жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Жол ережесін сақтайық"
Тақырыбы: «Жол ережесін сақтайық»
Мақсаты: Жолда жүру
ережесін есте сақтауға, балаларға жол белгілерін неше түрі бар, оны
білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын
қызметі қандай екенін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін,
қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті
бұзбауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: көше ережесін сақтау тақырыбына салынған әр түрлі
суреттер, бағдаршам, жол белгілері.
Басталуы:
Музыка қосылады. Шағын көрініс.
Міне балалар жолдың ережесін
бұзуға болмайды екен. Ол үшін жол ережелерін естен шығармау
керек.
Жүргізуші
Арманға алда күткен асығамыз,
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтықпен жүре алатын жас
ұланбыз!
Жалғайтын достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген,
Бүгінгі бізге келген қонақтарға
Ойынымыз басталсын сәлемменен!
Жол
инспекторы:
Сәлем, балалар! Мені барлық елдің балалары жақсы
біледі. Бүгін сендерге арнайы
келдім.
Жүргізуші
Қош
келдің, жол инспекторы! Бүгінгі ойын сауығымыз бәріміз үшін
маңызды.
Жүргізуші
- «Ақдидар» тобының балалары жол жүру
ережелері бойынша өздерінің білімдерін сарапқа салмақшы.
«Қызылдар», «Сарылар», тобы болып сайысқа түседі.
Сонымен ортаға қатысушы топтарды қошеметпен шақырайық!
Бүгінгі бағдарламада:
1. Өз орныңды тап, әр топ өздерінің ұрандарымен топ аттарымен
таныстырып өтеді.
2. Сен білесің бе?, жол
белгілерінің суреттері көрсетіледі, соның аттарын айтады
3. Қиылған суреттерден жол белгілерін құрастыру.
4. Ән айту және музыкалық
ойын. «Бағдаршам»
5.Әр топтан жол белгілері туралы тақпақтар айту.
6. Би
Жүргізуші 1 - сайысымызда: Өз орныңды тап, әр топ өздерінің ұрандарымен топ аттарымен таныстырып өтеді
«Қызылдар» тобы:
Топтың аты «Қызылдар»
Ұраны:Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға.
«Сарылар» тобы:Топтың аты
«Сарылар»Ұраны:Сары көзін ашқанда
Қарап қалма аспанға
Жүргізуші
2 -
сайысымызда Сен білесің бе? Видео қосылады, жол белгілерінің суреттері
көрсетіледі, соның аттарын
айтады
Жүргізуші: 3 - сайысымыз: Қиылған суреттерден жол белгілерін құрастыру.
4. Ән айту және музыкалық ойын. «Бағдаршам»
Шарты:Бағдаршамның әр жанған көзіне сәйкес іс-қимыл әрекет жасау.
Қызыл-қозғалмайды
Сары-еркін қимылдайды
Жасыл-билейді
Жүргізуші: 5 –
сайысымыз
Әр топтан жол белгілері туралы тақпақтар айту
Жол белгілері 4 топқа бөлінеді.
(Ескерту белгісі,тыйым салу белгісі, анықтама белгісі,көрсеткіш белгісі)
Ескерту белгісі:
Қып-қызыл үшбұрыш
Ескерту белгісі мен болам
Қауіптен сақ бол деп
Сәт сапар жолдаған.
Тыйым салу
белгісі
Қызылмен боялған шеңберім аумақты,
Тыйымшыл белгімін,қаталмын,салмақты.
Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,
Қауіп бар бағдарла,көз салып
жан-жақта.
Анықтама белгісі
Түнде,күндіз,кеште де
Жөн сілтеймін жолға
Аңғармайсың ештеңе
Анықтама болмаса.
Ой-шұңқырды алдағы,
Қалай өту керегін,
жылдамдықты,ал,кәне
Анық айтып берейін!
Көрсеткіш белгісі:
Жол созылмақ қаншаға
Қайда асхана,монша бар
Қонақ үй бар қай жерде
Қайда музей,қай көрме
Көрсетемін саған дәл
Не көрсетсем,соған бар!
Жүргізуші: 6 – сайысымыз би
Қортынды:
Балалар сендерге бүгінгі сайыс ұнадыма?
Жол тәртібін есте сақтаймызба?
Жарайсыңдар өте тамаша өнер көрсеттіңдер,бұл сайыс та достық жеңді, өзімізге қол шапалақтау.
Сайысқа келген қонақтарымызға көп рахмет!
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген