400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жолы болсын әркімнің, орында жол тәртібін. («Адалдық- адамдықтың белгісі»).

Материал туралы қысқаша түсінік
Жолы болсын әркімнің, орында жол тәртібін. («Адалдық- адамдықтың белгісі»).
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бекітілді_________________________

Тәрбие сағаты


Бөлім

«Жеткіншектің жеті жарғысы жобасы».

Педагогтың Т.А.Ә


Күні:


Сынып: 4 «А»

Қатысушылар саны 34

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

Жолы болсын әркімнің, орында жол тәртібін. («Адалдық- адамдықтың белгісі»).

Сабақ мақсаттары:

Оқушылардың көшеде жүру ережелерін меңгеру дағдысын қалыптастыру және оны іс-жүзінде пайдалана білуін жетілдіру. Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу.

Құндылықтар

Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру.

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі

Педагогтің әрекеті

Ресурстар

Басталуы

Жол жүрудің тәртібін
Ережесін білеміз.
Сақтанғанда қатерден,
Сау - саламат жүреміз.

- Көшеде жүру тәртібін білмеу неге әкеп соғуы мүмкін?


Ортасы

Мұғалім түсіндірмесі.

Көшеде жүру тәртібін орындамау көліктердің жүріп тұруына кедергі келтіреді, жұмысшылар жұмысқа, оқушылар сабаққа, дәрігерге, басқа да баратын жерлеріне дер кезінде жетпеуі мүмкін.Көшеде жүру тәртібін білмеудің салдарынан адамдар жол апатына ұшырап жатады.Жолда жүру ережелерін білмеген оқушылар көлік астына түсіп, қыршыннан қиылып та жатады.
«Жедел жауап».
- Балалар, жол деген не?
«
Жол» деген сөздің өзі көлік құралдары мен жүргіншілер қозғалатын аумақ ұғымын қамтиды. Бұл қалалар мен елді мекендер, олардан тыс жерлердегі жолдар, көшелер мен бұрылыстар. Жол көліктер мен жаяу жүргіншілерге арналған деп екіге бөлінеді.
- Жолда жүруде біз білу керекті ең негізгі ереже қандай?
Жолда жаяу жүргінші мен жүргізуші болады. Автобустар, троллейбустар мен автокө ліктер көліктің негізгі ЖОЛ АЛЫБЫМЕН жүреді, ал жаяу жүргінші ТРОТУАРМЕН немесе көше бойының оң жақ шетімен жүру керек.
- Тротуар деген не?
Тротуар сөзі француз тілінен аударғанда «жаяу жүргіншіге арналған жол» дегенді білдіреді. Тротуар үстінде қандай да болмасын ойын ойнауға немесе жүгіруге болмайды. Бұл жаяу жүргіншіге бөгет жасаумен атар, аса қауіпті болып табылады.
- Жол жиегінің бойындағы қапталдар не?
Бұл – жол жиегі мен тротуар аралығын бөліп тұру үшін қаланған арнайы тас қаптал. Оны БОРДЮР деп атайды. Бордюр француз тілінде «бір нәрсені жиектеуге арналған жолақ» деген сөз. Кейбір балалар осы бордюрдің үстімен жүруді қызық көреді. Ондай жағдайдың ақыры қайғылы оқиғаға соқтыруы мүмкін.
- Жол бойындағы сызықтар мен белгілерді қалай атаймыз?
- Жол белгілері
- Біз үнемі тротуармен жүре бермейміз. Көшеден өтетін кезде қалай өтеміз?
Көшеден тек жаяу жүргіншілер өтпесі арқылы өту керек. Оны «
Зебра» (жолақ жол)
деп атайды.
Жолақ жолмен көшеден
Өтеді кіл жаяулар.
Көліктердің бәрінің
Жылдамдығы баяулар.
«Қалмасын жұрт жолынан!»-
Деп жол берер көліктер.
Зебраның жонынан
Аумайды өзі, келіп көр!
- Көшеде жүру тәртібін не басқарады?
Оқушылар хормен:
БАҒДАРШАМ
Бағдаршам - өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз, оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек.
Қызыл көзі жанғанда
Қалт тоқтай қал табанда.
Сары көзі жанғанда,
Сақ, абай бол барынша.
Жасыл жарық жол ашық,
Жүре бергін бел асып.

- Ал, балалар, жолдағы жол белгілері не үшін керек деп ойлайсыңдар?
Жол белгілері жолдарда қозғалысты реттеуге көмектеседі. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол апаттарынан сақтануды ескертеді, қайда баруға болады және болмайтындығын көрсетеді.
Ескерту белгілері.
Үшбұрышты қызыл бояумен көмкерілген бұл белгілер жол бойында жағдайсыз, яғни қауіпті жерлер бар дегенді білдіреді.(суреттерін көрсете отырып әр оқушы екіден ескерту белгілерін атап шығады).
• жаяу жүргінші өтпесі
• балалар
• тайғақ жол
• жол жөндеу жұмыстары
• екі жақты қозғалыс
• велосипед жолымен қиылыс
• шлагбаумы бар темір жол
• шлагбаумы жоқ темір жол
Басымдылық белгілері – бұл белгілер жүріс бөлігінің немесе жолдың жіңішкерген бөліктерінің көше қиылыстарын өтпелерін кесіп өту керектігін бейнелейді.
• басты жол
• басты жолдың аяқталуы
• жол беріңіз
• аялдамасыз қозғалуға тыйым салынады.
Тыйым салатын белгілер.
Дөңгелек шеңбер түрінде қызыл бояумен беріледі. Ол қозғалыс атаулының бәріне ты йым салады (суреттерін көрсете отырып әр оқушы екіден ескерту белгілерін атап шығады).
• кіруге тыйым салынады
• қозғалысқа тыйым салынады
• велосипедпен жүруге тыйым салынады
• жаяу жүргіншілердің қозғалысына тыйым салынады
• аялдауға тыйым салынады
Нұсқау белгілері – бұл топтағы белгілер жаяу жүргіншілер мен велосипедшілер жүретін жерлерді көрсетеді, қандай да болмасын көлік түрлерінің біреуінің нақты бағыттағы қозғалысына рұқсат береді.
• түзу қозғалыс
• оңға қозғалыс
• айналма жол
• велосипед жолы
• жаяу жүргінші жолы
• ең төменгі қозғалысты шектеу
Ақпараттық көрсеткіш белгілері.
Бұл топтағы белгілер жол қозғалысына қатынасуларға, жаяу жүргіншілер өтпесі орналасқан жер, қоғамдық көлік аялдамасы, көлік тұратын орын туралы хабарлайды.
• автобус немесе троллейбус тоқтайтын жер
• трамвай тоқтайтын жер
• біржақты қозғалыстағы жол
• тұрақ орны
• жаяулар өтпесі
• жер асты жаяулар өтпесі
Қызмет көрсету белгілері.
Қызмет көрсету белгілері - тиісті объектілердің орналасуын хабарлайды.
• алғашқы медициналық көмек пункті
• аурухана
• телефон
• тамақтану орны
• ауыз су
• демелыс орны
Үш оқушы мектепке бару үшін үйінен шықты да, көлік жүретін көшеде қуаласып ойна ды. Тәртіпсіздеу біреуі екінші оқушыны итеріп жібереді. Ол жығылып қалады. Үшінші оқушы жығылған баланы тұрғызуға көмек көрсетеді. Дәл осы кезде бұрылыстан шыға келген машина әзер тоқтайды. Итерген тәртіпсіз оқушы бар ықыласымен айқайлап, күліп тұрады.
- Осы көрініс жайында не айтасыңдар? / /
- Әрине, осындай ережеге сай емес ойындар кездейсоқ апатқа кезіктіреді. Сондықтан жолда жүру ережесін үнемі сақтаңдар.
«Адалдық- адамдықтың белгісі» бейнеролик көрсету.


Аяқталуы


Тәрбие сағатымызды қорыта келгенде, біздің қалаларымызда сол сияқты біз тұрғандай ауылдардың бәріне ортақ жолда жүру ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үл кендер де, барлық жүргіншілер мен жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.



























































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
4 маусым
165
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі