Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жомарт күз!

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне қажетті Алтын күз мерекелік сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

(Әдемі әуен ойнап тұрады)

Жүргізуші: Келді, міне, алтын күз,

Сары шашты жарқын күз.

Мол өнімді ісімен,

Таңдандырып халқын күз!

Сәлеметсіздер ме,қадірлі қонақтар!Бүгінгі берекелі де,ырысты алтын күз құрметіне арналған «Жомарт күз» атты ертеңгілігімізді бастаймыз.

Жүргізуші:

Тілегім аман болсын ел іргесі,

Алтын күз қайта келді берекесі.

Молшылықтың жаршысы бола білді,

Алтын күз ырыс,құт береке ала келді!-дей келе тақпақтарға кезек берейік.

Гаухар:

Алтын сары,қызыл, көк

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Айару:

Жетті желмен алтын күз,

Жеміс жинау салтымыз.

Жиып –теріп болған соң

Той жасайды халқымыз.

Ерсінәлі:

Берекесін сыйлауға ,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді.

Ж.Алихан:

Ағаштардан жамырап

Ұшты кенет жапырақ

Ой ,алақай тамаша

Шашу шашты жапырақ.

Нұрғиса:

Сап-сары маңай

Сап-сары тоғай

Соңғы әнін айтып

Құс кетті қайтып

Нұржан:

Жемісі мол теретін

Күз дос екен бізбенен

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген

Жүргізуші: Ал,балалар,балалар,

Енді бері қараңдар!

Бізге қонақ келмекші

Сендерді бір көрмекші.

Әуелі жұмбақ жасырам,

Қулығымды асырам.

Таба алсаңдар шешімін ,

Қонағымды шақырам.

Жұмбақ:

Жиын –терін болатын

Қамбаға астық толатын.

Қызыл қырман ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың?

Балалардың жауабы: (Күз мезгілі)

Жүргізуші:Жарайсыңдар балалар!Өте жақсы.Сендер жұмбақтың жауабын дұрыс таптыңдар.Ендеше мен уәдемде тұрып қонағымызды ортаға шақырам.

Алтын күз:Сәлем менің достарым

Өмірге көп қосқаным.

Күз сыйлығын алыңдар,

Сыйлығына қаныңдар

Молшылыққа кенеліп,

Шаттық әнге салыңдар.

Сәлеметсіздер ме,балалар,қонақтар!Балалар мен сендерге себет толы жемістер мен көкөністерді ала келдім.Сендер маған ән салып,тақпақ айтып,би билеп берсеңдер мен себет толы сыйлығымды сендерге беріп кетемін.

Жүргізуші:Сәлеметсіз бе,Алтын күз!Қош келдіңіз!Балалардың өнерін тамашалаңыз!

Ән: «Күз тамаша» орындайтын хор

Жүргізуші:Жарайсыңдар балалар!Енді,балалар,Алтын күзге тақпақтарымызды айтып берейік.

Базарбай Нұрислам:

Бір-біріне жер, аспан,

Мейіріммен қарасқан.

Ұстаз шәкірт жүздескен,

Қош келіпсіз Күз –дескен.


Мариям:

Қазан айы болыпты ,

Қамбаға астық толыпты.

Даланы сәндетіп,

Думандатып әндетіп

Жаңбырлы ғажап айы

Бұл мен -қазан айы.


Бекежан Нұрислам:

Мол байлық тергені,

Шаттығы қаншалық.

Қараша өрледі

Қараша ән салып.


Би: «Жапырақтар биі»


Жүргізуші:Арпа бидай ас екен

Алтын күміс тас екен,-демекші балаларымыз дәнді дақылдар туралы тақпақтар айтады.


Т.Алихан:

Нан атасы бидаймын

Елге астық сыйлаймын.

Дәнім толып піскенде,

Қауызыма сыймаймын.


Малика:

Ақ,қарамын,сарымын,

Мен өнімді тарымын.

Халқым еңбек сіңірсе,

Қайтарамын қарымын.


Ғалымжан:

Күнді сүйген күрішпін,

Күллі жұртқа ырыспын.

Алсын деп ел мол өнім,

Ала жаздай су іштім.


Жүргізуші:Жарайсыңдар балалар!Кезекті әнге береміз.

Ән: Күз

Алтын күз:Жарайсыңдар балалар өркендерің өссін!

Жүргізуші:Жаңбыр,жаңбыр жауа бер,

Қорықпаймыз біз сенен.

Қолымызда қолшатыр,

Кел билейміз бәріміз!

Би: «Күзгі вальс»

Алтын күз:Өте жақсы биледіңдер,рахмет,балалар!Қолшатырларың әдемі екен,өздерің одан да әдемісіңдер.Көктемде көшет отырғызасыңдар,күзде жемісін жейсіңдер.Адам ағзасына қажетті дәрумендер жемістер мен көкөністерде мол болады.


Жүргізуші:Иә,дұрыс айтасыз,Алтын күз!

Қазынамыз толы ғой қымбаттарға,

Түсінерсің тоқ етер тіл қатқанда.

Келесі тапсырманы орындап біз,

Ал ойланып көрейік жұмбақтарға.


Жұмбақтар:

Аласы бар,жасылы бар,көгі бар.

Ішін ашсаң қара мөлдір дәні бар? (Қарбыз)


Сусыз піскен ас көрдім

Домаланған бас көрдім. (Қауын)


Сары,қызыл әрі тәтті,

Татқан жанды таңырқатты. (Алма)


Ойын: «Жемістер мен көкөністерді дәміне қарай ажырат»

Жүргізуші:Күзде өздері пісетін,

Тамаққа келіп түсетін.

Мақтанбақшы сендерге,

Жемістер мен көкөністер сан түрлі


Нұрай:

Жапырақты тасалап,

Өсетін жері-бақша-бақ,

Күрең қызыл шіркін-ай,

Менің атым құлпынай.


Сатыбалды Айзере:

Тіл үйірген алмұртпын,

Таңсығымын бар жұрттың.

Жақсы өсіре алмайды,

Қараса егер салғырт кім.


Сейтмұханбет Айзере:

Мен моншақты шиемін,

Құмарсыңдар білемін.

Кетіп қалып жүрмесін

Тамағыңа сүйегім.


Аягөз:

Тал шыбығым бұралып,

Бақшаларда қызарып.

Тұрған ол мен қызанақ,

Күнге қарап ұялып.


Нұрсерік:

Көкөніс бұл қалаулы,

Жасамас онсыз палауды.


Алтын күз:Керемет !Балалар сендерге көп рахмет!Балалар,менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне баратын уақытым болыпты.Мен сендердің өнерлеріңе ризамын!Мен енді кетейін,келесі жылы кездескенше қош сау болыңдар!


Ән: «Тише,тише,тишина!»


Жүргізуші:Жарайсыңдар балалар!Кезекті тақпақтарға береміз.


Әмірхан:Наступила осень

Пожелтел наш сад

Листья на березе

Золотом горят.

Жібек:

Даун даун

Еллоу энд браун

Зе ливес а фалинг

Ове зе таун

Кәусар:

Уан ис орендж

Ту э браун

Сри лук еллоу

Он зе граунд

Баймеке:

Фал ис фан

Ай лайк ту ран

Ай си зе сан

Фал ис фан


Би: «Флешмоб»


Жүргізуші:Алтын күздің сыйы-жемістерден дәм тататын кез келген сиякты,тобымызға баруға жиналайық.Құрметті қонақтар бүгінгі «Жомарт күз!»атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып- күз берекелі,астықты болсын демекпін!









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.11.2018
523
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12