмуратова Г.О
2016-2017 оқу жы
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Жол ережесін сақта " Ашық тәрбие сағаты

шағым қалдыра аласыз