400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жол тәртібін білейік,аман-есен жүрейік

Материал туралы қысқаша түсінік
Жол ережелерімен таныстыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЖОЛ ТӘРТІБІН  БІЛЕЙІК,   АМАН- ЕСЕН  ЖҮРЕЙІК!
Мақсаты:балаларды жолда жүру ережесімен және бағдаршамның қызметімен таныстыру.Жол белгілерін айыра білу дағдысын қалыптастыру,көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын дамыту.Балаларды мейірімділікке,зеінді болуға,өзін-өзі қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:Жол макеті,Жол белгілері;бағдаршам үлгісі,жаяу жүргіншілер жолы,Ойыншық машиналар,слайд көрсету.
Әдіс-тәсілі:ойын,сұрақ-жауап,сахналау.

Тәрбиеші:Балалар бүгін бізде ерекше күн.Біз кәзір орманға саяхатқа барамыз.Жол қашық сондықтан,көлікпен баруымыз керек.Сондықтан ұранымызды еске түсірейік:
Жол тәртібін сақтаймыз

Ел үмітін ақтаймыз

Ертегілер елін біз

Жол апаттан сақтаймыз

Жолдауды жастар қолдайды

Тәртіпсіз ел болмайды

Балабақша әрқашан

Амандық пен тыныштықты қорғайды.

Тәрбиеші:Бәрекелді балалар.Ендеше жол ережелерін есімізге түсірейік.Өйткені,жолда түрлі жол белгілері кездеседі.

        (кеуделеріне белгі ілген балалар ортаға шығады:бағдаршам,

        ескерту,тыйым,анықтама,көрсеткіш белгілері)

Бағдаршам:Менің атым- бағдаршам

                     Бар әдемі үш көзім,

                     Алдамаймын,аңғарсаң,

                     Ақылдымын тіпті өзім.

Ескерту белгісі: Қызыл шеңбер ішінде

                             Үшбұрыш боп тұрамын

                             Қателеспес үшін де,

                             Көз сал маған,шырағым!

                             Құрар үйде сауықты,

                             Жолдан аман келсе адам-

                             Жолда күткен қауыпты

                             Ескертемін мен оған.   

Тыйым салу белгісі:

  Болмау үшін қиын күн,

Қажеті бар тыйымның.

                        Қызыл шеңбер ішінен

                      «Болмайды!» деп бұйырдым.

                       Тұрады әркез сапта аман-

                       Сол тыйымды сақтаған.

                       Тыйым көрсең,тұра қал-

                      Әрі қарай аттама!

Анықтама   белгісі:             

Түнде,күндіз,кеште де

Жөн сілтеймін жолға сай
Аңғармайсың ештеңе

                       Анықтама болмаса.

                        Ой-шұңқырды алдағы,

                        Қалай өту керегін,

                        Жылдамдықты,ал,көні

                       Анық айтып берейін!

Көрсеткіш    белгісі:               

Жол созылмақ қаншаға,

Қайда асхана,монша бар,

                       Қонақүй,бар қай жерде,

                       Қайда музей,қай көрме...-

                       Көрсетемін саған дәл,

                       Не көрсетсем,соған бар!

 Асланбек:
Шофер біткен бүгінде.

                     Жол тәртібін біледі

                     Бағдаршамның түбінде

                     Ережемен жүреді.

Тәрбиеші:Ал балалар,қане атобусқа жайғасайық.Ал қозғалдық.Сәт сапар!Біз казір қаланың көшесімен келе жатырмыз.Көше қиылыстарының бәрінде бағдаршам тұр екен.Бағдаршамның қай түсі жанғанда біздің автобусымыз жүру керек.

               Ашса кезек үш көзін,

               Айтты деп ұк ,уш сөзін

               -Тоқта!

                   -Сақтан!

                      -Жол ашық!

              Жүрме жолға таласып.

Тәрбиеші:Балалар жүргізүші неғып жүрісін баяулатты?

Аяулым:Бұл жерде «Абайла» деген белгісі тұр.

Тәрбиеші:Ол белгінің ішінде неге жануардың  суреті тұр?

Балалар: Бұл «Абайла!», «Жануарлар!» деген белгі. Жүргізуші байқап жүрмесе,жануарды басып кетуі мүмкін

Тәрбиеші: Ондай белгіні қалада қай жерлереде көрүге болады.

Аида: Мектептердің  жанындағы көшеде балалардың суреті салынған белгі тұрады.Көзі көрмейтін зағип адамдар өтетін жерде көзілдіріктің суреті салынған белгі тұрады.

Тәрбиеші:Ендеше «Жануарлар » деген ескерту белгісі тұрса,біз орманға да келіп қалған болдық қой.Әне қараңдар Аю мен Қонжық кетіп жатыр.

              Көрініс «Аю мен Қонжық»

Аю  :     Көшеден өтерде әуелі сол жаққа,содан соң оң жағына қарау

             керек.Әйтпесе,машина басып кетеді.

Қонжық:  Жоқ ,мен оңға да ,солға қараймын. Апай бізге көшеден өт-   

                 кенде тура бағдаршамға қараңдар деген.

Аю :        Ақымағым-ау,ормандағы жолда қандай бағдаршам болуы мүмкін?Бағдаршам тек қала көшелерінде болады.

Тәрбиеші: Біз тоқтап ,Қонжыққа бағдаршам жоқ жерде жолдан

               қалай өту керек екенін түсіндірейік.Қонжық сен бері кел.

               Бағдаршам жоқ кезде мынадай белгі салынған жерден өту

               керек.Бұны «Зебра»- яғни, жолақты белгі салынған жер дейді.

Аяулым:Әуелі жолдан өтерде сол жағыңа қарайсын.Жолдың

             ортасын келгесін,оң жаққа қараймыз.Бұндай белгі бар жер

             де машиналар жаяуға жол береді.

Қонжық:Рахмет,енді түсіндім.

Аю  :        Балалар,қонжығыма көмектескендерің ушін сендерге рах-

                 мет!Жолдарың болсын!
Аида:
Мен көшеге сақшымын
Болсын жұртқа жақсы күн

Жолдан азап тартпаңдар

Әдеп,тәртіп сақтаңдар

Тәртіп бұзсақ абайсыз

Жағдай туар қолайсыз

Маи қызметкерлерінен

Ал, кешірім сұраймыз.

Тәрбиеші:Ал біз әрі қарай кеттік жол қысқару үшін бір ән айтып жіберейік.
Сергіту сәті: «Бағдаршам»
Бағдаршамды күнде біз
Көшелерде көреміз

Көліктерде

Жол шетінде

Көшемізде

Қызыл көзде тоқтаңыз

Сары көзде алаңдама-ай

Жүре бергін – 3рет

Ережені бұзбайық

Тәртіпті біз сақтайық

Бақшада да

Серуенде де

Көшемізде

Бағдаршамға қарайық

Апат алдын алайық

Жол тәртібін барлық жерде

Біз сақтайық!

         (Жаралы түлкі мен қоянды көріп қалады.)

Түлкі:Мына қыли қоянның кесірі.Мені велигіне отырғызып,алдымыз-

          дан машина шыға келгенде,рульді бура алмай,құлатып тастады.

Қоян:ой!,суайт!Қалай өтірік айтасын.Өзін емес пе, «мен куштіі те-

        бе ,мен кушті тебем» деп мақтанып,рульге отырған.

        Неге маған бале жабасың?

Тәрбиеші:Жарайды,дауласпандар.Кел,автобусқа отыра қойың

          дар.Жолда сендерді Айболитке апарамыз.Балалар байқадың-

          дар ма мына жерде қандай белгі тұр?                                                                 

 Балалар: «Велосепед тебуге болмайды!»-деген белгі.

Тәрбиеші:Мына қасқырға не болған,бұл неге жылап келе жатыр?

             Ау,қасеке,саған не болған,бетің көгеріп,аяқ-қолын жара бо-                                             лыпты .біреу ренжітті ме?

Қасқыр:Жоқ мені кім ренжітуші еді.Бір машина үстіне қой мен ешкі      тиеп  кетіп бара жатыр екен.соның біреуін  алып қалайыншы деп,машинаның артына жабысып едім, құлап түсіп,аяқ-қолымды жаралап алдым.

Тәрбиеші:Балалар,жүріп бара жатқан машинаға жабысу дұрыс па?Жарайды,Қасеке,автобусқа кіріп,ана түлкі мен қояның жанына отыр,Айболитке барамыз.

-.Балалар сендер Айболиттің кім екенін білесіңдер ғой?

Нұрила:

Айболит атамыз,барін де емдейді.

Ауырса адамды,аңды да емдейді.

Қадірлі,мейрімді,Айболит атамыз.

Айтыңдар қанекей,оған кім келмейді?

Тәрбиеші:Балалар,Айболит атаны қалай табуға болады?

Айболит:мына қасқырға не болған,бұл неге жылап отыр?

Қасқыр:айтайын мен сізге шынымды жасырмай,Жармасып малы бар машина артына. Домалап түстим де,шыңғырдым құлындай.

Айболит:Бір сәтке тойып жер мал үшін тәртіпті бұзыпсың .Қарынның қамы үшін міне,енді еніреп тұрғаның,ұят-ай аяқты сындырып,басынды жарыпсын?

Аңдар:-Айболит ата,енді «жолда жүру ережесін» үйренеміз.

           -Машинаға жабыспайтын боламын.

           -Рахмет,Айболит ата.

Тәрбиеші: Балалар ,енді бақшаға ораламыз.Қане автобуска отырайық. Тәрбиеші: мынау қандай белгі,балалар?:

Балалар:Бұл «байқа,бұл жермен балалар жүреді» деген белгі.

міне,біздер бақшаға да келіп қалдық.
Ойын:«Бағдаршам»

Саяхат ұнады ма,сендерге?бүкіл саяхат барысында біз сендермен қанша жол ережесін есімізге түсірдік, білімімізді толықтырдық.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
904
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі