Сабақтың тақырыбы: «Жол және мен»
Сабақтың
мақсаты:
1)Оқушылардың жолда жүру
ережесімен таныстыру,жол қауіпсіздігін сақтауға,
көшеде дұрыс жүруге
үйрету
2)Оқушылардың
ой-өрісі,сана-сезімін,өзін-өзі ұстауын,көшеде дұрыс
жүріп
3)Оқушыларды
әдептілікке,байқағыштыққа,жолда,көшеде өздерін дұрыс
ұстай
білуге
тәрбиелеу
Көрнекілігі:жол ережесіне
байланысты суреттер,нақыл сөздер,шартты
белгілер
І. Ұйымдастыру
бөлімі.
ІІ. Негізгі
бөлім.
Мұғалімнің кіріспе
сөзі
-Оқушыларға тәрбие сағатының
тақырыбын оқыту.(Жол және мен)
-Балалар, бүгінгі тәрбие
сағатымызға көптеген қонақтар келіп отыр. Біз бүгін сабағымызда
қонақтарға көшеде жүру ережесінен не білетінімізді
көрсетеміз
(Есік қағылады)
Жол полициясы басқармасының
инспекторы:
-Сәлематсыздар ма,
балалар?
-Бұл қай сынып
екен?
-Балалар, бүгін 1 «Б» сыныбында
тәрбие сағаты өтеді дегенді естіп келдім. Мен сіздерге көше
тәртібін қалай білетіндеріңізді білуге келдім. Көше тәртібін
білеміз бе?
Мұғалім:
Қош келдіңіз, жол
инспекторы,жайғасыңыз. Біздің оқушыларымыздың көше тәртібі туралы
білімін көріңіз.
1-оқушы:
Шуақты өміріңіз күндей
күліп,
Жүректе бүршік атып гүлдейді
үміт.
Арманға сапар тарту мүмкін
емес,
Жолда жүру ережесін білмей
тұрып.
2-оқушы:
Біздің еліміздің қалаларына,
ауылдарына- бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл
ережені оқушылар да,үлкендер де,көлік жүргізушілері де бұлжытпай
орындауы керек.
3-оқушы:
Жол жүру ережесі – Заңды
тәртіп,
Ол ортақ үлкен - кіші
баршамызға.
Мұғалім:
Жұмбақ
Арқаным бар тым
ұзын,
Ала алмайсың бір
үзім.
Табыңдаршы,
балалар,
Бұл жұмбақтың
шешуін.
(Жол)
- Жол сөзіне дыбыстық талдау
жасату.
- Жол дегеніміз не
?
(Ойларын сұрау)
Жол – қозғалыс үшін қолданылатын
аумақ , көше , бұрылыс.Оның жол элементтері деп аталатын бөліктері
бар.
-Жолдың қандай түрлері
бар?
(Көлік пен жүргіншілерге
арналған)
-Адамдар (жүргінші) қандай жолмен
жүреді?
-Жолдан өткенде қайда
қараймыз?
(Бағдаршамға)
-Бағдаршам туралы не
білетінімізді айтайық.
4-оқушы:
Тұрамын көшенің қиылысын
тұрақтап,
Қашпаймын мүдіріп ешқандай
сұрақтан.
Белгісі жолдардың 3 топтан
тұрады,
Жарқырап көрінер түнде де
жырақтан.
5- оқушы :
Қызыл жарық
жанғанда,
Қалт тоқтай қал
табанда.
6- оқушы:
Сары шамы
жағылса,
Сақ, бол
барынша!
7-оқушы:
Жасыл жарық – жол
ашық,
Зымырай бер бел
асып.
8-оқушы:
Көшеде бағдаршам
болмаса,
Кіс жоқ жол сілтер
өзіңе.
Кідірме абыржып онда
аса
Сенгейсің өзіңнің
көзіңе.
9-оқушы:
Көшеде ортаға
жеткенше,
Әуелі көзің сал сол
жаққа.
Көшеде ортадан өткен
соң,
Мойныңды бұр сол жақтан оң
жаққа.
10-оқушы:
Жолдың кез-келген жерін кесіп
өтуге болмайды,ол қауіпті. Жолды кесіп өту үшін жаяулар өткелінің
шартты белгілері бар жерден өту керек.
11-оқушы:
Жолдың бір шетінен екінші шетіне
өткенде асықпай.саспай өту қажет.Бағдаршам болса, жасыл жарықтың
жануын күтеміз.
12-оқушы:
Көшеде ,жолда жүргенде жол
белгілеріне қарап жүреміз.
13-оқушы:
Жол белгілері 4 топтан тұрады.Осы
топтар туралы білетінімізді еске түсірейік.
14-оқушы:
Қып – қызыл
үшбұрыш,
Ескерту белгісі мен
болам,
«Қауіптен сақ бол» деп сәт –
сапар жолдаған.
15-оқушы:
Қызылмен боялған шеңберім
аумақты,
Тыйымшыл белгімін,қаталмын
салмақты,
Мен тұрған жерлерде хақың жоқ
жүруге,
Қауіп бар,бағдарла көз салып жан
– жақты .
16-оқушы:
Белгімін көрсетер жылдамдық
бағытты,
Міндетті бұрылыс, әйтпесе
қауіпті.
Барлығын анықтап тұрамын
жолыңда,
Абай бол, шартымды, міндетті
орында.
17-оқушы:
Баратын жеріңнің бағытын,
тұрағын.
Үн – түнсіз жол сілтеп, жол
нұсқап тұрамын.
Күндіз де, түнде де от болып
жанады,
Көк түске боялған төртбұрыш
шырағым.
Мұғалім:
Жол инспекторы:
-
Қала көшесімен жүргенде қандай
жолмен жүреміз?( тротуар,жол жиегі)
-
Мектепке келерде қандай жолмен
келесіңдер?(ең қауіпсіз жолды таңдаймын)
-
Жаяу адам өтетін жерде асфальтты
жолда қандай белгі болады?(ақ жолақтар)
-
Қай жерде ойнауға
болады?(аулада,спорт алаңдарында,парктерде ойнауға
болады)
-
Автобус,троллейбус,газель
тоқтайтын жер.(аялдама)
Инспектор:
Ата – аналарға
сұрақ
Инспектор:
1 «Б» сыныбының оқушылары да ,
ата – аналары да көшеде жүру ережесін жақсы біледі екен.Сіздерге
ризамын.
-
Ал, балалар,ата – аналар
,қонақтар!Көшеде жүру ережесін сақтау әрбір адамның міндеті екенін
ұмытпай,көше ережесін сақтайық.Сау болыңыздар!
-
Ал балалар,бүгінгі тәрбие сағатын
аяқтай келе сіздерді, ата – аналарыңды көшеде, жолда жүру
ережелерді сақтауға шақырамын.Үлгілі,тәртіпті оқушы жолда жүру
ережесін бұзбайды.Сондықтан үлгілі,тәртіпті
болайық.
19-оқушы:
Көшеде тек
жүрелік,
Өзінше бұл да
ерлік.
Ата – ана
қынжылмасын,
Түсіріп
ұнжырғасын.
20-оқушы:
Тіршілікті
бағалайық,
Тәртіпті құп
алайық!
Өмірдің бар
қызығын
Күлкімен
аралайық.
21-оқушы:
Бүгінгі
мерекеміз
Айналсын
шежіреге
Әр сәби құлағың
сал,
Жол бойы
ережеге.
22-оқушы:
Әрқашан күн
сөнбесін,
Аспаннан бұлт
төнбесін!
Қасымда болсын
мамам,
Болайын мен де
аман!