Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жолың болсын балдырған!

Материал туралы қысқаша түсінік
Жыл бойына алған білімдерін пысықтау, ертеңгі Қазақстанның болашағы екендігін ұғындыру, өздерін қадірлей білуді үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жолың болсын балдырған!»

Тақырыбы:  «Жолың болсын балдырған!»
Мақсаты: Жыл бойына алған білімдерін пысықтау, ертеңгі Қазақстанның болашағы екендігін ұғындыру, өздерін қадірлей білуді үйрету.
Көрнекілік: «Жолың болсын балдырған!» атты әдемі жазулар шармен әсем безендірілген сынып.

Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар!Бүгін біз сіздермен бір жыл даярлық тобында мектеп өмірімен танысып, алғаш сандармен әріптер жайлы мағлұмат алып, ән айтып, сурет салып, достарымен табысқан бүлдіршіндерімізді өмірдің алғашқы үлкен арналарының бірі мектепке шығарып салуға жиналып отырмыз. Қадамдарың құтты болсын жас бүлдіршіндер!!

Даярлықпен қоштасуға арналған «Жолың болсын балдырған!» атты ертеңгілігімізге қош келіпсіздер!
Ертеңгілігіміз 2 бөлімнен тұрады:

1.Жыл бойы алған білімдерін ортаға салып қорытындылау.

2.Концерттік бағдарлама.

Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді,
Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды.
Бізден ұшып,қанат қағып есейдің,
Өздеріңмен қоштасатын күн туды.
Бізден ұшып талмай қанат қағыңдар,
Жүректерден арман отын жағыңдар.
Жақсы оқып алтын ұя мектепте,
Бұл өмірден бақыт жолын табыңдар,- деп даярлық топпен қоштасқалы отырған бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық.

Музыка ойналып, ортаға балалар шығады.

  1. Шаттық шеңбері.

Қуанамын менде,

Қуанасың сенде.

Қуанамыз бізде,

Арайлап атқан күнге!

Балалар енді біздер білім еліне саяхатқа шығамыз.

  1. «Денсаулық бекеті.»

Қонаққа жын келді. Ол бізге жаттығу жасайық дейді.Қане дайынбызба?

Аяқпенен топ-топ-топ биін билеу.

  1. «Қатынас» бекеті.

Сайқымазақ қонаққа келді.Бізге тапсырма әкелген екен.

1.Дыбыстар нешеге бөлінеді?

2.Жыл мезгілдерін ата.

3.Буындарды оқы.

4.Жүмбақтарды шеш.

5.Мына ертегілер қай ертегіден үзінді соны тап.

3. «Таным» бекеті.

1. 0-ден 10-ға дейін тура сана.

2.10-нан 0-ге дейін кері сана.

3. Есептерді шығару.

4. Көршісін тап.

5. Салыстыр.

4. «»Шығармашылық» бекеті.

Кірпінің тапсырмасы: маған әдемі ән айтып беріңдерші.

« Бізге мектеп үйретеді.»

5. «Әлеуметтік орта» бекеті.

Қарғаның тапсырмасы: Мұқият қарап орында. Әр аңның, құстардың даусын ажырата білу.


Сергіту сәті.


Енді екінші бөліміміз концерттік бағдарламаға кезек берейік.

Ортада бүлдіршіндеріміз тамаша тақпақтарын айтады. Қарсы алыңыздар.

Мектеп вальсі.

Кәусар

Талай қызық той өткіздік,

Бірақ орны бөлекше,

Даярлықпен қоштасатын

Бүгінгі той ерекше.

Аян

қош даярлық тобымыз

Ардақтаймыз атыңды

Ізгіліктің басы боп

Мені мектеп шақырды.

  Ақзере

Өсті ақыл ойымыз

Өсті міне бойымыз

Қуанышқа ортақ боп

Құтты болсын тойымыз.

  Мадияр

 Мектепке енді барамыз

Үлгілі бала боламыз

Жақсы оқып сабақты

Кілең бестік аламыз.

  Айғаным

Көк жүзінде самғаңдар

Мұхиттарды жалғаңдар

Күллі әлемді шарлаңдар

Ғарышқа да самғаңдар

  Ерназ

Біз балауса баламыз

Жетілді ой санамыз

Бал күндерді қиялдап

Мектепке кетіп барамыз.

  Сымбат

Даярлығым сүйікті

Ән салдырды, билетті

Шынықтырып денеңді

Шымырлыққа үйретті.

Ән: «Бізге мектеп үйретеді.»

Ай круто қыздар билейді.

  Әділ

Оқимыз, білім аламыз

Болашақ жолын саламыз

Даярлықпен қоштасып

Мектепке кетіп барамыз

  Азиза

Бірге болсын ойымыз

Құтты болсын тойымыз

Бүлдіршіндер шаттана

Ән айтады мақтана.

  Әлімжан

Сыйластықты білеміз,

Достықты біз сүйеміз
Ата-ананы сыйлаймыз

Ұстаздарды тыңдаймыз

Айлин

Қуантып, әрі қинайды
Даярлықтан алыс кеткенім
Қажет қой бірақ білімнің
Теңізінен өткенім.



Бейбарыс

Сезімді туған баламыз
Оянды ақыл-санамыз
Адамдықтың бастауын
Өзіңнен алып барамыз

Ұлбике

Үлкендердей тап- таза
Бормен жазар тақтаға
Үлгілі бала боламын
Жүретіндей мақтана.

Бақдәулет

Оқимыз, білім аламыз
Болашақ жолын саламыз
Даярлықпен қоштасып
Біз мектепке барамыз.

Құралай

Бүгін қызық, бүгін той
Біздер үшін біліп қой
Әнге салып, би биле
Жалғастырып ойды ой

Матростар биі

Ән: «Бала тілегі.»

Бәрекелді бәрің де ақылды екенсіңдер.сендердің білімдеріңе өте риза болдық.Жолдарың болсын жас достар!

Құтты болсын тойларың!
Сәтті болсын жолдарың,
Айналайын гүлдерім,
Ақ шуақты күндерім,
Ерекше қызық тілдерің,
Естен кетпес үндерің.
Сүйкімді балғын бала шақ,
Сендердікі болашақ.
Озат болып оқыңдар,
Ойға білім тоқыңдар.

Сәт сапар тілеймін.

Қорытынды :

-Құрметті осы мерекеге жиналған ата-аналар! Бала біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі. Сол ертеңгі ел тізгінін ұстайтын ұрпағымызды тәрбиелеп, бойына ізгілік нұрын себу мына отырған сіздер мен біздердің міндетіміз. Енді ата-аналар мен ұстаздарға сөз кезегін береміз.Ақ бата сұраймыз.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.02.2018
513
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12