Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жол жүру ережелері даярлық топ

Материал туралы қысқаша түсінік
материал қауіпсіз тәртіп негіздері пәні бойынша даярлық топ балаларына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың технологиялық картасы

Күні: 13.03.20ж

Пән: Қауіпсіз тәртіп негіздері (топтық)

Білім беру саласы: Денсаулық

Тақырыбы: Жүргізушілер мен жаяу жүрушілерге жол жүру ережесі

Мақсаты: Жолда қауіпсіздік ережесін сақтау түсінігін дамыту

Сабақтың міндеті:

білімділік: II. Бағдаршамның белгілері туралы ойларын дамыту. Жолда жүру ережесін сақтау дағдысын дамыту III. Бағдаршамның белгілері туралы ойларын қалыптастыру. Жолда жүру ережесін сақтау дағдысын дамыту

түзете-дамытушылық: сұрақ-жауап арқылы сөйлеу тілінің белсенділігін дамыту; қолдың ұсақ моторикасын дамыту; тапсырмаларды орындау арқылы таным процесстерін дамыту; сөздік қорын молайту; есте сақтау қабілеттерін дамыту;

тәрбиелік: білімге деген қызығушылықтарын тәрбиелеу, қауіпті жағдайда өзін ұстауға, ұқыптылықтылыққа үйрету;



Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты суреттер, жол белгілері,светофор,үй макеті

Іс-әрекеттің кезеңдері

Дефектологтың іс-әрекеті

Балалар іс-әрекеті

Ұйымдастырушылық кезеңі




Мотивациялық ізденістік кезең

Жұмыс орнын дайындау. Сабаққа дайындықты тексеру. Ортопедиялық режим




Күндей күлімдеп,

Айдай арайлап

Жұлдыздай жарқырап

Жақсы көңіл күймен бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

Балалар,бүгін біз үшін ерекше күн.Бүгін біздің сабағымызға қонақтар келді.Кәне,қонақтарға амандасып алайық

Алақанды ашайық

Күннің нұрын салайық

Жиналған жылы шуақтарды

Қонақтарға шашайық

-Сәлеметсіздерме

-Балалар,біз жолға шыққанда нені көреміз

-Машина ,автобус т,б

Тағы нені байқайсыңдар

-Светофор,жол белгілерін

Балалар,бүгін біз сендермен «Зебра», бағдаршам мен жаяу жүрушілердің жол жүру ережелері деген тақырыпта сабақ оқимыз

Біздің қаламызда машиналар,жол белгілері мен адамдар өте көп.Барлығы өз жұмыстарына асығып әртүрлі бағытта жүреді.Ал біздерге машиналар жүріп келе жатқан жолды кесіп өтуге болады ма

-Жоқ

-Сондықтан біз қай жолмен жүруіміз керек

-Жаяу жүргіншілерге арналған жолмен

-Балалар,көшедегі машиналар мен адамдар бір –біріне кедергі жасамау үшін адамдар нені ойлап тапты

-Бағдаршам

Бағдаршамның неше көзі бар

-Үш

Түстері қандай

-қызыл,сары,жасыл

-Жарайсыңдар,сендер светофордың сигналдарын жақсы біледі екенсіңдер.Ал ,енді,балалар сендер светофордың көмекшісі жол белгілері екенін білесіңдер ме

--Мына жол белгісін білемізбе

-Жаяу жүргіншілер жолы,жолда жүруге болмайды деген белгі


Баланың әрекетке кірісуіне түрткі болу:

  • Жүргізушілердің жолда жүру ережесін түсіндіру

  • Жаяу жүрушілерге жол жүру ережесін түсіндіру

  • Денсаулыққа қауіпті жағдай туғызатын іс-әрекеттерге не жататынын атап айту

  • Бағдаршам түстерін шатаспай атау

Балалар,бізге қуыршақ маша келіп тұр.Ол бізден көмек сұрай келіпті.Қуыршақ маша озінің садигіне бару үшін жолдан өте алмай тұр екен.Кәне,балалар, қуыршақ машаға жолдан өтуге көмектесемізбе

-Ия

-Балалар,қуыршақ жолдан өту үшін бағдаршамның қандай көзі жану керек

-Жасыл

-Дұрыс айтасыңдар бірақ жасыл көзі жану үшін қызыл және жасыл көздерінің тапсырмасын орындауымыз керек екен.Дайынбыз ба

-Ия

Ендеше қызыл көздің тапсырмасы қызыл конверттің ішінен 3карточка шығады,балалардың қолдарына сары ,қызыл,жасыл дөңгелектер беріледі

-Балалар бұнымен тапсырма әлі аяқталмапты енді сары көздің тапсырмасы бар екен жұмбақ шешу

1 Бұйырмапты бас та,ауыз,құлақ та

Бақырайған үш көзі бар бірақта Бағдаршам

2 Кеудесінде жаны жоқ

Тамырында қаны жоқ

Май жейді,

Су ішеді

Бұл не екен ,балалар Машина

Балалар,енді кішкен сергіп алайық ия.Светофор ойынын ойнаймыз.

жасыл дөңгелек - аяпен топ-топ

сары-алақанды соқ-соқ

қызыл-тыныштық

Бойымызды сергітіп алдық.Енді жасыл көз жану үшін тағы да бір тапсырма орындауымыз керек

Светофордың сигналарын жапсыру


-Жарайсыңдар,балалар,сендер барлық тапсырманы өте жақсы орындап шықтыңдар.Сендердің арқаларыңда қуыршақ маша жолдан өтіп өзінің садигіне баратын болды.сендерге рахметін айтып жатыр




Балалар өз орындарына тік отырады және сұрақтарға жауап береді

















Ұйымдастырушылық-бекітушілік

Балалар қызметінің нәтижелерін талдау:

Қане, балалар шеңберге тұрайықшы. Балалар бүгін біз Жүргізушілер мен жаяу жүрушілерге жол жүру ережесі тақырыптарында әңгіме қозғадық.

Сабаққа барлықтарын жақсы қатыстыңдар, өте жақсы. Сабақ аяқталды,Сау болыңдар






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.02.2021
384
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12