Жомарт күз!

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жомарт күз!

Материал туралы қысқаша түсінік
Жомарт күз!»
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жүргізуші: Армысыздар құрметті ата-аналар, қонақтар! Баршаңызды бүгінгі «Жомарт күз!» мерекесімен құттықтаймын.


Бүгін мейрам бүгін той,


Қуаныш күн біліп қой.


Күзгі бақтай сыңғырлап,


Алақанды соғып қой.


Балалар:


Жер берді жемісті,


Күз келді келісті.


Күз байлық ,береке.


Алтын күз мереке! (хормен)


«ГҮЛДЕР» мектеп алды даярлық тобының орындауында «Күз жомарт» әнімізді қабыл алыңыздар!


Жүргізуші: Балалардың күз мезгіліне арналған тақпақтарын қабыл алыңыздар!



Сары жібек көйлегін желбіретіп,


Жапырағын ағаштың селдіретіп,


Тойға бөлеп елімді, күзім келді,


Нұр тамшысын аспанның мөлдіретіп.



Тілеймін аман болсын ел іргесі,


Алтын күз қайта келді берекесі.


Молшылықтың жаршысы бола білді,


Алтын күз-ырыс, бірлік ала келді.



Алтын, сары, қызыл, көк,


Алуан-алуан жапырық.


Күзгі бақтар күлімдеп,


Көз тартады атырап.


Жүргізуші: -ау балалар, бір дыбыс естіледі ме? Бізге орман жақтан келе жатқан кім екен?


Ортаға қызыл телпек билеп кіреді.


-Сәлемесіңдер ме балалар!


-Балалар, мен адасып жүр едім. Анам маған бәліш пісіріп беріп еді, соны әжеме апарып, жағдайын біліп қайт деген еді. Ойнап келе жатып, адасып кеттім. Осылай сендердің орталарыңа түстім. Балалар, әжемнің үйін табуға көмектесесіңдер ме?


-Әрине


Жүргізуші: Қызыл телпек біз қазір күз мерекесін тойлап жатырық. Бізбен бірге күз мерекесіне қонақ бол, содан кейін біздің балалар, саған әжеңнің үйінің жолын көрсетеді.


-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?


Қане кім күз айларын атап шығады?


-Қыркүйек,қазан,қараша(Бәрі хормен)


-Ендеше осы айларды ортаға шақырайық.


Қыркүек айы( ) Менің атым –Қыркүйек. Күздің бірінші айымын, Байлықтың, барлықтың айымын. Сендер мен туралы не білесіңдер?


Күн ғой бір ең тәуір,


Бірінші қыркүйек.


Қоңырау соғылды,


Күміс күй төгілді,


Білімге талпынған,


Балалар жиылды.


Қазан айы: . Менің-атым-Қазан. Жиын-терімнің соңғы айымын! Еңбекқор елді той думанға кенелтемін. Балалар менде қандай мерекелік күндер бар?


-Ұстаздар күні, қарттар күні бар. ( )


Қараша айы ( ). Күздің соңғы айы қараша деген мен боламын! Күннің суып, қыстың жақын екенін естеріңе саламын. Қыркүйек пен қазанға қарағанда менде қандай ерекшеліктер бар? Кім біледі?


Айзия:


Қараша айы жасай бер,


Бар өмірдің белесі.


Адамзатқа бақ берген,


Он екі айдың төресі.


Жақсы балалар рахметімізді айтып күз айларын шығарып салайық.


Қызыл телпек жылайды.


Жүргізуші: Қызыл телпек неге жылап отырсың?


Қызыл телпек: Әжемнің үйін таба алмай қаламын ба деп, көңіл-күйім болмай отыр. Қатты уайымдап отырмын.


Жүргізуші: Қызыл телпек сен уайымда ма? Біздің балалар саған көмектеседі. Балалар сенің көңіл-күйіңді көтереді қазір.


Ендеше ортаға «көңілді балалар» биін қарсы алыңыздар?


Қызыл телпек: Ой, балалар менің көңілім көтеріліп қалды. Рахмет сендерге. Сендер күз мерекесін тойлап жатқандықтан мен күз мерекесіне байланысты тақпақтар тыңдағым келеді.





Алақай,алақай!


Шаттанды балақай.


Күз түсті, дән пісті,


Айтамыз алғысты.



Қуандырып біздерді,


Мерекелі күз келді.


Кел,жемісті алтын күз,


Кемелденсін халқымыз.



Ән салайық күліңдер


Жайнап гүлдей жүріңдер


Күздің тойын тойлайық


Би билейік ойнайық.


Жүргізуші: жайдарлы күз, жарқын күз


Аяулы күз, алтын күз.


Дәнге толы кең далам


Даридай шалқар күз - деп қыздарымыздың орындауында «Тамшылар» биін қарсы алыңыздар!


Би: «Тамшылар»


Жүргізуші: Балалрдың ағылшынша күз туралы тақпақтарын қабыл алыңыздар!


Қызыл телпек айтады.


«Күз, күз» әнін қарсы алыңыздар!



Қамба толды астыққа


Алғыс саған,Алтын күз!


Бір уыс дән шаштық,та,


Қап-қап астық алдық біз.



О,балалар,балалар,


Қоңырқай күз болыпты,


Гүл жапырақ салыпты,


Ел егінін егіпті.



Көк майсалы, көрікті.


Алқаптағы көп егін,


Бұл күндері киіпті,


Сары жібек көйлегін


Жүргізуші: Енді, балалар, мерекеміздің сәнін келтіретін Күз ханшайымын ортамызға шақырайық. (осы кезде әуенмен күз ханшайымын ортамызға шақырайық)


Күз ханшайымы:


Армысыздар балалар!


Күзгі бақтағы қонақтар!


Өздеріңе әкелдім,


Күздің сыйын көз тартар.


Балалар мен өзімен бірге күзгі жапырақтарымды ала келдім.


Ендеше ортада қыздарымыздың орындауында «Күзгі жапырақтар» биін қабыл алыңыздар.


Би: «күзгі жапырақтар»


Жүргізуші: Күз ханшайымы, қызыл телпекпен бірге ойын ойнайық.


Ойынның аты: «Тосап қайнату.»


Ойынның шарты:балалар екі команда, жеміс алып жүгіреді, обруч ортасына тұрып жемісті лақтырады. Екінші обручта ата-ана тұрады қолында ыдыс жемісті қағып алу керек. Ыдыстағы жемістерді санаймыз.


Жүргізуші: Балалалр күн күркіреп, жаңбыр жауатын сияқты ғой.


Қызыл телпек: Ой, жаңбыр жауса мен онда әжемнің үйін қалай табамын.


Жүргізуші: Бізде қол шатыр бар ғой. Ендеше ортаға қолшатырларды шақырайық.


Би: «Қолшатыр»



Жүргізуші: Жақсы балалар күздің сәнін келтіретін көкөністер өнерін тамашалайық.


Пияз ( )


Асханадан шықпаймын,


Атым пияз бұқпаймын.


Көзден жасты шығарып,


Тұмаудан да сақтаймын.


Қауын ( )


Исім жұпар аңқыған,


Бақшадағы шырынмын.


Жеп көргендер тамсанған,


Балдай тәтті қауынмын.



Қарбыз ( )


Көрсең егер бақшада,


Доп екен деп қалмағын.


Шөл қандырар қарбызбын,


Ерте үзіп алмағын.


Жүргізуші: Күз қуанышы болған жемістерді де тамашалайық


Алмұрт( )


Мен алмұрпын,алмұртпын,


Күзде жинап алатын,


Балбыраған біреуін.


Жесең тойып қалатын


Өрік ( )


Көктемде ерте гүлдеймін,


Кешігуді білмеймін.


Уылжыған өрікпін,


Бау-бақшаға көрікпін.


Шие ( )


Шиемін мен шиемін,


Піскенше тон киемін.


Бала келсе жаныма,


Басымды мен иемін.


Жүргізуші: Қызыл телпек саған күзде қандай көкөністер ұнайды. Маған ұнайтыны дарбыз. Ендеше ортаға Қарбыздарды шақырайық.


Би: «Қарбыз»


Қасқыр кіріп келеді. Балалар сендер қызыл телпекті көрмедіңдер ме?


Мен қызыл телпекті таппай жүрмін. Ол әжесінің үйіне бәліш апару керек еді.


Жүргізуші: Тоқта қасқыр мен білемін. Қызыл телпек орман жақтан солға бұрылып бара жатқан тұғын.


Қасқыр шын ба?


Ендеше мен сол жолмен кеттім.


Жүргізуші: Қызыл телпек орманның оң жағына қарай бұрылсаң әжеңнің үйі шығады. Біз жаңа қасқырды алдап жібердік. Енді сен әжеңнің үйіне бара ғой. Әжең күтіп қалды сені.


Сол кезде қасқыр кетпей тың тыңдап тұрады. Мені алдағандарың үшін әлі өкінесіңдер деп қызыл телпектің артынан жүгіріп кетеді.


Жүргізуші: Күз ханшайымы біздің қыздар мен ұлдардың биін көріңіз.


Би: «Күзгі валес»


Қасқыр қызыл телпектен бұрын әжесінің үйіне барып алады.


Қасқыр үйге кіріп әжесін жеп қояды да, өзі төсекке жатып алып Қызыл телпекті күтеді.


Бір кезде Қызыл телпек келеді де есікті қағады.


Қызыл телпек:-Тоқ-тоқ-тоқ


Қасқыр: -Бұл кім?-деп даусын жіңішкертіп


Қызыл телпек: -Әже,бұл мен ғой,немере қызың - Қызыл телпек, мен сізге қонаққа келдім,анамның пісірген бәліші мен бір құты майын ала келдім,-дейді.


Әжесінің орнына жатып алған қасқыр жіңішке даусымен:


Қасқыр: - Айналайын қызым,тұтқаның жанындағы жіпті тартсаң,есік ашылады,-дейді дауыстап.


Қызыл телпек ішке кіріп, әжесінің жанына керуетке келіп отырады.


Қызыл телпек:


- Әже, әже неге сіздің көзіңіз бен құлағыңыз үлкен?


Қасқыр:


- Мен сені жақсы көру және есту үшін!


Қызыл телпек:


- Әже, әже неге сіздің тісіңіз үлкен?


- Бұл сені жеу үшін! - деп Қызыл телпектіҢ АРТЫНАН ҚУА ЖӨНЕЛЕДІ.


Осы кезде үйдің жанынан отыншылар өтіп бара жатып айқай-шуды естіп,үйге кіріп ҚАСҚЫРДЫ ҚУЫП Қызыл телпек пен әжесін құтқарады.


Қызыл телпек балаларға арнап ән айтып береді.


Ән: «жомарт күз»


Күз ханшайымы: Айналайын, балалар! Енді мен сендермен қоштасамын! Бұл естен кетпес күн болды. Бәріңізге бақыт тілеймін! Сау болыңыздар!


Жүргізуші:


Білім – теңіз, мектепті кеме дейміз,


Білім менен тәрбие егіз дейміз.


Әдебі мен тәлімі үндесетін,


Балаларды болашаққа жетелейміз. Қош дейміз әлі талай кештер бар,


Өнерлерің өрлей берсін ұландар, - дей келе даярлық тобының «Алтын күз» ертеңгілігі аяқталды.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.04.2023
240
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі