400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жомарт күз

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың күз туралы түсініктерін қалыптастыру. Жомарт күздің ерекшеліктері туралы, күзгі еңбек туралы суретке қарапәңгімелеуге үйрету. Адамдар үшін жемістер мен көкөністердің маңызы туралы түсінік беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

№13 «Құралай» құрама үлгідегі бөбекжай-бақшасының

тәрбиешісі Алиева Самал Аманбековна



Сабақтың тақырыбы:Жомарт күз.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Балалардың күз туралы түсініктерін қалыптастыру. Жомарт күздің ерекшеліктері туралы, күзгі еңбек туралы суретке қарапәңгімелеуге үйрету. Адамдар үшін жемістер мен көкөністердің маңызы туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Жапырақтардың түсінің өзгеруі, жемістердің пісуі туралы және ой-өрісін дамыта отырып, есте сақтау мен тілін дамыту. Адамдардың күзгі еңбегі туралы түсінік беру.

Тәрбиелік: Өсімдіктерді күтіп-баптауға және табиғатқа қамқорлықпен қарауға тірбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: күз көрінісі бейнеленген суреттер, жеміс-көкөністер муляждары.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, дидактикалық ойын,жұмбақ шешу, сұрақ- жауап.

Сабақтың барысы: - Балалар, бүгін біздерге қонақ келіп қалыпты.Олай болса, барлығымызорнымыздан тұрып амандасайық.

Шаттық шеңбер

Қуан, шаттан алақай!

Қуанатын күн туды,

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

-Сәлеметсіздер ме қонақтар!

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

- Иә, дұрыс айтасыңдар, күз мезгілі.

- Ал, күзде неше ай бар, қазір қай ай?

- Ендеше балалар, барлығымыз көзімізді жұмып, күз мезгілін саяхатқа шығайық , көз алдымызға елестетейікші.

Тыныштық сәті ( жәй музыка ойналады)

-Күз мезгілі. Таңертең ата-аналарынмен балабақшаға келе жатырсындар?

Айналаға қарасаңдар , ағаштардың жапырақтары сарғая бастаған, жерде де қызыл- сары жапырақтар төгіліп жатыр. Адамдардың кейбіреуі жылы киініп, қолшатыр ұстап барады.

-Ал, балалар көзімізді ашайық, күз мезгілі көз алдарыңа елестеді ме? Қанша күн суық болса да, әр мезгілдің өзіндік бір жылылығы, кереметтері болады екен.

Жомарт күз туралы, ерекшеліктері туралы әңгімелеу.

-Алтын, сары, қызыл, көк

Алуан-алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

-Балалар, сендер күз туралы тақпақтар білесіңдер ме?

Балалардың тақпақтарын тыңдау.

Суреттер бойынша әңгіме құрастыру.

1-Алтын күз.

2- Жомарт күз.

3- Күзгі еңбек.

4- Жемістер мен көкөністер.

Ғажайып сәт: - Балалар, біреу есік қағып тұрғандай ма, қалай өзі?

Есікті қағып «Қол шатыр» кіреді.

- Міне ғажап балалар, бізге қонаққа өте көңілді, әдемі қол шатыр келіпті, жол бойында қол шатырымызга күзгі жапырақтарда жабысып алған секілді. Мына жапырақтарда сендерге арналған тапсырмаларда бар секілді.

1-ші жапырақ. Балалар, орнымыздан тұрып бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәті:

Құстар қайтты ән салып,

Бұлт шарлады аспанды.

Жаңбыр келед ісебелеп,

Күзгі суық басталды.

Мнемо техника:

2-ші жапырақ -Мына суреттерден не көріп тұрмыз?

(берілген суреттерге қарап сөйлем құрастыру).

-жарайсыңдар балалар.

Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.

3-ші жапыран: «Бұл ненін дауысы?».

Ойынның шарты: Баяу шығып тұрған музыкадан, табиғаттын ерекшеліктерін атау.

4-ші жапырақ»:- Өте жақсы балалар, мен сендерге ризамын, жарайсыңдар. Менің сендерге тағы да бір ойным бар.

Дидактикалық ойын: «Суреттерді құрастыр».

Ойынның шарты: бөлшектерден жеміс-көкөністер құрастыру.

Дидактиқалық ойын: «Қолшатыр».

Ойынның шарты:

-жарайсыңдар балалар. Ал енді соңғы тапсырма, «қыстың қамын жазда ойла» демекші қыстың қамына кірісейік.

Балалардың шығармашылық жұмысы.

-Балалар, бүгінгі сабақсендерге ұнады ма? -Күзді неге «жомарт күз» деп атайды екенбіз?

-Күз мезгілі сендерге несімен ұнайды?

Сабақты қорытындылау, балаларды мадақтау.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 ақпан
1336
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі