400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Жолда сақ бол!" ойын сауық кеші конспектісі,ортаңғы топ .

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілер қауымына балаларды жол жүру ережелерімен қызықты етіп таныстыру үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әбдіғалиева Ғалия Мұқанбетжанқызы

Ақтөбе облысы,Шалқар қаласы, «Балдырған» санаторлық бөбекжай бақшасы

«Жолда сақ бол!»атты

ойын-сауық кешінің конспектісі Мақсаты:жол қауіпсіздігінің ережелерін есте сақтауға тәрбиелеу;көшеде дұрыс жүруге үйрету;сахналау арқылы баланың санасына өз өмірлеріне жауапкершілікпен қарай білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:бағдаршам,жүргіншілер өту жолы макеті,атрибуттары.оқиға суреттері,бағдаршам.кейіпкерлердің (Айболит,инспектор,аю,түлкі) киімдері.

Тәрбиеші:Балалар,барлықтарың қазір актердің ролінде боласыңдар,ал мен көрермен болып отырамында,жыл мезгіліне қатысты сөздерді айтамын.Сендер соны қимылмен кқрсетесіңдер :

-Күн ысссы.

-Күн суық.

-Жаңбыр жауды.

-Жел соғып тұр.

Тәрбиеші:Жақсы орындадыңдар.Енді бәріміз қолымызды шапалақтау арқылы бірім бірімізге жылы лебіздерімізді білдірейік.

-Елімізде тыныштық болсын.

-Нанымыз көп болсын.

-Отбасымыз аман болсын!

-Заманымыз тыныш болсын!

-Таңымыз арайлап атсын!

-Аспанымыз ашық,бейбітшілік болсын!

Тәрбиеші:Айтқан тілектерің қабыл болсын!

Балалар,біздің қаламыз қалай аталады?Қаламызда көп көше бар екен .Көшелер атын айтып беріңдерші?Біздің балабақша қай көшеде орналасқан?Көшелермен неше түрлі машиналар жол жүреді екен.Егерде өмірлерімізді,денсаулықтарымызды сақтап қалғымыз келсе біз көшемен абайлап тәртібі бойынша жүруіміз керек.Демек,жаяу жүргіншілерге қойылған талаптарды бұлжытпай орындайық!

Бәрі:Жол тәртібін білейік!

Аман есен жүрейік!

Тәрбиеші:Ендеше өзіміздің жол жүру ережесіне арналған пьеса көрінісіне сендерді шақырамын.Көрініске билет алып ,орындарыңа жайғасыңдар.

Сахна пердесі ашылады.Сахна төрінде Айболит.

Жол сақшысы:Саламатсызба,Айболит мырза!Жол тәртібін бұзып жараланып келген ешкім жоқпа ?

Айболит:Саламатсызба,инспектор мырза!Жоқ,әзірге ешкім келе қойған жоқ.

Осы кезде музыка әуенімен ойналып қорбаңдап аю кіріп келеді.

Аю(жыламсырап):Басымды ауыртып алдым.

Инспектор:Маймағымау,сені кім ренжітті?

Аю:Бал таситын машинаның артына жармасып едім,құлап қалдым.

Айболит:Жылап тұрғаның ұят!Жол тәртібін өзің бұзыпсың,маймағым!Балалар,қараңдаршы,маймақ аю дұрыс істедіме?(сурет көрсетеді)

Балалар:Аю дұрыс істемеді,машина артына жармасуға болмайды.

Аю:Балалар,кешіріңдерші.Енді мен ешқашан машина артына жармаспаймын,өйткені ондай қылық қауіпті!Балалар,сендерда бұлай жасамаңдар,ия ма?

Музыка ойналып залға түлкі құйрығын ұстап жылап кіреді.

Айболит:Түлкі бикеш,сізге не болды?

Түлкі:Жол бойында доп қуалап ойнап еддім добым жолға шығып кеті.Добымды алмақ болғанда машина құйрығымды басып кетті.(жылайды).

Айболит:Қараңдаршы мына суретке,түлкінің жасағаны дұрыспа?

Балалар:Жол бойында ойнауға болмайды.Дұрыс жасамапты.

Айболит түлкінің құйрығын дәкемен танып береді.

Инспектор:Мына аю мен түлкі сақтық шараларын білмейді екен,оларды үйрету керек екен.

Аю мен түлкіні жол жиегіне апарады.

Инспектор:Жолды кез келген жерден өтуге болмайды.Тек жаяу жүргіншілер өту жолақшалар бар жерден ғана өтуге болады.Енді міне қараңдар (бағдаршамды көрсетеді)Мынау біздің бағдаршам

Қызыл көзін ашқанда сынық сүйем баспа алға

Сары көзін ашқанда қарап қалма аспанға

Жасыл көзін ашқанда,өтебергін,жасқанба!

Аю мен түлкіні жол тәртібін бұзбай шығарып салайық үйлеріне.

Аю мен түлкі жолдан өтіп қоштасып кетеді.

Инспектор:Балалар,сендерге көрініс ұнадыма?Ал енді «Иә,жоқ» ойыны арқылы сендердің алған білімдеріңді тексерейін.

-Көшеде келе жатқанда жол ережесін сақтайсыңдарма?

-Жол ережесін бұзуға болама?

-Жол жиегінде ойын ойнауға болама?

-Бағдаршамның қызыл түсі жанғанда өтесіңдерме?

-Жасыл түсі жанғанда өтуге болама?

-Жаяу жүргіншілер өту жолымен ғана көшені кесіп өтесіңдерме?

Демек,жол жүру ережелерін жақсы біліп жүрсек көшеде қауіп қатерден аман болады екенбіз.Осыны естеріңде жақсы ұстаңдар!



Біледі:бағдаршамның шамдары түстерін.

Үйренеді:бағдаршам шамдары жану реті арқылы іс қимыл жасауды;бөтен қимылдар жасамауды.

Игереді:жол ережесін сақтап жүруді.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 мамыр
668
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі