400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жолда жүру білесің бе?

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ тақырыбы: ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕСІН БІЛЕСІҢ БЕ ?

( В и к т о р и н а ) 1 - 4 сыныптар

Сабақ мақсаты: 1.Жолда жүру ережесімен таныстыру, үйрету.

2. Жолда жүрген кезде ережені сақтай білуге үйрету. Ережені меңгеру дағдысын қалыптастыру.

3.Тәтіптілікке баулу, тәрбиелеу.

Көрнектілік материалдар: Суреттер, бағдаршам, жол сілтеуші суреттер.


Жүру барысы:


1.Ұйымдастру.

2.Негізгі бөлім.

Кіріспе әңгіме

-Балалар барлықтарымыз жолда жүру ережесін білеміз бе?

-Ендеше бүгін сендермен викориналық сұрақтарға жауап береміз. Ең алдымен жауап бермес бұрын төмендегі сұрақтарды қарастырайық. Кім маған айтады ?

-Біздің жол бойындағы адал досымыз не ? ( бағдаршам ) Ортаға бағдаршамды шақырайық.

Мұғалім: Бағдаршам дегеніміз – механикаландырылған немесе автомат жүйесіне қосылған үш көзді аспап. Ол жол бойының қозғалысын реттейді.Өте үлкен роль атқарады.Әрбір жаяу адам, әр бала жол бойында аса сабырлықпен асықпай саспай жүріп - тұруға тиіс.

Ортаға бағдаршам көздері келеді.

Мұғалім: -Балалар, бағдаршам жарықтарын қалай пайдалануға болады?

Бағдаршам: Көшеде бағдаршам болмаса,

Кісі жоқ жөн сілтер өзіңе.

Кідірме, абыржып онда аса

Сеңгейсің өзіңнің көзіңе.

Көшеде ортаға жеткенше

Әуелі көзіңді сал, сол жаққа.

Балақай, ортадан өткен соң,

Мойныңды бұр сол жақтан оң жаққа.

Қызыл: Қызыл жарық жанғанда, қалт тоқтай қал табанда.

Сары: Сары жарық жанғанда, сақ бол, абай бол барынша.

Жасыл: Жасыл жарық жанғанда- жол ашық ! зымырай бер бел асып.

Бағдаршам: Бейғам кісі – бейбақ,

Болбыр, бейғам болма.

Бас аяқты ойланып,

Бол ұқыпты жолда.


Үш жарық қосылып: Ирек-ирек көшелер,

Көше деген мың ирек.

Қиындыққа әйтсе де,

Үйренесің біртіндеп.

Барар жерге асықпа,

Бәйге алмайсың бұрын кеп.

Мұғалім: - Енді кім жолда жүру ережесіне байланысты тақпақтар біледі?

1.Үлкен кіші қала бар

Ой жүгіртіп қарап ал.

Сақ болыңдар балалар !

Көше заңы тым қатты.

2. Бос өткізіп әр күнін Қызыл, сары, жасыл,

Көшенің көп тәртібін Бір өзінде үш көз.

Үйренбеген салақтар Қызыл жанса тоқта,

Үйден шықса салақтар. Жасыл жанса тез өт

4. Алдыңда жол бұарлаң

Өту үшін дін аман

Абайла да, жай айда !

Деп, ескертер бұл адам.

5. Түйісілді жолымыз

Түйіскендей қолымыз.

Тұрса көбейту белгісі

Түсінеміз оны біз.

6. Табамын деп төтені

Қиып өтпе ! көшені.

Түсін мұны қатем деп

Түсін мұны қатер деп.

В и к т о р и н а

1. Жаяу жүргінші жол бойында қалай жүріп тұру керек ?

Жиекжолдың оң жақ шетімен жүру керек.

2. Егер көшенің шетінде жиекжол болмаса ше ?

Келе жатқан көліке қарсы бағыт ұстап жолдың сол жақ шетімен жүру керек.

3.Жол өткелдерімен қалай өтуге болады ?

4.Бағдаршам қойылған жол өткелі қауіпті ме ? Немесе, бағдаршам қойылмаған жол өткелі кауіпті ме?

5.Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге болады ?


Медбикеге сөз сөз береміз. Викторинаның жалғасы


  1. Жолаушылар деген кімдер ?

  2. Жиек жол деген не ?

  3. Жаяу адам қай жермен жүруге болмайды.

Шағын көрініс

Екі ойыншық машинасымен сабақтан қайтқан оқушыларды жол ережесін сақтай отырып, жол бойымен қалай жүруді көрсету. Құрастырманы ойыншықтар арқылы көрсету, түсіндіру.

Жол ережесін бұлжытпай орындау туралы жаттаған тақпақтарын айтты.

Хормен: Көреген дәу қырағы,

Көшемізде тұрады.

Ол бергенде команда

Бағынамыз әманда.

Ашса кезек үш көзін

Тоқта ! Сақтан ! Жол ашық ! Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы


Қорыта айтсақ, біздің еліміздің барлық аумағын қамтитын, бәріне ортақ жол ережесі енгізілген. Бұл ереже қалалардағы, сондай-ақ аудандар мен ауылды жерлерде күнделікті жолдармен жүру қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Осы ережені оқушылар да, үлкендер де, барлық жүргіншілер де, жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.

Сонымен кім «бағдаршамның» үш көзі туралы айтады ?

Жақсы қатысқан оқушыларға сыйлықтар беріледі, мадақтайды.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 ақпан
489
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі