Бекітемін:
«Успех- GOLD-8» ЖШС
«Асыл бесік» балабақшасының
меңгерушісі
_________А. Т. Мамырбаева
«___» __________2024 жыл
Тақырыбы: «Қоян мен көжек»
Жол жүру ережесі
«Құлыншақ және Күншуақ» ересек топтары
Тәрбиешілер: Тилейхан К.
Алпысова Г.Қ.
Өскемен қаласы
2023-2024 оқу жылы
Жол жүру ережесі
Қоян мен көжек
Мақсаты: - мектепке дейінгі балалардың жол жүру ережесі туралы түсініктерін қалыптастыру,
- көшеде және қоғамдық орындарда мәдени дағдыларға тәрбиелеу;
- мейірімділіктің, зейіннің, өзара көмектің және адамгершілік қасиеттердің дамуына ықпал ету;
- ертегілерді сахналауға және әр түрлі іс-әрекеттерге қызығушылықты дамыту.
Кейіпкерлер:
Автор – Жалғас Күншуақ
Қоян – Алихан Құлыншақ
Көжек – Айсана А. Күншуақ
Түлкі – Адина Қ. Құлыншақ
Аю – Ерасыл Құлыншақ
Жол нұсқаушы, бақа – Алихан Күншуақ
Бағдаршам – Сұлтан Құлыншақ
Қажетті құралдар: бағдаршам, жол белгілері, жол және жиек жол, ысқырғыш, балабақшаның макеті және жол нұсқаушының таяғы.
Автор: Ерте, ерте, ертеде бір үлкен, әдемі қалада аңдар өмір сүріпті. Барлығы да тату-тәтті тұрады екен. Қала сондай әдемі, ғимараттары биік, көшелері өте таза екен. Есесіне, көшелерде машиналар өте көп екен.
(Музыка. Машиналардың дауыстары)
Осы қалаға қоян ауылдан жаңадан көшіп келіпті. Бірақ, өкінішке орай, қоян жол ережесін білмейді екен. Бір күні ол балабақшадан көжегін алып кетуге бара жатады.
Қоян: Ой, көшеде не деген машина көп?! Мен мына жолдан қалай өтсем екен? Машина басып кетеді ғой. (Музыка. Машиналардың сигналы)
(Абыржып тұрады)
Аю: Сәлеметсіз бе, қоян! Сіз қайда барайын деп тұрсыз?
Қоян: Мен көжегімді балабақшадан алуға бара жатырмын. Жолдың арғы бетіне өтейін дегенмін. Бірақ, автобустың қай жерге тоқтайтынын білмей тұрмын. Көмектесіңізші!
Аю: Абыржымаңыз! Мен сізге жолдан өтуге және автобус аялдамасына қалай жетуге болатынын түсіндіремін. (Аю қоянға автобус аялдамасы белгісін көрсетіп, жаяу жүргіншілер жолағын түсіндіреді)
Автобус аялдамасының белгісі – Егер осындай белгіні көрсеңіз, бұл автобус аялдамасының белгісі. Ал, мынау жаяу жүргіншілерге арналған – жиек жол. Егер осындай жиек жол көрсеңіз бағдаршамның көмегінсіз жолдан өтуге болады.
Қоян: Рахмет, аю! Осыдан былай жол жиегі туралы және автобус аялдамасы туралы білетін боламын.
Автор: Осылай қоян аюдың көмегінің арқасында жолдан өтіп, автобусқа отырып, балабақшаға келіп, көжегін алып кетеді.
Қоян: Көжегім, бүгінгі күнің қалай өтті?
Көжек: Бүгін таңертең таңғы жаттығу жасадық. Сабақтарға бардық. Би биледік, ән айттық. Серуенге шығып, аққала жасадық. Тәрбиешіміз бізге риза болды, бізді мақтады.
Қоян: Жарайсың, көжегім! Әрқашан тәрбиешілерді тыңдау керек. Оларды ренжітпеу керек.
Автор: Қоян көжегімен үйге баратын басқа жолмен өтпекші болды. Бірақ та жол ережесін білмегендіктен, тағы да жолдан өте алмайды. Сөйтіп тұрғанда, қу түлкі кездеседі. Қоян түлкіден жөн сұрады.
Қоян: Түлкі, бізге жолдан өтуге көмектесші.
Түлкі: Жақсы, сол да қиын болып па? Жол жүру ережесі деген оңай емес пе? Мына бағдаршамды көріп тұрсыңдар ма?
Қоян мен көжек: Иә, көріп тұрмыз.
Түлкі: Ендеше, Сары жанғанда – ТОҚТАЙМЫЗ!
Жасыл жанғанда – ДАЙЫНДАЛАМЫЗ!
Қызыл жанғанда – ЖҮРЕМІЗ! (деп айтады да түлкі кетіп қалады)
Автор: Қоян мен көжек түлкінің айтуы бойынша бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрған кезде, жолдан өтіп бара жатады. (Музыка. Машиналардың сигналы) Осы кезде…
Жол нұсқаушы, бақа: (Ысқырып, қоян мен көжекті тоқтатады) Тоқтаңыздар, тоқтаңыздар! Сіздер жолдан дұрыс өтіп бара жатқан жоқсыздар. Ол үшін айыппұл төлейсіздер!
Қоян: Біз түлкінің айтуы бойынша қызыл жанған соң өтіп бара жатырмыз.
Жол нұсқаушы, бақа: Яғни, түлкі сіздерге дұрыс түсіндірмеген. Жолдың оң жағындағы мына бағдаршамды көріп тұрсыздар ма?
Қоян мен көжек: Иә, көріп тұрмыз.
Жол нұсқаушы, бақа: Бұл бағдаршам
Көжек: Біз бүгін балабақшада бағдаршам туралы тақпақ жаттадық.
Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға!
Сары көзін ашқанда,
Дайындалғын жасқанба!
Жасыл көзін ашқанда,
Жүре бергін жасқанба!
Жол нұсқаушы, бақа: Ой, бәрекелді, өте дұрыс айтасың көжек! Қандай жақсы тақпақ! Қызыл түсі жанғанда – ТОҚТАЙСЫЗДАР!
Сары түсі жанғанда – ДАЙЫНДАЛАСЫЗДАР!
Жасыл түсі жанғанда – ЖҮРЕСІЗДЕР!
-
Ал, жолдың сол жағындағы мына белгіні көріп тұрсыздар ма?
Қоян мен көжек: Иә, бұны да көріп тұрмыз.
Жол нұсқаушы, бақа: Егер, мына белгідегі жол жиегіндегі жаяу жүргінші бейнеленген мына белгіні көрсеңіз, бұл жаяу жүргіншіге жолдан өтуге болмайды деген белгі.
-
Ал, мына белгі бұл жолдан мүлдем жаяу адамдарға және балаларға жүруге болмайды деген белгі. Енді сіздерге түсінікті ме?
Қоян: Иә, көп рахмет! Бізге енді бәрі түсінікті.
Жол нұсқаушы, бақа: Көжек, саған түсінікті ме?
Көжек: Иә, түсінікті. Сіз болмағанда біз қу түлкінің кесірінен машинаға басылып қалар едік.
Жол нұсқаушы, бақа: Иә, дұрыс айтасың. Көжек ойын ойнап көрсек қалай қарайсың!
Көжек: Жақсы, ойнайық.
Жол нұсқаушы, бақа:
Қызыл түсі жанғанда – ТОҚТА!
Сары жанғанда – ДАЙЫНДАЛ!
Жасыл жанғанда – ЖҮР! (Көжек қимылмен бір орында үлгі ретінде көрсетеді. Содан кейін залдағы барлық баламен ойнау)
Рефлекция: - Балалар жол жүру ережесі сендерге түсінікті болды ма?
-
Жолда үлкендердің көмегімен, абайлап жүреміз, жарай ма?
-
Балалар, бүгінгі театрымыз сендерге ұнады ма?
-
Жақсы, көріскенше сау болыңдар!
Тексерді:
«Успех-GOLD-8» ЖШС
«Асыл бесік»
балабақшасының әдіскері:
Еркешева Ж.К.__________
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жол жүру ережесі Қоян мен көжек

шағым қалдыра аласыз