400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

“Жол тәртібін білейік, Аман-есен жүрейік” ойын сауық ертеңгілігі

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілеріне қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы


4 «ЖО ж ҚББМО» «Балбұлақ»шағын орталығы


















Жол тәртібін білейік, Аман-есен жүрейік”

ойын сауық ертеңгілігі

(Ортаңғы, кіші топ тәрбиеленушілері арасында)





















Орал қаласы 2019 жыл

Жол тәртібін білейік, Аман-есен жүрейік” ойын сауық ертеңгілігі


Мақсаты: балалардың жолда жүру ережелерін меңгеру дағдысын қалыптастыру, және іс жүзінде жол ережесін сақтауға үйрету, жол белгілерімен таныстыру, бағдаршам туралы түсінік беру.
Көшеде жүру ережесін білдіру арқылы жолда жүру мәдениетін үйретіп, балаларды сақтыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Машина, велосипед, шарлар, жол белгілері, ысқырғыш.
Музыка жүріп тұрады.

Жүргізуші: Қайырлы күн балалар, тәрбиеші апайлар, бүгін ортаңғы және кіші топ балаларының арасында жолда жүру ережесін сақтау, ойын сауық кешімізді бастаймыз.
Көшеде біз сақ болайық,
Қаймықпасын ата - ана,
Жолда сақ бол лайық,
Жасұлан деген атқа
дей келе кешімізге қатысатын жасұландарымызды қошеметпен ортаға шақырайық. Балалар ортаға келіп тұрады.

Жүргізуші: Балалар жол ережесін сақтауға дайынбыз ба?
Балалар хормен: Жол тәртібін білейік,
Аман - есен жүрейік.
Жүргізуші: жол заңы дұрыс жүріп абай болуды талап етеді. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында доп қуалайтыны, жүріп бара жатырған машинаға жабысатыны салдарынан бұзылады. Ережені дұрыс сақтамағандықтан да ауыр жарақат алып жатады. Сондықтанда балалар жол ережесін үнемі есімізден шығармауымыз керек.
Балалар біз осы жол ережесін білеміз бе?

Жұмбақтар: Сөйлеуді ол білмейді,
Бірақ тоқта, жүр дейді. ( бағдаршам)
Кәне, айналамызға қарайықшы, жол бойынан қандай өзгерістерді байқап тұрсыңдар?
Бағдаршам, жол белгілері.

«Бағдаршам» әні орындалады.
Осы кезде Дымбілмес велосипедпен жол ережесін бұзып келеді.
Жол сақшысы ысқырып тоқтатады да, Дымбілмеске жол ережесін түсіндіреді. Дымбілмес кешірім сұрап балалардың қасына барады.

Жол сақшысы: Балалар Жолдан өтерде өте сақ болыңыздар. Жаяу жүргіншілерге арналған жолақ жолдармен өтіңдер. Жолдан өтерде абай болыңдар жарай ма.

Бағдаршам: Мен жол реттеуші бағдаршаммын, менің үш көзім бар, олардың әрқайсысының атқаратын міндеті бар.
Қызыл көзін ашқанда
Сынық сүйем баспа алға.
Сары көзін ашқанда
Қарап қалма аспанға.
Жасыл көзін ашқанда
Өте бергін жасқанба
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар.
Біз қай бағдаршамға қараймыз?
Балалар жауабы.

Жүргізуші: Біз жаяу жүргіншілер жолындағы бағдаршамға қараймыз. Қандай түс жанып тұр? Қызыл. Ендеше көліктерге жол береміз.
Сары түс жанды не істеу керек балалар?
Жүруге дайындаламыз.
Жасыл жанды. Енді жүре беруімізге болады.
Жүргізуші: Балалар жол ережесіне түсіндіңдер ме?


Сұрақтар:

  • Бағдаршам дегеніміз не? Адам үшін оның маңызы қандай?

  • Бағдаршамда қандай түстер бар?

  • Көліктер қайда жүреді?

  • Бағдаршамда түстер не білдіреді?


-Қане кім бізге жол тәртібіне байланысты тақпақ айтып береді


Балалардың тақпақтары:

Айналайын абайла

Жан – жағыңа қарайла

Жолда жүру ережесін

Есте сақта қалайда


Үлкен-кіші қала бар

Ой жүгіртіп қарап ал,

Көше заңы тым қатал

Сақ болыңдар балалар!


Қызыл, сары, жасыл

Бір өзіңде үш от

Қызыл жанса, тоқта!

Жасыл жанса, тез өт!




Ойын «Бағдаршам»

 Ойын шартты:

1) Бағдаршамның жасыл көзін көрсеткенде балалар жүрген сияқты бір орында аяқтарын қозғалысқа келтіреді.

2) Сары көзін көрсеткенде ду қол шапалақтайды.

3) Қызыл көзін көрсеткенде бір орында қозғалмай тұрып қалады.


Қорытынды :

Қимылды ойын: «Түрлі –түсті автомобильдер»

Ойын шарты: Балалар үш топқа бөлініп (қызыл,көк,жасыл), оларды түрлі шеңберге орналастырадыОлар машина жүргізушілер. Тәрбиеші қолына қағаздан жасалған бағдаршам көздері сынды картонды алады. Жасыл түсті дөңгелекті көтергенде, балалар бөлме ішінде бірін-бірі қақпай-соқпай машина болып гүрілдеп, әрлі-берлі қозғалады. Ал , қызыл картон дөңгелекті көтергенде машиналар тоқтайды. Сары түсті көрсеткенде айналасына қарап, жүруге дайындалады


Тәрбиеші: Рахмет балалар бүгін сендер өздеріңнің жол ережесін білетідеріңді көрсеттіңдер,.қай жерде жүрсеңдерде жолда жүру ережесін сақтап, басқалардыда соған шақырыңдар дегім келеді.




















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
29.03.2019
959
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі