"Жолдау жолымен білім биігіне!" үгіт-насихат бригадалар байқауының сценариі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Жолдау жолымен білім биігіне!" үгіт-насихат бригадалар байқауының сценариі

Материал туралы қысқаша түсінік
Елбасының "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Жолдауын, "Рухани жаңғыру" бағдарламасын облыс ұстаздары арасында кеңінен насихаттау мақсатында жасалған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жолдау жолымен білім биігіне!» тақырыбындағы үгіт-бригада байқауының сценариі


КІРІСПЕ:

Құрметті көрермен қауым! Сіздердің алдарыңызда № 273 орта мектеп ұстаздары! Біздің топ: «Атамекен »

Біздің ұранымыз: «Елбасы жолдауына – ұстаздар қолдауы!»

Эмблема макеті әділ-қазы алқасына ұсынылады, таныстырылады:


Ұрпағымыз қазақ деген халықтың

Жас жүрегі Отанымның-алыппын

Бабамыздың мұрасы –Атамекенге

Ізбасар боп жаңғыртуға қалыппын.


Мектебіміз екі жүз жетпіс үшінші

Біз ұстазбыз –рухани мүсінші!

Қырандай еркін, қырағы болу -арманым

Ел ертеңі біздің қолда, түсінші!


Біз ұстазбыз түлеп ұшқан түлегі!

Күн көзіндей жалындаған жүрегі!

Рухани жаңғырамыз биіктеп,

Қолда бізді,туған жерім- Сыр елі!


Жолаушы келе жатады.Жолында жатқан шамды тауып алады, қызықтап қарай бастайды.Сүрте бастағанда, қорқынышты дыбыс шығып Джин пайда болады.

Ж: -Сіз кім боласыз?

Дж: -Мен 550 жылдан бері осы шамның ішінде жатқан иесі Джин боламын. Саған мені құтқарғаның үшін рахмет, сол үшін 3 тілегіңді орындауға әзірмін!

Ж: Маған 3 тілек емес, біреуі де жеткілікті. Егер сен бәрін білетін сиқыршы Джин екенің рас болса,мені Қазақ Елінің Ұлт көшбасшысынң халқына жолдаған жолдауымен таныстыр!

Дж: Әміріңізге құлдық!

Ұшқыр кілемге отырып, екеуі зулайды.


Бригада мүшелері сахнаға шығады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ:


«ВРЕМЯ ВПЕРЁД» музыкасына әр қатысушы кірпішті біртіндеп әкеп қалайды. Елбасы жолдауының 10 бағытын атап тұрып, кірпіштерді қалайды.

  1. Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс.

  2. Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту.

  3. «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі.

  4. Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру.

  5. Құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу.

  6. Қаржы секторын «қайта жаңғырту».

  7. Адами капитал – жаңғыру негізі

  8. Тиімді мемлекеттік басқару.

  9. Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі

10)«Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» үшін


Соңында «Мәңгілік Ел» монументі құрастырылады. Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына байланысты төмендегі сөздер «Астана –ару қала» әнімен орындалады.


Азияның 20 жасар ару қызы

Ақмаңдай, жайма шуақ жарқын жүзі

Көркіне көрген жандар ғашық болған

Кетпесін басқалардың тиіп көзі

Астанам- бас қалам

Жайнай бер, жас қалам!

Жасай бер, жаса сен, Астанам!


Келесі кезекте Қазақстан Республикасы Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауының әр бағытының мазмұны «Чемпиондар әніне» жазылған сөздермен жеткізіледі.


  • Жаһандық өзгеріс енеді

Жастарға еліміз сенеді

100 нақты қадам –Ұлт жоспары

Елім үшін ең керегі!

  • «Цифрлық Қазақстан» боламыз!

Аспанда Айға да қонамыз!

IT –мен қызмет көрсетіп,

Әлемде алда боламыз!

Қайырмасы:


-Әлемге ЭКСПО танылды

Күн көзі шамдары жағылды

«Жасыл» энергия –өндіріп әлемге

Болады елім тағы үлгі.



  • Аграрлық саясат жүреді

Алтын дән – елімнің тірегі.

«Қазақстанда жасалған» азық

Болады елімнің бренді!

  • Көлік-логистика тиімді

Тасиды жүктерді, киімді.

Трансконтинентал атанып Қазақстан

Тоғыз жол торабы жиылды!



Қайырмасы:


-Құрылыс секторы жоғары

Сапалы үйлері болады

Көпшілік қолжетім үй алып риза

Боп төрінде отыр қонағы.


  • Қаржының секторы жаңғырар

Ұлттық Банктер сән құрар

Инвестициялық ахуал жақсарып,

Молаяр ұлттық қаржылар.

  • Ең басты байлығым-адамдар

Білімде жасаймыз қадамдар.

Латын әліппесін үйреніп,

Үш тілде сөйлейтін шамам бар.

Қайырмасы:

Оқытып халықтың баласын

Дамытып денсаулық аласын

Білімді көтеріп жоғары деңгейге

«Рухани жаңғыру» табасың.

Мемлекет тиімді басқарса

«Бір терезе » жолы басталса,

Кешенді қызмет көрсетіп

Киберқауіпсіздік жақсарса.

Қайырмасы:


Жемқорлықсыз әлем орнайды

Құқықты заңымыз қорғайды

«Смарт Сити » тұжырымдамасыменен

«Ақылды қалалар» орнайды.


Қорытынды:

Хор: «Туған ел»












«Қармақшы аудандық білім бөлімі»


«№ 273 орта мектебі» коммуналды мемлекеттік мекемесі






Аймақтық «Жолдау жолымен білім биігіне!» атты

Қазақстан Республикасы Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауын насихаттауға арналған

273 орта мектебі жанынан құрылған «Атамекен» үгіт-насихат бригадасының сценариі.










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.10.2020
854
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі