400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

''Жолда жүру ережесі'' тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Бағдаршам және жолда жүру ережелері туралы түсініктерін одан әрі кеңейту, жаяу жүргіншілер жолы,жол жиегіндегі жол (тратуар), көлік ішінде басқаларға кедергі жасамай тәртіп сақтауға тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы
Зеренді ауданы
Зеренді ауылы
«Балауса» бөбекжайы

Өткізген: Ж. Актанова

2022 жыл

Мақсаты: бағдаршам және жолда жүру ережелері туралы түсініктерін одан әрі
кеңейту; жаяу жүргіншілер жолы, жол жиегіндегі жол (тротуар), жол қиылысы,
белгілерімен таныстыру; көлік ішінде басқаларға кедергі жасамай тәртіп
сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Көлік, жаяу жүргінші жолы мен көліктерге арналған жол,
бағдаршам, жол белгілері, автобус аялдамасының белгілері, үйдің макеті.
Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс парағы, түрлі түсті қарындаштар.
Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік,ойын, практикалық.
Шаттық шеңбері
Күлкіменен түлейік
Қабақ түйген не керек?
Көңілді боп жүрейік
- Балалар, бүгін бізде ерекше күн, бізге қонақ келіп отыр. Қане, біздің қандай
ақылды бала екенімізді көрсетейік.
МАИ қызметкері:
– Сәлеметсіңдер ме, балалар?!
Балалар:
- Салеметсіз бе, ағай!

МАИ қызметкері:
- Балалар, сендер жол ережесін білесіңдер ме?
Балалар:
- Жоқ, білмейміз.

- МАИ қызметкері:
- Олай болса, мен сендерге жол ережесімен таныстырып кетейін.
Тәрбиеші:
- МАИ қызметкері, Сіз біздің балаларға жол ережесін үйретсеңіз, жақсы болар
еді.

Слайдпен жұмыс
– Балалар, қалай ойлайсыңдар, бағдаршам не үшін керек?
– Бағдаршамның неше көзі бар және атаңдар?
– Бағдаршамның көздерінің қызметін айтып беріңдерші.
Тәрбиеші:
–
Ал, енді балалар, жол белгілерін үйрену үшін біз МАИ қызметкерімен
қаланы аралауға барамыз. Қаланы біз жаяу аралаймыз. Бәрің менің қасыма
келіңдер, абайлап ақырын жүріңдер.

– Сұрақтар қоя отырып, балаларға жол белгілері, жол қиылысы, көлік жолы, жаяу
жүргіншілер жолы туралы ақпарат береді. Сонымен қатар жолдан атааналарының көмегімен өту керектігін, жаяу адамның көлікті аялдамада күтетінін,
көлік ішінде басқаларға кедергі жасамай, тәртіп сақтау керектігін түсіндіру.
Тапсырма: «Бағдаршам» (бағдаршамның көздерін түсіне сай бояу).

-Қайтатын уақытта келді. Қане, балабақшамызға оралайық.
МАИ қызметкері: Балалар сендер үйренген боларсындар, қане, соны ойын ойнап
тексеріп көрейінші.
-Бағдаршамның қай көзі жанғанда жүреміз?
-Велосипедті қай жерде тебу керек?

-Допты қай жерде ойнау керек?
МАИ қызметкері: Жарайды үйреніпсіңдер, жарайсыңдар! Жүргізушілер жол
апатына ұшырамау үшін, жол ережесін сақтау керек, есте сақтаңдар, сау
болыңдар!
Хормен
Жол тәртібін білейік,
Аман – есен жүрейік.
Материалды PDF форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
8 ақпан
700
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі