400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жол жүру белгілері

Материал туралы қысқаша түсінік
Жол жүру белгілері тақырыбында өткізілген ашық тәрбие сағатының жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Көлік және жол жүру белгілері»

Сабақтың мақсаты: Жолда жүру ережелерін есте сақтауға, оқушылар жол белгілерінің неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйренеді. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру: Оқушыларды шаттық шеңберіне тұрғызып, бір – бірлеріне жолда жүру ережелері туралы білетіндерін айтқызу. Бағдаршамның үш көзінің түсінде ленталармен оқушыларды үш топқа бөлу.

1. «Қызылдар» тобы

2. «Сарылар» тобы

3. «Жасылдар» тобы

ІІ. Кіріспе: Біздің елімізде әр – түрлі көліктер жылдан – жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтанда жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол – көлік оқиғаларының зардабынан қаншама адамдар зардап шегуде. Оның себебі көптеген жаяу жүргіншілер мен жүргізушілер жолда жүру ережелерін сақтамайды әрі өте нашар біледі. Міне, осы мақсатта біздің сыныбымызда бүгін «Көлік және жол белгілері» атты жол ережелеріне арналған сынып сағатын өткізбекшіміз.

Арманға алда күткен асығамыз,

Біз қалай толқын атпай басылармыз.

Жол жүру ережесін жақсы біліп,

Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз – деп сынып сағатымызды бастаймыз.

  • Осы жерде оқушыларға жол және жол жүру ережелері мен жол белгілері туралы түсіндіріп кетемін. Экраннан слайд көрсету арқылы түсініктерін пысықтаймын. Оқушылар өздері жаттаған жол белгілеріне арналған тақпақтарын айтады. Оқушылар бағдаршамның үш көзіне арналған тақпақтарын айтады.

Қызыл түсті белгілері бар «Қызылдар» тобы

Өзгермейтін тұрағы,

Бір орында тұратын.

Қызыл шамы жанғанда,

Қадам баспа бір адым.

Бұл тоқтаудың белгісі,

Білу керек бар кісі.

Бас иеді тәртіпке,

Келмеседе көнгісі.

Сары түсті белгілері бар «Сарылар» тобы

Сары көзін жаққанда,

Өтемін деп мақтанба.

Бұл дайындық белгісі,

Кідіре тұр аттанба.

Сары шамы жағылса,

Сақ абай бол барынша.

Жасыл түсті белгілері бар «Жасылдар» тобы

Төксе жасыл шырағын,

Қауіптенбе, шырағым.

Жолың ашық, өте бер,

Жасап алға мың адым.

Жасыл жарық жол ашық,

Зымырай бер, бел асып.

  • Осы жаттаулардан соң балалардың жол белгілері туралы не білетіндерін сұрақ - жауап арқылы тексереміз. Сынып оқушыларына жол белгілері туралы сұрақтар қойылады.


  1. Қала көшелерінде жаяу адамдар қандай жолмен жүруге тиіс?

(тротуармен)


  1. Жүргіншілер деген кімдер?

(көшеде жаяу жүретін адамдар)


  1. Тротуар деген не?

(жаяу адамдарға арналған жол)


  1. Автобусқа қай есігінен мініп, қай есігінен түседі?

(алдынғы есігінен түсіп, артқы есігінен мінеді)


  1. Адамға машинаны жүргізу үшін қандай құжат керек?

(жүргізуші күәлігі)


  1. Жолаушыларды таситын қоғамдық көлікті қай жерден күтіп, міну керек?

(аялдамадан)


  1. Көшеде жүру ережесін білу бізге не үшін керек?

(көшеде жүре білу, көлік апатынан сақтайды)


  1. Көшеде көліктердің жүру тәртібін не бесқарады?

(бағдаршам)


  1. Бағдаршам нені реттейді?

(бағдаршам жол қозғалысын реттейді)


  1. Бағдаршамда сигналдар (яғни белгілер) қалай орналасқан?

(қызыл, сары, жасыл)


  1. Қандай көліктің түрлеріне бағдаршамның қызыл жарығына қарамастан жүруге рұқсат етілген?

(жедел жәрдем, полиция, өрт сөндіру машиналарына)


  1. Бағдаршамы жоқ көшеден қалай өтеміз?

(алдымен оң жаққа, кейін сол жаққа қарап)


Үш топтың оқушылары жол белгілеріне байланысты өздері білетін тақпақтарын айтады.


Назгүл:

Қып – қызыл үшбұрыш,

Қауіптен сақ бол деп, сәт – сапар жолдаған.

Аман сау жүреді, жаяу да көлікте,

Мен беоген белгіні, сақтаған қолдаған.


Нұрәділ:

Қызылмен боялған, шеңбермін аумақты,

Тыйымшыл белгімін, қаталмын салмақты.

Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,

Қауіп бар, бағдарла, көз салып жан – жаққа.


Жанасыл:

Белгімін көрсетер жылдамдық бағытты,

Міндетті бұрылыс, әйтпесе қауіпті.

Барлығын анықтап тұрамын жолыңда,

Абай бол, шартыңды міндетті орында!


Асылжан:

Баратын жеріңнің бағытын, тұрағын,

Үн түсіз жол сілтеп, жол нұсқап тұрамын.

Күндізде түнде де от болып жанады,

Көк түске боялған төрт бұрыш шырағым.


  • Оқушыларға жол белгілерінің аты жазылған сөздерді топтарға таратамын, балалар тақтадан сөзі жазылған белгіні табып, оның қандай белгі екені жазылған сөзді жол белгісінің астына жабыстырады.


  • Жол ережелері туралы жұмбақтар жасырамын.

  1. Көліктің қаншасын үстінен өткізген,

Іргеден басталып, алысқа жеткізген. (Жол)


  1. Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та,

Бақырайған үш көзі бар бірақта. (Бағдаршам)


  1. Арқаным бар тым ұзын,

Ала – алмайсың бір үзім.

Табыңдаршы, балалар,

Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол)


  1. Өзі сөйлей білмейді,

Бірақ «Тоқта, жүр» дейді. (Бағдаршам)


  • Оқушыларға үш топқа үш жол белгісін мозайка түрінде беремін, балалар қандай жол белгісі шыққанын табады және сол жол белгісіне сипаттама беріп, түсіндіріп кетеді.


Сабақты қорытындылау: Тәрбие сағатымызды қорыта келгенде, біздің қалаларымызда сол сияқты біз тұрғандай ауылдардың бәріне ортақ жолда жүру ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушыларда, үлкендерде, барлақ жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керектігін түсіндік.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 наурыз
513
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі