Материалдар / "Жомарт күз"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Жомарт күз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Күзгі тіршілік туралы ақпаратпен ертеңгілік
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күз көрмесіне саяхат

(ересек топтарына арналған сценарий)

«Күзгі вальс» әнінің сүйемелдуімен қолдарына жапырақ ұстаған балалар залға кіреді және жартылай шеңбер жасап тұрады.


Жүргізуші:

Терістектен желдетіп,

Жаңбырлатып, желдетіп,

Шаттандырып біздерді,

Шат-шадыман күз келді.

Шатыр тікті сары алтын.

Армысыздар ардақты қонақтар! Біздің балабақшада өтетін ересек тобының «Алтын күз» мерекесін бізбен бірге өткізуге қош келіпсіздер!


Балалар өлең оқиды:

Бүгін мейрам, бүгін той

Қуаныш күн біліп қой.

Күзгі бақтай сыңғырлап,

Алақанды соғып қой.


Шартараптың бәрі алтын.

Алып келді мереке,

Астық, жеміс, береке.

Батырлыққа жараса,

Көбейді той-тамаша

Ән салды өзен, тал-құрақ

Шашу болды жапырақ.


Күз де келді, күз келді,

Көкте бұлттар жүзді енді.


Күзім-ау, күзім-ау,

Мінезің бұзық-ау

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық-ау.


Алтын сары қызыл көк,

Алуан-алуан жапырақ,

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады жапырлап.


Ән орындалады.


Бала:

Көктемде егін егетін,

Күзде жиып беретін,

Біздің дала бай дала,

Алтын астық айнала.


Би орындалады.(күзгі жапырақтармен би)

Биден кейін балалар шеңбердегі өз орындарына отырады (бұл жерге түскен жапырақтар).

Осы сәтте қолына сыпырғы ұстаған аула сыпырушы кіреді.


Аула сыпырушы:

Ох, жұмыс көп еді неткен:

Жапырақтар жерге түскен!

Тезірек сыпырып тастайын,

Тазалықты сақтайын!

Сыпырайын, сыпырайын (сыпырады)

Жапырақтарды жинайын!

(Бала жапырақтар бір жерге жиналады).


Аула сыпырушы:

Сыпырдым мен жодын бәрін

Болды енді, көрейін әрі!

Аула сыпырушы томардың үстіне отырып,

Ұйықтап калады. Бала-жел жүгіріп шығады.


Жел:

Мен - күзгі Самал желмін,

Аралаймын талай елді.

Мен әлемді аралаймын,

Жапырақтарды ұшырамын.

Жел балаларды айнала жүгіреді, бала-жапырақтар залға шашырайды және үлкен шеңберге отырады. Аула сыпырушы оянады.


Аула сыпырушы:

Мәссаған, мынаған қара:

Жапырақтар шашылыпты!

Сыпырғымды алайын мен,

Жинайын қайта жапырақтарды.

Мен сыпырамын, сыпырамын,

Жапырақтарды жинаймын.

(Бала-жапырақтар бір жерге жиналады.)


Аула сыпырушы:

Жолдың бәрін сыпырдым,

Ох, мен қатты шаршадым!

Аула сыпырушы томарға отырады да, ұйықтап қалады. Бала-жел жүгіріп шығады.


Жел:

Мен - күзгі Самал желмін,

Аралаймын талай елді.

Мен әлемді аралаймын,

Жапырақтарды ұшырамын.


Жел балаларды айнала жүгіреді, бала-жапырақтар бүкіл залға шашырайды және шеңбер жасап отырады. Аула сыпырушы оянады.


Аула сыпырушы:

Ах, неткен сотқар жапырақтар,

Өте жарқын, әдемі.

Ұшпандаршы, тоқтандар,

Әйтпесе ұстап алам бәрінді!

Аула сыпырушы балаларды қуалайды, олар қашып, өз орындарына барып отырады және жапырақтарды орындықтың астына жасырады.


Аула сыпырушы:

Мен көп жүгірдім, шаршадым,

Бірақ жапырақтарды ұстамадым.

Жолдың бәрі шалшық-шалшық,

Аула сыпырушы енді керек емес,

Осы жерден кеткенім дұрыс,

Сау болыңдар, достарым!


Жүргізуші:

Міне, күзгі жапырақтар осындай, өте қажет, оларды ешкім ұстай алмайды.


Жүргізуші:

Қараңдаршы, балалар, күзді сүретші деп атасақ болады: ол барлық түстерді аса шеберлікпен араластырды, айналадағының барлығын үйлестіре білді. Біз сіздермен бірге күз көрмесіне дәл түскендейміз. Бірақ, күздің сыйын көрсетуге бізге кім көмектеседі?

(Көңілді музыка ойнап тұр, залға Сүретші кіреді.)


Жүргізуші:

Неткен керемет әуен! Кешіріңіз, сіз Суретшісіз бе?


Суретші: Әрине!

Палитра мен мольберт – менің достарым,

Нағыз адал, көп жылғы достарым!


Жүргізуші:

Сіз біздің күз көрмесіне экскурсия жасауымызға қол ұшын созбас па едіңіз?


Сүретші:

Әрине... мен сендерді күз көрмесімен қуана-қуана таныстырамын. Бірақ менің бір құпиям бар: көрмедегі барлық өзіндік ерекшелігі бар. Мен өзімнің сиқырлы шашағымды сермесем болды, оларға бірден жан бітеді!

Сүретші жаңбырдың, қолшатырдың суретін мольбертке орнатады да, шашағын сілтейді.


Балалардың өлендері.(Балалар осы кезде өлең оқиды)

Қоңыр салқын тарады

Қойнаулар мен сайлардан,

Қаздар қайтып барады,

Қайтқан елдей жайлаудан.


Соңғы шуақ төгіліп,

Жарқырап тұр аймақ.

Ақ саулеге шомылып,

Жапырақтар жүр ойнап.


Би «Қолшатыр»

(Музыканын сүйемелдеуімен қыздар сахнаға шығып, «Қолшатыр» биін билейді )


Жүргізуші:

Жаңбыр бәрін су қылды, күн неткен салқын!


Суретші:

Бұл ештене емес! Енді мен өзімнің сүйікті галоштарыммен ойнаймын.


Ойын «Көңілді галоштар»


Суретші:

Балалар, сендермен кездескеніме қуаныштымын. Сендерге тағы ненің сүретің салып берейін?

Балалар:

Сізден өтініп сұраймыз,

Сүреттеп беріңізші Күзді!

(суретші мольбертке күз жапырақтарының суретің қояды да, сиқырлы шашағын сілтейді.)

Музыканың сүйемелдеуімен залға Күз кіреді.


Күз:

Қайырлы күн, достарым,

Таңғажайып табиғат алмасуын,

Суретшінің көзімен бақылап қал.

Қарашы, күрең қабақ күзге мынау,

Қынадай қалындапты түзде мынау.

Боз бұта, қызыл құрай сылдыр қағып,

Жарыса, соғылғандай жүз қоңырау.


Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сәлеметсіздер ме, қонақтар! Сәлем, менің досым – Суретші!

Сендердің менің күзгі көрмеме саяхаттауға келгендеріңе өте қуаныштымын.


Жүргізуші:

Күз, біз сені көп күттік және саған көптеген сыйлықтар дайындап қойдық. Біздің әнімізді тыңдашы.


Ойын «Жапырақтардан шеңбер жаса».


Ән орындалады.

Ойын «Шалқан» (қонақтардың қатысуымен)


Суретші:

Маған сендермен бірге саяхат жасау өте қатты ұнап қалды: сендер өте көңілді, мейірімді және тату балалар екенсіңдер. Бірақ, қоштасатын уақыт та жетті. Қысқы және көктемгі көрмеде кездескенше!


Күз:

Балалар, керемет мереке сыйлағандарыңа рахмет! Мен сендерге күз жемістерін сыйлаймын.

(Күз балаларға алма немесе алмұрт таратып береді, балалар тобына оралады.)


Жүргізуші:

Осылайша, біздің мерекеміз де аяқталды. Суретші мен Күз, бізге күз көрмесін аралатқандарыңыз үшін көп рахмет!










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!