400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жол таңбаларының белгіленуі

Материал туралы қысқаша түсінік
Жол таңбаларының белгіленуі. Жолда жүру ережелерінің. ҚМЖ, сынып сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Жол таңбаларының белгіленуі

Мектеп:

Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП:

Күні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ мақсаттары

-Жол ережесін қатаң сақтауға дағдыландыра отырып, көше ережесіне

байланысты ұғымдар мен терминдерді білу адам өмірі үшін қажеттілігін түсіндіру; Жол белгілерін ажырата білуге баулу, жолда жүру мәдениетін қалыптастыру.

-Жолда жүру ережесін сақтауға тәрбиелеу, әдептілікке, өзара достыққа

тәрбиелеу.

Бағалау критерийі

Жеке, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Жол белгілері, бағдаршам суреті, АКТ.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.




Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы


Ресурстар

Басталуы 3минут


Ұйымдастыру кезеңі:

1)Оқушылармен сәлемдесу.

2)Оқушыларды түгелдеу.

3)Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

4) Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты және бағалау критерийлерімен таныстыру.

«Комплимент» әдісі арқылы жағымды ахуал туғызу

Бір-біріне есімдерінің бас әріптерінен басталатын комплименттер айтады.

Топқа парта бойынша бөлу:

І топ «Бағдаршам»

ІІ топ «Жүргізуші»

ІІІ топ «Аялдама»

Жолда жүру ережелеріне арналған тәрбие сағатымызды Шөмішбай Сариевтің мына өлең жолдарымен бастаймыз.
Арманға алдан күткен асығамыз,
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтықта тұра алатын жас ұланбыз.
Жалғайтын достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген.
Бүгінгі бізге келген қонақтарға,
Алдымен беріледі сәлем деген

1-тапсырма Жол ережелері мен жол белгілері туралы мақал-мәтел айту және жол белгісінің қандай белгіні білдіретінін табу.

1-сұрақ: Абайла, балалар!

2-сұрақ: Белгілі-бір жылдамдықтан асырмау!

3-сұрақ: Жаяу жүргіншілер жолы!

4-сұрақ: Тұрақтауға да, тоқтауға да тыйым салынған!

5-сұрақ: Дыбыстық дабылдарға тыйым салынған!

6-сұрақ: Велосипедпен жүруге рұқсат жоқ!

7-сұрақ: Тіке және оңға бұрылуға рұқсат белгісі!

8-сұрақ: Солға бұрылуға рұқсат белгісі!


Суреттер, слайд





















Суреттер

Бағалау





Ортасы 20 минут

2-тапсырма. Жұбымен ақылдас. «Жұмбақты шешу»


1-жұмбақ: Арқаным бар тым ұзын,
Ала алмайсың бір үзім.
Ақылға салып ойланып,
Тапшы мұны пысығым. (Жол)

2-жұмбақ: Жалғаған ел ортасын, Жатыр тосып арқасын. (көпір)

3-жұмбақ: Бұйырмапты бас та, ауыз да, құлақта,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)


3-тапсырма. «Кім жылдам» жол белгілеріне байланысты берілген суретті құрастыру және қандай белгі екенін анықтау.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Аяқталуы 10 минут


Қорытынды. Оқушыларға сценарий тарату арқылы көрініс қою.

Көрініс. «Үш көзді дәумен кездесу»

Көшеде арлы-берлі жүрген машиналар, ортада бағдаршам. Ортаға жүгіріп бала шығады.

Бала: Қап мына көшеден қалай өтіп кетсем екен а, жолда машиналар көп екен. «Тәуекел» көшені кесіп жүгіріп өтіп кетейін.

Бағдаршам:- Ей, тоқта! қайда барасың?

Бала: - А а.. Сен кімсің?

Бағдаршам:- Мен бағдаршаммын, сен көше тәртібін бұздың.

Бала: - Қалай? Қашан?

Бағдаршам:- Сен қызыл көзім жанып тұрғанда көшені өтіп кетпек болдыңғой, сенің бұның дұрыс емес.

Бала: - Енді қалай өтуім керек еді.

Бағдаршам: - Сен мені жақсылап тыңдап айтқандарымды ұғып ал. Мына менің қызыл көзім жанғанда жолға қарай жүруге болмайды, ал сары көзім жанғанда жолдан өтуге дайындал-деген белгі берем, ал жасыл көзім жанғанда жолдан өтуге рұқсат, өте бер, - деген белгіні білдіремін.

Бала: - Жарайды айтқаныңызды ұқтым, сенің айтқаның бойынша жүретін боламын.


Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділік

пен қатысқан топты басқа топ оқушылары бағалайды.




Сабақтың соңы

2 мин








Рефлекция « Аяқталмаған сөйлем» әдісі

Сабақ соңында оқушылар өз ойларын стикерлерге жазады:

- Мен бүгін ........білдім

- Маған .... қызықты болды

- Маған....қиын болды

«Аяқталмаған сөйлем» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
65 ұстаз жүктеп алған
14 ақпан
1629
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі