400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Жолың болсын балақай

Материал туралы қысқаша түсінік
Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Жолың болсын балақай



Мақсаты: Жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.



Көрнекілігі: Бағдаршам, жол белгілері, жолда жүру әліппесі, жол ережесіне арналған суреттер



Әдіс-тәсілдері: сұрақ–жауап, сахналау, ойын



Сабақтың барысы:
   І.Ұйымдастыру бөлімі.

 Мұғалім:

Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан-жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде.  Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді.  Жол-көлік оқиғаларының қауіпі арта түсуде.  Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет.  Жол-көлік оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде. Оның себебі – көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін әлі де болса нашар біледі.  Міне, осы мақсатта біз бүгін «Жолың болсын, балақай!» атты жол ережелеріне арналған тәрбиелік шара өткізбекшіміз. Ендеше, қош келдіңіздер! 

-     Балалар, сендер саяхаттағанды ұнатасыңдар ма?

Саяхатқа немен шығуға болады?

Әрине, автокөлікпен, тарамваймен, троллейбуспен саяхаттауға болады.

Жолда жүру ережесін білмей, саяхаттауға бола ма?

Жоқ

ІІ. Қызығушылығын ояту.

Сұрақ – жауап:

-Балалар көшеде жүру ережесін білу бізге не үшін керек?

(Әр адамның өз өмірінің қауіпсіздігі үшін)

-Жаяуға қай жермен жүруге болмайды?

(Көліктер жүретін тас жолмен)

-Көшеде жүру тәртібін кім басқарады?

(Жол полициясы басқарады)

-Бір жерге асықсаң, жолдан тез жүгіріп өту керек пе? Неге?

(Жолдан өту кезінде оң жаққа, сол жаққа қарап жаяу жүргіншілер өтетін жолмен жүру керек)

Оқушы:

Арманға алда күткен асығамыз,

Біз қалай толқын атпай басылармыз.

Жол жүру ережесін жақсы біліп,

Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз!

Жалғайтын достастырып бар елменен,

Жолдардан тұрады ғой әлем деген,

Бүгінгі бізге келген қонақтарға

Кешіміз басталсын сәлемменен!



Бағдаршам туралы не білесіңдер?    

Слайд Бағдаршам



Жүргізуші

Қызыл жанды, тоқтағын,
Көрдің жұрттың тосқанын.
Сары жанды – дайындал
Айналаңа қарап ал.
Жасыл жанды – тыңдағын
Жолың ашық,
тұрмағын.
   

Балалар, бүгінгі кешіміздің ең басты қонағы – Бағдаршамды ортаға шақырамыз.
Ортаға Бағдаршам болып киінген оқушы шығады.

 Бағдаршам:

 Сәлем, балалар! Мені барлық елдің балалары жақсы біледі. Бүгін мен сендерге арнайы келдім.
Жүргізуші: 

Қош келдің, Бағдаршам! Ал, енді балалар бағдаршам туралы қандай тақпақтар білесіңдер?



Бағдаршам: (Тоғжан)

Жолды кесіп өтерде,

Сол жағыңа қарайла,

Жарты ортаға келгенде

Оң жағыңа қарайла

Білгеніңді басқаға

Үйрете жүр, жарай ма?

 

Қызыл көзі (Нұрай)

Мен көзімді ашқанда,

Ешқашанда баспа алға.

Орныңда тұр қозғалма

Ереже бұл “Сен тоқта!”



 Сары көзі (Гүлімай)

 Мен көзімді ашқанда,

Қарап қалма аспанға.

Жүруге әлі болмайды,

Дайындықты сақтайды

 

 Жасыл көзі (Ару)      

 Мен көзімді ашқанда,                                                              

Көліктер саған тоқтайды.

Ережені білгендер,

Өтуге еш қорықпайды.



 ІІІ. Жұмбақ жасыру

Арқаным бар тым ұзын,

Ала-алмайсың бір үзім.

Табыңдаршы, балалар, 

Бұл жұмбақтың шешуін.  (Жол) 

 

Бір тұлпар, су ішпейді, жем жемейді,
Ескеріп ешбір адам емдемейді.
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Шылбырын сымға байлап тез жөндейді. (Трамвай)

 

Бұйырмапты бас та, ауыз да, құлақта,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та.         (Бағдаршам)

 

Ала таяқ ұстағаны                                                        Көше бойлап аяңдайды,

Жол тәртібін нұсқаған.                                                Адам тасып аялайды.

Өміріңді  күзеткен,                                                                                  (Автобус) 

Ысқырықпен түзеткен.  (Милиционер)

 

Көліктің  қаншасын үстінен өткізген , 

Іргеден басталып, алысқа жеткізген.       (Жол)     

 

 

Өзі сөйлей білмейді,            

Бірақ «Тоқта, жүр !» дейді.        (Бағдаршам)        

 

Көрініс:

Бір қалада кішкентай, өте ақымақ қоян өмір сүреді. Ол көшенің арғы бетіне өтпекші болады. Бағдаршамның жасыл түсі жанып, халық жаяу жүргіншілер жолымен өтті. Ол кезде қоян не істеді?

Қоян:

Маған жол ережесін білу қажет емес. Сендерге бір құпия айтайын. Трамвай, автобус, машинадан қорықпаймын. Кез келген жерден зу етіп өте шығамын. (үлкендерді тыңдамаған қоян жолдан жүгіріп өтпекші болғанда жеңіл машина оны қағып кетті. Бұл жағдайды көрген жол сақшысы "Жедел жәрдемге" қоңырау шалады)

Полиция қызметкері: Сәлеметсіздер ме? Бұл «Жедел жәрдем» бе. Қоянды көшеде жеңіл машина қағып кетті. Тез келсеңіздер екен. Жағдайы өте нашар.

Полиция қызметкері:

Ұзын құлақ сұр Қоян-ай! Қайғы жамылдың –ау!

Дәрігер:

Қай жерің ауырып жатыр, Қоян? Қазір сені тексерейін.

Қоян:

Аяғым ауырып жатыр. (Айқайлап жылап жібереді)

Полиция қызметкері:

Жылама, шыда, Қоянжан! Бағдаршамға қарап жол ережесін сақтағаныңда мұндай пәлеге ұрынбас едің. Дәрігер қоянның жағдайы енді не болмақ. Ол енді жүре ала ма?

Дәрігер:

Қоянның аяғын гипстеп, ауруханаға жатқызамын.

Полиция қызметкері:

Көрдіңдер ме, қоянның басынан қиын жағдай өтті. Біз жолдан өткенде бағдаршамға қараймыз ба? Бағдаршам дегеніміз не?

(Ортаға бағдаршамның үш түсі болып балалар шығады)

Бағдаршам

Ашса кезек үш көзін,

Айтты деп ұқ үш сөзін:

«Тоқта!»

«Сақтан!»

«Жол ашық!»

Жүрме жолға таласып.

Қызыл көзін ашқанда,

Сынық сүйем баспа алға.

Сары көзін ашқанда,

Қарап қалма жасқанба.

Жасыл көзін ашқанда,

Өте бергін жасқанба.

Көзін ашып-жұмады,

Бағыт сілтеп тұрады.



Полиция қызметкері:

Ал енді, балалар, ауруханаға телефон соғып қоянның көңіл-күйін білейін.

(осы кезде бағдаршамның шамдары ымыраға келмей дауласты)



Қызыл шам:

Мен мықтымын! Егер қаласам, машина, адамдар, бүкіл қозғалысты бір орында тоқтатып тастаймын.

Сары шам:

Жоқ, мен күштімін!

Жасыл шам:

Мен барлығына жолдан өтуге рұқсат беремін!

Полиция қызметкері:

Бұл не деген айқай-шу? (ысқырады)

Балалар:

Бағдаршамның шамдары дауласып жатыр.

Полиция қызметкері:

Біз бағдаршамсыз қалай өмір сүреміз? Маған көп салмақ түсетін болды ғой.

Хормен:

Дауласуды қояйық

Жарықтарды жағайық!

Бағдаршам-ау, бағдаршам,

Достасып тату болайық!

Полиция қызметкері:

Рахмет сендерге, достарым! Менің сендерге айтатын қуанышты хабарым бар. Қоян бүгін ауруханадан жазылып шығады. Қоянды қарсы аламыз ба, балалар.

(Осы кезде хат тасушы Қояннан хат әкеліп береді)

Қоянның хаты

Құрметті менің достарым!

Балалар, маған көмек қажет! Ауруханадан шыққан соң үйіме қалай қайтарымды білмей миым қатып отыр. Себебі мен жолда жүру ережесін білмеймін. Тағы да ауруханаға түскім келмейді. Өтініш: көмектесіңдерші! Сәлемнен Қоян.

(балалар қоянды аурухананың алдынан тосады.)

Розалин

Аманбысың Қоянжан!

Қорықпағын сен жолдан

Үйретеміз барлығын,

Боламыз біз «Ботақан»



Бақтияр:

Мынау тұрған бағдаршам,

Қызыл, сары, жасыл шам.

Кезекпеен жанады

Ұғып алғын, Қоянжан.



Диас:

Қызыл түсі жанғанда,

Баспа қадам сен алға!

Сары түсі жанғанда,

Дайындалып тұр мұнда!

Жасыл түсі жанғанда,

Жорта бергін сен жолда.



Полиция қызметкері.

Қоянжан, сен бағдаршамды, оның түстерін, жаяу жүргіншілер жолын ғана білдің. Сен білмейтін көшедегі белгілер жайында біздің балаларымыз жақсы біледі. (Көшедегі белгілерді Қоянға таныстыру)

Нұрай

Басталар әр қадамың аңдауменен,

Жолда жүру ережесін сақтауменен.

Тоғжан

Ирек-ирек көшелер,

Көше деген мың ирек.

Қиындыққа әйтсе де,

Үйренесің біртіндеп,

Барар жерге асықпа,

Бәйге алмайсың бұрын кеп!



Ару

Қып-қызыл үшбұрыш,

Қауіптен сақ бол деп.

Сәт-сапар жолдаған.

Аман-сау жүреді, жаяу да көлік те,

Мен берген белгіні, сақтаған, қолдаған. (Ескерту белгісі)

 

Нұрай

Қызылмен боялған шеңберім аумақты,

Тыйымшыл белгімін, қаталмын, салмақты.

Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,

Қауіп бар, бағдарла көз салып жан-жаққа  (Тыйым салу белгісі)

Гүлімай

Баратын жеріңнің бағытын, тұрағын.

Үн-түнсіз жол сілтеп, жол нұсқап тұрады.

Күндіз де, түнде де от болып жанады.

Көк түске боялған төрт бұрыш шырағым (Нұсқау белгісі)

Қоян:

Балалар, сендерге үлкен рахмет!

Викториналық сұрақтар

1. Жолаушылар дегеніміз кімдер ? (Кез-келген көлік түрін пайдаланатын адамдар.)

2. Бағдаршам дегеніміз не ? (Бағдаршам автомат жүйесіне қосылған үш көзді аспап. Жол қозғалысын реттейді)

3. Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге болады ? (жол бойына 14 жасқа толған балаларға ғана рұқсат)

4. Жиекжол жоқ жерде қалай жүру керек ? (Ауылдық жерлерде жиекжол болмау мүмкін, ондай жағдайда жолдың бір шетімен келе жатқан көлікке қарама-қарсы бағытта жүрген жөн)

5. Көшеде бағдаршам болмаса не істеу керек?

(Өз көзіне сену керек, жол ортасына жеткенше, әуелі сол жаққа қара, ортасынан асқан соң, оң жаққа мойныңды бұр)

6.Жаяу жүргінші жол бойында қалай жүріп-тұруы керек?

(жиекжолдың оң жақ шетімен)

7. Қандай көліктің түрлеріне бағдаршамның қызыл жарығына жүруге рұқсат етеді?

(жедел жәрдем, полиция, өрт машиналарына)

8. Жолаушы таситын қоғамдық көліктерді қай жерден күтеді?

(аялдамада)

9. Жақындап қалған көліктің алдынан жүгіру неліктен қауіпті?

(жүргізуші көлікті тоқтата алмауы себепті адам өміріне қауіп төнеді

10. Жүргізушіге қандай жағдайда транспорт құралын басқаруға болмайды?

(ішімдік ішкен жағдайда)

Ару

Күндей күліп өмірде,

Гүлдейді өмір жүректе.

Ережені білмей тұрып,

Жолға шығу мүмкін бе?

Диас

Жыламасын аналар,

Жас ұландар өсе бер.

Сақ болыңдар, балалар!

Сақ жүріңдер көшеде.

Бақтияр

Жол жүрудің тәртібін,

Ережесін білеміз.

Сақтағанда қатерден,

Сау-саламат жүреміз!



Ойын: Бағдаршам

Ән: Жолың болсын жолаушы



Барлығы: Жол тәртібін білейік
                  Аман есен жүрейік!


Мұғалім: Рахмет, балалар. Бүгін сіздер өздеріңнің жол ережесін білетіндіктеріңді көрсеттіңдер. Қай жерде жүрсеңдер де жолда жүру ережесін сақтап, басқаларды да соған шақырыңдар дегім келеді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
1212
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі