|
Психологиялық ахуал қалыптастыру. «Амандасу»
бағдаршам түстері бойынша: оқушылар алдарына берілген бағдаршам
суретінің әр түсіне екі оқушының атын жазады, содан кейін сол түске
сай амандасады.
Қызыл
түс – қолыңды бұлғап
амандас Сары
түс – қолын алып
амандас
Жасыл
түс- құшақтасып амандас Жасыл,
қызыл, сары жетондар арқылы топқа
бөлінеді.
Ұшқыр ой сұрақтары:
-
Жол қозғалысын реттеу үшін қандай бағдаршам
түрлері қолданылады?
-
Бағдаршам сигналдарының қандай түрлері
бар?
-
Бағдаршам жасыл сигнал
нені білдіреді?
-
Бағдаршам жасыл жыпылықтаған сигналы нені
білдіреді?
-
Бағдаршам сары сигналы нені
білдіреді?
-
Бағдаршам сары жыпылықтаған сигналы нені
білдіреді?
-
Бағдаршам қызыл және
жыпылықтаған сигналы нені
білдіреді?
-
Бағдаршам қызыл және сары сигналының қосыла
жануы нені білдіреді?
-
Қосымша секциясы бар бағдаршам
жұмысы?
-
Сөніп тұрған қосымша секцияның сигналы нені
білдіреді?
-
Трамвай мен маршруттық көлік құралдарын
реттеу үшін кандай бағдаршам түрі
қолданылады?
-
Бағдаршамның сигналдары қалай
орналасқан?
РЕТТЕУШІ
– бұл кім? (жауаптар) Дұрыс, бұл адам, жол қозғалысын реттейді. Ал
кім біледі, «Реттеуші»бұл қандай сөзді
білдіреді?
«Regulate»(рэгьюлэйт) – ағылшынша «реттеуге» «Regel»-
немісше «ереже» «Регулировщик»
орысша.
«Тездет бірақ қателеспе»
— бұл бөлімде оқушылар бағдаршам
және реттеушінің сигналдары туралы түсінгендерін таратылған
парақшаларға жазып оны айтып береді.
Осы арқылы оқушылардың сабақты қалай түсінгенін
қорытындылаймы
1) «Сұрақ-жауап» (әр топқа сұрақтар
қойылады)
2) «Жол ережелері» («Жалғасын тап» деген
ойын)
3) «Кім жылдам?» (әр топқа тапсырма
беріледі)
1.
«Сұрақ-жауап»
1.
Бағдаршам деген не? (Жол бойының қозғалысын реттейтін
құрал)
2.
Қай түс жанғанда машиналар жүреді? (жасыл)
3.
Көлік күтетін жерді қалай атайды? (аялдама)
4.
Көшеде жаяу жүрген адамдарды кімдер дейді?
(жүргіншілер)
5.
Бағдаршамның «Қызыл» көзі не дейді? («Тоқта»
дейді)
6. Бағдаршамда неше көз бар?
(Үш көз бар: қызыл, сары,
жасыл)
7.
Жаяу адамдардың өтетін жолындағы сызық. (ақжолақ)
8.
«Жолаушылар» деген кім? (көлікке мінетін адамдар)

2. «Жол ережелері» Бұл кезең «Жалғасын тап» деген ойын түрінде
өтеді.
1.
Жүріп келе жатқан көліктің алдынан өтіп кетемін деуші болма.Ол
тоқтағанша, не өтіп кеткенше тоса тұр.
2.
Аялдамада тұрған автобустың арт жағынан айналып өт. Сонда сен оның
соңынан келе жатқан машинаны дер кезінде көре
аласың.
3.
Жолдан өткенде әңгімені доғарып, барлық зейінді жол қауіпсіздігіне
аудару керек.
4.
Көшенің шетіне өту үшін арнайы өткелден өту керек. Ал қалалық
жерлерде аспалы көпірлермен, жол асты жолымен
жүреді.
3.
«Кім
жылдам?» деп аталады, әр топқа бірдей
үлестірме қағаздар беріледі, тақтада тұрған жол белгілерінің
суреттеріне сәйкестендіріп
жабыстырасыздар.
1. Жол белгілері не үшін керек?
2. Жолда жүру ережесі қай жылы
қабылданған?
3. Жиек жол дегеніміз не?
4. Жаяу жүргінші қай жермен
жүреді?
5. Қандай белгілерді
білесіңдер?
|