
Мақсаты: Көшеде жүру ережесін үйрете отырып,алған білімдерін пысықтау.
Ой-өрістерін,жан-жақты білімдерін дамыту.
Көше тәртібін әрдайым сақтауғағқиын жағдайларда дұрыс шешім
таба білуге тәрбиелеу.
Май қызметкері: -Арслан
Балалар біздің Глубокое кентімізде кішкентай,өте ақымақ қоян өмір сүреді
екен.Ол көшенің арғы бетіне өтпекші болады.
Бағдаршамның жасыл түсі жанып,халық жаяу жүргіншілер жолымен өтті.Ол
кезде қоян не істеді?
Қоян: -Нұрай
Маған жол ережесін білу қажет емес.Сендерге бір құпия
айтайын.Трамвай,автобус,машинадан қорықпаймын.Кез-келген жерден зу
етіп өте шығамын.(Үлкендерді тыңдамаған қоян жолдан жүгіріп өтпекші
болғанда жеңіл машина оны қағып кетті. Бұл жағдайды көрген жол
полициясы «Жедел жәрдемге»қоңырау шалады)
Май қызметкері: -Арслан
Сәлеметсіздер ме? Бұл «Жедел жәрдем бе?»Тез келсеңіздер екен.Қоянды
көшеде машина қағып кетті.Жағдайы өте нашар.
(Есік қағылып дәрігер келеді)
Май қызметкері: -Арслан
Ұзын құлақ сұр қояным-ай,қайғы жамылдың- ау!
Дәрігер: -Айшат
Қай жерің ауырып жатыр.(Айқайлап жылап жібереді)
Май қызметкері: -Арслан
Жылама, шыда, қоянжан!Бағдаршамға қарап жол ережесін сақтағаныңда
мұндай пәлеге ұрынбас едің?Дәрігер қоянның жағдайы енді не болмақ? Ол
енді жүре ала ма?
Дәрігер: -Айшат
Қоянның аяғын гипстеп ауруханаға жатқызамын.(Жедел жәрдеммен қоянды
алып кетеді)
Май қызметкері: -Арслан
Көрдіңдер ме,қоянның басынан қиын жағдай өтті.Сендер жолдан өткенде
бағдамшамға қарайсыңдар ма?
Бағдаршам деген не?
(Ортаға бағдаршамның үш түсі болып балалар шығады)
Жасыл түс: -Расул

Сақта көше тәртібін,
Бағдаршамның ал тілін.
Біліп алдым мен де,
Жасыл жанса демде.
Алға кетем лезде.
Сары түс:-Назлы:
Сары жанса сабыр,
Сақтай тұрам әзір.
Қызыл түс: Дильназ
Жанса қызыл шоқтай,
Қаламын кілт тоқтай.
Май қызметкері: -Арслан
Ал енді, балалар ауруханаға телефон соғып,қоянның жағдайын білейін.
(Осы кезде бағдаршамның үш түсі дауласады)
Қызыл түс: Мен мықтымын!Егер қаласам, машина,адамдар бүкіл
қозғалысты бір орында тоқтатып тастаймын.
Сары түс: Жоқ,мен күштімін! (Бағдаршам бұзылып қалады)
Жасыл түс: Мен барлығына жолдан өтуге рұқсат беремін.
Май қызметкері: -Арслан
Бұл не деген айқай-шу? (Ысқырады
Балалар: Бағдаршамның шамдары дауласып жатыр.)
Май қызметкері: -Арслан
Енді бағдаршамсыз қалай болады екен ә? Маған көп салмақ түсетін болды
ғой.
Хормен(балалар)
Дауласуды қояйық,
Жарықтарды жағайық.
Бағдаршам-ау,бағдаршам,
Достасып тату болайық!
Май қызметкері: -Арслан
Рахмет,сендерге достарым!Сендерге айтатын қуанышты хабарым бар.Қоян
бүгін ауруханадан жазылып шығады.Қоянды қарсы аламыз ба, балалар?
Қоян: -Нұрай
Балалар менен бір қателік кетті.Мен жол ережесіне мән бермеппін.Маған
бағдаршам туралы айтыңдаршы,а?

1-Айдын :
Амансың ба, қоянжан!
Қорықпағын сен жолдан.
Үйретеміз барлығын,
Білеміз біз бағдаршам.
2-Әлімжан:
Мынау тұрған бағдаршам,
Қызыл,сары,жасыл шам.
Кезекпенен жанады,
Ұғып алғын, қоянжан!
3-Алихан:
Қызыл түс жанғанда,
Баспа қадам сен алға.
Сары түсі жанғанда,
Дайындалып тұр мұнда!
Жасыл түсі жанғанда,
Жорта бергін сен жолда!
-Көшеде жүру ережесін білу бізге не үшін қажет?
Әр бала көшеде жүру тәртібін өте жақсы білу қажет. Көшеде жүре білу
машина астына түсуден,апаттан сақтайды.
Жиекжол дегеніміз не?
-Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол.
-Жаяу адамға қай жермен жүругерұқсат етілмейді?
Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.
-Бағдаршамның қызыл көзі жанып тұрғанда қандай көліктерге жүру
рұқсат етіледі?
Өрт сөндіру,жедел жәрдем, полиция.
-Ситуациялық жағдайды шешу:
1.Сен жолдан өтіп бара жатқанда саған біреу айқайласа,не істеу керек?
2.Сен жолдан өтіп келе жатырсың.Кенет аялдамада тұрған өзіңе керекті
автобусты көрдің.Сен не істейсің?
3.Сен автобустан түстің.Сен көшенің қарсы бетіне өтуің керек. Сен қалай
өтесің?
Қоян: -Нұрай
Рахмет, сендерге балалар,мен көп нәрсе үйреніп қалдым.Енді жол
ережесін бүзбаймын.
1.Әли Е:
Шуақты өміріміз күндей күліп,
Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.

Арманға сапар тарту мүмкін емес,
Жол жүру ережесін білмей тұрып.
2.Томирис:
Қай көше қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да.
Жол жүру ережесі заңды тәртіп,
Ол ортақ үлкен кіші баршамызға.
Бүгінде қалада да,ауылда да үлкен көшелер мен жүйткіген автокөліктер
көбеюде.Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп
келеді.Жол-көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде.Сондықтан да
жүргізушілер мен жаяу адамдар көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және
мұқият болу керек.Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді.