400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Жол тәртібін жадыңда ұста

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу қызметтің тақырыбы: Жол тәртібін жадыңда ұста

Жол тәртібін жадыңда ұста
(Балабақшада ата- аналармен өткізілетін сайыс)
Құрметті ата- аналар, тәрбиешілер және біздің кішкентай сүйкімді бүлдіршіндеріміз!

Бүгінгі “ Жол тәртібін жадыңда ұста” деген тақырыпта “Гүлдер” тобының ата- аналары арасында сайыс өткізгелі отырмыз.Бұл сайысымыз жолда жүру ережелерін білу өз өмірлеріңіз үшін, балаларымыздың қауіпсіздігі үшін қажеттілігін түсіндіру, көліктің адам өмірінде алатын орнын білдіру мақсатын көздейді.
(Ортаға бастаушы екі бала шығады)

Көрініс:  “Үш көзді дәумен кездесу”.

Көшеде арлы- берлі жүрген машиналар, ортада бағдаршам.Ортаға жүгіріп бала шығады.

Бала: Қап, мына көшеден қалай өтіп кетсем екен а, жолда машиналар көп екен. “Тәуекел” көшені кесіп жүгіріп өтіп кетейін.

Бағдаршам: — Әй, тоқта! Қайда барасың?

Бала:- Сен кімсің?

Бағдаршам: — Мен бағдаршаммын, сен көше тәртібін бұздың.

Бала:- Қалай? Қашан?

Бағдаршам:-  Сен қызыл көзім жанып тұрғанда көшені кесіп өтпек болдың ғой,сенің бұның дұрыс емес.

Бала:- Енді қалай өтуім керек еді.

Бағдаршам:-   Сен мені жақсылап тыңдап айтқандарымды ұғып ал. Мына менің қызыл көзім жанғанда жолға қарай жүруге болмайды, ал сары көзім  жанғанда жолдан өтуге дайындал- деген белгі берем, ал жасыл көзім жанғанда жолдан өтуге рүқсат, өте бер,- деген белгіні білдіремін.

Бала:— Жарайды  айтқаныңызды ұқтым, енді сенің айтқаның бойынша жүретін боламын.

(Ортаға балалар шығады)

 Жол тәртібі кімге керек, бірге ойланып көрелік,

Әрқайсысының қылығына әділ баға берелік- дей келе, осы сайысымызға әділ баға беретін әділ қазыларымызды сайлап алайық.

Жүргізуші:  Ал қанекей, үйренейік жолда жүру тәртібін,

Ережені жақсы білер, жатқа білер бар кімің.

Шарттарымен танысып, бәріне дайын болайық,

“Жол тәртібін жадыңда ұста” атты мына сайыстың.

Құрметті ата- аналар  бүгінгі сайысымыз бес бөлімнен тұрады:

1)    “Мына жол белгілері нені білдіреді?”— деген сұраққа жауап беру.

Ата- аналарға жол белгілерінің суретін көрсете отырып, оның    қандай белгі екенін, қандай мақсатта айтылғанын атап беруін ұсыну.

2)    Тест сұрақтары.

Сіздерге қолдарыңызға тест сұрақтары беріледі. Ол сұрақтарда 3 жауап берілген. Сол жауаптардың дұрыс жауабын белгілейсіздер.

3)    Жұмбақтарды шешу:

  1. Арқаным бар тым ұзын,

Ала алмайсыз бір үзім.  (Жол)

  1.  Бір тұлпар су ішпейді, жем жемейді,

Ескеріп ешбір адам елемейді.

Жүк емес жануарға жүз адам да,

Шылбырын сымға байлап тез жөнейді.  (Трамвай)

  1. Көліктің қаншасын жонынан өткізген,

Іргеден басталып, алысқа жеткізген.  (Жол)

  1. Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та,

Бақырайған үш көзі бар бірақта.     (Бағдаршам)

Жүргізуші:  Шуақты өміріміз күндей күліп,

Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.

Арманға сапар тарту мүмкін емес,

Жол жүру ережесін білмей тұрып.

  4) “Көше тәртібі”тақырыбында сурет салу, әңгімелеу.

Келесі соңғы сайысымыз балаға байланысты мақал- мәтелдер, нақыл сөздер айту.

Ата- аналар кезек — кезек өздері білетін бала жайында мақал- мәтелдер айту.

  Жүргізуші: Жол тәртібі кімге керек, бірге ойланып көрелік,

Әрқайсысының қылығына әділ баға берелік,- дей отырып әділқазыларға сөз береміз.

Көше тәртібін сақтау- сенің міндетің! Егер жол ережесін бұзсаң, тек өзіңе қауіп төндіріп қоймай, басқа адамдарға да зияныңды тигізесің. Сондықтан, жолда сақ бол! Көше тәртібін есіңнен шығарма!





АShape1 қбота бөбекжайы.















Ашық оқу қызметі

Жол тәртібін жадыңда ұста

Гүлдер аралас ортаңғы II кіші топ















Өткізген: Маулетова.Н.Х









2017-2018 оқу жылы.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
468
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі