Жол қилысынан өту және жаяу жүргіншілер өтпесі. Қоғамдық көлік аялдамалары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жол қилысынан өту және жаяу жүргіншілер өтпесі. Қоғамдық көлік аялдамалары

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие сағаты Жол қилысынан өту және жаяу жүргіншілер өтпесі. Қоғамдық көлік аялдамалары тақырыбында
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

Жол қилысынан өту және жаяу жүргіншілер өтпесі. Қоғамдық көлік аялдамалары

Күні


Сынып жетекші:

Сейтхан А

Сынып 8б

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларға көше жайлы, көшеде қалай жүру керектігі туралы түсінік беру.

2.Өмірге деген көз –қарасын дамыту.

3.Көшеде дұрыс жүруге ,мұқият болуға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар


Ұйымдастыру кезеңі ( 3мин)


Оқушыларды түгендеу амандасу

Оқушылар тілектерін айтады






Сабақ басы (12 мин)


Мынау өздерің тұратын қала, кент немесе ауыл. Олардың барлығында 3 да үлкенді –кішілі көшелер бар.

Көше деген не? Қала ,кент немесе ауыл ішіндегі автокөліктердің ,басқа да көлік түрлерінң , адамдардың жүруіне арналған жолдарды көше деп атайды.

Көшеде жүру үшін , көше тәртібін сақтау керектігін оқушыларға айтып түсіндіру.

Көшеде жүру тәртібін сақтамау не себепті қауіпті?

Кейде ерсілі –қарсылы жүріп жатқан авто көліктердің, мотоциклдердің қақтығысуы не себепті болады? Егер автокөлік жүргізушілері жолда жүру ережелерін бұзбаса , оның талаптарын орындаса , мұндай жағдайлар болар ма еді? Көшеде көліктер жүретін жер жол үсті деп аталады. Көшедегі жолдың екі жақ қапталына жаяу жүргіншілер үшін жаға жолдар салынады. Көп жағдайда жаяу жүргіншілердің өтетін жерлеріне жүргіншілердің қауіпсіздігі үшін арнайы қоршаулар орнатылады.Жаяу жүргіншілер көшенің екі қапталындағы жаға жолмен жүруі тиіс.

Жаға жолмен қалай жүреді ?Жолға шыққан соң міндетті түрде оның оң қапталымен , қарсы келе жатқан жаяу жүргіншілер –сол жақ қапталымен бір-біріне кедергі келтірмей жүруі тиіс. Ал жолдың қарсы бетіне тек қана арнайы « Жаяулар өтетін жер» арқылы өтуге болады.

Ал балалар мектепке барарда өздерің ең қауіпсіз жолдарды таңдауларың керек. Ол үшін көшелерді жақсы білулерің керек, сонда өздеріңе ыңғайлы бағытты таңдау жеңіл болады.

Қашанда көшеден өткенде жан-жағыңа қарап ,өтуің керек.


Тыңдайды





презентация

 

Ортасы (25 мин)


Сұраққа жауап алу.

Өздерің тұратын қаланың, кенттің немесе ауылдың көшелерін білесіңдер ме?


Көшелер не үшін қажет?


Жаға жолда қалай жүру керек?


Өздерің мектепке барғанда қандай жолмен жүресіңдер?


«Жаяулар өтетін жер» бар ма?

Көше қиылыстарын, жүргіншілер өтпелерін,

қоғамдық көлік аялдамаларын жүріп өту.

«Көше қиылысы», «жүргінші өтпесі» терминдерінің түсінігі.

Реттелетін және реттелмейтін көше қиылыстарынан жүріп өтудің жалпы ережелері. Көлік құралдарының басымдықтары.

Теңмәнді жолдарды «оң жақтан кедергі» принципі бойынша жүріп өту.

«Басты жол», «Жол бер» жол белгілерінің әрекеттері.

Жүргіншілер өтпелері мен қоғамдық көлік аялдамаларын жүріп өту ережелері.


5 - оқушы: «Жол» деген сөздің өзі көлік құралдары мен жүргіншілер қозғалатын аумақ ұғымын қамтиды. Бұл қалалар мен елді мекендер, олардан тыс жерлердегі жолдар, көшелер мен бұрылыстар. Жол көліктер мен жаяу жүргіншілерге арналған деп екіге бөлінеді.

- Жолда жүруде біз білу керекті ең негізгі ереже қандай?

6 - оқушы: Жолда жаяу жүргінші мен жүргізуші болады. Автобустар, троллейбустар мен автокөліктер көліктің негізгі ЖОЛ АЛЫБЫМЕН жүреді, ал жаяу жүргінші ТРОТУАРМЕН немесе көше бойының оң жақ шетімен жүру керек.

- Тротуар деген не?

7 - оқушы: Тротуар сөзі француз тілінен аударғанда «жаяу жүргіншіге арналған жол» дегенді білдіреді. Тротуар үстінде қандай да болмасын ойын ойнауға немесе жүгіруге болмайды. Бұл жаяу жүргіншіге бөгет жасаумен атар, аса қауіпті болып табылады.

- Жол жиегінің бойындағы қапталдар не?

8 - оқушы: Бұл – жол жиегі мен тротуар аралығын бөліп тұру үшін қаланған арнайы тас қаптал. Оны БОРДЮР деп атайды. Бордюр француз тілінде «бір нәрсені жиектеуге арналған жолақ» деген сөз. Кейбір балалар осы бордюрдің үстімен жүруді қызық көреді. Ондай жағдайдың ақыры қайғылы оқиғаға соқтыруы мүмкін.

9 - оқушы: Тротуар – жүрер жолы жаяудың, желаяқтың,

Жайбасардың, баяудың.

Машинаның жолы – көше ортасы,

Соны ұмытып кете көрме, аяулым.

- Жол бойындағы сызықтар мен белгілерді қалай атаймыз?

Хормен: Жол белгілері

- Біз үнемі тротуармен жүре бермейміз. Көшеден өтетін кезде қалай өтеміз?

10 - оқушы: Көшеден тек жаяу жүргіншілер өтпесі арқылы өту керек. Оны «Зебра» (жолақ жол)

деп атайды.


Соңы

5мин

Рефлексия.

Сөйлемді аяқта»

Мен мынаны білдім


Маған қызық болғаны


Маған қиын болғаны


Мен мынаны жасай алдым


Мен мынаған таңғалдым




Тәрбие сағатымызды қорыта келгенде, біздің қалаларымызда сол сияқты біз тұрғандай ауылдардың бәріне ортақ жолда жүру ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, барлық жүргіншілер мен жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.









презентация



Тексерді:







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.01.2024
2324
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі