|
Тақырыбы: Жол жүру белгілері және олардың қолданысы |
Мектеп: Мұғалімнің есімі: СЫНЫП: |
|||
|
Күні: |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар: |
||
|
Сабақ мақсаттары |
Оқушыларды жол ережесімен таныстыра отырып, жол қауіпсіздігін сақтаудың адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру. Тәртіпке, сақ болуға, көшеде өздерін дұрыс ұстап жүруге тәрбиелеу. |
|||
|
Бағалау критерийі |
Жеке, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. |
|||
|
Ресурстар |
Суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс. |
|||
|
Әдіс-тәсілдер |
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. |
|||
Сабақ барысы
|
Жоспарланған уақыт |
Сабақ барысы |
Ресурстар |
|
Басталуы 3минут |
Ұйымдастыру кезеңі: 1)Оқушылармен сәлемдесу. 2)Оқушыларды түгелдеу. 3)Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. 4) Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты және бағалау критерийлерімен таныстыру. «Комплимент» әдісі арқылы жағымды ахуал туғызу Бір-біріне есімдерінің бас әріптерінен басталатын комплименттер айтады. Топқа парта бойынша бөлу: І топ «Бағдаршам» ІІ топ «Жүргізуші» ІІІ топ «Аялдама» Қызығушылықты ояту. www.bilimland.kz порталындағы «Видеожинақ» ресурсы («Сынып сағаты тақырыптары» бөлімі) http://bilimland.kz/kk/home#lesson=12002 арқылы оқушыларға бейнебаян көрсету. Мұғалім: - Құрметті оқушылар, бейнебаяннан көргеніміздей бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыздар? Неліктен мен сіздерге қызыл, сары, жасыл жетондар арқылы топқа бөлдім. Бұның сыры неде? - Дұрыс айтасыздар, жолда жүру ережесі, бағдаршамның адам өміріндегі маңызы туралы болмақ. Сабағымыздың басты мақсаты егемендігі мен елдігі орнаған осындай Қазақстан атты бейбіт өлкемізде сәбилердің қуанышты күлкісі мен аналарымыздың әсем жүзі бақытқа толы болса дейміз, ол үшін әр азамат өмір қауіпсіздігін сақтап, жол тәртібін білу керек |
Суреттер, слайд Бағалау
|
|
Ортасы 20 минут |
1-тапсырма. Сұрақ қою айдары 1-сұрақ: - Әр бір аймақтың өмірі көлікпен тығыз байланысты. Сондықтан жолда жүру тәртібі мен қауіпсіздік ережелерін білулерін керек. Әрбір жаяу жүргінші, әр бала жол бойында аса сабырлылықпен аспай-саспай жүріп тұруға тиіс. Сол себепті сіздерге қояр бірнеше сұрағым бар. Бірінші, жаяу жүргіншілер қандай жерлермен жүреді? Жауап: Жаяу жүргіншілер жиек жолмен жүруге тиіс. Ал жол үсті тек көліктің жүруіне арналған. Жаяу жүргіншілер жиек жолдың тек оң жағымен жүреді, сонда қарсы келе жатқан адамдарға бөгет жасамайтын болады. 2-сұрақ: - Топталып келе жатқан жүргіншілер жол бойымен қалай жүруі керек? Жауап: Бір топ жаяу жүргінші тек жиек жолмен немесе келе жатқан көлікке қарсы бағытта жолдың сол жақ жиегімен екі қатардан аспай жүру керек. Олар жолды кесіп өтпек болса, екі көшенің немесе жолдың қиылысқан тұсына тоқтау керек. Негізінен жол тәртібін сақтап, жаяу жүргіншіге арналған жолмен немесе бағдаршамнан өтуі керек. 3-сұрақ: - Жол өткелінен жүгіріп өтуге бола ма? Жауап: Жүгіріп келе жатқан адам айналасын бағдарлай алмай қалады және қарсы келіп қалған көлікті байқағанмен, сасқалақтап жарақаттануы мүмкін. Сондықтан әр кез сақ болып, асықпай жүрген абзал. 4-сұрақ: - Көліктің оңға бұрылатынын қалай білуге болады? Жауап: Оңға бұрылатын көлік жолдың оң жағындағы бірінші қатарда тұрады және оң жақ бұрылысты білдіретін жарығын жағады. 5-сұрақ: - Аялдамаға тоқтаған автобустың қай жағынан өту керек? Жауап: Аялдамаға тоқтаған автобустың алдынан да, артынан да өтуге болмайды. Сол айналада жол өткелі болуға тиіс, содан өту керек. 6-сұрақ: - Жол үстінде топталып жүрудің қауіптілігі неде? Жауап: Топталып келе жатқан балалар өзара әңгімеге айналып, жолда жүру ережесін ұмытып кетуі мүмкін. Сондықтан жол өткелдерінде әңгімені қойып, барлық зейінді жол қауіпсіздігіне аудару керек.
2-тапсырма. «Жол белгілері». Оқушыларға
жол белгілері көрсетіледі. Оқушылар жауап
береді |
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру. |
|
Аяқталуы 10 минут |
Мұғалім: «Шуақты өміріміз күндей күліп, Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт, Арманға сапар тарту мүмкін емес Жол жүру ережесін білмей тұрып. Қай көше, қай қалаға барсаңыз да, Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да, Жол жүру ережесі – заңды тәртіп, Ол ортақ үлкен-кіші, баршаңызға» – дей келе бүгінгі кешімізді аяқтаймыз. Хормен: Жол тәртібін білейік, Аман-есен жүрейік. Қазақ атты елімде, Бақытты өмір сүрейік! |
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділік пен қатысқан топты басқа топ оқушылары бағалайды.
|
|
Сабақтың соңы 2 мин
|
Рефлекция « Аяқталмаған сөйлем» әдісі Сабақ соңында оқушылар өз ойларын стикерлерге жазады: - Мен бүгін ........білдім - Маған .... қызықты болды - Маған....қиын болды
|
«Аяқталмаған сөйлем» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды. |
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жол жүру белгілері және олардың қолданысы

шағым қалдыра аласыз