Жолда жүру ережелері.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жолда жүру ережелері.

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілері үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

«№ 97 б/балабақшасы»МКҚК тәрбиешісі: Лаханова Махира

Балаларға жол ережесін үйретейік!

Қоғам үшін баланың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі - ең басты байлық. Сондықтан мектепке дейінгі ұйымдарда жолда жүру ережелеріне үлкен көңіл бөлінуде. Статистика бойынша, өкінішке орай, жол апаттары көптеп болуда. Соның ішінде балалардың жол апатына душар болуы жоғары көрсеткішті көрсетеді. Мектепке дейінгі мекемелерде балаларға арнап «Жолда жүру ережесі» тақырыбында оқу қызметтер және түрлі шаралар ұйымдастырылып өткізіледі. Сондықтан әрбір бала үйретілетін «Жолда жүру ережесі» тақырыбындағы оқу қызметті мұқият тыңдап, өткізілген іс - әрекеттен қорытынды жасап отыруға міндетті. Балаларды жолда жүру ережелерімен таныстыру мақсатында ойындар, әңгімелер, серуен кезіндегі ойын түрлері, конкурстар, сұрақ - жауаптарды кеңінен қолдану, балалардың жол ережесі туралы түсініктерінің қалыптасуы мен білімдерінің жетілуіне көмектеседі.

Вариативтік бөлік.

Жолда жүру ережелері.

Тақырыбы: « Жол ережесін білесің бе?»

Мақсаты: Балалардың жолда жүру ережесін меңгерту дағдысын қалыптастыру. Іс жүзінде жол ережесін сақтауға үйрету.Бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру. Көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын, зейіндерін дамыту. Жолда жүру ережелерін меңгерту.

Полингвальды компонент: бағдаршам-светофор- Traffik,, көлік-машина-machine car,такси-taxi

Көрнекілік: бағдаршамның суреті,слайд,жол белгілері

Сөздік жұмыс:қауіпсіз,жол көлік полициясы

1

Әрекетт

ердің кезеңдері

Тәрбиешісінің әрекеті:


Балардың іс- әрекеті:


Мотивациялық оятушылық




-------------------------


Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері:

Ұл - қыз сәлем береміз,

Өнегелі өренбіз.

Біздер - қазақ баласы,

Сәлем - сөздің анасы.

-------------------------------------------------------------------------

«Жол ережесін білейік, аман - есен жүрейік» Жол ережесін білу өмірімізді жазымнан сақтандырады. Оның сырын біліп, жол ережесін орындау баршамызға керек.

- Балалар тақтадан не көріп тұрмыз?

- Жолдар қандай болады?

Алматының көшелері кең, үлкен қаламызда көліктер көп.

- Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.

Төбесінде шырағы,

Жолаушының пырағы.

Барасың деп қай жаққа,

Алдын күтіп тұрады.

Шахматтың тақтасы,

Секілді онда таңба бар.

Бұл қай көлік?

- Бәрекелді! Біздің қалада көліктердің түрлері көп екен.

Бүгінгі оқу қызметінде жолда жүру ережелерін есімізге түсіріп, жаяу жүргіншілерге арналған белгілердің таңбаларымен танысып, аялдама таңбалардың белгісімен

- Менің үш көзім бар,

Бір көзім «кідір» дейді.

Бір көзім «абайла» дейді,

Бір көзім «қарап қалма» дейді.

Бағдаршам туралы тақпақ кім біледі?

Менің атым «бағдаршам»,

Жақсы білем міндетімді,

Мекен - жайым тұрақты.

Мүдірмеймін ешқашан.

«Бағдаршам» ойынын ойнату.

Шарты: Балалар дөңгеленіп тұрады, бағдаршам қызыл түсті көтергенде - балалар бір адым артқа жылжиды. Сары түсті көтергенде сол орында тапжылмай тұрады. Жасыл түсті көтергенде бір адым алдыға жылжиды. (ойын 3 рет қайталанады)

Балалар шаттық шеңберін жасайды



-----------------------

1. Санап кетсек сіз бен біз,

Сан көлікке мінеміз.

Троллейбус, трамвай,

Автобуспен жүреміз.


2. Көлік, көлік,

Көліктерге мінеміз.

Көшелермен, көшелермен,

Күнде тынбай жүреміз.


3. Жол жүрудің тәртібін,

Ережесін білеміз.

Сақтағанда қатерден,

Сау - саламат жүреміз.








4. Көшеде ортаға жеткенше,

Әуелі көзің сал сол жаққа.

Балақай, ортадан өткен соң,

Мойның сал сол жақтан оң жаққа.

Балалар

2

Рефлексивтік-

түзетушілік

Сұрақ- жауап арқылы білімдерін пысықтау. Белсенділерді мадақтау.

Балалар риза болады.

Нені игереді: Бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру.

Нені білді: : Балалардың жолда жүру ережесін меңгерту дағдысын қалыптастыру.

Нені үйренді: Іс жүзінде жол ережесін сақтауға үйрету.

















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.11.2018
922
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі