400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Жолда абай бол, балақай!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Жол жүру ережелерін қайталау, бағдаршамның белгілерінің айырмашылығын жолда және көшедегі қауіпсіздік ережесі, жол белгілері туралы түсініктерін кеңейту. Балаларды жол жүру ережелерін сақтауға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЖPicture 2 амбыл облысы Жуалы ауданы «№ 19 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп – гимназия” КММ

МАД тәрбиешісі: Амирханова Майра Досановна





Күні:

Тақырыбы: «Жолда абай бол, балақай!»

Мақсаты: Жол жүру ережелерін қайталау, бағдаршамның белгілерінің айырмашылығын жолда және көшедегі қауіпсіздік ережесі, жол белгілері туралы түсініктерін кеңейту. Балаларды жол жүру ережелерін сақтауға тәрбиелеу.

Құрал - жабдықтар: Жол белгілері, суреттер, бағдаршам макеті, қорап, самокат.

Музыка әуенімен  балалар залға  кіреді, қатарға тұрады.

Тәрбиешінің кіріспе сөзі.
- Бүгінгі «Жол ережесінің қауіпсіздігі!» атты тәрбие сағатын тамашалауға қош келдіңіздер! Жол ережесін білу өмірімізді жазымнан сақтандырады. Оның сырын біліп, жол ережесін орындау баршамызға керек.
Психологиялық тренинг.

Ұранымыз!

Ережені білеміз,

Көшеде еркін жүреміз.

Біздің ұран осындай,

Сіздерге айтып береміз.

Бас көшеде қырағы,

                  Үш көзді дәу тұрады.

                  Ашса кезек үш көзін,

                  Айтты деп біл үш сөзін.

«Бейнебаян» Жол тәртібі

Осы кезде Дымбілмес кіріп келеді. Дымбілмес Ой, ой, ой, ауырып барады? Балалармен амандасады.

Балалар:     Сәлеметсіз бе? Сіз кім боласыз?

Дымбілмес:  Өзін таныстырады

Менің атым Дымбілмес

Аяғым ауырып барады дәрігер шақырындаршы.

Дәрігер келді.

Дәрігер:     Сізге не болды?

Дымбілмес:  Жолдан ойнап өтіп бара жатып едім, мені бір көлік соға жаздады. Қашамын деп құлап қалдым.

Дәрігер: Дымбілместің жарақатын танып береді.

  • Енді жолда - абай бол!

Тәрбиеші:     Балалар жолда ойнауға болады ма?

Балалар: Жоқ

Тәрбиеші:: Бағдаршам  өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз . Оның сырын  біліп , тіліп алу  баршамызға  керек.

Біздің ауылымызда, сол сияқты  біздің  еліміздің  қалаларында бәріне  ортақ көше  қатынас ережесі енгізілген. Бұл  ережені оқушылар да , үлкендер де , яғни  барлық  жүргізушілер , көлік  жүргізетін  жүргізушілер де  бұлжытпай  орындауы керек.

Балалар, сендер көшеде жүру ережесін  білесіңдер ме екен  , көрейік . Мынадай сұрақтарға  жауап беріңдерші.

  1. Жиек жол деген не ? Адамдар  жаяу  жүретін көше жиегіндегі тар жол .

  2. Жаяу адамға қай жермен  жүруге болмайды ? Көлік жүретін  көшенің  ортасымен  жүруге  рұқсат етілмейді.

 Бағдаршам келеді:

Менің атым «бағдаршам»,

Жақсы білем міндетімді,
Мекен - жайым тұрақты.

Мүдірмеймін ешқашан.


Мен білемін, бәрін деме,
Отырған жоқсың бөлмеде.
Машина өтіп кеткесін,
Жолаушы алға беттесін.

Бағдаршам:  Дымбілмес міне сенің қателігің! Өз өміріңе қауіп төндіріпсің

Дымбілмес:  Балалар сендер маған жол ережесін үйретесіңдер ме?

Бағдаршам:     Балалар көмектесеміз бе?

Тәрбиеші:   Балалар Дымбілмеске бағдаршам туралы тақпағымызды айтып берейік, Дымбілмес тыңдап отырсын.

