Жомарт
күз
Ертеңгіліктің
мақсаты:
Көрнекілігі:
күз мезгілі суреттері, шарлар, плакаттар,
көкөністер мен жемістердің көрмелері.
Жүргізуші:
Құрметті қонақтар, балалар сіздерді
бүгінгі «Жомарт күз» мерекесімен
құттықтайды. Күз баршамызға молшылық,
ырыс қуаныш әкелетін мезгіл. Күзіміз
әрдайым берекелі, ырысты болсын.
Бүгінгі
біздің «Жомарт күз» атты мерекелік
шарамызға қош келдіңіздер. «Жомарт күз»
атты мерекелік шарамызды ашық деп
жариялаймыз.
Бүгін
мейрам, бүгін той
Қуанышты
күн біліп қой!
Күзгі
бақтай сыңғырлап,
Алақанды
соғып қой!
Ал
балалар тұрмайық,
Босқа
қарап қалмайық.
Бүгінгі
күн мереке,
Шырқап
әнге салайық.
Күз
келіпті дегенше,
Мереке
болсын дегейсің.
Қонаққа
келіп тұратын,
Апайларымыз
көбейсін.
Жүргізуші:
Өрік, шие, алма, алша,
Жидек,
жүзім піседі.
Қауын,
қарбыз, қияр,
Сәбіз
қоймаларға түседі.
Балалар:
Күзде.
Балалар:
Күз мезгілі.
Балалар:
3 айдан. Олар: қыркүйек, қазан, қараша.
Балалар:
Күз мезгілінде күн салқындайды, жаңбыр
жауады, ағаштағы жапырақтар сарғайып,
жер бетіне түседі. Үстімізге жылы киім
киеміз. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді,
жемістер көкөністер піседі.
Жүргізуші:
Дұрыс балалар, енді мерекеміз қызықты
өту үшін ортамызға Жомарт күзді
шақырайық. Музыка әуенімен шыр көбелек
айналып «Жомарт күз» кіреді. /қолындағы
жапырақты жан-жаққа шашады/
Жомарт
күз:
Амансыңдар ма балалар! Мерекелерің
құтты болсын! Сендерге әкелген көп
сыйлығым бар: өлең айтып, жұмбақ шешіп,
ән айтып, би билеп өнерлеріңізді
көрсетіңіздер сыйлығым дайын.
Жүргізуші:
Олай болса төрге шық, Жомарт күз.
Мерекеміздің қадірлі қонағы бол! / жомарт
күз орындыққа отырады/ Біздің балалар
өнерлі ән салып, би де билеп береді.
Қуандырып
біздерді.
Мерекелі
күз келді,
Кел,
жемісті Алтын күн!
Кемелденсін
халқымыз.
Түсті
алтын жапырақ,
Ағаштан
үзіліп.
Ұшты
ұзақ сапарға,
Тырналар
тізіліп.
Алтын,
сары, қызыл, көк,
Алуан-алуан
жапырақ.
Күзгі
бақта күлімдеп,
Көз
тартады атырап.
Көбейді
құт береке,
Астық
толы қоймамыз.
Құтты
болсын мереке,
Алтын
күзді тойлаймыз!
Ән.
Қошақаным
Алтын,
алтын сары алтын,
Алтын
күзде нұр жатыр.
Біз
мектепке баратын,
Алақай-ау
күн жақын.
Дала
сары киінді,
Самал
соқты салқындау.
Қырмандарға
үйілді,
Алтын
астық, алтын тау.
Күздің
қазан айында,
Алма
алмұрт піседі.
Жапырақтар
сарғайып,
Сыбдыр-сыбдыр
етеді.
О,
алақай, тамаша!
Шашу
шашты жапырақ,
Бақтың
іші алаша,
Аунаймын
мен жайып ап.
Би.
Қамажай
Жүргізуші:
Балалардың
жауаптары.
Жүргізуші:
Жомарт күздің құрметіне тақпақтар айтып
берейік.
Күз
арқылы білеміз,
Жомарттықтың
салтын біз.
Біз
өзіңді сүйеміз,
Рақмет
саған Алтын күз.
Жемісі
мол теретін,
Күз
дос екен бізбенен.
Бәрін
тауып беретін,
Жомарт
екен күз деген.
Астық,
жеміс жиылды,
Қамбамызға
құйылды.
Ардақты
күз, мың алғыс,
Алдың
өнім сыйыңды.
Жомарт
күз:
менің сендерге жұмбақ жасырғым келіп
тұр.
Қалың
киімді ұнатады,
Шешіндірсең
жылатады. /Пияз/
Жер
бетінде шашы бар,
Жер
астында басы бар. /Сәбіз/
Көкпеңбек
еді көктемде,
Қызарды
күз жеткенде. /Қызанақ/
Қырыққабат
жейде,
Осыны
да жейді ел. /Қырыққабат/
Жомарт
күз:
Тамаша балалар, өте тапқыр екенсіңдер,
енді ойын ойнайық. «Кім жылдам» қөқөністер
мен жемістерді бөліп, екі ыдысқа шелекке
жинайды.
Көк
майсалы көрікті,
Алқаптағы
көк егін.
Бұл
күндері киіпті,
Сары
жібек көйлегін.
Құстар
қайтты ән салып,
Бұлт
торлады аспанды.
Құс
келеді жар салып,
Күзгі
суық басталды.
Біздің
дала бай дала,
Алтын
астық айнала.
Астық
дала сәулеті,
Астық-Отан
дәулеті
Жүргізуші:
Жомарт күз сізде толып жатқан сырлар
көп, сондықтан бізге арналаған қандай
сыйыңыз бар?
Жомарт
күз:
Менің жеміс жидектерім де өздерін
таныстыруға осында келіп отыр. /Жемістердің
макетін киген балалар ортаға шығады./
жемістерді ортаға шақырайық.
Мен
алмұртпын, алмұртпын,
Аузындамын
бар жұрттың,
Бар
адамды таң қалдырар,
Мен
сары алмұртпын.
Мен
алмамын, алмамын,
Таңдай
жұлар бар дәмім.
Дәмімді
татқан балақан,
Ұмытпайды
ешқашан.
Мен
өрікпін, өрікпін,
Табиғатқа
көрікпін.
Барша
адам қызығатын,
Мен
әдемі өрікпін.
Мен
жүзіммін, жүзіммін,
Моншақ
болып тізілдім.
Адам
көзі қызығар,
Мен
сондай жүзіммін.
Мен
шиемін, шиемін.
Күннің
көзін сүйемін,
Қышқыл
шырын бар мен де,
Төмен
басты иемін.
Би:
Гүл бағушы қыз.
Жомарт
күз:
Балалар, рахмет сендерге, өнерлі
екенсіңдер, риза болдым. Енді себетімдегі
сыйлықтарды үлестірейін. Келесі күзге
дейін сау болыңдар.
Ән
айту: Біз бақытты баламыз.
Қорыту.
Осымен «Жомарт күз» мерекесін аяқтауға
рұқсат етіңіздер. Зейін қойып
тыңдағандарыңызға көп, көп рахмет!