Жолда жүру ережесі

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жолда жүру ережесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Жолда жүру ережелері бойынша сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы


Рисунок 1








Т.Әубәкіров атындағы жалпы білім беретін мектебініңРисунок 1
«Жолда жүру ережелері» оқу пәнінің үлгілі күнтізбелік-тақырыптық жоспары
5-сынып
2024–2025 оқу жылы

Айлар

Тақырыптың атауы

Сағат саны

1

Қыркүйек

Біздің қала (ауыл), аудан.

1

2

Қазан

Жол таңбаларының белгіленуі.

1

3

Қараша

Қосымша секциялары бар бағдаршамдар.

1

4

Желтоқсан

Жол реттеушісінің белгілері.

1

5

Қаңтар

Жол жүру белгілері және олардың қолданылсы.

1

6

Ақпан

Жүргізушінің еңбегінің ерекшеліктері мен негізгі міндеттері. Қазіргі замаңғы көлік – жоғары қауіпті аймақ. Қоғамдық көлік.

1

7

Наурыз

Жол қозғалысының қауіпсіздігіне ауа-райының әсер етуі.

1

8

Сәуір

Велосипедпен жүру.

1

9

Сәуір

Жараланған кезде алғашқы медициналық көмек көрсету. Жоғарғы және төменгі аяқ-қол дене бөліктерінің сынған немесе буын шығып кеткен кезде алғашқы медициналық көмек көрсету ережелері.

1

10

Мамыр

Қорытынды сабақ.

1




Барлығы: 10 сағат
Сынып жетекшісі: Исахов Д

Shape1 Т.Әубәкіров атындағы жалпы білім беретін мектебі





















«Жолда жүру ережелері» оқу пәнінің өтілетін тақырыбы :

«Біздің қала (ауыл) аудан»


5-сынып

Орындаған: 5 «А»-сынып жетекшісі Исахов Д









2024-2025 оқу жылы


Біздің қала (ауыл) аудан

Сабақтың мақсаты

  1. Шаруашылық салалары мен өнім өндіретін кәсіпорындарды және олардың тұтынушылары арасын байланыстырушы топ ретінде еліміздің

экономикасындағы көлік кешенінің маңызын түсіндіру.

  1. Аумақтық еңбек бөлінісін дамытудағы көліктің рөлін және осының негізіндегі Қазақстанның көлік кешенін құрайтын шаруашылықтың мамандануын барлық көлік түрлерінің біртұтастығын көрсету.

  2. Қазақстанның дүниежүзілік қауымдастыққа кіру проблемаларын шешудегі көлік байланыстарының болашағы туралы түсінік беру.

  3. Тақырыптық карталармен және статистикалық материалдармен жұмыс істеу біліктіліктерін қалыптастыруды жалғастыру.

Көрнекіліктер, құрал-жабдықтар: Қазақстанның әкімшілік бөліну картасы, тірек-сызба, суреттер

Жаңа материалды меңгерту жоспары:

  1. Шаруашылықтағы көлік кешенінің құрамы мен маңызы.

  2. Құрлықта, суда және әуеде жүретін көлік түрлері. Жүк айналымы

  3. Қазақстанның біріккен көлік жүйесін құру.

  4. Әлемдік бірлестіктерге шығудағы көлік байланысының перспективалары Қазақстанның көлік-коммуникациялық кешені республиканың экономикалық-базалық секторларының бірі болып табылады. Республикадағы ірі магистральды жолдардың ұзындығы 115 мың км-ді құрайды, оның ішінде 15 мың км-і теміржол, 95 мың км-і автомобиль жолы,оның ішінде республикалық деңгейде /22,2%/, ал 4,1 мың км-і өзен жолы. Қазақстан автомобольжолының ұзындығы – 95 мың км

Автомобиль жолдары республикалық деңгейдегі жалпы ұзындығы 22,2% Жергілікті деңгейдегі жол ұзындығы 77,8%

Халықаралық маңызы бар жолдардың ұзындығы – 12,4 мың км.

Елбасының биылғы жылдың 1 наурызындағы Қазақстан халқына Жолдауында Көлік және коммуникация министрлігіне Көлік стратегиясын әзірлеу міндеті жүктелген. Осы жылдың 11 сәуірінде министрлік әзірлеген Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы Президент Жарлығымен бекітілді.

І. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы

Стратегияның негізгі мақсаты — Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігінің, соның ішінде экспорттық әлеуетінің өсуіне ықпал ететін тиімді көлік инфрақұрылымын құру, сондай-ақ елдің геостратегиялық орналасуын ескере отырып, оның транзиттік әлеуетін барынша іске асыру.

Автожолдардың өткізу қабілеті мен олардың сапасы ел экономикасының барлық дерлік саласына әсері болатындықтан республикалық және жергілікті маңызы бар жолдардың жай- күйін жақсарту автожол саласын дамыту басымдықтарының бірі болып табылады.

Экономикада құрылымдық қайта құрулар жүргізу нәтижесінде автомобиль көлігіндегі жүк айналымының 2010 жылға қарай 33-тен 55 млрд. т. км. дейін өсуі жоспарлануда.

ҚР автожол саласын дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде алты жолақты автожол магистральдарын салу, 6 негізгі халықаралық дәліздерді қалпына келтіруді қоса есептегенде, 7 мың километрден астам жолды жоғары техникалық санатқа өткізуді жүзеге асыру жоспарлануда. Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, автомобиль жолдарының және жасанды құрылыстардың беріктігін, сенімділігін арттыру, жол жұмыстарының құнын төмендету сондай-ақ автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту және пайдалану сапасын арттыру еліміздің автомобиль жүйесін одан әрі дамытудың басты өлшемдері болып табылады. Автомобиль тасымалдарының бәсекеге қабілеттілігі тікелей автомобиль жолдарының жай-күйіне ғана емес, жылжымалы құрамның да жай-күйіне байланысты болғандықтан, автокөлік құралдары паркін ЕВРО нормаларына сәйкес келетіндей етіп жаңғырту көзделуде.

Бүгінгі күні ұзақтығы 128 мың км. автомобиль жолдарының 88 мыңы жалпы пайдаланымдағы автожолдарға жатады, бұл республика экономикасының одан әрі өсуіне ықпал ететін негізгі факторлардың бірі. Автожолдардың әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, автомобиль жолдарының және жасанды құрылыстардың сенімділігін, жол жұмыстарының құнын төмендету, сондай-ақ автомобиль жолдарын салудың,

қалпына келтірудің және пайдаланудың сапасын арттыру еліміздің автомобиль желісін одан әрі дамытудың басты критерийлері болып табылады

Жақсы жол ұзақ та болса жақын,

Жаман жол жақын да болса алыс – деп мұғалім сабағын қорытындылайды.

Көлік-инфрақұрылымының салалары ең ірі әрі еңбекті көп қаражатты қажет ететін кешен болып табылады. Елдің әлеуметтік жағдайы мен даму болашағы онымен тығыз байланысты.






























































Shape2

«Т.Әубәкіров атындағы жалпы білім беретін мектебі


Shape3



















«Жолда жүру ережелері» оқу пәнінің өтілетін тақырыбы :

«Жол таңбаларының белгіленуі» 5-сынып





Орындаған: 5 -сынып жетекшісі: Исахов Д




2024-2025 оқу жылы


САБАҚ ТАҚЫРЫБЫ: Жол таңбаларының белгіленуі

Сабақтың мақсаты: Автокөлікті пайдалану кезіндегі қандай ережелерді қатаң түрде сақтау қажеттігін ұғыну.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Балалар қызыл, сары, жасыл жетондарды өз қалауымен таңдап, алып үш топқа бөлініп отырады.

Қызығушылықты ояту.

www.bilimland.kz порталындағы «Видеожинақ» ресурсы («Сынып сағаты тақырыптары» бөлімі) http://bilimland.kz/kk/home#lesson=12002 арқылы оқушыларға бейнебаян көрсету. Мұғалім:

  • Құрметті оқушылар, бейнебаяннан көргеніміздей бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыздар? Неліктен мен сіздерге қызыл, сары, жасыл жетондар арқылы топқа бөлдім. Бұның сыры неде?

  • Дұрыс айтасыздар, көлік құралдарын пайдалану ережелерінің адам өміріндегі маңызы туралы болмақ. Сабағымыздың басты мақсаты егемендігі мен елдігі орнаған осындай Қазақстан атты бейбіт өлкемізде сәбилердің қуанышты күлкісі мен аналарымыздың әсем жүзі бақытқа толы болса дейміз, ол үшін әр азамат өмір қауіпсіздігін сақтап, жол тәртібін білу керек. Біз бүгін осы мақсатта жол ережелері өлкесінде қонақта боламыз. Сәт сапар, Жас ұлан!

II. Мағынаны ашу.

1-жүргізуші:

«Жол жүру белгілері және олардың қолданысы» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз. Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, жүріп-тұруды реттеу қажеттілігі машинаның аз кезінде-ақ туған көрінеді. Алғаш рет 1868 жылы Лондон қаласында темір жол бағдаршамы орнатылды. Ол қолмен ауыстырылатын және алмастыру үшін арнайы адам тұратын еді және ол көп уақыт алатын болды. Кейінірек 1870 жылы америкада электр бағдаршамы пайда болды. 2-жүргізуші:

Ал бүгінгі таңда бағдаршамды электронды есептеу машинасы арқылы басқару жүзеге

асырылған. Қазақстанда бағдаршамдар барлық ірі қалаларда орнатылған. Қазақстанда 1917 жылға дейін 127 км ғана жол болса, елуінші жылдары республикамыздағы асфальт жолдарының ұзындығы отыз км дейін жетті. Ал қазір сегіз жүз миллион км-ден асады.

1-жүргізуші:

  • МАИ қызметкері дегініміз кім? Дұрыс айтасыздар, бүгін бізге МАИ қызметкері келген екен. Сіздердің ұшқыр ойларыңыз бен білімдеріңізді сынап көрмекші.

МАИ қызметкері:

  • Әр бір аймақтың өмірі көлікпен тығыз байланысты. Сондықтан жолда жүру тәртібі мен қауіпсіздік ережелерін білулерін керек. Әрбір жаяу жүргінші, әр бала жол бойында аса сабырлылықпен аспай-саспай жүріп тұруға тиіс. Сол себепті сіздерге қояр бірнеше сұрағым бар. Бірінші, жаяу жүргіншілер қандай жерлермен жүреді?

  1. оқушы:

Жаяу жүргіншілер жиек жолмен жүруге тиіс. Ал жол үсті тек көліктің жүруіне арналған. Жаяу жүргіншілер жиек жолдың тек оң жағымен жүреді, сонда қарсы келе жатқан адамдарға бөгет жасамайтын болады.


МАИ қызметкері:

  • Топталып келе жатқан жүргіншілер жол бойымен қалай жүруі керек?

  1. оқушы:

Бір топ жаяу жүргінші тек жиек жолмен немесе келе жатқан көлікке қарсы бағытта жолдың сол жақ жиегімен екі қатардан аспай жүру керек. Олар жолды кесіп өтпек болса, екі көшенің немесе жолдың қиылысқан тұсына тоқтау керек. Негізінен жол тәртібін сақтап, жаяу жүргіншіге арналған жолмен немесе бағдаршамнан өтуі керек.

МАИ қызметкері:

  • Жол өткелінен жүгіріп өтуге бола ма?

  1. оқушы:

Жүгіріп келе жатқан адам айналасын бағдарлай алмай қалады және қарсы келіп қалған көлікті байқағанмен, сасқалақтап жарақаттануы мүмкін. Сондықтан әр кез сақ болып, асықпай жүрген абзал.

МАИ қызметкері:

  • Көліктің оңға бұрылатынын қалай білуге болады?

  1. оқушы:

Оңға бұрылатын көлік жолдың оң жағындағы бірінші қатарда тұрады және оң жақ бұрылысты білдіретін жарығын жағады.

МАИ қызметкері:

  • Аялдамаға тоқтаған автобустың қай жағынан өту керек?

  1. оқушы:

Аялдамаға тоқтаған автобустың алдынан да, артынан да өтуге болмайды. Сол айналада жол өткелі болуға тиіс, содан өту керек.

МАИ қызметкері:

  • Жол үстінде топталып жүрудің қауіптілігі неде?

  1. оқушы:

Топталып келе жатқан балалар өзара әңгімеге айналып, жолда жүру ережесін ұмытып кетуі мүмкін. Сондықтан жол өткелдерінде әңгімені қойып, барлық зейінді жол қауіпсіздігіне аудару керек.

МАИ қызметкері:

  • Жарайсыңдар, балалар, жол қауіпсіздігі туралы білімдерін жоғары екені көрініп тұр. Енді балалар www.bilimland.kz порталындағы «Видеожинақ» ресурсын көруге шақырамын.

МАИ қызметкері:

  • Балалар, мұқият тыңдасақ, мен сендерден осы бейнебаяннан алған білімдерінді тексеріп, емтихан аламын. Мына жерде көлік жолы жатыр. Байқасаңыздар, түрлі жол кедергілері орналасқан. Мына машинаға отырып, осы кедергілерден дұрыс өтіп, қандай белгі екенін атап беруіміз керек. Кімде-кім жол тәртібін сақтап, мүдірмей жауап берсе, жас инспектор куәлігіне ие болады. Көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді. (Әр дұрыс жауап берген оқушыларға жұлдызша беріледі)

МАИ қызметкері:

  • Бүгін сендер өздеріңнің жол ережесі туралы білімдерінді жақсы көрсете білдіңдер. Қай жерде жүрсеңдер де жолда жүру ережесін ережесін сақтап, басқаларды да соған шақырыңдар. Бүгінгі тамаша сабақ үшін сіздерге алғысым шексіз. Сіздер секілді білімді ұрпақ тұрғанда еліміз аман, жұртымыз тыныш, сәбилеріміздің жарқын күлкісі мәңгі естіледі деген үміттемін. Сабақта білімімен топта ерекше көзге түскен оқушыларды ортаға шақырамын.

(Көп ұпай жинаған оқушыларға «жас инспектор» куәлігі тапсырылады).

Хор: «Бағдаршам» әні.

  1. жүргізуші:

«Шуақты өміріміз күндей күліп, Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт, Арманға сапар тарту мүмкін емес Жол жүру ережесін білмей тұрып.

Қай көше, қай қалаға барсаңыз да, Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да, Жол жүру ережесі – заңды тәртіп,

Ол ортақ үлкен-кіші, баршаңызға» – дей келе бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.

Хормен:

Жол тәртібін білейік, Аман-есен жүрейік. Қазақ атты елімде, Бақытты өмір сүрейік!












































Shape4

Т.Әубәкіров атындағы жалпы білім беретін мектебі




















«Жолда жүру ережелері» оқу пәнінің өтілетін тақырыбы :

«Жол таңбаларының белгіленуі»

5-сынып

Орындаған: 5 «А»-сынып жетекшісі Исахов Д
















Shape5



Мақсаты:

2024-2025 оқу жылы

Тақырыбы: Жол таңбаларының белгіленуі

а) көлік құралдарының тоқтау жолы туралы түсінік беру

ә) оқушылардың танымдық көзқарасын, зейінінің тұрақтылығын дамыту; б) өмірге деген құштарлықтарын арттыру.


Түрі: аралас сабақ

Әдісі: көрсету, түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілігі: суреттер, газет қиындылары, нақыл сөздер


Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі а) амандасу, түгендеу ә) сабаққа даярлық

ІІ. Үй тапсырмасы

    1. Біздің елімізде жолдың қай қапталымен жүру белгіленген?

    2. Велосипед мінген балалар қай қатармен жүруге тиіс?

    3. Жүргізушілердің қатар алмасуын қалай түсінесіңдер?

    4. Жүргізушілер жүру бағытын өзгертерде ескерту белгілерін қалай береді?

    5. Жүргізушілер не себептен жарық беру құралдарын қосып жүреді?

    6. Қарама-қарсы келе жатқан көлік жүргізушісі жарық шағылыстыруын өзгертпесе, велосипедшілер не істеуі керек?

ІІІ. Жаңа сабақ

а) Жаңа сабақ тақырыбы мен мақсатын таныстыру ә) Жаңа сабақ материалын меңгерту

Мұғалім: — Енді, балалар, қаламдарыңды орнына қойып, кеуделеріңді, бастарыңды көтеріп түзу отырыңдар. Мен сендерді көлік құралдарынң тоқтау жолымен таныстырамын. Өздерің жол-көлік оқиғаларыңа тап болмас үшін зейін қоя қарап, тыңдай отырып, жаңа мағлұматтарды естеріңе сақтай отырыңдар.

      • Интербелсенді тақтада көлік құралдарының тоқтау жолы туралы мәлімет.

      • Тежеу жолы, біріншіден, машина доңғалағы мен жолдың арасындағы байланыс күшінің әсерінен белгілі болады. Жол құрғақ, автокөлік доңғалағының бедері жаңа болса, онда доңғалақтың жолмен байланыс күші онан сайын күшейіп, тежеу жолы қысқарады. Егер жол тайғақ, доңғалақ бедері жұқарған болса, онда доңғалақтың жолмен байланыс күші азайып, тежеу жолы ұзарады.

      • Сонымен бірге, автокөліктің тежеу жолы көліктің жүру жылдамдығына көп байланысты. Жылдамдық неғұрлым жоғары болған сайын тежеу жолы соғұрлым ұзын болады. Нақты мысал келтірейік. Автокөлік сағатына 30 шақырым жылдамдықпен жүргенде, жеңіл автокөліктің тежеу жолы 7,2 м, дәл осы жылдамдықта жүк машинасының тепжеу жолы — 9,5 м болады екен. Ал жүк машинасының жүру жылдамдығы 30 шақырымнан 60 шақырымға дейін өссе, тежу жолы 2 есе емес, өкінішке қарай, 4 есе артатыны нақты есептелген әрі дәлелденген.

      • Тежеу жолы ұзын болуының тағы бір себебі бар. Ол машинаның салмағына да байланысты. Әсіресе ірі жүк машиналары, автобустар, КамАЗ- дар мен КрАЗ-дардың тежеу жолы жеңіл машиналардың тежеу жолынан әлдеқайда ұзын болады.

ІҮ.Сабақты бекіту

Интербелсенді тақтада көлік құралдарының тоқтау жолы мен жүргізуші байланысы Тежеу жолына қосылатын тағы бір жай — ол жүргізуші тежеуішті басқанға дейінгі жүріп

өткен аралық. Бұл — жүргізушінің кедергіні көрген сәттен бастап тежеуішті басқанға дейінгі уақытта өтетін жолы. Қарапайым тілмен түсіндірсек, жүргізушінің реакциясына (әркетіне) кететін мезгіл.

  1. Жүргізушінің әрекеті оның тәжірибесіне, қырағылығына байланысты. Жүргізуші шаршап келе жатса, ол кедергіні байқап, тежеуішті басқанша біршама уақыт өтеді. Ол кезде машина да жүріп келе жатпай ма? Оған жолдың көрінуі мен жарықтығы, ауа райының жағдайы да әсер етпей қоймайды.

  2. Осындай көптеген себеп-салдардан жинақталып, талданып, сараланған жайлардың барлығы, айналып келгенде жүргізушіге тікелей байланысты.

Ү. Сабақты қорытындылау

Жоғарыда автокөліктің тоқтау жолын құрастыратын факторларға шолу жасадық. Ендеше тоқтау жолы дегеніміз не? Жүргізушінің кедергіні көріп, тежеуішті басқанға дейінгі аралық пен тежеуішті басып, машина тоқтағанға дейінгі арақашықтықтың қосындысы тоқтау жолы деп аталады.

ҮІ.Бағалау

ҮІІ.Үй тапсырмасы

  1. Машинаны кілт тоқтатуға бола ма?

  2. Тежеу жолы неге байланысты?

  3. Жүргізушінің реакциясы дегенді қалай түсіндіруге болады?

  4. Автокөліктің тоқтау жолын түсідіріңдер.

  5. Жақындап қалған автокөліктің алдынан жүгіріп өту неге қауіпті?


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.02.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі