400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жол жүру ережесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге көмек ретінде ұсынылады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жол жүру ережелері

Жол қозғалысы қауіпсіздігі-ең маңызды, әрі негізгі мемлекеттік мәселе. Осы мәселені шешу кезінде аса маңыздысы, ол жол қозғалысы мүшелерінің ішіндегі ең кішкентай жаяу жүргіншілеріміз - балалар.

Ең жас жол қозғалысы мүшелеріне жол жүру ережесінің негізгі тәртібіне және қаланың жол-көше тармақтарында қауіпсіз жүріп-тұру тәртібіне дағдыландыру үшін ойын жүзінде жол белгілері мен жол таңбалары түсіндіріліп, онда балаларға қалалық автобустарға қалай мініп-түсу туралы, автобустарды айналып өту, жүріс бөлігін қалай жүріп өткен дұрыс және жаяу жүргіншілер өткелінен жүріп өту тәртібі, жол ережесін қатаң сақтау және велосипедпен қалай, қай жерде жүру бойынша ойын түріндегі қызықты мағлұматтар беріледі, дайындалған мультфильмдер мен түрлі роликтерді интерактивті тақта арқылы көрсету керек.

Балалар өз қылықтарында ересектердің мінез-құлықтарын қайталайтынын білеміз, сондықтан біз тыйым салу емес, тек дұрыс әрекетімізбен ғана балалардың қауіпсіздігі бізге байланысты. Сондықтан, ата-аналар мен ұстаздар балалардың жол-көше тармақтарындағы іс-әрекеттеріне жиі назар аударып, үйде ата-аналар, балабақшада ұстаздар балаларға көлік жолына шықпас бұрын, алдымен тоқтап, бірінші солға, сосын оңға қарап барып жолдан өту қажеттілігі туралы айтып отырғандары дұрыс.

Құрметті ата-аналар мен үлкендер! Сіздер өздеріңіздің жеке тәртібіңізбен балаларға үлгі бола отырып, қарапайым жол жүру Ережесінің талаптарын сақтағандарыңыз абзал. Тек өзіміздің жеке тәртібімізбен балаларымызды қауіп-қатерден аман сақтап қаламыз.

Жаяу жүргіншілер тротуармен немесе жаяу жүргішілерге арналған жолдармен, ал олар болмаған жағдайда, жолды жағалай қозғалуы тиіс.

Көлемі үлкен заттарды көтеріп немесе алып келе жатқан жаяу жүргіншілер, сондай-ақ двигателі жоқ мүгедектер арбасымен келе жатқан адамдар, егер олар тротуармен немесе жолды жағалай жүргенде басқа жаяу жүргіншілер үшін кедергі келтіретін болса, жолдың жүргін бөлігінің жиегімен ( көлік жүретін бөліктің ішкі шетін бойлай-бөлу жол жолақтары бар жолдарда) қозғалуына болады.

Тротуарлар, жаяу жүргіншілерге арналған жол немесе жолдың жағалауы болмағанда, сондай-ақ олармен қозғалу мүмкін болмаған жағдайда, жаяу жүргіншілер велосипед жолымен немесе көлік жүретін бөліктің шетімен ( көлік жүретін бөліктің ішкі шетін бойлай-бөлу жол жолақтары бар жолдарда) бір қатарда қозғалуларына болады.

Елді мекендерден тыс жерлерде жаяу жүргіншілер көлік жүретін бөлігімен қозғалған кезде көлік құралдарының қозғалысына қарсы бағытта жүруі тиіс.

Көлік жүретін бөліктің шетімен двигателі жоқ мүгедектер арбасында келе жатқан, мотоцикл, мопед, велосипед жүргізуші адамдар көлік құралдары қозғалысының бағытында, жолдың оң жағымен жүруі тиіс.

Көлік жүретін бөлікпен қозғалатын ұйымдасқан жаяу жүргіншілер колоннасына көлік құралдарының қозғалысы бағытында оң жақпен, қатарда төрт адамнан артық емес, қозғалуға рұқсат етіледі. Колоннаның алдынан және артынан сол жағымен қызыл жалауша ұстаған жүруші, тәуліктің қараңғы уақытында және жеткіліксіз көріну жағдайында- алдында ақ түсті, артта қызыл түсті жағулы фонарьмен жүруі тиіс.

Балалар тобын тек қана тротуармен және жаяуларға арналған жолмен, ал олар жоқ болған жағдайда - жол жағасымен, бірақ тәуліктің жарық уақытында және ерексектердің бастауымен алып жүруге рұқсат етіледі.

Жаяу жүргіншілер көлік жүретін бөлікті жаяу жүргіншілерге арналған, оның ішінде жерасты және жерүсті өтпелерінен, ал олар болмағанда - қиылыстардан тротуарлар мен жол жағалауы сызығы бойымен кесіп өтуі тиіс.

Көру аймағында өтпе немесе жол қиылысы болмағанда көлік жүретін бөліктің шетіне, екі жақтан да жақсы көрінетін жерден тік бұрыш жасап жолды кесіп өтуге болады. Көлік жүретін бөлікті елді мекенде бөлу жол жолағы болған кезде, сондай-ақ жаяу жүргіншілерге немесе жол қоршаулары орнатылған жерлерде кесіп өтуге тыйым салынады.

Қозғалыс реттеліп тұратын жерлерде, жаяу жүргінші, реттеушінің сигналын, ал ол болмағанда – көлік бағдаршамын басшылыққа алады.

Реттелмейтін жаяу жүргіншілер өтпелерінен, жаяу жүргіншілер көлік жүретін бөлікке жақындап қалған көлік құралымен арақашықтықты, оның жылдамдығын бағалап және кесіп өту олар үшін қауіпсіз екендігіне көз жеткізгеннен кейін шығуына болады. Көлік жүретін бөлікті жаяу жүргіншіге арналған өтпеден тыс жерлерден кесіп өту кезінде жаяу жүргіншілер, бұдан басқа көлік құралдары үшін кедергі келтірмеуі және жақындап қалған көлік құралының жоқтығына көз жеткізбейінше тоқтап тұрған көлік құралының немесе көрінуді шектейтін өзге кедергінің тасасынан шықпауы тиіс.

Көлік жүретін бөлікке шыққаннан кейін жаяу жүргінші, егер бұл, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты болмаса, кідірмеуі немесе аялдамауы тиіс. Жолды кесіп өтуге үлгермеген жаяу жүргінші қарама-қарсы бағыттағы көлік легін бөлетін сызықта аялдауы керек. Әрі қарай қозғалыстың қауіпсіз екендігіне көз жеткізгеннен кейін реттеушінің сигналын ескеріп, жолдан өтуді жалғастыруға болады.

Жарқылдайтын көк маягі бар және арнайы дыбыс сигналы іске қосулы көлік құралы жақындаған кезде жаяу жүргіншілер жолдан өтпей тұра тұрады, ал жол үстіндегілер осы көлік құралдарына жол беруі және мүмкіндігіне қарай көлік жүретін бөлікті босатуы тиіс.

Маршруттық көлік құралы мен таксиді көлік жүретін бөлікке қарағанда биігірек тұрған отырғызу алаңдарында, ал жоқ болған жағдайда – тротуарда немесе жол жағасында тұрып күтуге рұқсат етіледі. Биігірек отырғызу алаңдарымен жабдықталмаған аялдама пунктерінде көлік құралына отыру үшін көлік кідірместен босату керек.







































№64 «Асыл бөбек»балабақшасы















«Абайла, балақай!»

(Көшеде жүру тәртібі)



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қараша
647
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі