Материалдар / Жолда жүру ережесі. Тәрбие сабақ

Жолда жүру ережесі. Тәрбие сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сабақ Тақырыбы: Жолда жүру ережесі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Наурыз 2024
146
2 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сабақ

Тақырыбы: Жолда жүру ережесі


Мақсаты:
– Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру; ережелерді есте сақтауға  үйрету;
– Жол қауіпсіздігін, өз өмірлерін сақтай білуге тәрбиелеу;

Көрнекілік:  слайдтар,  сызылған жол, жол белгілері.


Өтілу  барысы:

  1. Мұғалімнің кіріспе сөзі:
    – Құрметті
    балалар! Бүгін біз жолда жүру ережелерін білеміз бе, оларды қалай меңгергенбіз, өз өміріміздің қауіпсіздігін сақтай аламыз ба, сол жөнінде ой бөлісейік. Және жолда жүрудің үлгісін көрсетейік.

Жаяу жүргіншілердің міндеттері

1 . Жаяу жүргіншілер тротуармен немесе жаяу жүргіншілерге арналған жолдармен, ал олар болмаған кезде - жол жиегімен, сондай-ақ Қағидалардың 17-бөлімі 1 және 4-тармақтарының талаптарына сәйкес жүреді.

       Көлемі үлкен заттарды көтеріп немесе алып келе жатқан жаяу жүргіншілер, сондай-ақ қозғалтқышы жоқ мүгедектер арбасымен келе жатқан адамдар, егер олар тротуармен немесе жолды жағалай жүргенде басқа жаяу жүргіншілер үшін кедергі келтіретін болса, жолдың жүру бөлігінің жиегімен (бөлу жолақтары бар жолдарда - жолдың жүру бөлігінің сыртқы шетімен) жүре алады.

      Тротуарлар, жаяу жүргіншілерге арналған жол немесе жолдың жағалауы болмағанда, сондай-ақ олармен жүру мүмкін болмаған жағдайда, жаяу жүргіншілер велосипед жолымен немесе жолдың жүру бөлігінің шетімен (бөлу жолақтары бар жолдарда - жолдың жүру бөлігінің сыртқы шетімен) бір қатарда жүре алады.

  2. Ұйымдасқан жаяу жүретін лектердің жолдың жүру бөлігімен жүру көлік құралдарының жүру бағытында оң жақпен, төрт адамнан аспайтын қатармен жүзеге асырылады. Лектің алдынан және артынан сол жағымен қызыл жалауша ұстаған, тәуліктің қараңғы уақытында және жеткіліксіз көріну жағдайында - алдында ақ түсті, артта қызыл түсті жағулы фонарьмен ілесіп жүрушілер жүреді.

3 . Жаяу жүргіншілер көлік жүретін бөлікті жаяу жүргіншілерге арналған, оның ішінде жерасты және жерүсті өткелдерімен, ал олар болмағанда көру шегінде — қиылыстарда тротуарлар және жол жиегі сызығы бойымен кесіп өтеді.

Көру аймағында өткел немесе жол қиылысы болмағанда жолдың жүру бөлігінің шетіне тік бұрыштап, екі жақтан да жақсы көрінетін жерден жолды кесіп өтуге болады.








4 . Жаяу жүргіншілер жүріс реттеліп тұратын жерлерде - реттеушінің сигналын немесе жаяу жүргіншілер бағдаршамын, ал ол болмағанда - көлік бағдаршамын басшылыққа алады.

5 . Реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелдерінен жаяу жүргіншілер жолдың жүру бөлігіне жақындап қалған көлік құралымен арақашықтықты, оның жылдамдығын бағалап және кесіп өту олар үшін қауіпсіз екендігіне көз жеткізгеннен кейін шығады. Жолдың жүру бөлігін жаяу жүргінші өткелдерінен тыс жерлерде кесіп өткен кезде жаяу жүргіншілер, бұдан басқа көлік құралдары үшін кедергі келтірмейді және жақындап қалған көлік құралының жоқтығына көз жеткізбейінше тоқтап тұрған көлік құралының немесе көрінуді шектейтін өзге кедергінің тасасынан шықпайды.  

6. Жолдың жүру бөлігіне шыққаннан кейін жаяу жүргіншілер, егер бұл жүріс қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты болмаса, кідірмеуі немесе аялдамауы тиіс. Жолды кесіп өтуге үлгермеген жаяу жүргінші қарсы бағыттағы көлік легін бөлетін сызықта аялдайды. Әрі қарай жүру қауіпсіз екендігіне көз жеткізгеннен кейін бағдаршамның (реттеушінің) сигналын ескеріп, жолдан өтуді жалғастыруға болады.

7. Жарқылдайтын көк маягі мен арнайы дыбыс сигналы іске қосулы көлік құралы жақындаған кезде жаяу жүргіншілерге жолдың жүру бөлігін кесіп өтуге рұқсат етілмейді, ал жол үстіндегілер осы көлік құралдарына жол береді және мүмкіндігіне қарай жолдың жүру бөлігін босатады.

8 . Маршруттық көлік құралы мен таксиді жолдың жүру бөлігіне қарағанда биіктеу тұрған отырғызу алаңдарында, ал олар жоқ болған жағдайда - тротуарда немесе жол жиегінде ғана тұрып күтуге рұқсат етіледі. Биігірек отырғызу алаңдарымен жабдықталмаған аялдама пункттерінде көлік құралына отыру үшін жолдың жүру бөлігіне шығуға ол тоқтағаннан кейін ғана рұқсат етіледі. Түскеннен кейін жолдың жүру бөлігін кідірместен босату керек.

      Аялдама пунктіне немесе одан жолдың жүру бөлігі арқылы жүру кезінде жаяу жүргіншілер осы бөлімнің 4-7-тармақтарының талаптарын басшылыққа алады.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