400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Жол жүру ережесі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың жолда жүру ережесін меңгерту дағдысын қалыптастыру. Іс жүзінде жол ережесін сақтауға үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Аққу» жекеменшік балабақшасы

















«Жол жүру ережесі»

(ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекеті)









Тәрбиеші:Аралбай Қымбаткүл













2026ж













Тақырыбы: «Жол жүру ережесі»

Мақсаты: Балалардың жолда жүру ережесін меңгерту дағдысын қалыптастыру. Іс жүзінде жол ережесін сақтауға үйрету.

Бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру.

Көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын, зейіндерін дамыту. Жолда жүру ережелерін меңгерту.

Сөздік жұмыс: бағдаршам, жол тәртібін реттеуші, көше қиылысы.

Көрнекіліктері: Бағдаршам макеті, жол белгілері.



Тәрбиеші:Бүгінгі «Жол жүру ережесі» атты ашық сабағымызды тамашалауға қош келдіңіздер! Жол ережесін білу өмірімізді сақтандырады. Оның сырын біліп, жол ережесін орындау баршамызға керек.

-

Шаттық шеңбері!



Біздер жақсы баламыз,

Өсті ақыл санамыз.

Қонақтармен ең алғаш,

Амандасып аламыз

Сәлеметсіздерме!





Тәрбиеші: Жолдар қандай болады?

Балалар: Тегіс жолдар, кең жолдар, тар жолдар, ұзын жолдар, қысқа жолдар.

Ізденістер ұйымдастыру: Ақтаудың көшелері кең, үлкен қаламызда көліктер көп.

Тәрбиеші: - Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.

Төбесінде шырағы,

Жолаушының пырағы.

Барасың деп қай жаққа,

Алдын күтіп тұрды.

Шахматтың тақтасы,

Секілді онда таңба бар.

Бұл қай көлік?(такси)



Тәрбиеші: - Бәрекелді! Біздің қалада көліктердің түрлері көп екен.

Бүгінгі тәрбие сағатымызда жолда жүру ережелерін есімізге түсіріп, жаяу жүргіншілерге арналған белгілердің таңбаларымен танысып, аялдама таңбалардың белгісімен танысамыз.



Жол ережесі туралы тақпақтар:

1.Нұрәли

Менің атым бағдаршам,

Мекен жайым тұрақты.

Жақсы білемін міндеттімді.

Мүдірмей ешқашан.

2.Ахмедияр

Ортасында тұра қап,

Оңға-солға бір қарап.

Жолдың арғы шетіне,

Жетіп алам,жылдам-ақ.

3.Жанель

Үлкен кіші қала бар,

Ой жүгіртіп қарап ал.

Көше заңы тым қатал,

Сақ болыңдар балалар!

4.Бейбарыс

Ала таяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған.

Өміріңді күзеткен,

Ысқырық пен түзеткен.



Жұмбақ шешу

Менің үш көзім бар,

Бір көзім «кідір» дейді.

Бір көзім «абайла» дейді,

Бір көзім «қарап қалма» дейді.(Бағдаршам)



Ала таяқ ұстаған

Жол тәртібін нұсқаған

(Полиция қызметкері)



Көше бойлап айалдайды.

Адам тасып аялайды.

(Автобус)



Дидактикалық ойын: Құрастыру

Мақсаты:Балаларға жол ережесі туралы түсіндіру,жол белгілерінің қандай қызмет атқаратынын айтып білімдерін кеңейту.Балалардың жан-жақты және қол моторикасын дамыту.



«Бағдаршам» ойынын ойнату.

Шарты: Балалар дөңгеленіп тұрады, бағдаршам қызыл түсті көтергенде - балалар бір адым артқа жылжиды. Сары түсті көтергенде сол орында тапжылмай тұрады. Жасыл түсті көтергенде бір адым алдыға жылжиды. (ойын 3 рет қайталанады)

Балалар, көшеде біз тар жолмен, яғни жиек жолмен жүреміз.



Би: "Бағдаршам" биі

Қорытынды:Жолда жүру ережесі дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді.

Сондай-ақ оқушылардың көшеде жүру ережелерін меңгеру дағдысын қалыптастыру және оны іс-жүзінде пайдалана білуін жетілдіру, сақтыққа тәрбиелеу.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
27 наурыз
26
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі