400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Жомарт күз»

Материал туралы қысқаша түсінік
Күз туралы білімдерін тиянақтау. Күз сыйдағы адамдар еңбегіне құрмет сезімінде тәрбиелеу. Ырыс, құт- береке, молшылық сөздерінің мағынасын түсіндіру,сөздік қорын молайту. Байланыстырып сөйлеу тілін, көркемдік талғамын, қимыл-қозғалысын дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: Қатынас.

Бөлімі: Көркем әдебиет.

Тақырыбы: «Жомарт күз»

Мақсаты: Күз туралы білімдерін тиянақтау. Күз сыйдағы адамдар еңбегіне құрмет сезімінде тәрбиелеу. Ырыс, құт- береке, молшылық сөздерінің мағынасын түсіндіру,сөздік қорын молайту. Байланыстырып сөйлеу тілін, көркемдік талғамын, қимыл-қозғалысын дамыту.

Қызмет

кезендері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

1

Балалар барлығымыз шеңберге тұрып жылулық шеңберін құрамыз.

Күндей жадырап,

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай мөлдір таза көңілмен

Бүгінгі күннді бастайық.

Балалар шеңберге тұрады.

Күндей жадырап,

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай мөлдір таза көңілмен

Бүгінгі күннді бастайық.

2

«Жомарт күз» ойыны.

«Егін жай» аймағы бидай сабақтарының жайқалып өсіп тұрған кезі.Егіс алқабын бейнелейтін көрініс.

Бидай.

Алқаптан бидайды

Қоймаға ел жинайды.

Тырнасы тізілген

Ұнатам күзді мен.

өлең шумағын жатқа мәнерлеп оқу.

«Жеміс бағы» (алма, алмұрт пісіп тұрған ағаштар, қойылған жеміс түрлері)

Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.

(балаларды жемістер жинауға шақыру).


«Табиғат»

Көрінеді шалғайдан,

Бел-белестер сарғайған.

Сары жапырақ төгілген,

Тоғайды да көрдім мен.

(балалар бұл кезде жапырақтарды жинайды)

Сергіту сәті.


Жұмбақтар жасыру.

Ұзын мұртты сарылар,

Қойынында наны бар.

Дұрыс жауабы бидай.


Қызыл,сары немелер,

Су бетінде қалқиды.

Соқса егер салқын жел,

Ырғалады, толқиды.

Сурет арқылы тақпақ жаттау.

Жапырақтар сарғайып,

Күн бұлтты болады.

Жаңбыр жиі жауады,

Құстар ұшып барады.







Бидай (бала)

Алқаптан бидайды

Қоймаға ел жинайды.

Тырнасы тізілген

Ұнатам күзді мен.





Бала: Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.

Балалар жемістерді жинайды.


Бала: Көрінеді шалғайдан,

Бел-белестер сарғайған.

Сары жапырақ төгілген,

Тоғайды да көрдім мен.

Балалар жапырақтарды жинайды.





-бидай.






-жапырақ.


Жапырақтар сарғайып,

Күн бұлтты болады.

Жаңбыр жиі жауады,

Құстар ұшып барады.


3

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Қандай айлар күз мезгіліне жатады?

-Қазір қандай ай?

-Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?

-Күз мезгілі.

-Қыркүек, қазан , қараша.

- Қазан айы.

-күз мезгілінде күн суып, құстар жылы жаққа кетеді, жапырақтар сарғайып жерге түседі.

Күз мезгілінде көкөністерді жинаймыз.



Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: күз мезгілі және оның айларын білу.

Түсінеді: үйренген сөздерін іс-әрекет үстінде қолдану.

Қолданады: Өлеңдегі бейнелі сөздерді табиғат ерекшеліктерімен салыстыра талу.



























Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


Күні:

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Кіші сала: Көркем әдебиет.

Тақырыбы: «Күз»

Мақсаты: Балалардың күз мезгілі жайында ұғымдарын кеңейту. «Күз» өлеңін оқып беру, түсіндіру, жаттау.

Қызмет

кезендері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

1

Балалар барлығымыз шеңберге тұрып жылулық шеңберін құрамыз.


Балалар шеңберге тұрады.


2

-Балалар, қәзір жылдың қаймезгілі?

-Күз мезгілінің ерекшеліктерін айтып шығыңдаршы?


-Сурет бойынша әңгімелеп беріңдерші. Суретте не көріп тұрсыңдар?

-Күз мезгілінде нелер піседі?Не жинаймыз?


Өлеңді оқып,жаттау.

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,

Жылық ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

Абай.

-Бұл өлеңде жылдың қай мезгілі туралы айтылған?


Сергіту сәті: Биік болып өсеміз,

Жапырақтай жайқалып.

Табиғатты сүйеміз.

Денемізді тік ұстап

Билеп,билеп аламыз.

Д/ойын: «Қай мезгіл»

-Күз.

Күн суытады, жапырақтар түседі, құстар жылы жаққа ұшып кетеді.т.б


Күз мезгіліндегі жұмыстар.



Өлеңді мұқият тыңдап, қайталап, жаттау.




Күз мезгілі туралы айтылған.





Қимыл-қозғалыстарды жасайды.


Көрсеткен суреттен қай мезгіл екенін дұрыс тауып атайды.

3

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Қандай айлар күз мезгіліне жатады?

-Қазір қандай ай?

-Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?

-Күз мезгілі.

-Қыркүек, қазан , қараша.

- Қазан айы.

-күз мезгілінде күн суып, құстар жылы жаққа кетеді, жапырақтар сарғайып жерге түседі.

Күз мезгілінде көкөністерді жинаймыз.



Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: күз мезгілі жайында ұғымдарын кеңейту.

Түсінеді: үйренген сөздерін іс-әрекет үстінде қолдану.

Қолданады: «Күз» өлеңін жаттау.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
5 қараша
1807
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі