Бекітілді:
Күні:11.01.18.
Білім беру
саласы:Әлеумет.Таным
Ұйымдастырылған оқу
қызметі:Қоршаған орта,Құрастыру
Тақырыбы: «Жол тәртібін
білейік, аман-есен жүрейік»
Мақсаты: Көшеде жүру тәртібі туралы
білімдерін тиянақтау, жинақтау. Көше тәртібін әрдайым сақтауға,
қиын жағдайларда дұрыс шешім таба білуге тәрбиелеу, құқықтық тәрбие
беру. Балалардың ой – өрісін, жан – жақты білімдерін
дамыту.
Көрнекілігі:слайд, бағдаршам макеті,жол
қауіпсіздігі туралы суреттер, «Жол белгілерін еске түсірейік» лото
ойыны, сұрақтары сигналдық белгілер, Бағдаршам
мультфилмі.
Әдіс –
тәсілдері: Сұрақ – жауап, топпен жұмыс,
ойын.
Түрі :
сайыс
ойын түрінде өткізіледі.
Ұйымдастыру: суреттер, нақыл сөздермен
безендірілген. Музыка ойнап тұрады
Жалғайтын достастырып бар
елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген.
Бүгінгі бізге келген қонақтарға,
Ойнымыз басталсын сәлемменен!
Сәлемдесу
Үлкенге де
сіз,
Кішіге де
сіз.
Баршанызға
құрметпен
Бас иеміз
біз.
Жүргізуші :
бал –
біздің болашағымыз. Ал сол болашағымызды алуан түрлі апаттардан
сақтап, аман-есен азамат етіп тәрбиелеу, ең алдымен ата-ананың,
тәрбиешілер қауымының төл міндеті
Шаттық
шеңбері:
Біз қандаймыз,
қандаймыз,
Шұғылалы
таңдаймыз.
Күлімдеген
күндейміз,
Өкпелеуді
білмейміз.
Қуанасың
сенде,
Қуанамын
менде.
Қуанайық
достарым,
Арайлап атқан
күнге
Ғажайып
сәт
(Бағдаршам макетін киген
бала шығып, тақпақ айтады. )
Бағдаршам.
Жолды кесіп өтерде,
Сол жағыңа қарайла.
Жарты ортаға келген де,
Оң жағыңа қарайла.
Білгеніңді басқаға,
Үйрете жүр, жарай ма?
«Бағдаршам-жол
атасы» Бағдаршам туралы не
білеміз?Бағдаршам бізге жол қиылыстарынан өтуге көмектеседі. Жаяу
жүрушілерді жол апатынан сақтайды. Жолдан өтерде өте мұқият болу
керек. Бағдаршамның үш көзі – үш түрлі. Бағдаршам бар қиылыс
жолдарда адамдар өтетін ақ жолақтар болады. Бағдаршамның қызыл көзі
жанғанда көліктер тоқтайды, ал адамдар жаяу жүрушілер ақ
жолақтармен өтеді. Ал, ортадағы сары көзі жанса, көліктер
дайындалады. – Ал жасыл көзі жанса, жол ашылады, көліктер жүреді.
Бағдаршамның үш көзі жаяу жүргіншілерге және көлікпен жүруге де өте
қолайлы, адам өміріне орасан зор. Бағдаршам болмағанда көліктер
соқтығысып, жол апаты көп болар еді. Біздің өмірімізді сақтайтын
осы бағдаршам. Олай болса, көшеден өткенде арнайы ақ жолақтардан
өту керек. Жол қиылысында аса абай болған жөн. Көшелерде, жолдарда
доп ойнауға, шанамен сырғанап ойнауға
болмайды
Топқа
бөлу.
Балалар бағдаршамның түстеріне сәйкес қызыл, сары, жасыл түс болып
3 топқа бөлу.
1. Топ Қызыл.
Қызыл көзі.
Мен көзімді ашқанда,
Ешқашанда баспа алға.
Орныңда тұр қозғалма,
Ереже бұл «Сен тоқта!»
2. Топ:
Сары.
Сары көз:
Мен көзімді ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
Жүруге әлі болмайды,
Дайындықты сақтайды.
3.топ
Жасыл.
Жасыл көз:
Мен көзіді ашқанда,
Көліктер саған тоқтайды.
Ережені білгендер,
Өтуге еш қорықпайды.
Сайыс
кезеңдері.
1-сайыс: Таныстыру
2-сайыс: «Кім шапшаң?»
Тақтада үш топқа үш суретті көрсетіледі. Топ балалары кезекпен
жауап береді. Жол ережесіне байланысты.
3-сайыс:Жол ережесіне байланысты
сұрақтар.
Қызыл
1.Балалар көшеде жүру ережесін
білу бізге не үшін керек?
2. Бағдаршам туралы не білесіңдер?
Сары
1. Жаяу адам қай жермен жүруге болмайды?
2.Көшеде жүру тәртібін кім басқарады?
Жасыл
1.Жаяу адамдар қандай жолмен
жүру керек?
2.Бағдаршамның неше көзі
болады?
3- сайыс: Ойлан тап
жұмбақтар шешу
1.Ала таяқ
ұстаған,
Жол тәртібін
нұсқаған
Өміріңді
күзеткен,
Ысқырықпен түзеткен
(милиционер)
2.Көше бойлап аяндайды,
Адам тасып аялдайды (автобус)
3.Жер асты
даңғылы
Көлігінің
зулаған.
Естіледі сыңғылы
(метро)
4.Арқаным тым ұзын.
Ала алмайсың бір үзім.
Ақылға салып
ойланып,
Тапшы мұны
пысығым(жол)
5.Сөйлегенде білмейді,
Бірақ «Тоқта,жүр дейді. (бағдаршам)
6.Қатар жатқан қос
білек,
Үстінен келер күш
үдеп. (поезд)
7.Жоқ өзінде бас та,ауыз да,
құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар
бірақта. (бағдаршам)
8.Құстай ұшар,қанатты
тұлпар(ұшақ)
4-сайыс: «Жол белгілерін еске
түсірейік» суретті лото ойыны.
Жол
белгілерінің қима суреттері 3 топқа беріледі, балалар жол
белгілерін дұрыс тауып құрастырылады
Ойынның
мақсаты: жол белгілерін еске түсіру,
шатастырмауға үйрету. Құрастырған жол белгілерінің белгілерін айтып
беру. Уақыт беріледі.
1.Ескерту белгісі
Қып – қызыл үшбұрыш,
Ескерту белгісі мен болам.
Қауіптен сақ бол деп,
Сәт – сапар жолдаған.
2. Тыйым белгісі
Дөп - дөңгелек қызыл шеңбермін
Көрсем: «Тоқта, қане»
Деп жар салар,
Тыйым белгісі мен болам.
3.Анықтама
белгісі:
Белгімен көрсетер
Жылдамдық пен бағытты
Ылди мен бұрышты
Қатер мен қауіпті.
5-сайыс:Сен білесің
бе? Жол
ережесі туралы топтар тақпақ айту
1 - бала.Қызыл
Жол жүрудің тәртібін
Ережесін білеміз
Сақтағанда қатерден
Сау - саламат жүреміз.
2 – бала
Сары
Тәртіп бұзсақ абайсыз
Жағдай туар қолайсыз
Май қызметкерлерінен
Ал кешірім сұраймыз.
3-бала
Жасыл
Жол тәртібін сақтаймыз
Ел үмітін ақтаймыз
Ертегілер елін біз
Жол апаттан сақтаймыз.
6- сайыс:Кім жылдам?
Бағдаршамды жапсыру
Жолда жүруге байланысты
«Бағдаршам» мультфильмін көріп тамашалау.
Әрдайым
жол тәртібін есте сақтап, көшеде сақ жүрейік!
Қорытындылау,
марапаттау.
.