Жол қозғалысының қауіпсіздігіне ауа-райының әсер етуі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жол қозғалысының қауіпсіздігіне ауа-райының әсер етуі

Материал туралы қысқаша түсінік
Жол қозғалысының қауіпсіздігіне ауа-райының әсер етуі. Жолда жүру ережелері. ҚМЖ, сынып сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Жол қозғалысының қауіпсіздігіне ауа-райының әсер етуі

Мектеп:

Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП:

Күні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ мақсаттары

Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің белгілерімен жүре білуге үйрету.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу. Өз бетімен жұмыс жасай білуге дағдыландыру.Сөздік қорларын байыту.

Бағалау критерийі

Жеке, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.



Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы


Ресурстар

Басталуы 3минут


Ұйымдастыру кезеңі:

1)Оқушылармен сәлемдесу.

2)Оқушыларды түгелдеу.

3)Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

4) Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты және бағалау критерийлерімен таныстыру.

«Комплимент» әдісі арқылы жағымды ахуал туғызу

Бір-біріне есімдерінің бас әріптерінен басталатын комплименттер айтады.

Топқа парта бойынша бөлу:

І топ «Бағдаршам»

ІІ топ «Жүргізуші»

ІІІ топ «Аялдама»



Суреттер, слайд

Бағалау



Ортасы 20 минут

Бағдаршам - өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек.
Біздің 
ауылымызда, сол сияқты біздің еліміздің басқа да қала, ауылдарында бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, яғни барлық көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек. Балалар, сендер көшеде жүру ережесін білесіңдер ме екен, көрейік.
Мынандай сұрақтарға жауап беріңдерші:



  • Көшеде жүру ережесін білу бізге не үшін керек?


  • Әр оқушы көшеде жүру тәртібін өте жақсы білуі керек. Көшеде жүре білу машина астына түсуден, апаттан сақтайды.


  • Жиекжол дегеніміз не?


  • Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол.


  • Жаяу адамға қай жермен жүруге рұқсат етілмейді?


  • Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.


  • Көшеде жүру тәртібін кім басқарады?


  • Көшеде жүру тәртібін бағдаршам басқарады.


  • Көше қиылыстарында қай жерлерден өтуге болады?


  • Көшенің екінші көшемен қиылысқан жерінде немесе «Өтетін жер» деп жазылған тұста немесе асфальтта көлденеңіне сызылған жалпақ ақ жолақтары бар жерінде және бет алдындағы бағдаршамның жасыл жарығы жанған кезде өтуге болады.


  • Ал жиекжолда қалай жүру керек?


  • Жиекжолдың оң жағымен жүру керек, сол жағымен жүруге болмайды.


  • Жиекжолдан тағы қалай жүруге рұқсат етілмейді?


  • Төрт - бес адам қатар жүруге болмайды.


Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Аяқталуы 10 минут


Балалар, келесі кезекті жұмбақ шешуге берелік.
1. Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырықпен түзеткен. (Милиционер)


2. Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялайды. (Автобус)


3. Жоқ өзінде бас та, ауызда да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)


4.Бір тұлпар су ішпейді, жем жемейді,
Есіркеп ешбір адам жемдемейді.
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Доғасын сымына сүйреп, жол жөндейді. ( Трамвай)


5.Арқаным тым ұзын,Ала алмайсың бір үзім. (Жол)


6.Қозғалмасаң құлайды,
Сүйемесең сұлайды.
Құйымшақты ері бар,
Бұл не деген жануар? (Велосипед)


Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділік

пен қатысқан топты басқа топ оқушылары бағалайды.




Сабақтың соңы

2 мин






Рефлекция « Аяқталмаған сөйлем» әдісі

Сабақ соңында оқушылар өз ойларын стикерлерге жазады:

- Мен бүгін ........білдім

- Маған .... қызықты болды

- Маған....қиын болды



«Аяқталмаған сөйлем» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.02.2024
1792
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі