Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жол жүру ережелері қашан пайда болды?

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін Директордың ОІЖО

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Қиял әлемі

Мектеп: Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты

Күні: 08.02.2021ж

Мұғалімнің аты-жөні: Таскенова Айымгүл Оралқызы

Сынып: 5 «а,б»

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Жол жүру ережелері қашан пайда болды? ТБ: Сын есімнің мағыналық түрлері

Осы сабақ арқылы

Жүзеге асатын оқу

мақсаттары

5.2.5.1. Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады: мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыра алады

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған ашық сұрақтар

(түсіндіруді, өз көзқарасын білдіруді талап ететін сұрақтар) құрастыра алады

Кейбір оқушылар орындай алады: мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған жуан сұрақтарды

(ойлауды, қосымша білімді тартатын, талдай білуді талап ететін сұрақтар) құрастыра алады

Бағалау критерийлері

  • Нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыра алады;

  • Сапалық және қатыстық сын есімдерді ажырата алады;

  • Мәтін мазмұны бойынша шығармашылық жұмыстарды орындай алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыра алады

Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер: сын есім, сапалық сын есім, қатыстық сын есім

Талқылауға арналған сұрақтар:

Жол жүру ережелері қашан пайда болды?

Құндылықтарға баулу

Құрмет

Пəн аралық байланыс


Тақырып бойынша алдыңғы білім

Жол белгілерін айыра алады. Не үшін қажет екенін біледі. Сын есімнің құрамы мен тұлғасына қарай түрлерін біледі.

Т.А.Ахметуллаева



Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған

Кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Ширату

Әдісі – «Сұрақтар жаңбыры» Жұмыс түрі-Ж

  1. Сын есім дегеніміз қандай сөз табы?

  2. Сұрақтары қандай?

  3. Дара сын есім дегеніміз не? Мысал келтір.

  4. Күрделі сын есім дегеніміз не? Мысал келтір.

  5. Негізгі сын есім дегеніміз не? Мысал келтір.

  6. Туынды сын есім дегеніміз не? Мысал келтір.

Сабақтың ортасы

30 мин









Мұғалімнің таныстырылымы:

  1. Жуан және жіңішке сұрақтар.

«Жіңішке» сұрақтар – бірсөзді жауап талап ететін сұрақтар. Ал «жуан» сұрақтар– ойлауды, қосымша білімді тартатын, талдай білуді талап ететін сұрақтар. Жіңішке сұрақтарға:«Өгіз қайда келді?», «Бақа не істеді ?» т.б сұрақтарға үлгерімі төмен оқушылар қызыға жауап берді, ал жуан сұрақтарға:

« Мысалдан қандай ойды аңғардың?», «Мысалда бақаның іс –әрекетінен қандай мінездер көрінеді?» дарынды оқушылар ойлана отырып жауап берді.

2. Жабық сұрақ қойылған кезде сұраққа нақты қысқа ғана жауап қайтарылып, нәтижесінде әңгіме жалғаспай қалады. Мысалы: Сұрақ: Жұмысқа қашан келдіңіз? Жауап: Сегізде. Ашық сұрақтар Ал ашық сұрақтар түсіндіруді, өз көзқарасын білдіруді талап етеді. Бұл сұрақтар сіздің ерекше қызығушылығыңызды білдіретіндіктен, әңгімелесушіңізбен жақсы қарым-қатынас орнатуға көмектеседі. Маған ... туралы айтып беріңізші? Не себепті ...?

ОҚУЛЫҚПЕН ЖҰМЫС

ОҚЫЛЫМ. ЖАЗЫЛЫМ. 7-тапсырма

Дескриптор:

- мәтінді мұқият оқиды;

- сапалық және қатыстық сын есімдерді теріп жазады;

- нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады.


Сапалық сын есім

Қатыстық сын есім







ҚБ: «Мадақтау» әдісі. «Өте керемет!», «Жарайсың!»


7-тапсырма бойынша ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫС. Әдісі- «Әдеби үйірмелер»


Баяндап беруші-өз көзқарасымен мәтін мазмұнын баяндайды.

Зерттеуші- қосымша ақпарат жинайды.

Сұрақтар құрастырушы- мәтіннің желісі бойынша топты ойландыратын сұрақ қояды.

Сілтемелер табушы-мәтін тақырыбын ашатын кез-келген сілтемені табыды. (мақал-мәтел, афоризм)

Бейнелеуші-суретші- мәтін мазмұны бойынша қызықты жерін суреттеп салады.

Дәнекер-мәтіндегі негізгі идеяларды немесе оқиғаны бүгінгі өмірмен байланыстырады.

Дескриптор:

-баяндап беруші мәтін мазмұнын баяндайды;

-зерттеуші қосымша ақпарат табады;

-сұрақтар құрастырушы топты ойландыратын сұрақ қояды;

-сілтемелер табушы мәтін тақырыбын ашатын сілтеме табады;

-бейнелеуші-суреттеуші қызықты жерін суреттеп салады;

-дәнекерші мәтіндегі негізгі оқиға немесе идеяны б.гінгі өмірмен байланыстырады.


ҚБ: «Температураны өлшеу» әдісі


Үйге тапсырма: Құрамында қатыстық және сапалық сын есімдері бар мақал-мәтелдер жазып, жаттап келу (оннан көп емес)


Сабақтың соңы



5 мин

Оқудың мақсаты мен бағалау критерийларына кері ораламын.

Кері байланыс. Әдісі-«Идеялар жинау»

Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өздерін мазалаған, түсінбеген сұрақтарды қояды. Сол бойынша мұғалім келесі сабаққа идеялар жинайды.





































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.02.2021
1101
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12