Бекасыл: - Қызыл көзі жанғанда, 
Сынық сүйем бас па алға, 
Сары көзін ашқанда, 
Қарап қалма аспанға, 
Жасыл көзін ашқанда, 
Өте бергін жасқан ба? 

Айгерім: Санап кетсек сіз бен біз,
Сан көлікке мінеміз.
Троллейбус, трамвай,
Автобуспен жүреміз.

Кәусар: Көлік, көлік,
Көліктерге мінеміз.
Көшелермен, көшелермен,
Күнде тынбай жүреміз.

Райхан: «Бұзба көше тәртібін, 
Ұрынасың апатқа. 
Қызықты өтсін әр күнің, 
Жақын болма шатаққа» 

Айбар: Жол жүрудің тәртібін,
Ережесін білеміз.
Сақтағанда қатерден,
Сау - саламат жүреміз

Мирас: Көшеде бағдаршам болмаса,
Кісі жоқ жөн сілтер өзіңе.
Кідірме, абыржып онда аса,
Сенгейсің өзіңе көзіңе.

Дымбілмес: Оның бәрін қалай есте сақтайсың?

Тәрбиеші: Бағдаршам белгілерін жеңіл ұғып алу үшін “Бағдаршам” ойынын ойнайық.

Ойын: «Бағдаршам»

Тәрбиеші:   Ойын шартымен түсіндіреді, мен кезекпен түстерді көрсетемін

Қызыл түс- тұрасыңдар

Сары түс- Шапалақ ұрасыңдар

Жасыл түс- бір орында жүресіңдер

Тәрбиеші: Дымбілмес сен жолда ойнадың, жолда ойнауға болмайды

Дымбілмес:  Неге ?  Енді қайда ойнаймын?

Тәрбиеші:     Балалар қайда ойнауға болады?

Балалар: Спорт алаңында балаларға арналған алаңдарда, және балабақша ауласында.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Өз орнымызға жайғасып отырамыз. Жұмбақтар жасырамын шешім табайық.

Жұмбақтар:

Қызыл ұяшық:

  • Үш көзі бар қаз-қатар,

Кезек-кезек ашады.

Үшеуінен байқасам,

Үш түрлі нұр шашады. (Бағдаршам)

Сары ұяшық:

  • Ала таяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған.

Өміріңді ізетпен,

Ысқырығы күзеткен. (Милиционер)

Жасыл ұяшық:

  • Арқаным бар тым ұзын,

Ала алмайсың бір үзім.

Ақылға салып ойланып,

Тапшы мұны пысығым.


Өзі сөйлей білмейді,
Бірақ «Тоқта, жүр!» дейді.

(Бағдаршам)  


 Көше бойлап аяңдайды,

Адам тасып аялайды.

(Автобус)   


Жоқ өзінде бас та, ауызда  да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та.

(Бағдаршам)

Көліктің  қаншасын үстінен өткізген,

 Іргеден басталып , алысқа жеткізген.

 (Жол)

Тәрбиеші:  Келесі кезекті қыздарымыздың «Кішкентай әлем» биіне берейік.

Ойын.   «Самокатпен кедергілерден өту».

Шарты: Балаларды екі командаға бөліп, қатарға тұрғызу.

Әр команда ойыншылар самактпен кедергілер арасымен өтеді. Қай команда соңғы ойыншы бірінші болып өз орнына жетсе, сол команда жеңімпаз болады.

Тәрбиеші:  Оқушыларды мадақтайды.

Дымбілмес: Балалар сендерге үлкен рахмет. Өз ризашылығын білдіреді.

Тәрбиеші: Балалар біз Дымбілмеске жолда жүру ережесін түсіндірдік, үйреттік. Дымбілмеске өздеріңнің білімдеріңді көрсеттіңдер. Ал, Дымбілмес сендерге алған білімі үшін ризашылығын білдіріп сыйлығын алып келді.

Тәрбиеші: Қорапты ашып тарату.

Тәрбиеші: Балалар енді тәттілеріңді алып өз тобымызға барып алайық. Рахмет сендерге балалар, менде қуаныштымын.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
21 мамыр
4892
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі