400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жолда жүру әліппесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Жан – жақты тәрбиенің жалпы жүйесінде мектеп жасына дейінгі баланы дене жағынан тәрбиелеу ерекше орын алады. Мықты денсаулықтың, дененің дұрыс жетілуінің, жоғары жұмыс қабілетінің негізі нақ осы мектеп жасына дейінгі балалық шақта қаланады: қозғалыс қызметінің қалыптасуы, сондай - ақ дене қасиеттерінің бастапқы тәрбиесі де осы жылдарда өтеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Жан – жақты тәрбиенің жалпы жүйесінде мектеп жасына дейінгі баланы дене жағынан тәрбиелеу ерекше орын алады. Мықты денсаулықтың, дененің дұрыс жетілуінің, жоғары жұмыс қабілетінің негізі нақ осы мектеп жасына дейінгі балалық шақта қаланады: қозғалыс қызметінің қалыптасуы, сондай - ақ дене қасиеттерінің бастапқы тәрбиесі де осы жылдарда өтеді.

Денені жаттықтырудың бір түрі - шынығу. Денені шынықтыру балалардың денсаулығын нығайтады, сонымен қатар балалар денені шынықтыру арқылы шапшаңдылыққа, қимылды ойындар ойнағанда да тез жүгіруге, икемділігін арттыруға, бір қалыпты жүруін және аяқ - қол бұлшық еттерінің жақсы жетіліп өсуіне ықпал етеді. Дене тәрбиесі балалардың ақыл – ойын, адамгершілік, еңбек және эстетикалық жағынан тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыруға, олардың сергек шат көңілді және белсенді болуына ықпал етеді. Біздің топта дене тәрбиесі сабағы аптасына екі рет өткізіледі. Сабақ жоспар бойынша жүргізіледі. Апта ішінде өткізілетін тәрбие жұмысында, бір тұтас күн режимінде барлық кезеңінде әуенді қимыл қозғалыс қолданылады. Яғни ертеңгісін балаларды қабылданғаннан кейін, ертеңгілік жаттығулар жасағанда әуеннің ырғағымен жасалынады. Оқу іс – әрекеті де іске асырылатын жаттығулар негізгі қимыл қозғалыстар, жүру, жүгіру, секіру, затты домалату, лақтыра білу, еңбектеу, тепе - теңдікті сақтау.

Қол - аяқ бұлшық еттерін дамытатын жаттығуларды дұрыс орындай білуге, әуенді тыңдап ойын жаттығуларын әуен ырғағымен үлестіре орындау. Дене жаттығуларын әуен ырғағына қосылып, әдемі қозғалыс көріністерін жасауға ынталандыру. Балаларды батыл қимыл жасауға жігерлікке, төзімділікке баулып дене мүшелері (қол, аяқ, т. б) қозғалысын дамыту. Жаттығулар арқылы балалардың денсаулығын нығайту. Дене тәрбиесіне қажетті құралдарды пайдаланамыз (доп, құм салынған қалта, доға, шығыршық, жалаушалар, ленталар, әр түрлі кедергілер). Бұлар балалардың жас шамаларына байланысты пайдаланылады.

