400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жолда жүру ережесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ойын арқылы жол ережесін есте сақтау
Материалдың қысқаша нұсқасы






Тақырыбы: Жолда жүру ережесі

Мақсаты: Балаларға жол белгілерін айыра білу дағдысын қалыптастыру.Жол белгісінің неше түрі

бар, оны білу не үшін қажет,белгінің атқаратын қызметі қандай,бұл белгілерді қалай

түсініп пайдалануға болатынын үйрету.Ойын арқылы жол жүру ережесін есте сақтау

қабілеттерін,қызығушылығын арттыру.

Көрнекіліктер: Жол макеті,жол белгілері,бағдаршам,ойыншық машиналар.

Әдіс-тәсіл: ойын,сұрақ-жауап

Балалар шеңбер болып тұрады:

Армасысыз,қайырымды Аспан-ата!

Армасыз,мейірімді Жер-ана!

Армысыз шұғылалы Нұрлы күн!

Армысыз,балабақша,дос-жаран

Бәріміз күндей жарқырайық!

Бәріміз тату болайық!

Бәріміз дос болайық!-деп бір-біріне тілектер білдіреді.

Тәрбиеші: Балалар,бүгінгі күнімізде сендерге мен де сәттілік тілеймін.(осы кезде есік қағып

хат әкеледі)

Тәрбиеші: Балалар бізге хат келіпті.Қане оқиық. «Жол белгілеріелінің тұрғындарымыз.Біздің жол

белгілерін мыстан кемпір сиқырлап тастады.Енді біздің елімізде жол апаттары болып

жатыр.Бізге көмектесіңдер!».Сәлеммен,жол белгілері елінің тұрғындары.

Тәрбиеші: Көрдіңдер ме,балалар,жол белгілерінсіз,бағдаршамсыз,жолда жүру өте қиын.Олай болса

біз автобуспен жүру ережелерін есімізге түсірейік.

Балалар: -Автобусқа артқы есіктен кіріп,алдыңғы есіктен шығу керек.

-Жасы үлкен адамдарға орын беру керек.

-Автобуста айқайлап сөйлеуге,қатты күлуге болмайды,ол әдепсіздік.

-Ашық терезеден басын шығарып,қолын созуға болмайды,олай істеу қауіпті.

Тәрбиеші: Өте дұрыс.Онда автобусқа мінейік,сапарға аттанайық.Музыка ойналады.Автобустан

түскенде алдарынан жылаған бала шығады.

Балақай,сен кімсің,саған не болды?

Бала: Мен жол белгісімін.Мені және менің достарымды мыстан кемпір сиқырлап тастады.

Мына жұмбақты шешкенде ғана менің сиқырым кетеді.

(Қолындағы қағазды ұсынады)

Ілулі тұрған не белгі?

Машинаға тоқта деген белгі берді.

Жол үстінде ақ-қарамен сызылған жолақтар.

Жаяуларға «өтіңдер» деп белгі берді.

Балалар: Жаяулар өтпесі.

Тәрбиеші: Балақай,қалған достарыңа барайық,оларға көмектесейік!

Үйдің ішінен бір-бірлеп балалар шығады.

1-бала: Бір ғажабы-бұл жерде

Бір нәрсені ел күтеді

Отырады біреуі

Тік тұрады біреуі

Неғылған жер бұл өзі

Айтыңдар кім біледі?

Балалар: Аялдама.

2-бала: Үлкендер де кішілер де

Жол белгісіне қарады

Мысықтар да,күшіктер де,

Батыл жүріп барады.

Бірақ бұл жер

Жиек - жол емес

Құпиясын кім табады?


Балалар: Жаяулар өтпесі.

3-бала: Келеді Асан зулатып

Велосипедтің үстінде

Бар ма екен оған рұқсат

Қай белгі тұр оны нұсқап?

Балалар: Велосипед жолы.

4-бала: Іші ауырады Айбардың

Сірә,үйіне жете алмас

Қандай белгі таба аласың?

Мұндай кезде қиналмас.

Балалар: Емхана.

Жол белгісінің біреуі

Рахмет,балалар,сиқырымызды шештіңдер.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар!Жол белгілері,бір-бірімен араласып кетіпті,кәне реттейік.Жол

белгілері неше топқа бөлінеді?

Бағдаршам: Менің атым «Бағдаршам»

Мекен-жайым тұрақты

Жақсы білем міндетімді,

Мүдірмеймін ешқашан.

Жол сілтейтін белгілер төрт топқа бөлінеді:

Тиым салу,ескерту,көрсеткіш анықтама белгілері.

Тәрбиеші: Енді балалар,біз осы белгілерді өз орындарына қояйық.

Дидактикалық ойын: «Жол белгілерін қою».

Ойынның шарты: балаларға көше макетіне мұқият қарау ұсынылады.Сосын қай жерге қандай белгі

қою керектігін айтқыза отырып,жол белгілерін қою.

Ойын ойналып бола бергенде:музыка ойналып,қорбаңдап аю келеді.

Аю: (жыламсырап) басымды ауыртып алдым,көмектесіңдер.

Тәрбиеші: Балалар қараңдар,мына мына бір сұмдықты.

Аюға не болды?кім оны ренжіткен?

Аюжан айта ғой,кім сені ренжіткен?

Аю. Бал таситын машинаға жармасам деп құлап қалдым.

Тәрбиеші: Ендеше,жылап тұрғаның ұят,жол тәртібін өзің бұзыпсың ғой маймағым.Балалар,

қараңдаршы маймақ аю дұрыс жасады ма?

Балалар; Аю дұрыс жасаған жоқ,машинаға жармаспаса ол құламс еді.Жолда дұрыс жүру керек,

жол тәртібін білу керек.

Аю: Балалар мен енді ешқашан машинаға жармаспаймын,жол ережесін бұзбаймын.

Осы кезде музыка ойналып түлкі мен қоян екеуі велосипед тебеміз деп құлап қалады.

Сол кезде инспектор келеді.

Инспектор: Жол тәртібі бұзылды.Қане,екеуің айта қойыңдаршы,мынау қандай белгі?

Қоян: Мынау менің велосипедіме ұқсайды екен.

Түлкі: Ия,ұқсайды.

Инспектор: Балалар сендер мынадай белгі көрдіңдер ме?

Балалар: Велосипедпен жүруге тиым салынған деген белгі.

Инспектор: Демек бұл жерде велосипедпен жүруге болмайды.түлкі мен қоян қателік жіберді.

Сендер сынақтан өтпей велосипедке мінбейсіңдер.

Тәрбиеші: Олай болса инспектор мырза жол ережесін бұзып жарақат алғандардың білімін

сынайық.

Инспектор : Дұрыс айтасыз.

Тәрбиеші: Жасыл жанса демде

Алға кетем лезде

Сары жанса,сабыр

Сақтай тұрам әзір,

Қызыл жанса,шоқтай

Қаламын кілт тоқтай.

Қоян,түлкі,аю: Білеміз,білеміз,бағдаршам.

Тәрбиеші: Олай болса бәріміз,бағдаршам ойынын ойнайық.

Шарты: шеңбер жасап тұрады.Жасыл түсті көрсеткенде балалар жүреді.Сары түсті көрсеткенде

қол шапалақтайды.Қызыл түсті көрсеткенде, барлығы тыныштық сақтайды.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар,барлығың жақсы қатыстыңдар.Енді барлығымыз бірігіп ән айтайық.

Ән: «Бағдаршам»

Осыдан кейін қоян,түлкі,аю қоштасып кетеді.

Тәрбиеші: Енді балалар тобызға қайтайық.Балалар орындарына жайғасқан соң:

Тәрбиеші: Бүгін біз қандай игі істер істедік?

Балалар: Жол белгілерін сиқырдан құтқардық.Аю,қоян,түлкіні жол тәртібімен,бағдаршаммен

таныстырдық.

Тәрбиеші: Дұрыс.Балалар,серуенге шыққанда көшедегі көліктерді бақылаймыз.
























































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 ақпан
681
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі