Тақырыбы: Қызыл, сары,
жасыл.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет
түрі:практикалық
Міндеті: Жол және адам қауіпсіздігін балаға
түсіндіру.
Мақсаты: Жол және адам өмірінің қауіпсіздігін
алдын ала алу.
1) Білімділігі: Балаларды бағдаршам туралы
жол ережелерін маңызды екенін
ұғындыру.
2) Тәрбиелік мақсаты: Дене жаттығуларын жасау
арқылы жылдам
3) Дамытушылық мақсаты: өмірін сақтау үшін
жол қауіпсіздігінің ережелерін орындауды
дамыту.
Қолданылатын көрнекіліктер: Бүктемелер,
бағдаршам
ҰОҚ барысы: Ұйымдастыру
кезеңі.
Балалармен сәлемдесу, назарын ҰОҚ - не
аудару.
Тәрбиеші: - Саламатсыздар ма балалар! Бүгінгі
ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: «Қызыл, сары,
жасыл»
Балалар қане жылы лебізімізді
білдірейікші.
Шаттық
шеңбері.
Күндей жадырап, айдай
арайлап.
Жұлдыздай жарқырап, судай көңілмен бүгінгі
күнімізді бастайық. Балалар біз
бүгін жол ережесімен танысамыз. Жолда жүрудің, адамдардың да
көліктердің де өз тәртібі бар. Ал енді балалар мен сендерге жол
ережесі туралы өлең оқып
берейін.
Ауыл менен оның
көшесінде.
Жүрмейді тек
алаңсыз
Ережесін
білмесеңіз
Түседі қайғы
амалсыз.
Сақтық ойлар
әрдайым
Кеудесінде жаны
бар
Жүргіншімен
жүргізушінің
Өзіне тән заңы
бар.
Тәрбиеші:
Балалар бүгінгі кешіміздің ең басты қонағы бағдаршамды ортаға
шақырамыз. Балалар көшеде жүру тәртібін бағдаршам басқарады.
Бағдаршам өмірімізді қауіптен сақтандыратын көмекшіміз, оның сырын
біліп, тілің алу баршамызға ортақ. Олай болса балалар бізге
«Бағдаршам» қонаққа
келіпті.
Бағдаршам:
Сәлеметсіңдер ме балалар! Мені барлық елдердің балалары жақсы
біледі. Бүгін сендерге арнайы қонаққа
келдім.
Тәрбиеші: Қош
келдің Бағдаршам! Бүгінгі айтар әңгімеміз саған қатысты болмақ.
Сондықтан да бізбен бірге
бол.
Бағдаршам:
Күндіз түні
жанамын
Дабыл беріп
бәріне.
Үш түрлі түсім
бар
Белгілі жаспен
кәріге
Мен бағдаршам
боламын.
Тәрбиеші:
Бағдаршам біздің балалар өте ақылды! Бағдаршам туралы көп тақпақ
біледі. Тыңдап көріңізші!
Мөлдір:
Сапар шексек
сізбен біз,
Сан көлікке
мінеміз
Троллейбус,
трамвай
Автобусбен
жүреміз
Арулана:Көлік,
көлік, көлік
Көліктерге
мінеміз
Көшелермен,
көшелерімен
Күнде тынбай
жүреміз
Арсен:
Тәртіп бұзсақ
абайсыз
Жағдай туар
қолайсыз
Май
қызметкерлерінен
Сан кешірім
сұраймыз
Айша:
Жол жүрудің
тәртібін
Ережесін
білеміз
Сақтағанда
қатерден
Сау саламат
жүреміз
Бағдаршам: -
Иә, расында да балалар өте ақылды екен. Балалардың тапқырлығын
тексеріп көрейінші! Балалар мен сендерге сұрақ қойғым келіп тұр.
Бағдаршамның неше көзі бар?
Балалар: - үш
көзі бар.
Бағдаршам: -
бағдаршамның көздерінің түсі
қандай?
Балалар: -
қызыл, сары, жасыл
Бағдаршам: -
Оның түстері нені
білдіреді?
Балалардың
жауабы.
Бағдаршам болып
киінген үш қыз тақпақтарын айтып
береді.
Қызыл
– Айзере
Қызыл көзі
жанғанда
Қалт тоқтай қал
табанда
Сары
– Нурай:
Сары көзі
жанғанда
Сақ абай бол
барынша
Жасыл
– Әсем
Жасыл жарық жол
ашық,
Жүгіре бер бел
асып
Үшеуі бірге:
Бас аяқты ойлап,
Бол ұқыпты
жолда
Сергіту
сәті:
1) Бағдаршамның
қызыл түсін көрсету.
Балалар
орындарынан тұрады.
2) Бағдаршамның
сары түсін көрсету.
Балалар екі
жаққа кезек - кезек
дайындалады.
3) Бағдаршамның
жасыл түсін көрсету.
Аяқтарын топ -
топ басады.
Тәрбиеші:
Балалар бағдаршамның қызыл жарығы жанғанда кімдерге өтуге рұқсат
етілген.
01 - Өрт
сөндіру мәшинесіне
02 - Жол
полиция мәшинесіне
03 - Жедел
жәрдем мәшинесіне
04 - Газ
мәшинесіне. Балалар ол мәшинелер белгілі дабылмен жолдан
өтеді.
Өте тамаша
балалар сұрақтарға керемет жақсы жауап
бердіңдер.
Қорытынды:
Тәрбиеші:
Рахмет балалар бүгін сендер өздерінің жол ережесін білетіндеріңді
көрсеттіңдер. Қай жерде жүрсеңдер де жолда жүру ережесін сақтап,
басқаларды да соған шақырыңдар дегім
келеді.
«Күншуақ»б/б
«Қызыл,сары,жасыл»
Практикалық ұйымдастырылған оқу
қызметі
Тәрбиеші:Абишева
Н.Б.
«Айгөлек» ересектер
тобы

16.10.2018ж.
Орманға саңырауқұлақ теруге
барайық.
Тақырып: Орманға саңырауқұлақ
теруге барайық.
Мақсаты: Қоршаған табиғаттың
сұлулығына, байлығына тамсану, қызығу, оған мейірімділікпен
қарауға, сақтауға, қорғауға тәрбиелеу. Саңырауқұлақтардың
айырмашылығын білуге үйрету.
Пән аралық
байланыс: Тіл дамыту, Экология
негіздері, мүсіндеу.
Билингвальдық
компоненті: Күз-осень,
саңырауқұлақ-гриб.
|
Қызмет кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
|
Мотивациялық-қозғаушы
|
1)
Шаттық шеңбері:
Сары, ақпыз, қарамыз.
Бәрімізде баламыз.
Бір
ауылда тұрамыз,
Бір
бақшаға барамыз.
Ақ
қара деп бөлмейміз.
Бір
жыл туған төлдейміз.
Туысқанбыз, татумыз,
Биіктерге өрлейміз.
Жұмбақ.
Жапырақтар сарғаяды,
Жаңбыр жие жауады.
Құстар жылы жаққа ұшады.
Айтыңдаршы, балалар,
Бұл
қай кезде болады?
Сұрақтар:
-Балалар күз мезгілі екенін қайдан
білеміз?
- Қазір күз мезгілінің қандай
айы?
|
Тәрбиешімен бірге қайталайды.
Балалар жұмбақтың шешімін
табады.
Күз
мезгілі.
Күн
суытады, жапырақтар сарғаяды, құстар жылы жаққа ұшып
кетеді.
Қыркүйек
|
|
Ұйымдастық-ізденістік
|
Тосын сый: Кірпі келеді.
Сәлеметсің бе кірпі!
Орманға саңырауқұлақпен жидектер теруге орманға
баратындарынды естіп келдім. Менде сендермен бірге баруға болады
ма?
Саңырауқұлақпен
жидектерді слайд көрсетіп, олармен
таныстырамын.
-
Саңырауқұлақтар түрлері өте көп.
-
Саңырауқұлақтар жеуге жарамды және жарамсыз -улы болып
бөлінеді.
-Шыбынжұт саңырауқұлағын жеуге
болмайды.
Өткені ол улы. одан шыбындар да қорқады, шыбынжұт
саңырауқұлағына шыбындар қонса болды өліп қалады.
Ал
Ақ саңырауқұлақ қылқан жапырақты, қалпақшасының үстіңгі бөлігі ашық
қоңыр түсті болып келеді, сабағы ашық сары түсті болып келеді.Жеуге
жарамды, өте бағалы саңырауқұлақ.
Жидектерді көрсетіп түсіндіріп
өтемін.
Қазір орманға барғанда тек
жеуге жарамды саңырауқұлақты және жидекетерді
жинаймыз. Жарайды ма балалар!
«Кім дұрыс жинайды?» дидактикалық
ойыны.
Екі
себетке екеуіне балалар жарамды саңырауқұлақ
жинайды.
Сергіту сәті.
Саңырауқұлақ болайық,
Тізе бүгіп отырайық.
Жаңбыр жауса көтеріліп,
Өсіп-өсіп алайық.
|
Кірпімен
амандасады.
-Ия,
әрине.
Балалар көңілді кірпімен
ойнайды.
Назар салып,
тыңдайды.
Балалар ақ саңырауқұлақтарды
ғана себетке жинайды.
Ойынды қызығушылықпен
ойнайды.
Қайталайды, мағынасына қарай
қимыл-қозғалыс жасайды.
|
|
Рефлексивті- түзету
|
Күзгі орманға барып саңырауқұлақтар мен
жидектерді кірпімен бірге жинайды.
Саңырауқұлақтар мен жидектерді себетке салып,
кірпіге сыйлайды.
Кірпі қуанып, рақмет айтып
қоштасады.
Билингвальдық компоненті: Күз-осень,
саңырауқұлақ-гриб.
Сұрақтар қою арқылы
қортындылаймын.
-Балалар бізге қонаққа кім
келді?
-Кірпіге біз не жинап
бердіңдер?
|
Кірпімен қоштасады.
Сөздерді қайталайды.
Кірпі
Саңырауқұлақтар мен жидектер.
|
«Күншуақ»б/б
«Жеуге жарамды,жарамсыз
саңырауқұлақтар»
Теориялық ұйымдастырылған оқу
қызметі
Тәрбиеші:Абишева
Н.Б.
«Айгөлек» ересектер
тобы

10.10.2018ж.