Гимнастикалық жаттығулардың жиі пайдаланылатын түрлерінің бірі жүру, жүгіру, сапқа тұру, шеңбермен жүру. Жүгіру кезінде балалардың барлық дене мүшелері бұлшық еттері, буындары – бүкіл ағзасы қозғалыста болады. Жүру көбінесе басқа жаттығуларға кірісер алдында және олардың аралығында аяқталу кезінде пайдаланылатын көмекші жаттығу болып есептеледі. Біздің топта жүре алмайтын бала жоқ, бәрінің де өздерінің жастарына сай жүру қабілеттері дамыған. Серуен кезінде балалар көбіне жүгіріп ойнағанды жақсы көреді. Бірін – бірі қуып көбінесе «Мені қуып жет» ойынын ойнайды. Допты лақтырып «Кім бірінші жетеді?» деп бар күштерін салып жүгіреді.
Жылдың басында дене тәрбиесі оқу іс – әрекетінде балалар залға қалай кіруді, сапқа қалай тұруды, шеңбер жасап жүруді, сонымен қатар олар денені тік ұстауды, басты төмен қаратпауды, жүргенде, жүгіргенде, аяқты жерден дұрыс алып жүруді меңгерген. Жаңадан келген балаларды оқу іс әрекетінен тыс уақытта жеке жұмыс жүргіземін. Әсіресе жаңадан келген Ақтілек деген қыз бала сапқа тұруды, сапта тұрып қалай жүгіруді білмейтін еді. Таң ертеңгілік бой жазуға барғанда сапта жүріп келе жатып тоқтап қалып, біресе саптан шығып кетіп, алдындағы мен артындағы балаларға кедергі жасайтын еді, сондықтан ата - анасымен жұмыс жүргіздім. Мысалы: Дәурен мен Амир жаттығулардың бәрін жақсы жасайды, бірақ өте жай қимылдайды. Оның ата - анасына үйде Дәуреннің ойыншық машинасын тығып қойып, соны өзі іздеп тауып алуын қадағалау. Баланың ойыншығын тауып алып бір жерден екінші жерге тез алып баруын қадағалау.

Денешынықтыру оқу іс әрекетінде жаттығуларды қызықты өту үшін гимнастикалық орындық, шашақтар, доға, жалаушалар, кубиктер және көркем сөздер қолданамын.
Оқу іс әрекетінің кіріспе бөлімінде балалардың қолдарына жалаушаны беру арқылы, олардың басты төмен қаратпау, денені тік ұстау үшін, алдыңғы баланың жалаушасына қарауды ескертемін. Жалаушаны екі жағына созып, қолды шынтақтан бүкпей, дұрыс созуға үйренді. Қолдарындағы жалаушаны алдына созып, бір - біріне кедергі жасамай, соқтығыспай жүруге үйренді.
Негізгі қимыл жаттығуды жасағанда баланың дұрыс денені түзу ұстауының маңызы өте зор. Берілген жаттығуды әр баланың жеке орындауын қадағалаймын. Мысалы: Балалар, біз орманға саяхат жасайық. Алдымызда көпір бар. Көпірдің жан - жағы сулар. Суға құлап кетпеу үшін екі қолды белге қойып, көпірдің үстімен тепе - теңдікті сақтап жүріп өтеміз.- деп гимнастика жасап жай жүріп өтті. Осы балалармен жеке жұмыс жүргізіп, оларға гимнастикалық орындықтың үстімен тепе - теңдікті сақтанып жүруді үйретемін.

Екінші кедергілер, орманда құлаған ағаштар көп, сол ағаштардың астынан төрт тағандап еңбектеп өтеміз деп, доғаның астынан еңбектеп өтуді балаларға көрсетіп жеке - жеке қайталаттым. Кейбір балалар қорқа сақтанып өтеді. Сондықтан ата - аналарға тепе теңдікті сақтанып жүруді, төрт тағандап еңбектеп жүруді тапсырдым. Ата - аналармен үнемі қатынаста болсам дене тәрбиесі оқу іс әрекеті бізде жақсы өтеді.

Балалар сәби кезінен бастап шын көңілімен ұнатып орындайтын қозғалыс әрекеттерінің бірі би қимылдары. Би қимылдарын бала тез үйреніп алады. Ән оқу іс әрекетінде әуенді ойнай бастағаннан балалар әннің ырғағымен қолдарын, бас қимылдарын саз әуенімен үйлестіруге тырысады.
Балалар балабақшаға келген уақыттан бастап әр түрлі ойындар ойнайды. Ойын кезінде бала бірден көңілді болып жақсы демалады. Екіншіден дене қимылдар, бойлары, милары тынығады.

Егер балаңызды жақсы көргіңіз келсе...
1- кеңес. Баланы ерекше әлпештеп жібермеңіз. Мейлі үйде, мейлі түзде болсын, бала елден ерек екенмін деген сезімде болмауы, басқыларды құрметтеуді ұғынуы жөн. Тіпті әлпештеуге тура келген жағдайда да оны баланың өзіне сездіруге болмайды.
Баланы орынсыз мадақтай бермеңіз. Бала бір үйлі жан өзімнің соңымнан шырық үйірледі дейтін сезімде болмауы керек. Көзінше дәріптеп, мадақтауға болмайды.

2-кеңес. Баланың ырқына жүгіре бермеңіз. Бала не талап қойса да елпілдеп, айтқанын да, айтпағанын да алып беруге болмайды. Өте керекті зат, ақша секілді нәрселерге келгенде қайсысының қажет, қайсысының қажет емес екенін айтып, түсіндіріп қоюы қажет. Өйтпеген жағдайда бала ысырапшылық әдетке дағдыланып қалады да, басқалардың еңбегін қадірлеуді білмейтін болады.

3- кеңес. Баланың дербестігін тартып алмаңыз. Оның ана ісіне де, мына ісіне де алаңдап қолынан келетін істеуге болатын істерінің бәріне араласа беруге болмайды. Ондай бала өмір бойы бір істі өздігінен істей алмайтын жалтақ болып қалады.
6. Қорытынды бөлім:

Құрметті , ата-аналар ұлтымыздың қанындағы ізеттілік – дөрекілікке, қайырымдылық - қатыгездікке, жомарттық - тоғышарлыққа, адалдық - арамдыққа, парасаттылық - парықсыздыққа ауыспасын деген үлкен үміт тұр. Жолда жүру әліппесі

(қала балабақшалары арасындағы сайыс)

Астана қаласының Білім басқармасы мен ІІД Жол полициясы басқармасының бірлескен «Жол қауіпсіздігінің алдын алу іс – шаралары» жоспарын іске асыру мақсатында, білім беру ұйымдарындағы жол қауіпсіздігіне байланысты байқауды 2010 жылдың 14 – 24 желтоқсан аралығында өткізу жоспарланған болатын. 

Балабақшаға барар және қайтар жолында, есік алдындағы ойын алаңдарында балалардың көбі көлік ағылып жататын көшелерді кесіп өтеді немесе жол бойымен жүреді. Көпшілік көліктерге мінеді. Сондықтан көшелер мен жолдар балалардың қауіп – қатерге ең көп ұшырайтын жері. Көлік – жол апатынан сақтанып, алдын алу үшін – жолда жүру ережелері бұлжымай орындалуы тиіс. Осы ережелерді тағы да естеріне түсіріп, өзіндік жеке тәжірибелерінің қалыптасуына ықпал жасау мақсатында Астана қаласы Білім басқармасының мектепке дейінгі әдіскері Жанар Сейітқалиқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Балапан» бағдарламасы негізінде ашылған жаңа балабақшалар: № 48 «Ақ көгершін», № 49 «Алтынай», № 51 «Алтын сандық», № 52 «Еркетай» балабақша меңгерушілері З.Иманбаева, Ж.Досымбекова, Н.Сейітова, О.Күмісбековалармен бірлесіп, ұйымдастыру - әдістемелік жұмыстарын жүргізді. Соның нәтижесінде 21 – ші желтоқсан күні № 51 «Алтын сандық» балабақшасында «Жолда жүру әліппесі» атты байқау өтті. Оған Астана қаласы Сарыарқа ауданының 13 балабақшасы қатысты. Байқау бағдарламасы 3 бөлімнен тұрды. 1 – ші бөлімінде әр топ өз тобының атын, төсбелгісі мен ұранын, әні мен киім үлгісін көрсетті. 2 – ші бөлімінде топ басшыларына арналған жұмбақ сайысы болса, 3 – ші бөлімінде жол ережесінің белгілерін сынаққа салды. 

Балабақша ұжымы байқауға қатысуға келген жас қонақтарды жылы қарсы алып, қазақ ертегі әлеміндегі Тазша балаға жол ережелерін үйретіп, осы күнгі алған әсерлерін қағаз бетіне түсіріп сурет салды. «Бала – ойнап жүріп өседі», - демекші, мақалға сәйкес Тазша баламен ойнаған ойындарының қызығына тоймады. Байқау соңында балаларға Астана қаласы Жол полициясы басқармасының инспекторы полиция капитаны Исабаев Мұхтар Ибадуллаұлы шын көңілімен рақмет айтып, марапаттап, тәтті сыйлықтар сыйлады. Байқау соңында:

1 – ші орынға № 31 «Ақ сұңқар» балабақшасы;

2 – ші орынға № 51 «Алтын сандық» балабақшасы;

3 – ші орынға № 30 «Қайнар» балабақшасы ие болды. Сонымен қатар №5 «Ақбота», №41 «Балдырған», №44 «Үркер» балабақшасының балалары да аталып өтіп, мақтау қағаздары берілді. 


 Жыл сайын жүк көштері, автобустар, жүк және жеңіл автомашиналары көп мөлшерде шығарылуда. Жоғары жылдамдықтар және қозғалыстар автокөлік құралдары жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерден жолда нақтылық пен көңіл бөлуді талап етеді, сондықтан жолда жүру ережесін сақтау, далада өзін-өзі ұстауда жауаптылықты бір-бірінен тәрбиелеу аса маңызды. Жолда жүру ережесіндегі қауіпсіздіктің ең маңыздысы – адам өмірі болып табылады.

  Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасы орын алуының негізгі факторы жаяу жүргіншілер мен жүргізушілер құрамының төмен көліктік тәртібі болып отыр.

  Сондықтан, бүгінде жол-көлік зақымданудың алдын-алу, ЖЖЕ заң бұзушылықтың алдын-алу және кең ауқымды республикалық «Көңіл аударыңыз, бағдаршам!» алдын-алу шарасы мақсатында павлодарлық полицейлер Павлодар қаласының бірнеше көшелерінде үш жақты бейнеленген жаяу жүргіншілер жолы орнатылды.

  Жүргізушілер көбінесе жол белгілеріне көңіл аудармай, реттелмейтін жолдарда жаяу жүргіншілерді өткізбейді, сонысымен авариялық жағдайды туғызуда.

  Жол полицейлері ерекше «3D-дағы зебрамен» жол қозғалысына қатысушыларға жолдағы бірін-бірі түсінушілік және өз-өздерін ұстау мәдениетін ұстануды еске салады.

  Одан басқа, жаяу жүргіншілер жолында ережені бұзған автокөлік жүргізушілеріне полицейлер айыппұл төлеуді ресімдеудің орнына жаяу жүргіншілер ретінде реттелмейтін жаяу жүргіншілердің жолынан өтулерін ұсынды.

  Акцияға полицияның жас көмекшілері де белсенді қатысты. Олар жаяу жүргіншілер жолының жанында кезекшілеп, жүргізушілермен әңгіме жүргізіп, жолдағы қауіпсіздікке аса көңіл бөлуді ұсынды.






Кіріспе:

Еліміздің өркендеуі мен гүлденуі-болашақ  ұрпақ  қолында. Бүгінгі  күннің айдарындағы  басты  мәселе  бала  тәрбиесі. Бала тәрбиесі  тәрбие  жұмыстарында ғана емес, тәлім, таныс  үрдістерінде жүзеге асады. Тәрбие мен  білім  өмір  жолындағы үзіліссіз  процесс.

Егемен  еліміздің ертеңіне өз үлесімізді  қосқымыз келсе, балабақшадан  бастау алып, бала  бойына  танымдық қабілет   дарыту міндетіміз.

Қай  ғасырда  болсын  ұлт өнерін өркендетуші сапалы, салауатты, парасатты  ұрпақ  тәрбиелеу-қоғам алдында  әрбір  тәрбиеші ұстаздың  басты  міндеті  болып саналады.

Елбасының «Жаңа  әлемдегі жаңа  Қазақстан» атты жолдауында «Біз  бүкіл еліміз бойынша  әлемдік  стандарттар  деңгейінде сапалы  білім беру  қызметін көрсетуге қол  жеткізуіміз керек» десе, ІІІ-тарауы 18-баптың 17-тармақшасында  «Ақпараттық технологиялар мен  ақпаратты таратудың  жаңа  нысандары  бағытталған,  мамандандырылған  білім беру  бағыттарын  құру  міндеті де алдымызда  тұр» делінген. 

Яғни,  бүгінгі  күні  білім  беру  жүйесі  жаңа  педагогикалық технологияның негізделуін  және де  ақпараттық  құралдардың кеңіннен қолданылуын кажет етеді. Балалбақшада оқу тәрбие үрдісінде жаңа технологияны пайдалану заман талабыннан туындап отырған мәселе.

Бәсекеге қабілетті білім кеңістігін құруға Қазақстандық білім беру реформасын ең басты мақсаттарының бірі иновациялық технологияларға сүйене отырып, бүлдіршін бойына танымдық қасиетін қалыптастыру, шығармашылық ойлауды дамытуға мүмкіндік жасау  болып отыр. Осындай күрделі мәселелерді шешуде мектепке дейінгі мекемелердің алатын орны ерекше.

Заманымызға сай қазіргі қоғамда ақпараттандыруда тәрбиеші ұстаздардың біліктілігін ақпараттық коммуникациялық технологияны қолдану саласын көтеру негізгі міндеттердің біріне айналды. Қазіргі заман талабына сай тәрбие мен таным саласына енгізілген жаңа бағыттағы тың үрдістерді әрбір тәрбиеші меңгеріп қана қоймай оны тәжірибеде орынды қолдана отырып, өз білімін, іскерлігін үнемі жетілдіріп отыруы тиіс. Жаңа өмірдің стандарты «Жалпыға бірдей білім, өмір бойы білім алу».

Негізгі бөлім:

Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен дамытуды  ұйымдастыру бойынша отандық және шетелдік ғалымдардың инновациялық  тәжірибелерін пайдалану қажеттілігі факторлары жаңа стандарт жүйесінде іске асырылады.

Біздің №.1  балабақшасында  оқу тәрбие үрдісі жаңа стандарт бойынша құрылған жылдық жоспарда алынған міндеттемелер бойынша жүргізіліп отыр.

Балбақшаның  2012-2013 оқу жылына алынған міндеттемесі:

Мектеп    жасына   дейінгі   бала  тәрбиелеу  мен  оқытудың мақсаты   мен   міндеттері

1.   Мектеп  жасына  дейінгі  баланың  танымдық  қабілетін  арттыру.

а) Баланың  ақыл  ойын, әдет - ғұрпын,  ұлттық  болмысын қабілетін  дамыта  отырып,  дені  сау  тұлға  тәрбиелеу.

б) Экологиялық   тәрбие  негізі:  Туған  өлке  табиғатын  сүюге,  қадірлеп  аялауға  баулу.

2.   Балабақшадағы  оқу-тәрбиелеу  үрдісін  ата-анамен  бірге  ұйымдастыру.  Ата-ананың  педагогикалық  мәдениетін  көтеру.

Жалпы  бала   тәрбиесіндегі  ата-ана  рөлі  деңгейін  көтеру  мәселесі.

3.   Бала  тілін жан-жақты  дамыту,  көркем  әдебиет арқылы,  ұлттық  құндылықтарды  қалыптастыру,  әдеби  шығармаларға  қызығушылығын   арттыру.

4.   Мектеп  жасына   дейінгі балаларды  тәрбиелеу  мен  оқытудың  инновациялық  бағыттары.

-       Жаңашыл  ұстаздар  тәжірибесін  тарату.

-       Шығармашылықпен  жан-жақты  жұмыстану.

5.   Жалпы  балабақшада  баланың  шығармашылық  қабілетін  дамыту.

Жаңа стандарт негізінде білім беру үрдісі 5 салада ұйымдастырылады:

-       Денсаулық

-       Қатынас

-       Таным

-       Шығармашылық

-       Әлеумет

Оның ішінде балалардың шығармашылық қабілеті мен ойлау үрдісіне негіз болатын «Таным» білім беру саласының негізгі бағыттары.

         «Еліміздің ертеңі-бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында»-деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай балабақшада  баланың таным  процесін  ізгілендіру мақсатында көптеген  оқу-тәрбие  үрдістері, жан-жақты ұйымдастырылып  өткізіледі.

 Балабақшада өткізілген әр мерекелік іс-шара, апталық, айлық, түрлі ашық оқу іс-әрекаеттер аудио-видео құралдарымен түсіріліп, таспаға уақытында  жазылады.  Тәрбиеленушілер  өздері түскен іс-әрекетін үнемі телеэкранмен тамашалайды.

Инновациялық білім беру құралдарына аудио, видео құралдары, компьютер, интерактивты тақта, интернет, мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар, оқу әдістемелік көмек, инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт жатады.

«22.11.2012 ж Балабақшамызда  аудандық  білім  үйлестіру бөлімімен бірлесе отырып «Бүгінгі дені сау ұрпақ  ертеңгі  ел болашағы»  атты семинар  ұйымдастырылды. Семинарда ересек тобы тәрбиешісі А.Жақсылықова «Денсаулық еліне саяхат» атты ашық  оқу іс-әрекетін видео экранмен өткізді.

«Айналайын» тобы  тәрбиешісі  А.Соңбергенова «Дәрумендер әлеміне саяхат»   іс-әрекетін  музыкалық  орталық  арқылы өткізді. Тәрбиеші А.Ержанова  жолда  жүру ережесіне орай «Жолың болсын балақай»  оқі іс-әрекетін видео экранмен өткізді.

Қазіргі  заман  талабы «Өзін-өзі тану пәні» делінген болса, балабақшада екі жылдан бері «Өзін-өзі тану»  пәні  жүргізіліп келеді. Осы орайда  топ тәрбиешілері мен «Өзін-өзі тану» пәнінің тәрбиешісі Д.Едилбаева  түрлі  ашық оқу іс-әрекеттерін өткізіп келеді.

Ән саз жетекшісі жаңа видео экранды пайдана отырып бүлдіршіндерге  түрлі оқу іс-әрекеттерін өткізіп келеді.

«Тәуелсіздік тәу етер жалғыз кием» атты  балабақша ішілік апталықта  ән-саз, көркем сөз, қолөнер, сурет байқаулары ұйымдастырылды. Жаңа әндер орындалды. Естияр тобы бүлдіршіндері «Көк тудың желбірегені» әнімен  дараланып көзге түсті.

Балабақшада қаңтар айында «Әке-ер, ана-жігер, отбасында екі кемеңгер»  атты  сайыс байқауында   әр   отбасы  «Отбасы презентациясы» сәтінде  видео  экранмен  өздерін  слайд арқылы таныстырып  өтті.

Балабақшадағы филолог маманы Құлшықова  тәрбиеленушілерге қазақ ертегілерін видеоэкранмен тамашалатты.

Балабақша бойынша психолог апталығы ұйымдастырылып, тәрбиешілер мен тәрбиеленушілерге түрлі  тренингтер өтті.

Әр топ арасында дидактикалық, логикалық ойындар ұйымдастырылып балалардың таным қабілеттерін дамытуда  компьютермен өткізілді.

3-7 жасқа дейін баланың негізгі іс-әрекеті ойын болса, осы кезеңде бала белгілі бір әлеуметтік рөлді қабылдайды. Баланы оқыту мен тәрбиелеуде күштеусіз бедел мен ықтиярсыз ойын түрлерін жүргізу арқылы балаға таным қалыптастыра аласыз.  

Сондықтан жаңа стандарт негізінде баланың танымын қалыптастыру бағытында педагогтердің өз білімі мен кәсіби деңгейін жетілдіру кезек күттірмес мәселе.

Инновациялық процесс-педагогикалық жаңалықтарды енгізу болып отыр. «Инновация» ұғымы-жаңару, өзгерту, жаңашылдық дегенді білдіреді.

Қазақстан Республикасының білім туралы заңының 8-бабында «Білім беру  жүйесінің  басты  міндеттерінің  бірі – оқытудың  жаңа  технологияларын  енгізу, білім беруді  ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық  коммуникациялық  желілерге  шығу» деп көрсеткен. Сол себептен  қазіргі  таңда  даму кезеңі  білім беру  жүйесінің  алдында оқыту мен  тәрбиелеу  үрдісін технологияландыру  мәселесін  қойып отыр.

Қорытынды:  

Балабақшада ақпараттық  технологияны пайдалану- бала  танымын  жан-жақты дамытудың  шешуші  құралы. Мыс: Мультимедиялық  оқулықтарды  балабақшада пайдаланар  болсақ, оқу іс-әрекеттерін  жоғарғы  дәрежеде жүзеге асыруға болар еді. Мұндай  жағдайда  тәрбиеші  бала  тәрбиесімен айналысқанда әр түрлі шара, оқу іс-әрекеттер  өткізер алдында жиі-жиі  көрнекіліктер ауыстырмаған болар еді. Бұндай  оқулықтар пайдалану алдымен  балалардың  қызығушылығын арттырып, оқу іс-әрекеттерге  деген танымын, белсенділігін арттыра  түсер еді.

Мультимедиялық  оқулықтар  болса балабақша  бүлдіршіндеріне арналған  таптырмас  құрал еді.

Ақпараттық-технологияларды  пайдалану тәрбиеленушілердің   танымдық белсенділігін  арттырып  қана  қоймай,   логикалық  ойлау жүйесін  қалыптастырады,  шығармашылықпен  еңбек  етуіне  жағдай  жасайды.

Қазіргі  қоғам алдында  тұрған  өзекті  мәселелерді шешуде, яғни  жан-жақты  көп мәдениетті, шығармашыл, әлеуметті бейімделген  тұлға  қалыптастыру үшін  ұстаз өзі де  шығармашыл тұлға  болуы  тиіс.

Сондықтан     жаңа    стандарт    негізінде    баланың    танымын қалыптастыру   бағытында  педагогтардың  өз білімі мен  кәсіби  деңгейін жетілдіру  кезек  күттірмес   мәселе.

Қазіргі  уақытта   оқытудың  50-ден  астам  технологиялары  бар. Олардың  бала  танымын   қалыптастырып  тұлға ретінде дамуы  үшін  маңызы  зор.

Олай  болса  келешек  ұрпағымыздың  жан-жақты,  терең білімді,  яғни  интеллектаулды  деңгейін  жоғары  болуына   қойылатын  талап  зор.

Заман  талабына   сай  жаңашыл  тұлға   тәрбиелеуде  нәтижелі   жұмыс  жасау  алға   қойған   басты   мақсатымыз.

Пайдаланған  әдебиеттер:

-  Ә.Иржанова. Жаңа стандарт негізінде бала танымын қалыптастыру. Республикалық   ғылыми-педагогикалық журнал  «Тәрбие  құралы» №5, 2010 жыл. 39-41 б.

-  Р.Омарова. 12 жылдық мектепке  оқушылардың  оқу-танымдық  іс-әрекетін ұйымдастыру. Оқу құралы. Ақтөбе. 2007 ж.

-  Е.Б.Моргунов. позновательные   процессы  и способности  в   обучении. М., 1990. 321 бет.

-  Формирование  творческих  способностей: сущность, условия, эффективность. Сб.науч. тр. Свердловчк. СИПИ 1990.

-  Сайт бетінен А.З.Сисенованың «Ақпараттық  технология-бүгінгі   күн  талабы»  атты мақаласы

-  Сайт бетінен Б.Жолмұханова «Ұрпақ  тәрбиесі-ұлт болашағы» атты мақаласы.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 наурыз
1262
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі