Жолда жүру ережесін сақтаймыз

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жолда жүру ережесін сақтаймыз

Материал туралы қысқаша түсінік
жол ережесі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жолда жүру ережесін сақтаймыз!



Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру .



2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің



белгілерімен таныстыру



3.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.







Көрнекілігі: Бағдаршам , жол белгілері салынған суреттер , интерактивті тақта, жол





ережесіне арналған кітаптар.







Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі :



Кіріспе : «Жол травматизмінің алдын алу» атты тәрбие сағатын бастағалы отырмыз.



Жол заңы дұрыс жүріп , абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба , ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны , шаңғы тебетіні , жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны ,қалтарыстан жолға шығып келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып , кейбіреулері жарақат алады . Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады.



Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын » Жолда жүру ережесі » тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті .Үлгілі , тәртіпті оқушы көшеде, жолда жүру ережесін ,заңын бұзбайды.







Сонымен қандай бала жол ережесін бұзбайды ?



Балалар : Үлгілі , тәртіпті бала .



Мұғалім : Ал енді » Жолда жүру ережесін сақтаймыз! » атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын .







ІІ. Негізгі бөлім:



Тақтадағы жұмбақтарды шешу:



Жұмбақтар



1. Ала таяқ ұстаған, 2. Көше бойлап аяңдайды,



Жол тәртібін нұсқаған. Адам тасып аялайды.



Өміріңді күзеткен, (Автобус)







Ысқырықпен түзеткен. (Милиционер)





3. Көліктің қаншасын үстінен өткізген ,







Іргеден басталып , алысқа жеткізген. (Жол)









4. Жоқ өзінде бас та , ауызда да , құлақ та ,







Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)









5. Арқаным бар тым ұзын,



Ала-алмайсың бір үзім.



Табыңдаршы, балалар,







Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол)









6. Өзі сөйлей білмейді,







Бірақ «Тоқта, жүр !» дейді. «Бағдаршам»









Мұғалім : Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз . Оның сырын біліп , тіліп алу баршамызға керек.



1. Неге ?



Біздің қаламызда , сол сияқты біздің еліміздің қала , ауылдарына бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да , үлкендер де , яғни барлық жүргізушілер , көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.



2. Балалар, сендер көшеде жүру ережесін білесіңдер ме екен , көрейік . Мынадай сұрақтарға жауап беріңдерші.



3. Жиек жол деген не ? Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол .



4. Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды ? Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.







Тақтада



Қызыл — Тоқта !



Сары — Сақтан !



Жасыл — Жол ашық!



Құндызай : Қызыл көзін ашқанда ,



Сынық сүйем баспа алға !



Диана : Сары көзін ашқанда ,



Қарап қалма аспанға !



Сұлупан: Жасыл көзін ашқанда ,



Өте бергін , жасқанба !



Оқушылар бағдаршам сигналдарын қолдарына ұстап , кезегі келгенде көрсетіп тұрады.







Ән: Бағдаршам



1. Көшеде біз сақ болайық ,



Қаймықпасын ата — ана .



Жолда сен бол лайық,



Жас ұлан деген атқа







Қ- сы :



Әрқашан күн сөнбесін,



Аспаннан бұлт төнбесін .



Қасымда болсын анам,



Болайын мен де аман !



2. Жолда жүру әліппесін



Білген жөн бес саусақтай.



Сонда ғана жүре аласың ,



Сен өзіңді сау сақтап



Сахналық көрініс: «Маймақ аюдың достары»









Инспектор :



Медбике апамыз бәрімізді емдейді ,



Ауырса адамды, аңды да емдейді .



Отырған мынау Медбике апаға



Айтыңдаршы , кане кімдер келмейді ?



(Осы кезде басын ақ шүберекпен таңған , сыртынан қан шып — шып шыққан аю өкіріп келе жатады)







Инспектор :



Апа, қараңыз мына сұмдықты ,



Маймақты кім қыңжылтты ?







Мед.бике:



Маймағым, не болған өзіңе,



Көкпеңбек ісінген бас — көзіңде ?







Аю:



Айтайын мен жасырмай шынымды — ай,



Сақтап қал , апа жанымды шыбындай.



Жармасып бал тасыр машина үстіне



Домалап түсіп шыңғырдым құлындай.







Мед.бике:



Бір асар тәтті бал үшін,



Тәртіпті бұздың қарынның қамы үшін.



Міне, енді еңіреп тұрғаның ұят — ақ,



Тәртіп керек , біліп ал , жан үшін !







Аю.



Медбике апа, инспектор жолдас , енді тәртіпті бұзбаймын.Кешіріңіздер мені!





Мұғалім : — Бағдаршам жоқ көшелерден қалай өтеміз ?



Егер өтетін жерде бағдаршам болмаса көшеден өте бере әуелі сол жаққа қараймыз. Көшенің орта тұсына жеткенде , оң жағымызға көз саламыз. Егер ол жақтан машина келе жатса , өтіп кеткенше , сол орында күте тұрамыз. Ендеше, мына жолдармен бағдаршамсыз, бағдаршам барда қалай жүретінімізді көрейік.



Оқушы қалай өтетінін көр сетеді.





Инспектор Рақымжан:



Көреген, дәу қырағы.



Көшемізде тұрады.



Оның аты – бағдаршам,



Жол сілтейді әрқашан.



Ол бергенде команда,



Бағынамыз әмәнда.





Бағдаршам Қалдымұрат:



Тұрамын көшенің қиылысын тұрақтап,



Қашпаймын мүдіріп , ешқандай сұрақтан.



Белгісі жолдардың төрт топтан тұрады,



Жарқырап көрінер түнде де жырақтан.





Бағдаршам Дәурен:



Ашса кезек үш көзін,



Айтты деп ұқ үш сөзін.



«Тоқта, сақтан, жол ашық!»



Жүрме жолға таласып.





Диана:



Төрт топтан құралған,



Белгілер туыстай.



Жол сілтеп тұрады.



У-шусыз ұрыспай.



Сақтандыру , ескерту белгісі Манар :



Қып — қызыл үшбұрыш,



Қауіптен сақ бол деп сәт — сапар жолдаған.



Аман — сау жүреді жаяу да , көлік те ,



Мен берген белгіні сақтаған , қолдаған.







Тыйым салу белгісі Қасымхан:



Қызылмен боялған , шеңбермін аумақты,



Тыйымшыл белгімін , қаталмын салмақты .



Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,



Қауіп бар , бағдарла көз салып жан — жақты.







Міндеттеу белгісі Томирис :



Белгімін көрсетер жылдамдық бағытты,



Міндетті бұрылыс , әйтпесе қауіпті.



Барлығын анықтап тұрамын жолыңда,



Абай бол , шартыңды міндетті орында !







Ңұсқау белгісі Ислам:



Баратын жеріңнің бағытын , тұрағын,



Үн — түнсіз жол сілтеп , жол нұсқап тұрамын.



Күндіз де , түнде де от болып жанады,



Көк түске боялған төрт бұрыш шырағым.





Мұғалім: Балалар, біз әр белгінің не мақсатта қолданылатынын білдік.







Қорытындылау :



Мұғалім : Балалар, бүгінгі сабақты қорыта келе «Жас дәуірдің балалары» әнін айтайық. Деніміз сау, еліміз тыныш, жол тәртібін сақтап, аман – есен жүрелік. Қорыта келе:



Ирек – ирек көшелер,



Көше деген мың ирек.



Қиындыққа әйтсе де,



Үйренесің біртіндеп.



Барар жерге асықпа,



Бәйге алмайсың бұрын кеп.



Об этой рекламе

Ақпаратпен бөлісу:

GoogleFacebookПечать

Загрузка...

tagged with Тәрбие сағаттары

Без рубрики

4 КОММЕНТАРИЕВ(Я)

ТІЛЕУҚАБЫЛ АЯУЛЫМ 10.09.2012 16:50



ӨТЕ ҚЫЗЫҚТЫ ТАҚЫРЫП ЖӘНЕ ЕРЕЖЕНІ БІЛУГЕ ЖАҚСЫ ҮЛЕС ҚОСАДЫ ЕКЕН



Нравится



Ответить

AKMARAL 08.03.2013 13:36



tamawa barin okip wiktim



Нравится



Ответить

жанайым 26.01.2014 20:54



өте қызықты керек дүние бізде мектепте осындай дүние боп тұрады



Нравится



Ответить

айел 17.05.2014 17:42



барибир алам осы рефератты керек гой енди



Нравится



Ответить

ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ





Введите свой комментарий...

ANDROID





«ҰСТАЗДАР ӘНІ»





ЖАРНАМА



Құрметті Ұстаздар! Білім ғылым порталына жариялауға материалдар қабылданады. Жарияланған материалдарға сертификат, алғыс хат беріледі.

Құрметті Ұстаздар! Білім ғылым порталына жариялауға материалдар қабылданады. Жарияланған материалдарға сертификат, алғыс хат беріледі.

АКЦИЯ





БІЛІМ МЕКЕМЕЛЕРІНЕ ХАБАРЛАНДЫРУ



Республикалық 45minut.kz басылымы білім мекемелерінде өткізілетін семинарлар мен ғылыми конференцияларға ақпараттық қолдау (фото, видео, мақала жариялау) көрсетеді және топтама жинақ, материалдар жинағын баспадан шығарады.

Ақпараттық қолдау үшін: 45@45minut.kz почтасына ұсыныс хат жіберіңіз.

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ 45MINUT.KZ ГАЗЕТІ





«КҮНТІЗБЕ ЖОСПАРЫ — 2015-2016»



ТАҚЫРЫПТЫҚ КҮНТІЗБЕ ЖОСПАРЫ. ОМЖ. ҚМЖ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІМЕН ОНЛАЙН-СҰХБАТ



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІМЕН ОНЛАЙН-СҰХБАТ

РЕДАКЦИЯМЕН ХАБАРЛАСУ





«ОТРЯДЫ ПРАВОПОРЯДКА»



«ОТРЯДЫ ПРАВОПОРЯДКА»

«ОТРЯДЫ ПРАВОПОРЯДКА»

2015-2016 ОҚУ ЖЫЛЫ







GOOGLE АРҚЫЛЫ CАБАҚ ІЗДЕУ СІЛТЕМЕСІ



Сабақ іздеу сілтемесі

ПОИСК

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.11.2018
1220
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі