Тәрбие сағаты «Жолда жүру
ережесін сақтаймыз!»
Сабақтың
мақсаты: 1.Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру
.
2. Жол қауіпсіздігін есте
сақтауға, білуге жол
ережесінің
белгілерімен
таныстыру
3.Оқушыларды көшеде дұрыс
жүріп, жол ережесін сақтауға
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Бағдаршам , жол белгілері салынған суреттер ,
интерактивті тақта, жол ережесіне арналған
кітаптар.
Сабақтың
барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
:
Кіріспе
: «Жол
травматизмінің алдын алу» атты тәрбие сағатын бастағалы
отырмыз.
Жол заңы дұрыс жүріп ,
абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба ,
ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе
балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп
қуалайтыны , шаңғы тебетіні , жүріп бара жатқан
машинаға жабысатыны ,қалтарыстан жолға шығып
келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан
кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып ,
кейбіреулері жарақат алады . Ал кейбіреулері өмірлік
мүгедек болып қалады.
Сондықтан әрбір оқушы мектепте
оқылатын » Жолда жүру ережесі » тақырыбындағы сабақты мұқият
тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті .Үлгілі ,
тәртіпті оқушы көшеде, жолда жүру ережесін ,заңын
бұзбайды.
Сонымен қандай бала
жол ережесін бұзбайды ?
Балалар
: Үлгілі , тәртіпті
бала .
Мұғалім
: Ал енді »
Жолда жүру ережесін сақтаймыз! » атты тәрбие сағатымызды ашық
деп жариялаймын .
ІІ. Негізгі
бөлім:
Тақтадағы жұмбақтарды
шешу:
Жұмбақтар
1.
Ала таяқ
ұстаған,
2.
Көше бойлап аяңдайды,
Жол тәртібін
нұсқаған.
Адам тасып
аялайды.
Өміріңді
күзеткен, (Автобус)
Ысқырықпен түзеткен. (Милиционер)
3.
Көліктің қаншасын үстінен өткізген
,
Іргеден басталып , алысқа
жеткізген. (Жол)
4. Жоқ өзінде бас та ,
ауызда да , құлақ та ,
Бақырайған үш көзі бар бірақ
та.
(Бағдаршам)
5. Арқаным бар тым
ұзын,
Ала-алмайсың бір
үзім.
Табыңдаршы,
балалар,
Бұл
жұмбақтың шешуін. (Жол)
6. Өзі сөйлей
білмейді,
Бірақ
«Тоқта, жүр !» дейді. «Бағдаршам»
Мұғалім : Бағдаршам
өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз . Оның сырын
біліп , тіліп алу баршамызға
керек.
1. Неге
?
Біздің қаламызда , сол сияқты біздің
еліміздің қала , ауылдарына бәріне ортақ
көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар
да , үлкендер де , яғни барлық жүргізушілер ,
көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай
орындауы керек.
2. Балалар, сендер көшеде
жүру ережесін білесіңдер ме екен , көрейік . Мынадай
сұрақтарға жауап беріңдерші.
3. Жиек жол деген не ?
Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол
.
4. Жаяу адамға қай
жермен жүруге болмайды ? Көлік жүретін көшенің
ортасымен жүруге рұқсат
етілмейді.
Тақтада
Қызыл – Тоқта
!
Сары
– Сақтан !
Жасыл – Жол
ашық!
Құндызай : Қызыл көзін ашқанда
,
Сынық сүйем баспа алға
!
Диана :
Сары көзін ашқанда
,
Қарап қалма аспанға
!
Сұлупан: Жасыл көзін ашқанда
,
Өте бергін , жасқанба
!
Оқушылар бағдаршам сигналдарын
қолдарына ұстап , кезегі келгенде көрсетіп
тұрады.
Ән:
Бағдаршам
1. Көшеде біз сақ болайық
,
Қаймықпасын ата – ана
.
Жолда сен бол
лайық,
Жас ұлан деген
атқа
Сахналық
көрініс: «Маймақ аюдың
достары»
Инспектор
:
Медбике апамыз бәрімізді емдейді
,
Ауырса адамды, аңды да емдейді
.
Отырған мынау Медбике
апаға
Айтыңдаршы , кане кімдер келмейді
?
(Осы кезде басын
ақ шүберекпен таңған , сыртынан қан шып – шып шыққан аю
өкіріп келе жатады)
Инспектор
:
Апа, қараңыз мына сұмдықты
,
Маймақты кім қыңжылтты
?
Мед.бике:
Маймағым, не болған
өзіңе,
Көкпеңбек ісінген бас – көзіңде
?
Аю:
Айтайын мен жасырмай шынымды –
ай,
Сақтап қал , апа жанымды
шыбындай.
Жармасып бал тасыр машина
үстіне
Домалап түсіп шыңғырдым
құлындай.
Мед.бике:
Бір асар тәтті бал
үшін,
Тәртіпті бұздың қарынның қамы
үшін.
Міне, енді еңіреп тұрғаның ұят –
ақ,
Тәртіп керек , біліп ал , жан үшін
!
Аю.
Медбике апа, инспектор жолдас , енді
тәртіпті бұзбаймын.Кешіріңіздер
мені!
Мұғалім : – Бағдаршам
жоқ көшелерден қалай өтеміз
?
Егер өтетін жерде бағдаршам
болмаса көшеден өте бере әуелі сол жаққа
қараймыз. Көшенің орта тұсына жеткенде , оң жағымызға
көз саламыз. Егер ол жақтан машина
келе жатса , өтіп кеткенше , сол орында күте
тұрамыз. Ендеше, мына жолдармен бағдаршамсыз, бағдаршам барда қалай
жүретінімізді көрейік.\
Оқушы қалай өтетінін көр
сетеді.
Инспектор
Көреген, дәу
қырағы.
Көшемізде тұрады.
Оның аты –
бағдаршам,
Жол сілтейді
әрқашан.
Ол бергенде
команда,
Бағынамыз әмәнда.
Бағдаршам
Тұрамын көшенің қиылысын
тұрақтап,
Қашпаймын мүдіріп , ешқандай
сұрақтан.
Белгісі жолдардың төрт топтан
тұрады,
Жарқырап көрінер түнде де
жырақтан.
Бағдаршам
Ашса кезек үш
көзін,
Айтты деп ұқ үш
сөзін.
«Тоқта, сақтан, жол
ашық!»
Жүрме жолға
таласып.
Диана:
Төрт топтан
құралған,
Белгілер туыстай.
Жол сілтеп
тұрады.
У-шусыз ұрыспай.
Сақтандыру , ескерту белгісі
:
Қып – қызыл
үшбұрыш,
Қауіптен сақ бол деп сәт – сапар
жолдаған.
Аман – сау жүреді жаяу да , көлік те
,
Мен берген белгіні сақтаған ,
қолдаған.
Тыйым салу
белгісі :
Қызылмен боялған , шеңбермін
аумақты,
Тыйымшыл белгімін , қаталмын салмақты
.
Мен тұрған жерлерде хақың жоқ
жүруге,
Қауіп бар , бағдарла көз салып
жан – жақты.
Міндеттеу белгісі
:
Белгімін көрсетер жылдамдық
бағытты,
Міндетті бұрылыс , әйтпесе
қауіпті.
Барлығын анықтап тұрамын
жолыңда,
Абай бол , шартыңды міндетті орында
!
Ңұсқау белгісі
Ислам:
Баратын жеріңнің бағытын ,
тұрағын,
Үн – түнсіз жол сілтеп , жол
нұсқап тұрамын.
Күндіз де , түнде де от болып
жанады,
Көк түске боялған төрт бұрыш
шырағым.
Мұғалім: Балалар, біз әр
белгінің не мақсатта қолданылатынын
білдік.
Қорытындылау
:
Мұғалім : Балалар,
бүгінгі сабақты қорыта келе «Жас дәуірдің балалары» әнін айтайық.
Деніміз сау, еліміз тыныш, жол тәртібін сақтап, аман – есен
жүрелік. Қорыта келе:
Ирек – ирек
көшелер,
Көше деген мың
ирек.
Қиындыққа әйтсе
де,
Үйренесің
біртіндеп.
Барар жерге
асықпа,
Бәйге алмайсың бұрын
кеп.