400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жол тәртібін білейік

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға жол тәртібін ұғындыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Жол тәртібін білейік, аман - есен жүрейік!»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Оқушыларды жолда жүру ережелерімен таныстыру, оқушыларды жол қауіпсіздігін есте сақтауға , білуге үйрету.Көшеде дұрыс жүруін ескерту.

Дамытушылық:
Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік:
Барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ашық тәрбие сағаты, сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, рөлдік ойын, әңгімелеу және т. б.
Көрнекілігі: Бағдаршам, жол белгілері, жолда жүру әліппесі, жол ережесіне арналған суреттер,слайд.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Сынып оқушылары үш топқа бөлінеді: қызыл түсті белгісі бар оқушылар – «Қызылдар», сары түстілер - «Сарылар», жасыл түстілер – «Жасылдар».
1-жүргізуші: Ирек-ирек көшелер,

Көше деген мың ирек.

Қиындыққа әйтсе де,

Үйренесің біртіндеп.

Барар жерге асықпа,

Бәйге алмайсың бұрын кеп.

-Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі біздің «Жол тәртібін білейік, аман - есен жүрейік!» ашық тәрбие сағатына қош келіпсіздер!

2- жүргізуші: Шуақты өміріміз күндей күліп

Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.

Арманға сапар тарту мүмкін емес,

Жолда жүру ережесін білмей тұрып.

Біздің қаламызда еліміздің барлық қала, ауылдарына-бәріне ортақ көше қатынас ережелері енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы қажет.

1-жүргізуші: Үш түсті түрі бар,

Жөн сілтер тілі бар.

Бағдаршам дегенім,

Сырын жақсы біліп ал.

Бағдаршам- өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз.Бағдаршамның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек.

2- жүргізуші: Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да

Жолда жүру ережесі- заңда тәртіп,

Ол ортақ үлкен-кіші баршамызға.

Көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережесін жете білмейді. Ал кейбірі біле тұра жаяу жүргіншілерге арналған міндеттерді орындағысы келмейді.

Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алып жатады.Ал кейбіреулер өмірлік мүгедек болып қалуы мүмкін.Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын « жолда жүру ережесін» мұқият тыңдау керек.

1-жүргізуші: Ей, балалар, балалар,

Қане бері қараңдар.

Тәрбие сағатын біз бастайық.

Тапсырманы қиналмай

Лезде шешіп тастайық.

Біз үш топқа бөлінейік

Қызыл, сары, жасыл боп.

Жауаптарын дәл тауып

Жарыстан біз озайық.

Енді, балалар, біз « Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік!» сайысымызды бастаймыз.

2- жүргізуші: « Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік!» сайысымыздың шартын түсіндіріп өтейік.

1.Топ таныстыру. Ұран.

2. «Сәлем - сөздің анасы» Жол ережелері туралы мәнерлеп оқу.

3. «Бағдаршам – жол атасы"
4. Зымырын сұрақтар.

5. «Ойлан, тап» Сөзжұмбақ сайысы.

6. Жұмбақтар шешу.

7. «Әдептілік әліппесі»
8. «Жағдаяттарды шешу»


1-кезең. «Өз орнынды тап» Топ таныстыру.

І- топ: « Қызылдар» Топтың ұраны: Тоқта! Сақтан! Жол ашық!

Жүрме жолға таласып.

ІІ –топ: « Сарылар» Топтың ұраны: Үйрен таппай тыным бір,

Белгілердің тілін біл!

ІІІ- топ: « Жасылдар» Топтың ұраны: Жол тәртібін білейік,

Аман- есен жүрейік!

2- кезең. «Сәлем - сөздің анасы» Жол ережелері туралы мәнерлеп оқу.

Әр топтан оқушылар өлең шумақтарын оқиды.

Жарайсыңдар.

3- кезең. «Бағдаршам – жол атасы»

Ал енді әр топтың үй тапсырмасын тексерейік. Бағдаршам туралы деректер дайындау керек болатын, ендеше, тыңдалық.
Оқушылар бағдаршам жайлы айтады.

«Қызылдар» тобы: Алғашқы бағдаршам теміржол бойында пайда болды. Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сақталмаған. Ал оны көше қозғалысына ыңғайлап, қайта жасаған ағылшынның инженер - механигі Д. Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты. Алдымен түрлі - түсті сигналдар қайыс берілістің көмегі арқылы өзгертіліп отырды. Сосын аппарат ортасына газды шам орнатылды. Өкінішке орай, бірде газ жарылып, кезекте тұрған полицей қаза болады. Содан бағдаршам жарты ғасыр бойы ұмыт болады.
«Сарылар» тобы: Бағдаршам тек 1914 жылы Американың Кливленд қаласында, сосын Нью-Йорк, тағы басқа қалаларында қайта пайда болды. Бұл жолы олар электрлі болды. Тек екі түсті ғана, қызыл және жасыл. 1918 жылдан бастап қана үш түс қолдана басталды.
«Жасылдар» тобы: Кеңес Одағы бойынша алғаш рет бағдаршам Мәскеу қаласында 1924 жылы Кузнецк көпірі мен Петровка көшелерінің қиылысынан орын алды. Бағдаршамдағы түстер бекер таңдап алынбаған. Қызыл түс қауіп ұғымын білдіреді. Сосын бұл түс күндіз де, түнде де, тұман мен жауынды күні де жақсы көрінеді. Жасыл түс қызыл түстен айқын ажыратылады. Сары сигнал – негізі қызыл мен жасыл түстердің арасындағы айырым белгісі.

4- кезең: Зымырын сұрақтар.

1.Қоғамдық транспорттан шыққаннан кейін көшеден қалай өту керек?
2. Жолда неліктен бағдаршамның сары немесе жасыл жарығы жанғанда өтуге тыйым салынады?
3. Жаяулар өтпесі қалай белгіленеді?
4. Бағдаршамда сигналдар қалай орналасқан?
5. Балалардың суреті салынған белгі қайда орнатылады?
6. Велосипедпен жолға шығарда нені тексеру қажет?
7. «Тротуар» деген сөз нені білдіреді?


5- кезең. «Ойлан, тап» Сөзжұмбақ сайысы.

Үш топқа сөзжұмбақтар беріледі.

Жауабы: Жолда жүру ережесі. Бағдаршам.


6- кезең. Жұмбақтар шешу.

1.Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған
Өміріңді күзеткен,
Ысқырықпен түзеткен. (жол полициясы)

2. Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялдайды. (автобус)

3. Көліктің қаншасын үстінен өткізген,
Іргеден басталып алысқа жеткізген. (жол)

4. Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (бағдаршам)

5. Екі аяқты, бір басты,
Жүгіреді тым қатты. (велосипед)

6. Өзі тым күшті,
Аяғы тісті. ( трактор)

7. Төрт аяғы домалақ,
Адамсыз жүрмейді. ( машина)

8. Екі ағасы қашады,
Екі інісі қуады. ( машина дөңгелектері)

9. Бір тұлпар су ішпейді, жем жемейді,
Ескеріп ешбір адам емдемейді.
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Шылбырын сымға байлап тез жөнейді. (трамвай)

7-кезең. «Әдептілік әліппесі»
Мұғалім: - Балалар енді мен сендерге мынадай жұмбақ - әңгіме оқып берейін. Шешуін өздерің айтыңдар.
Алмас көшеде анадай жерде өтіп бара жатқан жүргіншіге:
-«Айтыңызшы, сағат қазір қанша?» - деп айқайлады.
Ол жүргінші уақытты айтқан соң, Алмас бұрылып жөніне кетті. Бала бөтен адаммен қарым - қатынасында бірнеше қателік жіберді. Осы қателіктерді кім табады?
Жауабы:
1. Көшеде айқайлап жөн сұрамау керек!
2. «Сағат қанша?» емес, «Уақытты айтып жіберіңізші» немесе «Сағат қанша болғанын айтыңызшы» деп сұрауы қажет.
3. Алдымен кешірім өтінуі керек.
4. Алмас ол адамға «Рахмет» айтуды ұмытты.

8- кезең. «Жағдаяттарды шешу»
«Қызылдар» тобы:
Ержан жол жиегінде доппен ойнап жүреді. Добы жолға домалап кетеді. Ержан добын алмақ болып машина жолына жүгіреді. Машиналар сигналы естіледі. Ержан добын тастай қашады. Ержанның әрекеті дұрыс па? Ол қандай шара қолдану керек еді?
«Жасылдар» тобы:
Бағдаршамы жоқ көшеде жолдан екі бала өтпек болады. Бірі жолдан жан - жағына қарамастан, асығыс жүгіріп өтеді. Екіншісі алдымен сол жағына, сонан соң оң жағына қарап өтеді. Кімнің әрекеті дұрыс? Жолдан қалай өту керек?
«Сарылар» тобы:
Сіз жолдан өтейін деп тұрсыз. Бағдаршамның жасыл түсі жанбай жатып қасыңызда тұрған бірінші сынып оқушысының машиналар зулап жүріп жатқан жолдан өтпекші болып тұрғанын көресіз. Сіздің әрекетіңіз?

Мұғалім: Рахмет, балалар. Сендер бүгін көп мәлімет бердіңдер. Алдағы уақытта осы жол ережесін сақтап, басқа балаларға үйретіп жүріңдер. Ал қазір бәріміз бірге «Бағдаршам» әнін орындайық.
«Бағдаршам» әні
1. Көшеде біз сақ болайық,
Қаймықпасын ата - ана.
Жолда сен бол әркез лайық,
Жас ұлан деген атқа!
Қайырмасы:
Әрқашан күн сөнбесін,
Аспаннан бұлт төнбесін.
Қасымда болсын анам
Болайын мен де аман!
2. Жолда жүру әліппесін
Білген жөн ғой бес саусақтай.
Сонда ғана жүре аласың,
Сен өзіңді сау сақтап.
Қайырмасы:
Әрқашан күн сөнбесін,
Аспаннан бұлт төнбесін.
Қасымда болсын анам
Болайын мен де аман!

« Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік!» (көрініс)
























































Ж
















о
















л
















д
















а
































ж
















ү
















р
















у
































е
















р
















е
















ж
















е
















с
















і











1.Аңның түрі.

2.Егіншінің құралы.

3.Төрт түліктің бір түрі.

4. Жаз мезгілінде балалардың сүйіп жейтін тәттісі.

5.Көктемнің алғашқы айы.

6.Қазақтың халық биі.

7.Құстың түрі.

8. Еңбекқор жәндік.

9. Балықшы құралы.

10. Бейбітшілік құсы.

11.Адамға дос саналатын құс.

12.Ат- ....... қанаты.

13.Көктемде жиі жауады.

14. Көктемде ең алғаш шығатын гүл.

15.Жыл мезгілі.

16.Аңдардың үйі қалай аталады?

















Б













а













ғ













д













а













р













ш













а













м













1.Көлік түрі

2.Пайдалы қазба.

3.Ұста құралы.

4.Дәнді дақыл.

5.Адамға қажетті бес жағдайдың бірі.

6.Кенге жатпайтын пайдалы қазба түрі.

7.Құстың түрі.

8. Бал жинайтын жәндік.

9. Пайдалы қазба түрі.












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
516
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі