|
Ұйымдастыру кезеңі Қызығушылықты ояту. 7 мин.
|
Ұйымдастыру
сәті.Оқытушы-ұйымдастырушы сапқа тұрғызады, взвод командирінен
рапорт қабылдайды. Оқушылармен амандасады, түгендейды, киім
үлгілерін тексереді. Сабақтың тақырыбы мен
мақсатымен таныстыру.
ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі:
1. Жұқпалы аурулар туралы не білесіңдер?
2. Жұқпалы аурулардың алдын алу үшін қандай шаралар
жасау қажет?
3. Ағзаның улануы дегеніміз не? Улану неден туындайды?
4. Ауыр улану кезінде қандай алғашқы көмек көрсетіледі?
5. Тамақтан уланудың қандай белгілері бар?
6. Тамақтан улану кезінде қандай алғашқы көмек
көрсетіледі? Іс-әрекет ретін айтыңдар.
|
Взвод командирі шығып рапорт береді.
Оқытушы-ұйымдастырушыға оқушылар амандасады
Үйге берілген
тапсырмаға жауап береді.
|
Оқушылардың сабаққа
қатысу белсенділігіне қарай қалыптастырушы бағалау жүйесі бойынша
бағаланады.
|
АӘ және ТД оқулығы


өтілген тақырыптар бойынша топтық жұмысқа
бөлу
|
|
Жаңа сабақ
кезеңі
30 мин.
|
Бейнетаспа, слайд,
көрнекілік.
Автокөліктің дәрі
қобдишасында болатын дәрілік
препараттардың тізбесі мен мақсаты. Қазіргі
кезде жол-көлік оқиғалары жиі
кездеседі. Ал апаттан зардап шегушінің өмірі алғашқы медициналық көмекке тікелей байланысты.
Сондықтан әрбір жүргізушінің көлігінде
дәрі қобдишасы болуы керек. Дәрі
қобдишасының бекітілген жаңа құрамы жарақаттар кезінде
алғашқы көмек көрсету және адам өміріне қауіп
төндіретін жағдайларда міндетті болып
табылады. Бұл ретте жүргізуші өзі қабылдайтын немесе дәрігер ұсынған және дәріханаларда
еркін сатылатын дәрілік заттар мен
жеке пайдалануға арналған медициналық
мақсаттағы бұйымдарды өз қалауы бойынша қобдишада сақтай алады. Жаңа
дәрі-дәрмек қобдишасы тізіміне 12 зат енген: Әртүрлі жарақаттар кезінде алғашқы көмек көрсету
ережелері. Жүргізушінің жол-көлік оқиғасы (ЖКО) салдарынан зардап
шеккендерге көмек көрсету тәртібі. Оқиға болған жердегі алғашқы
көмек жағдайды бағалаудан және сыртқы қауіпті факторлар мен ықтимал
тәуекел болдырмаудан (алғашқы көмек көрсетуге қатысушының электр
төгімен, автокөлікпен және т.б. зақымдалу қаупі) басталады. Төтенше
жағдайдағы ең басты қағида ұстамды болу және жағдайды дұрыс
бағалау. Алғашқы көмек көрсету кезінде мынадай қағидаларды
басшылыққа алу керек: әрекеттің дұрыстығы, мақсаттылығы, жылдамдық,
шешімді тез қабылдау және ұстамды болу.
1. Жағдайды бағалау. Оқиға орнында не болғанын, қосымша
қауіпқатердің бар жоғын (жол қозғалысының қарқындылығы,
автокөліктің
тұрақсыздығы, үйінділер, электр кернеуі, бензиннің ағуы, жануы
және
т.б.) анықтау.
2. Алғашқы көмек көрсету үшін қауіпсіз жағдайды қамтамасыз ету.
Зардап шеккендерге зақым келтіретін сыртқы әсерлерді тоқтату
және
алғашқы көмек көрсетуге қатысушылардың зақымдануының алдын
алу бойынша шаралар қабылдау кажет (зардап шеккен адамды
қауіпсіздік жастығы мен қауіпсіздік белдігінен босату,
автокөліктің
деформацияланған бөліктерін жою, жану ошақтарын сөндіру, зардап
шеккендерді қауіпсіз орынға және т.б. жерге ауыстыру).
3. Зардап шеккендердің санын және олардың ішінен бірінші
кезектегі көмек көрсету қажет адамдарды анықтау.
4. Жедел медициналық көмекті және басқа да апаттық-құтқару
құрылымдарын (өз бетінше немесе көмекшілерді тарта отырып)
шақыруды ұйымдастыру, шакыру кезінде міндетті түрде диспетчерге
мынадай ақпаратты хабарлау қажет:
- оқиға болған орынды;
- зардап шеккендердің санын және олардың жай - күйінің
ауырлығын;
- қандай алғашқы көмек көрсету қажеттігін;
- телефон тұтқасын диспетчердің жауаптарынан кейін қою.
|
Слайд, көрнекілік көреді.
Оқушылар топқа бөлінеді постер
қорғу
|
Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігіне қарай
қалыптастырушы бағалау жүйесі бойынша бағаланады.

|
АӘ және ТД оқулығы

Оқулық, дәптер Флипчарт-қағаз, маркерлер.
Оқулық

Өтілген материалды бекіту үшін жұптық жұмыс
жүргізіледі.
Постер қорғау.
Оқулықтың электрондық қосымша.
|
|
Қорынтынды
кезең
Ой толғаныс.
Рефлексия
8
мин.
|
Тапсырмалар
Сұрақтар: 1. Дәрі қобдишасы не
үшін керек?
2. Автокөліктің дәрі қобдишасында болатын дәрі-дәрмек
тізбесін атаңдар.
3. Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендерге қандай алғашқы
көмек көрсетіледі? Санамалап атыңдар.
4. Зардап шеккендердің жай-күйін бағалау және шолып қарау
қалай жүргізіледі?
5. Жасанды тыныс алудың мәнін түсіндіріңдер. Ол қай кезде
және қалай жүргізіледі?
6. Жүрек қызметін қайта қалпына келтіру шараларын
әңгімелеңдер.
Үйге тапсырма: №12 206- 213 бет
тапсырмаларды орындау
|
білдім білгенмін;
білгім келеді
|
|


Оқулық 2- бөлім. Жағдаяттық
тапсырмалады орындауға арналған
практикум.
|