жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жолда жүру белгілері
Тақырыбы: Мектепке барар жол
Мақсаты:
Мектептің оқушы өмірінде алатын орны, білім ордасы екендігін оқушының бойына жеткізу, мектептің орналасқан жері, берер пайдасы мен қажеттілігін айта отырып, барар жолы туралы айту, көше қиылыстарында , жолдан абай болу, байқағыштық қаситтерін ояту.Жолда, аялдама мен көшеде өзін дұрыс ұстауға тәрбиелеу.
Жаңа сөздермен жұмыс істеу барысында тілдік қорын байыту, мақалдар, қанатты сөздер арқылы ауызекі сөйлеу тіліне көңіл бөліп жан – жақты болуға баулу. Карточка, жеке жұмыстар арқылы тілдік қорын, ой өрісін дамыту. Жолда жүру ережесін еске алу, байқампаз қабілетін арттыру.
Абай, тәртіпті, байқағыш болуға тәрбиелеу, автобуста үлкенге жол беруін ескеру. Мектепке деген сүйіспеншілігін арттыру. Мектебін жақсы көруге, жан – жақтылыққа, мектебімен мақтан етуге тәрбиелеу. Білім ордасына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақ барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі
А/амандасып , түгендеу
ә/Сабаққа дайындығын тексеру
2.Тіл дамыту минуты
а/Апта, ай, күн
ә/Ауа райы жайлы мәлмет алу.
3.Үй тапсырмасын тексеру.
а/ жетекші сұрақ қою арқылы, мектеп өмірі жайлы толық мәлімет алу.
ә/ Бірнеше баладан өз жазған тапсырмаларын сұрап өту.
б/Менің сүйікті сабағым әңгімелету.
4/Жаңа сабақ
а/тақырыбы мен мақсаты.
Біздің мектеп қандай? Қайда орналасқан? Мектепке қалай жетеміз?
5/Жаңа сөздермен жұмыс
Аялдама, даңғыл, көше, жол, түсемін, шығамын, мінемін , отырамын, жая, алыс, жақын, тура
а/ Сөздерден сөз тіркесін құру, сөйлету
ә/Мектепке барар жолы жайлы сөйлету. Мектептің қажеттілігі туралы сөйлету,
б/Осы сөздерді қолданып шағын мәтін жазу
б/Жазған мәтінін оқыту.
6/Оқулықпен жұмыс
а/ Түсіп қалған сөздерді қойып көшіріп жаз
ә/ Сөйлемдерден септік жалғауларын тауып белгіле.
б/оқулықтағы мәтінді оқу, аудару
в/ Етістіктің шағына қойып, айту.
7/ Мақал –мәтел
Мектеп - кеме, Білім – теңіз.
а/ Мақалды талдау, дәптеріне жазып алу.
8/Өздік жұмыс
а/Аялдама, жол сөзін тәуелдеу
9/Тақтамен жұмыс – аялдама сөзіне дыбыстық талдау жаса
10/Сабақты бекіту
а/Үй тапсырмасын беру
мәтіннің базмұнын айту, мақалды жаттау, дәптерде жаттығу жазу.
11/Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.




Тақырыбы: Оқушылардың көшеде және жолда өз-өздерін ұстаудың негізгі ережелері
Мақсаты:Оқушыларды жолда жүру
ережесімен таныстыру, оқушылардың жол қауіпсіздігін есте сақтауға, дұрыс жүруге
сұрақтар қою, жұмбақ, өлең айту арқылы ойларын дамыту, жол ережесін білуге,
сақтауға, тәртіптілікке, тазалыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Көше ережелерін сақтау тақырыбына салынған әр түрлі суреттер, жол
белгілерінің суреттері, қолдан жасалған бағдаршам.
Барысы:
Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, қатер
тұрғызады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбіне балалардың жол бойында қалай болса
солай жүріп, доп қуалайтыны, шаңғы тебетіні, жүріп бара жатқан машинаға
жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін
бұзғандықтан кейбіреулері машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері
жарақат алады, ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болыа қалады.
Бағдаршам –
өмірімізді жазымнан сақтандырып көмекшімізү оның сырын біліп, тілін алу
баршамызға керек.
Оны дұрыс
білу үшін мен сендерге жол белгілері туралы ертегі айтып берейін.
Ерте, ерте,
ертеде, ешкі жүні келтеде сиқырлы түстер деген жанұяда үш ағайынды түс өмір
сүріпті. Олар ылғи кім күшті деп бір-бірімен айтысады екен.
Қызыл түс
айтады: «Мен күштімін, от сияқты қызылмын. Отсыз адам өмір сүре алмайды», -
дейді екен.
Сары түс
айтады: «Мен күштімін – күн сияқты сарымын. Сенен мен күштімін», - депті.
Жасыл түс
айтады: «Мен күштімін – шырша сияқты жасылмын», - депті.
Үшеуі шешімге
келмеген соң сол кезде бағдаршам патша болыпты. Содан ақыл сұрап барады. Сонда
бағдаршам патша айтыпты: «Үшеулерің де күштісіңдер, ешкім де жаман емес. Менің
уәзірлерім боласыңдар. Менімен бірге патшалық етесіңдер» - депті.
Содан бері
жүздеген жыл өтті. Бағдаршам машина, адам жолдан өткенде, жүргенде бағдаршам
мен уәзіріне бағынады.
Енді біз өз
уәзірлермен патшалық еткенде қандай жұмыс атқаратынымен танысайық.
Қызыл түс – тоқта.
Сары түс – дайындал.
Жасыл түс – жүр дегенді білдіреді екен.
(Жол белгілері
атрибуттарын киген балалар шығады).
Бағдаршам
атрибутын киген оқушы:
Тұрамын
көшенің қиылысын тұрақтап,
Қашпаймын
мүдіріп ешқандай сұрақтан.
Белгісі
жолдардың төрт топтан тұрады
Жарқырап
көрінер түнде де жырақтан.
Сақтандыру,
ескерту белгісі қолында айналасы қызыл жолақпен көмкерілген сары түсті тең
қабырғалы үшбұрыш жолағын ұстаған.
Қып-қызыл үшбұрыш,
Ескерту
белгісі мен болам.
Қауіптен сақ бол деп, сәт сапар жолдаған.
Аман-сау жүреді жаяу да, көлік те,
Мен берген
белгіні сақтаған, қолдаған.
Тыйым салу
белгісі форма киген, қолын жолақпен көмкерілген, сары түске боялған дөңгелек қалқан.
Қызылмен боялған, шеңберім аумақты,
Тыйымшыл белгімін, қаталмын салмақты,
Мен
тұрған жерлерде жақын жоқ жүруге,
Қауіп
бар, бағдарла көз салып жан-жаққа.
Міндеттеу
белгісі қолындағы көк түсті дөңгелек қалқанды алға тосып.
Белгімін көрсетер жылдамдық, бағытты,
Міндетті бұрылыс, әйтпесе, қауіпті
Барлығын анықтап тұрамын жолында,
Абай
бол, шартымды міндетті орында!
Нұсқау,
көрсеткіш белгісі қолында көк түсті төртбұрыш қалқан.
Баратын
жерінің бағытын, тұрағын
Үн-түнсіз жөн айтып жол нұсқап тұрамын.
Күндіз
де, түнде де от болып жанады,
Көк
түске боялған, төртбұрыш шырағым.
Қай көше, қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да.
Жолда жүру ережесі заңды тәртіп,
Ол ортақ үлкен, кіші, баршамызға.
Көше ережелері туралы тыңдау.
1. Көшеде жүру тәртібін орындамау транспорттың жүріп-тұруына
кедергі келтіреді, жұмысшылар жұмысқа, оқушылар сабаққа, басқа да баратын
жерлеріне дер кезінде жетпеуі мүмкін.
2. Көшеден өту үшін арнайы белгіленген жермен жүрген дұрыс.
Егер бар болса, жер асты жолын пайдаланған жөн.
3. Мектепке келе
жатқанда өзіңе қауіпсіз болатын жолды таңдай біл. Өткел тар болса, қарсы
кездескен үлкен кісіге жол бер.
4. Тротуармен келе
жатып қақпадан көрінген машинаны байқасаң өткізіп жібер. Көшеде тоқтап тұрған
машинаның қасынан абайлап өт, машина есігін ашып қалуы мүмкін.
Отырған оқушыларымызға жолда жүру
ережесіне қатысты жұмбақтарды жасырамыз.
Көліктің қаншасын жанынан өткізген,
Іргеден басталып, алысқа жеткізген. (Жол)
Шабысқа тәулік бойы төзе алады,
Бір тұлпар, жаңылмайтын жорғасы
бар.
Жүк емес жандарға жүз дамың,
Доғасын сымға сүйреп, жолға
шығар. (Травмай)
Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)
Екі аяқта, бір ізді,
Үстіне адам мінгізді. (Велосипед)
Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырығы күшті адам. (Жолда жүру инспекторы)
Төрт аяғы дөңгелек,
Адамсыз ол жүрмейді. (Машина)
Сөйлеуді ол білмейді,
Бірақ «тоқта», «жүр» дейді. (Бағдаршам)
Қалада
Сен бір қалаға келдің делік. Ауылға
қарағанда мұнда адам да көп, машина да көп. Ал енді сол қала көшелеріндегі
лек-лек халық пен ерсілі-қарсылы ағылған машина, автобус, троллейбкс,
трамвайлар арасынан дұрыс жол тауып өту үшін сен көшеде жүру тәртібінің негізгі
ережелерін жатқа білуің керек.
Ол мына ережелер:
1. Екі көшенің
қиылысқан әрі «Өтетін жер» деп жазылған түсті, асфальтта сызылған жалпақ ақ
жолақтары бар жерде, қарсы алдыңдағы бағдаршамның жасыл шамы жанған кезде ғана
көшені кесіп өтуге болады.
2. Жүріп келе жатқан
машиналардың алдынан өтіп кетемін деуші болма, ол тоқтағанша, не өтіп кеткенше
тоса тұр.
3. Көшеден өтерде
әуелі сол жағыңа, көшенің орта тұсына жеткенде оң жағыңа қара. Егер машина келе
жатса, өтіп кеткенше сол орныңда, ақ жолақ сызылған тұста күте тұр.
4. Көше қиылыстарында
бағдаршамда жасыл шам жанған кезде не болмаса өтіңіздер деген сөз көрінгенде
ғана көшені кесіп өтуге болады.
5. Аялдамада тұрғанда
автомобиль, автобус, троллейбустың тек ары жағынан айналып өт, сонда сен оның
соңынд келе жатқан машинаны дер кезінде көре аласың.
6. Ал трамвайдың тек
алдыңғы жағынан ғана өтуге болады.
Әйтпесе қарсы келе жатқан трамвайды көре
алмай қалуың мүмкін.
Сұрақ-жауап.
1. Өміріңізді қатерден
сақтандыратын, көшемізде тұратын көмекшіміз не?
2. Көше қиылыстарынан
қалай өтесің?
3. Қанша жасқа дейін
велосипедпен жүруге болмайды?
Жауабы: Тек 14 жастан
кейін ғана рұқсат етіледі.
4. Трамвай, автобус,
машина ратына жабысуға бола ма?
Жауабы: Транспорт артына
жабысуға болмайды. Апатқа ұшырауың мүмкін.
5. Үлкен көшеде
тротуар жоқ болса қалай жүресің?
Жауабы: Жолдың шетімен
жүремін.
Ауылда
Біз Ұзынкөл ауылында тұрамыз. Алтын ұя
мектебіміз ауылдың ортасында орналасқан. Орталық жерден өтетін ерсілі-қарсылы
машиналар саны көп. Сондықтан әрбір оқушы күнделікті мектепке келерде көшеде
жүру тәртібін жақсы білуі керек.
1. Мектепке келе
жатып үлкен жолдың шетімен жүр.
2. Алдыңнан машина
шықса жол бер. Тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт.
3. Жол үстінде
ойнама, сырғанақ теппе.
4. Жер тайғақ болса,
жолда абайла.
5. Ауылымызда тротуар
жоқ, сондықтан жолдың оң жақ шетімен жүр.
Міне, балалар көше ережесін дұрыс
сақтамасақ кездейсоқ апатқа ұшырауымыз мүмкін екен. Ендеше ...
Жыламасын апалар,
Жас ұландар, өсе бер!
Сақ болыңдар, балалар!
ТАҚЫРЫБЫ: Тоқтау жолы және қозғалыс жылдамдығы
Сабақ
мақсаты:
1.Оқушыларға көшеде жүру ережесін үйрете отырып,алған білімдерін
пысықтау.
2.Ойларын ашық айтуға, көше белгілерін жатқа айтуға
дағдыландыру.
3.Жолда жүру мәдениетін қалыптастыру.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, жол белгілері, бағдаршам,
машина.
Ұйымдастыру.
Көрініс.
МАИ қызметкері :Балалар, біздің Жаңаөзен қаламызда кішкентай, өте
ақымақ қоян өмір сүреді екен.Ол көшенің арғы бетіне өтпекші болады.
Бағдаршамның жасыл түсі жанып, халық жаяу жүргіншілер жолымен
өтті.Ол кезде қоян не істеді?
Қоян: Маған жол ережесін білу қажет емес.Сендерге бір құпия
айтайын.Трамвай, автобус, машинадан қорықпаймын. Кез-келген жерден
зу етіп өте шығамын.
(Үлкендерді тыңдамаған қоян жолдан жүгіріп өтпекші болғанда жеңіл
машина оны қағып кетті.Бұл жағдайды көрген жол полициясы «Жедел
жәрдемге» қоңырау шалады.)
МАИ қызм: Сәлеметсіздер ме? Бұл «Жедел жәрдем» бе? Тез келсеңіздер
екен.Қоянды көшеде машина қағып кетті. Жағдайы өте нашар.
(«Жедел жәрдем» келіп, ішінен дәрігер түседі.)
МАИ қызм: Ұзын құлақ сұр қояным-ай, қайғы жамылдың-ау!
Дәрігер: Қай жерің ауырып жатыр? Қазір сені тексерейін.
Қоян: Аяғым ауырып жатыр.(Айқайлап жылап жібереді)
МАИ қызм: Жылама, шыда, қоянжан! Бағдаршамға қарап, жол ережесін
сақтағаныңда мұндай пәлеге ұрынбас едің? Дәрігер, қоянның жағдайы
енді не болмақ? Ол енді жүре ала ма?
Дәрігер: Қоянның аяғын гипстеп ауруханаға жатқызамын.(Жедел
жәрдеммен қоянды алып кетеді)
МАИ қызм: Көрдіңдер ме, қоянның басынан қиын жағдай өтті.Сендер
жолдан өткенде бағдаршамға қарайсыңдар ма? Бағдаршам дегеніміз
не?
(Ортаға бағдаршамның үш түсі болып оқушылар шығады.)
Жасыл түс: Сақта көше тәртібін
Бағдаршамның ал тілін
Біліп алдым мен де
Жасыл жанса демде
Алға кетем лезде
Сары түс: Сары жанса сабыр
Сақтай тұрам әзір
Қызыл түс: Жанса қызыл шоқтай,
Қаламын кілт тоқтай.
МАИ қызм: Ал енді, балалар, ауруханаға телефон соғып , қоянның
жағдайын білейін.
(Осы кезде бағдаршамның үш түсі дауласады.)
Қызыл түс: Мен мықтымын!1 Егер қаласам, машина, адамдар, бүкіл
қозғалысты бір орнында тоқтатып тастаймын.
Сары түс: Жоқ, мен күштімін!(Бағдаршам бұзылып қалады)
Жасыл түс: Мен барлығына жолдан өтуге рұқсат беремін.
МАИ қызм: Бұл не деген айқай-шу? (ысқырады)
Балалар: Бағдаршамның шамдары айқайласып жатыр.
МАИ қызм: Енді бағдаршамсыз қалай болар екен,ә? Маған көп салмақ
түсетін болды ғой.
Хормен(балалар) Дауласуды қояйық,
Жарықтарды жағайық
Бағдаршам-ау, бағдаршам,
Достасып тату болайық.!
МАИ. Рахмет, сендерге достарым! Сендерге айтатын қуанышты хабарым
бар. Қоян бүгін ауруханадан жазылып шығады. Қоянды қарсы аламыз ба,
балалар?
Қоян: Балалар, менен бір қателік кетті! Мен жол ережесіне мән
бермеппін. Маған бағдаршам туралы айтыңдаршы,а?
1-оқушы: Амансың ба, қоянжан!
Қорықпағын сен жолдан.
Үйретеміз барлығын,
Білеміз біз бағдаршам
2-оқушы: Мынау тұрған бағдаршам
Қызыл, сары, жасыл шам
Кезекпенен жанады
Ұғып алғын, қоянжан!
3-оқушы: Қызыл түс жанғанда,
Баспа қадам сен алға
Сары түсі жанғанда
Дайындалып тұр мұнда!
Жасыл түсі жанғанда
Жорта бергін сен жолда!
МАИ қызм: Қоянжан , сенің білмейтінің әлі көп. Сен, біздің балалар
көше белгілері туралы не біледі екен,тыңдап отыр.
Бүгінде қалада да, ауылда да үлкен көшелер мен жүйткіген
автокөліктер көбеюде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын
күрделеніп келеді. Жол-көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде.
Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдар көшелер мен жолдарда
ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет.Жол заңы дұрыс жүріп ,абай
болуды талап етеді.
Жол-көлік оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде.Оның
себебі,көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін әлі де болса
нашар біледі.БҰҰ Бас ассамблеясының 2005 жылғы 26 қазандағы ұсынысы
бойынша жыл сайын қарашаның үшіншіжексенбісінде жол-көлік оқиғалары
құрбандарын еске алудың бүкіл әлемдік күні атап өтіледі
Ал біздердің жол жүру ережелерімен танысып, үйреніп жүргенімізге де
біраз уақыт болды. Осы уақыт ішінде біз көшелер мен жолдарда
қойылатын белгілермен таныстық.
Енді міне, осы алған білімімізді бүгінгі’’Жолы болсын әркімнің,
орында жол тәртібін!’’ атты жол ережелеріне арналған тәрбие
сағатымызда көрсетеміз деп ойлаймын.
Жол тәртібі кімге керек, бірге ойланып көрейік,
Әрқайсыңның қылығыңа әділ баға берейік.
Ережені жақсы білген ортаға шық, жас ұлан,
Біліміңді сарапқа сал, біз етейік, төрелік!
Сабағымыз»Үлгілі жолаушылар» және »Жас инспекторлар» атты топтар
арасындағы сайыспен жалғасады.
Топтардың танысуы.
«Үлгілі жолаушылар» тобы:
Басталар әр қадамың аттауменен,
Жол жүру ережесін сақтауменен.
«Жас инспекторлар» тобы:
Жол тәртібін білейік,
Аман-есен жүрейік.
-Ендеше, сайысымызды бастайық.
I бөлім. «Көше ережесін білесің бе?»
«Үлгілі жолаушылар» тобына:
1.Бағдаршам деген не? Жарықпен белгі беру арқылы көшедегі автомобиль
жолы мен темір жолдағы қозғалысты реттеуге арналған
құрылғы.
2.Жаяу жүргінші деген кім? Көлік құралынан тыс және онда жұмыс
жасамайтын адам.
3.Автобус деген не? Жолаушвлар мен жүктерді тасымалдауға арналған,
онда жүргізуші орнын қоспағанда сегізден астам отыратын орны бар
автокөлік құралы.
4. Жол элементтерін ата. Көше, бұрылыс, тротуар, жол жағалауы, бөлу
жолағы
5.Тротуар деген не? Жолдың жүргін бөлігімен қатарлас немесе одан
газонмен бөлінген жаяу жүргіншінің қозғалуына арналған
элементі.
6.Тыйым салу белгілері қандай түспен белгіленеді? Қызыл
дөңгелек.
7.Бғдаршамның қызыл көзі жанып тұрғанда қандай көліктерге жүру
рұқсат етіледі? Өрт сөндіру, жедел жәрдем, полиция.
«Жас инспекторлар» тобына
1.Жол дегеніміз не? Мемлекеттік есепке алуға жататын және көлік
құралдарының жүруіне арналған инженерлік құрылыстар
кешені.
2. Маршруттық көлік құралы деген не? Жол бойымен жолаушыларды
тасымалдауға арналған және белгіленген аялдама пункттері бар
белгіленген маршрутпен қозғалатын жалпы пайдаланудағы көлік
құралы.
3.Жолаушы деген кім? Көлік құралындағы(үстіндегі) және оны
басқармайтын адам.
4. Жол-көлік оқиғасы деген не? Көлік құралының жол бойымен
қозғалысы кезінде және оның қатысуы процесінде туындайтын, адамдар
қаза тапқан немесе жарақат алған, көлік құралдары, ғимараттар,
жүктер бүлінген, не өзге де материалдық зиян келтірілген
оқиға.
5.Жол қозғалысын реттейтін адам кім? Реттеуші.
6.Бағдаршам жоқ жерде көшеден қалай өтеміз? Егер бағдаршам болмаса,
әуелі солға, содан соң көшенің ортасына келгенде оңға
қараймын.
7.Көлік құралы дегеніміз не? Жол бойымен адамдарды, жүктерді немесе
оған бекітілген құрал-жабдықтарды тасымалдауға арналған
құрылғы.
II бөлім: Жол белгілері туралы жұмбақ-өлең
I топқа
1.Бір ғажабы-бұл жерде
Бір нәрсені ел күтеді,
Отырады біреуі, біреуі тік тұрады
Неғылған жер бұл өзі?
Айтыңдар кім біледі?
2.Жол астында бір ін бар.
Не екенін кім табар?
Неге онымен адамдар
Арлы-берлі ағылар?
3. Келеді Айбек зулатып
Велосипедтің үстінде.
Барады елді шулатып,
Шынымен ол күшті ме?
Айбекке велосипед тебуге болатын жерді көрсет.
4. Ілулі тұрған не белгі?
Машинаға «Тоқта!» деген белгіберді.
Жол үстіне ақ-қарамен сызылған жолақшамен жаяуларға
«Өтіңдер!» деп белгі берді.
«Жас инспекторлар» тобына:
1. Үлкендер де, кішілер де
Жол белгісіне қарады
Мысықтар да, күшіктер де
Батыл жүріп барады
Бірақ бұл жол
Жиекжол емес,
Құпиясын кім табады?
2. Жолдағы жол белгісі
Теміржолдың белгісі
Белгіде бір жұмбақ бар:
Өткелден де қауіпті
Бұл не нәрсе?
Тауып көр.
3. Тісі ауырды Аманның
Сірә, үйіне жете алмас.
Қандай белгі таба аласың
Мұндай кезде қиналмас?
4. Аудан, мектеп,үй, стадиан
Салынып жатқан жерлерде,
Тура жүрсең түсетін
Шұңқырлар бар жерлерде
Жүйткіген жол үстінде
Қандай белгі тұрады?
III бөлім. Машинамен жолда жүру ережесін көрсету.(Әр топ
капитандары машина жүргізеді)
IY бөлім. Ситуациялық жағдайларға жауап беру.
1. Сен жолдан өтіп бара жатқанда саған біреу айқайласа, не істеу
керек?
2. Сен жолдан өтіп келе жатырсың. Кенет аялдамада тұрған өзіңе
керекті автобусты көрдің.Сен не істейсің?
3. Сен автобустан түстің. Сен көшенің қарсы бетіне өтуің керек. Сен
қалай өтесің?
4. Егер ұзақ уақыт көлік болмаса, не істейсің?
Y бөлім. Топтық жұмыс.’’Кім жылдам?’’ (Әр топ өздеріне берілген
сөзжұмбақты шешеді)
1.Ай серігі
2.Малдың үйі
3.Табиғат құбылысы
4.Жолаушы таситын көлік
5.Жаяу жүргіншілер жолы
6.Көлікті басқаратын адам.
7.Үй құсы
1.Үй жануары.
2.Ең жақын адам.
3.4+4
4.Жеті күн
5.Жол қозғалысын реттейтін адам.
6.Автобус, трамвай.
7.Жаяу жүргіншілер жолы.
8.Көлік құралдарының жүруіне арналған инженерлік құрылыстар
кешені.
9.Үш көзді құрылғы.
YI бөлім. «Қызықты суреттер». Оқушылар екі суреттен 7 айырмашылық
табады.
Қоян: Рахмет, сендерге, балалар, мен көп нәрсе үйреніп қалдым. Енді
жол ережесін бұзбаймын.
Шуақты өміріміз күндей күліп,
Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.
Арманға сапар тарту мүмкін емес,
Жол жүру ережесін білмей тұрып.
Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,
Жол жүру ережесі заңды тәртіп,
Ол ортақ үлкен кіші баршамызға.
Басталар әр қадамың аттауменен,
Жол жүру ережесін сақтауменен.

Тақырыбы: Реттелмейтін көше қиылыстары
Мақсаты:Жүргінші өтпелерінің белгілерін қай жерде, қалай кездесетінің ұғындыру. Көшеде дұрыс жүру ережесін қалыптастыру. Қауіпсіздік ережесін меңгерту. Байланыстырып сөйлеу дағдысын дамыту. Сөздік қорын арттыру.
С а б а қ б а р ы с ы:
І. Оқушылардың сабаққа зейіндерін аудару. Күн ретін жазу.
ІІ. 1.Жаяужолдың шетіне барып, жаяу жүргінші өтпесіне жақындап, жол жиегін баспай тоқта.
2.Солға және оңға қарап ал. Жол қиылысында көлік түрлерінің көлік түрлерінің қай бағытта келе жатқанын байқа: жаяу жүргінші өтпесі бағытына қарай бұрылғалы келе жатқан машинаның жоқ екеніне көз жеткіз.
3. Жақындап қалған көлік түрлерін өткізіп жібер.
4.Жолдан өтуді көлік түрлері қауіпсіз болатын қашықтықтан баста. Бұрылғалы келе жатқан көліктен сақтан.
5. Көлік жолдан өткенде жылдам адымда, бірақ жүгірме.
6. Жолдан өткен кезде алдымен сол жақта келе жатқан көлікке, ортадан асқан соң оң жақтағы көлікке қара.
7.Жол өтпесінен өткенде жаяу жолға қарай қиғаштап емес, тура, жол өтпесінің оң жағымен жүр.
ІІІ. Реттеуші және оның сигналдары.
Кей кезде бағдаршамның жұмысы тоқтап қалады. Ондай жағдайда адамдар араласады. 2 жақта білу керек. Жүргіншілер үшін жәнекөліктер үшін. Реттеушінің орны – жол қиылысының ортасы. Оның денесі мен қолдары арқылы жасалған қимылдар реттеушінің сигналдары болып табылады.
Ол сигналдар жақсы көрінуі үшін реттеуші қолына алатаяқ немесе жарық шығаратын қызық түсті диск ұстайды.
Реттеушінің
бар болғаны 4 сигналы бар.
1.Реттеуші
жаяу жүргіншіге бүйірін беріп, екі қолын жан- жаққа созып немесе
түсіріп тұрса, жаяу жүргінші көлік жолды кесіп өтуіне
болады.
2.Реттеуші оң қолын алға созса, жаяу жүргінші оның арқа тұсынан көлікжолды кесіп өтуіне болады. Ал ол кеуде тұсымен қарап тұрған жақтан көшені қиып өтуге рұқсат етілмейді.
3. Реттеуші
жаяу жүргіншіге кеуде немесе арқа тұсын беріп қолдарын жан- жаққа
созып, яки түсіріп тұрса, жаяу жүргіншінің қозғалысына тыйым
салынады.
4. Реттеуші қолын жоғары көтереді. Бұл- ескерту белгісі. Көліктер мен жаяу жүргінші қозғалысына тыйым салынады. Бұл сигнал кезінде көлік жүретін жерде болған жаяу жүргіншілер жолды толық кесіп өтуге немесе әр бағыттағы көлік қозғалысын бөліп тұратын сызық бойында тоқтауға тиіс.
Бекіту. Қиылыстардың суретін салу
Қорытындылау.Оқушылардан реттелетін белгілердің түрлерін сұрау. Топтар арасында «Кім көп біледі?» ойыны өтіледі.
Әр топ «Бағдаршам мен жолаушы» ойынның көрсетілім ретінде қояды
Жолда жүру ережесі
Сабақ күні
Сабақтың тақырыбы:Автокөліктерді арнайы сигналдармен жабдықтау
Мақсаты:Оқушыларды қоғамдық көлікте (автобус пен троллейбуста) мініп- түсу, өзін дұрыс ұстауға үйрету. Әдептілікке, үлкенді сыйлауға, сыпайылыққа тәрбиелеу. Жолда жүру ережесін есте ұстауға дағдыландыру. Танымдық қабілетін арттыру.
Сабақ барысы
І. Сабаққа зейіндерін аудару. Күн ретін жазу. «Бағдаршам » ойыны
Жұмбақ шешу Жауабы автобус, троллейбус болатын жұмбақтар шешу.
ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Дәптерге жазу.
Көлік құралдарының түрлері
Адамдарды немесе жүктерді тасуға арналған қондырғы көлік құралдары деп аталады. Адамдарды тасуға қызмет ететін көлік жалпы пайдаланылатын көлік. Оған: автобус, троллейбус, трамвай, маршрутты таксилер, бұлар берілген маршрут бойынша жүреді.
Жүк тасуға қызмет ететін көлік жүк көлігі деп аталады
ІІІ.Арнайы көлік – бұл арнайы дабылдармен жабдықталған көлік (дабыл, гудок, пуыспалы жарық). Бұған жататындар : полиция, өрт және санитарлық автомобильдер.
Бұлармен қатар көліктің қызметтік және жеке түрлері бар.Қызметтік көлік- бұл кәсіпорынның мұқтажы үшін қызмет ететін кәсіпорынның меншігі.Жеке көлік – бұл азаматтардың жеке меншігіндегі көлігі.
Автобусты, троллейбусты тек аялдамада ғана күтуге рұқсат етіледі.Көлкке міну құны қанша?
Жүргіншілерді түсіру мен мінгізу тек көлік құралы толық тоқтағаннан кейін рұқсат етіледі. Қоғамдық көлікке артқы есіктен кіру, ал шығу үшін алдыңғы есікті пайдалану көзделген; балалар мен қарт адамдар алдыңғы есіктен міне алады. Жас балаларға ата- аналарынсыз көлікте жүруге болмайды. Көптеген қоғамдық көлік құралдарының баспалдақтары балалар мен қарт адамадар үшін, әсіресе қолайсыз ауа райында қиындық туғызады, сол үшін арнайы тұтқалардан ұстауға тура келеді.
Автобусқа мінген кезде автобус пен оны күтуші адамдардың арасында қалмауға тырысыңыз.Бұл әсіресе көктайғақта қауіпті. Өйткені сізді олардың қағып кетуі және таптауы, келген көлікке қысуы мүмкін, ең қаіптісі дөңгелектің астына түсіп қалуыңыз мүмкін. Аяқ астынан тежегіш басылған жағдайда қолшатыр, трос және өткір ұшы бар басқа заттар қауіпті.
Автобуста басқаларға кедергі жасамау үшін дауысы қатты шығармай әңгімелескен жөн.
Қалалық көлікте есік автоматты түрде ашылады, сондықтан жүргіншілердің мініп- түсуіне кедергі жасамауы үшін есік табалдырығында тұруға болмайды. Ашық терезеден мойынды шығаруға және қолмен ұстауға болмайды.
Қарт адамдарға орын беру қажет. Автобус ішінде тежегіш күрт басылған жағдайда құлап қалмау үшін бойыңыз жетсе жоғарыдағы тұтқадан ұстаған жөн. Қауіпті алдын ала байқау мүмкіндігі болуы және одан жалтаруға үлгеру үшін қозғалыс жаққа қарай қарап тұрған жақсы. Жүріп келе жатқан көлікке қозғала беру де қауіпті.
Кез келегн қоғамдық көлікте өрт шығуы мүмкін екендігін есіңде ұста. Осы себептен болған жол көлігі оқиғасында мүмкіндігінше оның ішінен жылдам шығып кеткен жөн. Ток өтетін өткізгіш зақымдалуынан болған авария жағдайында троллейбустағы ең қауіпсіз орын- орындық.Бұл жағдайда аяқты еденнен көтеріп, қабырға мен тұтқаға сүйенбеген жөн.
І\/.Бекіту. Топтармен жұмыс.Эссе жазу. Мен толлейбуспын. Мен автобуспын
Жұмбақ құрастыр. Өлең құрастыр
\/. Қортындылау: Адамдарды тасуға қызмет ететін көлік қалай аталады? Жүктерді тасуға арналған көлік қалай аталады? Қандай көлік түрлерін білесіздер? Көлікте ата- анасыз жүруге бола ма? Қоғамдық көлік ішінде өзіңді қалай ұстау керек? Көлік терезесінен неге қарауға болмайды?
Бағалау
Үйге:автобус пен троллейбустың суретін салу
Сабақтың тақырыбы:
«Бағдаршам»
Сабақтың мақсаты: Балаларды жолда жүру
ережесіне сәйкес бағдаршамның атқаратын қызметімен
таныстыру.
Балаларды жолда жүру ережесін мұқият
cақтауға, жауапкершілік сезімдерін
дамыту.
Баланы зейінді, епті болуға
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа
сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілі: Әңгімелеу, түсіндіру,
ойын сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: бағдаршам, жол
белгілері, жол қауіпсіздігі туралы
суреттер.
Сабақтың
барысы:
І. Ұйымдастыру
кезеңі.
Сәлемдесу, түгендеу, назарын сабаққа аудару.
Психологиялық сәт.
Қуан
шаттан,
Қуан
шаттан,
Қуанатын күн
бүгін.
Қайырлы
таң,
Қайырлы
күн,
Күліп шықты, күн
бүгін.
ІІ. Өткен сабақты пысықтау. Мұғалім: балалар,
өткен сабағымызда қандай тақырыпты
өттік.
Оқушылар: компьютер
әлемінде.
Балаларға жаттаған өлеңін айтқызып,
қайталату.
ІІІ. Жаңа
сабақ.
Мұғалім: жұмбақ
жасыру
Жасыл көзі «жүр»
дейді.
Қызыл көзі «тұр»
дейді
Сары көзі «дайын бол»
дейді.
Бұл не? оқушылар
-«бағдаршам».
Мұғалім - дұрыс айтасыңдар, балалар. Бүгін
айналамен таныстыру сабағында «Бағдаршам» әмірі атты тақырыпты
өтеміз, яғни
жолда жаяу жүру ережесімен
танысамыз.(балалардың назарын суретке
аудару)
Мұғалім:- суретте не көріп
тұрсыңдар?
Оқушылар - үш түсті дөңгелек
бар.
Мұғалім - үш түсті кім атап береді? Оқушының
жауабы
-- Қызыл
түс.
- Сары
түс.
- Жасыл
түс.
Мұғалім - өте дұрыс, бұл бағдаршам екен.
Қазір мен бағдаршамның не үшін керек екенін айтып берейін. Сендер
мұқият тыңдап алыңдар.(жол қиылысында тұрған бағдаршам бейнеленген
суреттерді ілу ) Бағдаршам бізге жол қиылыстарынан өтуге
көмектеседі. Жаяу жүрушілерді жол апатынан сақтайды. Жолдан өтерде
өте мұқият болу керек. Жолдан жүгіріп өтуге
болмайды.
Бағдаршамның үш көзі - үш түрлі. Бағдаршам
бар қиылыста адамдар өтетін ақ жолақтар болады. Бағдаршамның қызыл
көзі жанғанда көліктер тоқтайды, ал адамдар жаяу
жүрушілер
ақ жолақтармен өтеді.- Ал, ортадағы сары көзі
жанса, көліктер дайындалады.- Ал жасыл көзі жанса, жол ашылады,
көліктер жүреді. Бағдаршамның үш көзі жаяу жүргіншілерге және көлік
пен жүруге де өте қолайлы, адам өміріне орасан
зор.
Олай болса, көшеден өткенде арнайы ақ
жолақтардан өту керек. Жол қиылысында аса абай бол, көшелерде,
жолдарда доп ойнауға, шанамен сырғанап ойнауға,
болмайды.
Оқулықпен жұмыс: «Бағдаршам өлеңін»оқып беру,
мағынасын түсіндіру.
ІV. Сергіту
сәті.
Қызыл көзі
жанғанда,
Сынық сүйем бас па
алға,
Сары көзін
ашқанда,
Қарап қалма
аспанға,
Жасыл көзін
ашқанда,
Өте бергін жасқан
ба?
V. Жаңа сабақты
бекіту.
- Олай болса балалар «бағдаршам» ойынын
ойнаймыз.
- Мақсаты: Балалардың есте сақтау қабілетін
дамыту.
- Шарты: Балалар қызыл түсті дөңгелекті
көрсеткенде тыныштық сақтайды, ал сары түсті дөңгелекті көрсеткенде
алақандарын соғады, ал жасыл түсті дөңгелекті көрсеткенде
жүреді.
- Оқулықтағы сурет пен
жұмыс.
- Суретте қай балалар ойын орнын дұрыс
таңдаған?
Тәртіп керек баршаға. (өлеңін
жаттау)
«Бұзба көше
тәртібін,
Ұрынасың
апатқа.
Қызықты өтсін әр
күнің,
Жақын болма
шатаққа»
- БАҒДАРШАМДЫ
ЖАПСЫРУ.
VІ. Жаңа сабақты
қорытындылау.
- Балалар бүгінгі сабағымызда не туралы
өттік?
- Бағдаршам
туралы.
- Бағдаршамның неше көзі
бар?
- Үш көзі
бар.
-
Қандай?
- Жаяу жүрген кездегі белгілер қандай
белгілер?
- Ақ
жолақтар.
Жол тәртібін
білейік.
Аман - есен
жүрейік.
VІІ.
МАДАҚТАУ:
- Балалар, сабаққа өте жақсы қатыстыңдар.
Жолда жүру ережесін жақсы меңгерген сияқтысыңдар. Жолда қиналмай
арғы бетке өтетіндеріңе сенімдімін. Сабағымыз
аяқталды.
Сабақтың тақырыбы: Реттеуші және оның
ескертпелері
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жолда жүру
ережесін үйрете отырып олардан алған білімдерін
пысықтау.
Өз ойларын ашық айтуға, көше тәртібі
белгілерін жатқа айтуға
дағдыландыру.
Оқушыларды мейірімділікке, байқағыштыққа
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта,
бағдаршам.
Сабақтың барысы: І.
Ұйымдастыру кезеңі.
Арманға алда күткен
асығармыз
Біз қалай толқын айтпай
басылармыз.
Жол жүру ережесін жақсы
біліп
Сақтыққа тұра алатын жас
ұланбыз!
Жалғайтын достастырып бар
елменен
Жолдардан тұрады ғой әлем
деген.
Бүгінгі бізге келген
қонақтарға
Ойынымыз басталады
сәлемменен!
Реттеуші деген
кім?
Реттеуші алғаш үлкен қалаларда пайда болған,
яғни оның негізгі міндетті көшедегі қозғалысты реттеу. Оны реттеу
үшін ол жезл деген құралды пайдаланды. Көпшілік оны «ала таяқ» деп
те атайды.
Жұмбақ
жасыру.
1. Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ
та,
Бақылаған үш көзі бар бірақ
та
(Бағдаршам)
Кейін реттеушінің орнына бағдаршам пайда
болды.
Бағдаршам қалай пайда
болды?
Алғашқы бағдаршам темір жол бойында пайда
болды. Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сақталмаған. Ал оны
көше қозғалысына ыңғайлап, қайта жасаған ағылшын инжинер - механигі
Д. Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына
бағдаршам орнатты. Апарат ортасына газды шам орнатылды. Өкінішке
орай, газ жарылып кезекте тұрған полицей қаза болды. Содан
бағдаршам жарты ғасыр бойы ұмыт
болды.
Тек 1914 жылы Американың Кливлену қаласында
сосын Нью - Йорк қалаларында қайтадан пайда болды. Бұл жолы екі
түсті қызыл, жасыл электр бағдаршам
болды.
Ал 1918 жылдан бастап үш түс қолданыста
болды.
Кеңес одағы бойынша алғаш рет бағдаршам
Мәскеу қаласында 1924 жылдан Кузнецкі көпірі мен Петровка
көшелерінің қиылысынан орын
алды.
Қазіргі заманның талабына сай жаңа
технологияның дамуына байланысты реттеушіні бағдаршам алмастыруда.
Олай болса балардың бағдаршам туралы
тыңдайық
Қызыл жарық: Қызыл жарық
жанғанда,
Қалт тоқтай қал
табанда.
Сары жарық: Сары шамы
жағылса,
Сақ абай бол
барынша!
Жасыл жарық: Жасыл жарық
– жол ашық,
Зымырай бер бел
асып
Барлығы: Ирек - ирек
көшелер,
Көше деген мың
ирек.
Қиындыққа
әйтседе
Үйренесің
біртіндеп.
Барар жерге
асықпа,
Бәйге алмайсың бұрын
кеп.
Қазір жаяу жүргіншілерге
де арналған бағдаршам бар. Бірақ әзірге біздің қаламызда
орнатылмаған. Бірақ біз үлкен қалалардан көре аламыз. Мысалы: Ақтау
қаласында т. б
Олай болса бүгінгі сабағымызда реттеуші
туралы білдік.
- Енді осы реттеушінің әрбір қиылысы бізге,
көліктерге айтылған ескертпелер
екен.
Практикалық
кезең.
Үлкен қалаларда не көп, бағдаршамдар көп.
Олардың көпшілігі көнеріп, істен шығып қалып жатады. Тіпті кейде
көлік қозғалысы шамадан тыс көбейіп кетуі де әбден мүмкін. Ондайда
жүріс - тұрысты реттеу үшін бағдаршамдар орнына реттеуші тұрады. Ол
ала таяқшаның көмегімен қозғалысты қалыпқа келтіреді. Егер реттеуші
түн мезгілінде тұрса, жүргізуші көретіндей яғни таяқшаның ішінде
жанып тұратын белгі болады. Егер реттеуші таяғын жоғары қарай
көтерсе, бұл дайындалу керектігін ескертеді. Мұндай жағдайда жүруге
болмайды.
Реттеуші бізге қарай қарап тұрса немесе арқа
жағын беріп тұрса жүруге тыйым
салынады.
Реттеуші бүйірімен бұрылып тұрса онда жүруге
болады деген сөз, жүруге рұқсат берілген жағдайда реттеушінің екі
иығы да саған көрініп тұрады. Егер бағдаршам жұмыс істеп тұрса,
реттеуші де тұрса, онда реттеушінің қимылын басшылыққа алу
керек.
Тапсырма.
1. Реттеуші деген кім, оның қызметі
қандай?
2. Егер реттеуші таяғын жоғары көтерсе не
істеу керек?
3. Қандай жағдайда жүргіншінің жүруіне
болады?
4. Егер бағдаршам жұмыс істеп тұрса, реттеуші
бағыт көрсетіп тұрса, кімге бағыну
керек?
Есіңде
болсын!
Өткелі жоқ жерден өтуге
болмайды.
Көшенің қиылысына келгенде, екі жағыңа назар
аудар, жасыл жарықтың жануын
күт.
Көшенің арғы бетіне жүгіріп өтуге
болмайды.
Көшенің арғы бетіне жолдың қақ ортасынан
өтпе.
Көше қиылысында тоқтау сызығы болады. Осы
жерде тұрып бағдаршам белгісінің жануын
күт.
Автобусты артқы жағынан айналып өт. Жолда
келе жатқан машина көрінбесе, онда екі жағы бірдей көрінетін жолды
таңда, сол жерден
өт.
Жаяу жүргіншілер жаға жолдың оң жақ
қапталымен жүруге тырысу
керек.
Егер велосипедпен жүрсең, жолда жүруге
ережелерін білетінің, туралы куәландырылған қағазың болуы
тиіс.
Велосипедпен неше жастан
бастап жолмен жүруге болады.
(сұрақ)
Жол бойында 14 жасқа толған балаларға ғана
болады.(жауап)
Жол бойына коньки, шаңғы доп
теппе.
Көліктің артына
жармаспа.
Қалтарыстан шыға келме, өміріңе
қауіпті.
Жаға жолмен ғана жүруге болады, машина
жолымен жүруші
болма.
Жол көлік оқиғасын кезінде полиция бөліміне
хабарлас.
Жарақат алғандарға алғашқы дәрігерлік жәрдем
көрсет.
Жол белгілерін ажырата білген
жөн.
Қорытынды.
Біздің қалаларымызда, сол сияқты ауылды
жерлердің бәріне ортақ жол қатынасы енгізілген. Бұл ережені
оқушылар, үлкендер де барлық жүргіншілер, көлік жүргізушілері
бұлжытпай орындалуы керек. Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап
етеді. Жол тәртібін бұзбаңдар, жол тәртібін бұзғандықтан
кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері
жарақат алады. Жол тәртібін
білейік, есен - аман жүрейік!


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген