400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жол жүру ережесі ортаңғы тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға жол жүру ережесің білуге арналған материал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің №15 «Бөбек» бөбектер бақшасы эстетикалық дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны















№4 ортаңғы тобына арналған «Жол ережесін есте сақта»

тәрбие сағаты



























2018-2019 о.ж.ж

«Жол ережесін есте сақта» (тәрбие сағаты)

Тақырыбы: Жолда жүру ережесін білеміз бе?

Мақсаты: Жолда жүру ережесін дұрыс түсініп оны пайдалана білуге үйрету.
Балаларды жауапкершілікке, сергектікке, жол ережесін бұлжытпай сақтауға тәрбиелеу. Балаларға жол белгілерін қайталату арқылы, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Көрнекілігі: Бағдаршамның суреті, әр түрлі жол белгілерінің суреттері.
Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Жұмбақ.
 Көзін ашып жұмады
Бағыт сілтеп тұрады. / бағдаршам/
Балалар жұмбақтың жауабын шешкеннен соң бағдаршам туралы өлеңдері оқылады.
Бағдаршам қамқорыңдай жанашыр,
Деп тұрғандай:
«Адамдарға жол ашық!»
Кезек ашып, жұмғанында үш көзің
Қалт жібермей, орында дәл, тос өзін.
2. Қызыл көзі жанғанда,
Сары көзі жанғанда,
Сақ абай бол барынша.
Жасыл жарық жол ашық,
Жүгіре бер бел асып.
Бас аяқты ойлап,
Бол ұқыпты жолда

Топпен жұмыс. Әр топқа сұрақтар беріледі. сол сұрақтарға дұрыс жауап беру.
1 сұрақ: Бағдаршам дегеніміз не? Оның адам өмірі үшін қандай пайдасы бар?
2 сұрақ: Жолдағы қозғалыс бағдаршамның басқа қандай белгілермен реттеледі?
3 сұрақ. Жүргіншілерге қай жолмен жүру керек?
4 сұрақ. Жиек жол болмағанда ше?
5 сұрақ Жолдың қай жағынан жүру керек?
6 сұрақ. Ата - аналарға барғанда қоғамдық көлікке қай жерден отырасыз?

Бағдаршам ойыны:

Барлық балалар айнала билеп жүреді. Қызыл жанғанда тоқтап қалады. Жасыл жанғанда билеп жүреді. Сары жанғанда 1 аяғын көтеріп, екі қолын жайып тұра қалады. Шартты бұзғандар ойыннан шығып қалады


Тротуарда жүру тәртібі. Жеке жүрсең:
1.Тротуардың оң жағын ала жүр.
2.Жүгірме,асықпай адымда.
3.Жол жиегін аттама,оның үстімен жүрме.
4.Тротуар үстіндегі кедергілерді жүргін бөлікке шықпай айналып өт.
5.Тротуардың ортасына тұрма,үйлерге жақын қапталына қарай барып тұр.
6.Тротуар үстінде ойнап,алыспа.
7.Әлдеқандай затыңды жүргін бөлікке түсіріп алсаң,ересектердің бірінен жәрдем сұра.
8.Жолаушылар қоршауынан асып өтпе. Оның астынан өтпе және үстіне асылып отырма.
Топпен бірге жүрсең: 
1.Қатардан шықпа.
2.Алысып, ойнама.
3.Жүгірме, секірме, итеріспе.
4.Шуылдама.
5.Әлдеқандай затыңды жүргін бөлікке түсіріп алсаң, тротуар үстінде тұрып ересектерден көмек сұра.
Жол жиегі
Жол жиегі-жол жиегі мен мен тротуар аралығын бөліп тұру үшін қаланған арнайы тас қаптал.Оны кейде бордюр деп атайды. Бордюр француз тілінде “бір нәрсені жиектеуге арналған жолақ”деген сөз. Балалар кейде жол жиегінің үстімен жүгіріп ойнағанды ұнатады. Ал егер әлдеқандай бір көлік жол жиегіне тақау жүріп жүрген баланы қағып кетуі де мүмкін ғой. Ондай жағдайдың ақыры қайғылы оқиға соқтырмауына кім кепіл. 




Қоршаулар
Аса қауіпті жерлерде арнайы қоршаулар қоюға тура келеді.Олар жолаушылардың жүргін бөлікке кенеттен шығып кетуіне бөгет жасайды.Қоршаулар көбінесе көліктердің ерсілі-қарсылы қозғалысы көп жолдарда, мектептер маңында және жаяу жүргіншілердің топ- талған тұстарында жанына қойылады. Жол қозғалысы ережелерін, нағыз қасақана бұзу-шылар қоршаулардың үстінен секіріп немесе оның астынан өтушілер.Бұл ереже бұзудың ең қауіпті түрі. Қоршау қойылған жерлерде көлік жүргізушілер жаяу жүргіншінің болмай- тынына әрқашан сенімді.Сондықтан оның алдынан жаяу жүргінші шыға келгенде жүргі-зуші аса қиын жағдайға тап болады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10 қараша
1338
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі