«Жолда жүру ережесін
сақтаймыз!»
Сабақтың
тақырыбы: «Жолда жүру ережесін
сақтаймыз!»
Сабақтың
мақсаты: 1.Оқушыларды жолда жүру
ережесімен таныстыру .
2. Жол қауіпсіздігін есте
сақтауға, білуге жол ережесінің
белгілерімен
таныстыру.
3.Оқушыларды көшеде дұрыс
жүріп, жол ережесін сақтауға
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Бағдаршам , жол белгілері салынған
суреттер , интерактивті тақта, жол
ережесіне арналған
кітаптар.
Сабақтың
барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
:
Кіріспе : «Жол травматизмінің алдын алу» атты тәрбие
сағатын бастағалы отырмыз.
Жол
заңы дұрыс жүріп , абай болуды талап етеді. Жол
тәртібін бұзба , ол қатер тудырады. Жолдың
қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай
жүріп, доп қуалайтыны , шаңғы тебетіні , жүріп
бара жатқан машинаға жабысатыны ,қалтарыстан жолға
шығып келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін
бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза
тауып , кейбіреулері жарақат алады . Ал кейбіреулері
өмірлік мүгедек болып қалады.
Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын » Жолда
жүру ережесі » тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан
қорытынды жасап отыруға міндетті .Үлгілі , тәртіпті оқушы көшеде,
жолда жүру ережесін ,заңын бұзбайды.
Сонымен қандай бала жол ережесін
бұзбайды ?
Балалар : Үлгілі , тәртіпті бала
.
Мұғалім : Ал енді » Жолда жүру ережесін
сақтаймыз! » атты ертеңгілік ашық деп жариялаймын
.
ІІ. Негізгі
бөлім:
Тақтадағы жұмбақтарды
шешу:
Жұмбақтар
1.Ала таяқ
ұстаған,
2.Көше
бойлап аяңдайды,
Жол
тәртібін
нұсқаған.
Адам тасып аялайды.
Өміріңді
күзеткен, (Автобус)
Ысқырықпен түзеткен. (Милиционер)
3.Көліктің қаншасын үстінен өткізген
,
Іргеден басталып , алысқа
жеткізген. (Жол)
4.Жоқ өзінде бас та , ауызда да ,
құлақ та ,
Бақырайған үш көзі бар бірақ
та.
(Бағдаршам)
5.Арқаным бар тым ұзын,
Ала-алмайсың бір үзім.
Табыңдаршы, балалар,
Бұл
жұмбақтың шешуін. (Жол)
6Өзі сөйлей білмейді,
Бірақ «Тоқта, жүр !»
дейді. «Бағдаршам»
Мұғалім
: Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын
көмекшіміз . Оның сырын біліп , тіліп алу
баршамызға керек.
1. Неге
?
Біздің қаламызда , сол сияқты біздің
еліміздің қала , ауылдарына бәріне ортақ
көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар
да , үлкендер де,яғни барлық жүргізушілер,көлік
жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы
керек.
2.Балалар, сендер көшеде жүру ережесін
білесіңдер ме екен , көрейік . Мынадай сұрақтарға жауап
беріңдерші.
3.Жиек жол деген не ? Адамдар жаяу
жүретін көше жиегіндегі тар жол .
4.Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды ?
Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге
рұқсат етілмейді.
Тақтада
Қызыл – Тоқта !
Сары
– Сақтан !
Жасыл
– Жол
ашық!
Құндызай : Қызыл көзін ашқанда
,
Сынық сүйем баспа алға
!
Диана :
Сары көзін ашқанда
,
Қарап қалма аспанға
!
Сұлупан: Жасыл көзін ашқанда
,
Өте бергін , жасқанба
!
Оқушылар бағдаршам сигналдарын
қолдарына ұстап , кезегі келгенде көрсетіп
тұрады.
Ән: Бағдаршам
1.Көшеде біз сақ болайық
,
Қаймықпасын ата – ана .
Жолда сен бол
лайық,
Жас
ұлан деген атқа.
2. Жолда жүру
әліппесін
Білген жөн бес
саусақтай.
Сонда ғана жүре аласың
,
Сен өзіңді сау
сақтап
Сахналық
көрініс: «Маймақ аюдың
достары»
Инспектор :
Медбике апамыз бәрімізді емдейді
,
Ауырса адамды, аңды да емдейді
.
Отырған мынау Медбике
апаға
Айтыңдаршы , кане кімдер келмейді
?
(Осы кезде басын ақ шүберекпен таңған ,
сыртынан қан шып – шып шыққан аю өкіріп келе
жатады)
Инспектор :
Апа, қараңыз мына сұмдықты
,
Маймақты кім қыңжылтты
?
Мед.бике:
Маймағым, не болған
өзіңе,
Көкпеңбек ісінген бас – көзіңде
?
Аю:
Айтайын мен жасырмай шынымды –
ай,
Сақтап қал , апа жанымды
шыбындай.
Жармасып бал тасыр машина
үстіне
Домалап түсіп шыңғырдым
құлындай.
Мед.бике:
Бір
асар тәтті бал үшін,
Тәртіпті бұздың қарынның қамы
үшін.
Міне, енді еңіреп тұрғаның ұят –
ақ,
Тәртіп керек , біліп ал , жан үшін
!
Аю.
Медбике апа, инспектор жолдас , енді
тәртіпті бұзбаймын.Кешіріңіздер
мені!
Мұғалім : – Бағдаршам жоқ көшелерден
қалай өтеміз ?
Егер өтетін жерде бағдаршам
болмаса көшеден өте бере әуелі сол жаққа
қараймыз. Көшенің орта тұсына жеткенде , оң жағымызға
көз саламыз. Егер ол жақтан машина
келе жатса , өтіп кеткенше , сол орында күте
тұрамыз. Ендеше, мына жолдармен бағдаршамсыз, бағдаршам барда қалай
жүретінімізді көрейік.\
Оқушы қалай өтетінін көр
сетеді.
Инспектор
Рақымжан:
Көреген, дәу қырағы.
Көшемізде тұрады.
Оның аты – бағдаршам,
Жол
сілтейді әрқашан.
Ол
бергенде команда,
Бағынамыз әмәнда.
Бағдаршам
Қалдымұрат:
Тұрамын көшенің қиылысын
тұрақтап,
Қашпаймын мүдіріп , ешқандай
сұрақтан.
Белгісі жолдардың төрт топтан
тұрады,
Жарқырап көрінер түнде де
жырақтан.
Бағдаршам Дәурен:
Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп ұқ үш сөзін.
«Тоқта, сақтан, жол
ашық!»
Жүрме жолға таласып.
Диана:
Төрт топтан құралған,
Белгілер туыстай.
Жол
сілтеп тұрады.
У-шусыз ұрыспай.
Сақтандыру , ескерту белгісі Манар
:
Қып
– қызыл үшбұрыш,
Қауіптен сақ бол деп сәт – сапар
жолдаған.
Аман – сау жүреді жаяу да , көлік те
,
Мен
берген белгіні сақтаған , қолдаған.
Тыйым салу
белгісі Қасымхан:
Қызылмен боялған , шеңбермін
аумақты,
Тыйымшыл белгімін , қаталмын салмақты
.
Мен
тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,
Қауіп бар , бағдарла көз салып
жан – жақты.
Міндеттеу белгісі Томирис
:
Белгімін көрсетер жылдамдық
бағытты,
Міндетті бұрылыс , әйтпесе
қауіпті.
Барлығын анықтап тұрамын
жолыңда,
Абай бол , шартыңды міндетті орында
!
Ңұсқау белгісі
Ислам:
Баратын жеріңнің бағытын ,
тұрағын,
Үн
– түнсіз жол сілтеп , жол нұсқап
тұрамын.
Күндіз де , түнде де от болып
жанады,
Көк түске боялған төрт бұрыш
шырағым.
Мұғалім: Балалар, біз әр белгінің не мақсатта
қолданылатынын білдік.
Қорытындылау :
Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі сабақты қорыта келе «Жас
дәуірдің балалары» әнін айтайық. Деніміз сау, еліміз тыныш, жол
тәртібін сақтап, аман – есен жүрелік. Қорыта
келе:
Ирек – ирек көшелер,
Көше деген мың ирек.
Қиындыққа әйтсе де,
Үйренесің біртіндеп.
Барар жерге асықпа,
Бәйге алмайсың бұрын
кеп.
Тойлибаева Маржан
Алімтайқызы
Алматы
облысы
Қарасай
ауданы
Қаскелең
қаласы
«Айголек» бала-бақшасының
тәрбиешісі