400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Жол тәртібін білейік, аман есен жүрейік!" ашық тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық тәрбие сағаты есту қабілеті бұзылған балаларға, жалпы білім беретін мекеме оқушылары мен мұғалімдеріне қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы


Шымкент қаласы білім басқармасының «Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы мектеп-интернаты»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі








Shape1


Тақырыбы:

Жол тәртібін білейік,

Аман-есен жүрейік!







Тәрбиеші: Уразаева А.









2018-2019 оқу жылы


Күні: 22.01.2019ж.

Уақыты: 15.00

Сыныбы: 5 «Ә»

Өтілетін орны: Демалыс бөлмесі


Тақырыбы: Жол тәртібін білейік,

Аман-есен жүрейік!

Мақсаты:

  1. Білімділік: Көшеде жүру тәртібі туралы білімдерін тиянақтау, жинақтау.

  2. Тәрбиелік: Көше тәртібін әрдайым сақтауға, қиын жағдайларда дұрыс шешім таба білуге тәрбиелеу.

  3. Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрістерін, жан-жақты білімдерін дамыту.

  4. Түзетушілік: Балалардың дыбыстарын қадағалап, түзетіп отыру.


Көрнекілігі: проектор, жол белгілері, қима қағаздар, суреттер.


Меңгерілетін сөздер: Бағдаршам, жаяу жүргінші жолы, жиекжол, көшеде, жолда жүру ережелері, жол реттеуші адам, жол белгілері.


Тәрбие сағатының барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.


Тәрбиеші:

  • Балалар, көңіл-күйлерің қалай?

  • Ашық тәрбие сағатымызды бастамас бұрын барлығымыз шаттық шеңберін құрайық.

  • Қане бәріміз бір-бірімізге күлімдеп жылы лебіздерімізді білдірейік.


  • Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік».

(Балалар бірге оқиды.)


ІІ. Қызығушылықты ояту (сұрақ–жауап)

  1. Жиек жол дегеніміз не? (Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол )

  2. Жолдан қалай өту керек? (Жолдан өтерде алдымен солға, ал бөлгіш жолақтан кейін оңға қара)

  3. Бағдаршамның қай көзі жанғанда жүру керек?(Бағдаршамның жасыл көзі жанғанда ғана жолдан өту керек)

  4. Жолдың машина жүретін бөлігінде ойнауға бола ма? (Жолдың машина жүретін бөлігінде ойнауға болмайды)

Тәрбиеші:

  • Жарайсыңдар, балалар!

  • Енді, балаларымыз бағдаршам туралы тақпақтар айтып береді.


Бағдаршам макетін киген оқушы және бағдаршамның үш көзін ұстаған төрт оқушы ортаға шығып, тақпақтар айтады.


Қызыл көзі:
Мен көзімді ашқанда,
Ешқашанда баспа алға.
Орныңда тұр қозғалма
Ереже бұл “Сен тоқта!”

Сары көзі:
Мен көзімді ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
Жүруге әлі болмайды,
Дайындықты сақтайды.

Жасыл көзі:
Мен көзімді ашқанда,
Көліктер саған тоқтайды.
Ережені білгендер,
Өтуге еш қорықпайды.

Бағдаршам:
Жолды кесіп өтерде,
Сол жағыңа қарайла.
Жарты ортаға келгенде,
Оң жағыңа қарайла.
Білгеніңді басқаға,
Үйрете жүр, жарай ма?

Сергіту сәті (Бейнеролик)

ІІІ. Топқа бөлу
Оқушылар бағдаршамның түстеріне сәйкес қызыл, сары, жасыл түстерді таңдап, топқа бөлінеді.


1 - топ – «Қызыл»
2 - топ – «Сары»
3 - топ -«Жасыл»

1–сайыс: «Бәйге»

Берілген сұрақтарға жылдам, әрі дұрыс жауап беру керек.


  1. Жаяу жүргіншілер қандай жерлермен жүреді?

Жаяу жүргіншілер тротуармен немесе жол жиегімен жүреді.

  1. Жол бойында балалардың ойнауына қатаң тыйым салынған себебі неліктен?

Жол бойында балаларға ойнауға қатаң тыйым салынған. Себебі, жол бойында ойнау қауіпті. Ойын қызығымен жүріп балалар жол қауіпсіздігін ұмытып, көліктердің астына түсіп кетуі мүмкін.

Балаларға арналған арнайы орындарда ойнау керек.

  1. Жолаушылар қоғамдық көлікті қай жерден күтеді?

Жолаушылар қоғамдық көлікті аялдамада күтеді.

  1. Жол өткелінен жүгіріп өтуге бола ма?

Жол өткелінен жүгіріп өтуге болмайды. Келе жатқан көлікті байқамай қалуымыз мүмкін.

  1. Аялдамаға тоқтаған автобустың қай жағынан өту керек?

Автобустың алдынан да, артынан да өтуге болмайды. Сол айналада жол өткелі болуға тиіс, содан өту керек.

  1. Бағдаршам жарықтарының қызметі қандай?

Қызыл түс қозғалысқа тыйым салады, өйткені бұл қауіп ұғымын білдіреді.

Сары түс негізгі белгі және жасыл мен қызыл түстердің арасындағы айырым белгісі.

Жасыл түс қозғалысқа рұқсат береді.

  1. Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге болады?

Велосипедпен 14 жасқа толған балаларға  рұқсат. 

  1. Бағдаршам қойылған жол өткелі қауіпті ме, әлде бағдаршам қойылмаған жол өткелі қауіпті ме?

Бағдаршам қойылмаған жол өткелі қауіпті.

  1. Бағдаршам дегеніміз не? 

Бағдаршам автомат жүйесіне қосылған үш көзді аспап. 

Жол қоғалысын реттейді. 


2–сайыс: “Жол белгілерін еске түсірейік” ойыны:

Әр топқа жол белгілерінің суреттері көрсетіледі. Жол белгілерінің қай тобына (ескерту белгілері, басымдылық белгілері, тыйым салу белгілері, міндеттеу белгілері, ақпараттық-көрсеткіш белгілері, қызмет көрсету белгілері, қосымша ақпараттық белгілер) жататынын дұрыс тауып, атау керек.


3–сайыс: “Кім тапқыр?” сөзжұмбақ сайысы

Әр топқа сөзжұмбақ жазылған үлестірмелі материал таратылады. Сөзжұмбақты дұрыс шешу керек.


4-сайыс: «Жолдан дұрыс өт»

  • Балалар, енді «Жолдан дұрыс өт» атты ситуациялық көріністер көрсетейік.

  1. Жол қиылысынан өту.

  2. Бағдаршам жоқ жерден өту.

  3. Тротуар жоқ көшемен жүру.


Жолда жүруге байланысты бейнероликтер көріп тамашалау.


Қорытынды.

Тәрбиеші:

  • Жарайсыңдар, балалар!

  • Енді балалар, «Бағдаршам» әнін орындайық.

  • Балалар, әрдайым жол тәртібін есте сақтап, көшеде сақ жүрейік!


Сайыстың қорытындысын шығарып, жеңіске жеткен топты марапаттау.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30 желтоқсан
663
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі