400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Жомарт күз»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларға күз мезгілінің ерекшелігі туралы түсінік беруді жалғастыру. Күз мезгілінің тіршілікте тиер пайдасын, табиғаттың өзгешелігін, қыр-сырын тақпақ, өлең жолдар мен нақыл сөздер арқылы ой-өрісін дамыту. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс - әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой - қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата - аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру. Жыл мезгілінің ішіндегі күз айының алатын орны жөнінде айту. Балаларды табиғатты қорғауға, сүюге, аялауға, қажырлы еңбек етуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жомарт күз»

Мақсаты: Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларға күз мезгілінің ерекшелігі туралы түсінік беруді жалғастыру. Күз мезгілінің тіршілікте тиер пайдасын, табиғаттың өзгешелігін, қыр-сырын тақпақ, өлең жолдар мен нақыл сөздер арқылы ой-өрісін дамыту. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс - әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой - қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата - аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру. Жыл мезгілінің ішіндегі күз айының алатын орны жөнінде айту. Балаларды табиғатты қорғауға, сүюге, аялауға, қажырлы еңбек етуге тәрбиелеу.
Жүргізуші: Мырзагалиева Ж.М.

Музыка жетекшісі: Амирханова А.Ы.

Кейіпкерлер: Күз ханшайымы: Токумбаева Ш.Ж.

Дымбілмес: Ибраева Ж.Ж

Керек құрал-жабдықтар: Көкөністер мен жемістер, екі шелек, су, қасық

Музыка ойнап, әсем безендірілген залға балалар келіп кіреді. 

Жүргізуші: Армысыздар құрметті ата-аналар, әріптестер,қонақтар! Баршаңызды бүгінгі «Жомарт күз!» мерекесімен құттықтаймын.
Балалар хормен: Жер берді жемісті,
Күз келді келісті.
Күз байлық ,береке.
Алтын күз мереке!
Жүргізуші: Ал, енді біздің балалардың дайындаған тақпақтарын тыңдайық

Айша:
Бүгін мейрам бүгін той,
Қуаныш күн біліп қой.
Күзгі бақтай сыңғырлап,
Алақанды соғып қой.

Амина:
Сары жібек көйлегін желбіретіп,
Жапырағын ағаштың селдіретіп,
Тойға бөлеп елімді,күзім келді,
Нұр тамшысын аспанның мөлдіретіп.

Санжар:
Тілеймін аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
Алтын күз-ырыс ,бірлік ала келді.

Айдос:
Алтын ,сары , қызыл, көк,
Алуан-алуан жапырық.
Күзгі бақтар күлімдеп,
Көз тартады атырап.

Айару:
Алақай,
алақай!
Шаттанды балақай.
Күз түсті,дән пісті,
Айтамыз алғысты.

Әліби:
Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел,жемісті алтын күз,
Кемелденсін халқымыз.
Жүргізуші: Қане балалар, кім күз айларын атап шығады?
Балалар хормен: Қыркүйек, қазан, қараша
Жүргізуші: Ендеше осы айларды ортаға шақырайық.
Қыркүек айы - Дарина Менің атым –Қыркүйек. Күздің бірінші айымын. Байлықтың, барлықтың айымын.

Дарина:
Күн ғой бір ең тәуір,
Бірінші қыркүйек.
Қоңырау соғылды,
Күміс күй төгілді,
Білімге талпынған,
Балалар жиылды.
Қазан айы – Бисана: Менің атым - Қазан. Жиын - терімнің соңғы айымын! Еңбекқор елді той думанға кенелтемін. Ұстаздар күні, қарттар күні осы менің айында болады
Қараша айы – Диана: Күздің соңғы айы қараша деген мен боламын! Күннің суып , қыстың жақын екенін естеріңе саламын.

Диана:
Қараша айы жасай бер,
Бар өмірдің белесі.
Адамзатқа бақ берген,
Он екі айдың төресі.
Жүргізуші: Жақсы балалар рахметімізді айтып күз айларын шығарып салайық.

Балалар: Рахмет, сендерге күз айлары
Жүргізуші:Енді, балалар, мерекеміздің сәнін келтіретін Күз ханшайымын ортамызға шақырайық. (осы кезде әуенмен күз ханшайымы ортамызға шақырайық, қолында күзгі базарлығы бар)

Күз ханшайымы:
Армысыздар балалар!
Күзгі бақтағы қонақтар!
Өздеріңе әкелдім,
Күздің сыйын көз тартар.
Балалар хормен: Көп рахмет сізге, Алтын күз
Жүргізуші: Күз ханшайымы, мына сыйлықты балаларға берсек болады ма?
Күз ханшайымы: Балалар оны еңбекпен алулары керек.
Жүргізуші:Күзгі жемістер мен көкөністер адамның еңбегімен келмей ме? Сондықтан Күз ханшайымы сіздерге жасыратын жұмбақтар алып келіпті, шешуін тапқандарға сыйымды беремін дейді

Жұмбақтар:
Ағайынды бәрі,
Шықса жасыл,
Түссе сары.
(Жапырақ)
Көк ала костюм киеді,
Күннің көзін сүйеді
.(Қарбыз )
Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады
. (Пияз)

Жүргізуші: Балалардың орындауында әсем ән:

«Күз тамаша» әні

Әні: Е. Өтетілеуов

Сөзі: Н. Нүсіпбаев

І. Күз келіпті тамаша

Айдын далаға қараса

Сарғайған көп жапырақ

Көз тоймайды қараса

Қ – сы:

Күз, күз сарғаяды даламыз

Біз, біз жеміс – жидек аламыз

Күз, күз, күз мезгілі келгенде

Біз, біз мектепке барамыз

ІІ. Жаңбырда көп жауады

Бұлттар көктен ауады

Жеміс пенен жидекке

Толып тұр ғой бал әні

Қ – сы: қайталаймыз

Күтпеген жерден Дымбілмес кіріп келеді.
Дымбілмес: Балалар, мен жаңа өзі әдемі киінген, қолында себеті бар бір қызды көріп едім. Мына базарлығын жолда ұмытып кетіпті.Сендерге келмеді ме?
Күз ханшайымы: Рахмет саған! Сенің есімін кім болады?
Дымбілмес: Дымбілмеспін! Мен еш нәрсе білмеймін ,балардан үйреніп алайын.
Күз ханшайымы: Ал мен күз ханшайымымын! Біздің арамызға қосыл Балалар менің сіздерге алып келген ойыным бар.

Ойын: « Көкөністер мен жемістерді ажырат»
Ойынның шарты: Балалар көздері жұмып ауыздарын жеміс пен көкөністі салады.
Күз ханшайымы: Балалар айтыңдаршы, жемістер қайда өседі?

Балалар:Бақта

Күз ханшайымы: Көкөністер қайда өседі?

Балалар: Бақшада
Жүргізуші: Біздің қыздарымыздың әсем биін тамашалайық .

Би: «Саңырауқұлақтар»
Жүргізуші: Жақсы балалар күздің сәнін келтіретін сендердің тақпақтарына жол берейік

Альазиз:
Қамба толды астыққа
Алғыс саған,Алтын күз!
Бір уыс дән шаштық,та,
Қап-қап астық алдық біз.

Алия:
О,балалар,балалар,
Қоңырқай күз болыпты,
Гүл жапырақ салыпты,
Ел егінін егіпті.

Сабина:
Күзде жауын,бұлт –тұман,
Сары жапырақ жауады.
Сары құйын ұйытқып,
Сапырады даланы.

Ағылшын тілінде Диана мен Амина өз тақпақтарын айтады

Жүргізуші: Ұлдарымыздың орындауында би. Ұлдарды ортаға шақырамыз

Би: Топ ұлдардың орындауында

Дымбілмес: Балалар, менің де сендермен ойын ойнағым келіп тұр. Сендердің өнерлердің көрдім енді мына отырған қонақтардың да өнерлерін көрелік. Мен бұл ойынды ата-аналармен ойнағым келеді.

Ойынның аты «Жаңбыр суы».

Ойын: «Жаңбыр суы». Ата – аналар үшін ойын

Ойынның шарты: Мына екі шелектегі суды келесі шелекке қасықпен тасу керек. Музыка тоқтаған кезде ойын тоқтайды. Кім жаңбырдың суын көп жинаса ,сол адам менің сыйлығыма ие болады. Ендеше ойынымызды бастайық.
Жүргізуші: Рахмет, Күз ханшайымы, Дымбілмес! Балалардың өнері әлі таусылған жоқ. Төрімізге шығып, тамашалаңыздар!

Күз ханшайымы: Айналайын, балалар!Менің кететін уақытым болды. Енді мен сендермен қоштасамын! Бұл естен кетпес күн болды. Бәріңізге бақыт тілеймін! Сау болыңыздар!

Дымбілмес: Менде Күз ханшайымымен барып қалайын. Сау болындар, балалар.

Ән: «Жас дәуірдің түлегіміз»

Әні: Е. Өтетілеуов

Сөзі: Н. Нүсіпбаев

І.Бау бақша белдер

Орман тау көлдер

Көрікті шексіз даламыз

Дәулеті тасқан

Сәулеті асқан

Көңілді ауыл, қаламыз

Қ – сы:

Жадырап күндей

Жайнаған гүлдей

Бақытты біздер баламыз

ІІ.Өзіміз туған

Көбелек қуған

Өлкеде өсіп, толамыз

Жалықпай оқып, көңілге тоқып

Білімді адам боламыз

Қ – сы: қайталаймыз

Жүргізуші: Олай болса, сендерге көп – көп рахмет. Балалар барлығымыз Күз ханшайымы мен Дымбілмеспен қоштасайық

Балалар хормен: Сау болыңыздар!

Жүргізуші: Мерекемізді әрі қарай жалғастырамыз:

Балалардың орындауында әсем ән:

Ән: «Алтын күз»

Әні: Әні: Е. Өтетілеуов

Сөзі: Н. Нүсіпбаев

Алақай – ау, алақай балалар

Күз келді бізге енді қараңдар

Бақшада бәрі бар, бал шырын

Алмалар алшылар, қауындар

Қ – сы:

Алтын күз, алтын күз

Күтеміз сені біз

Көреміз сені бі

Келіңіз, келіңіз

ІІ. Сап – сары болуды, қолыңа ап

Бейнеңді салуда оңай – ақ

Байлықтың бақыттың белгісі

Алтынмен апталған атырап

Жүргізуші: Білім – теңіз, мектепті кеме дейміз,
Білім менен тәрбие егіз дейміз.
Әдебі мен тәлімі үндесетін,
Балаларды болашаққа жетелейміз.
Қош дейміз әлі талай кештер бар,
Өнерлерің өрлей берсін ұландар,-дей деп ересек «Құлыншақ» тобының «Жомарт күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 қазан
851
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі