Тақырыбы: «Күз жомарт»
Мақсаты: Мектебімізде өткізіліп жатқан «Күз
жомарт» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз-байлық,
күз-береке, күз-молшылдық,күз-шаттық, күз-қуаныш екенін бала
санасына жеткізу.Өздеріне ерік бере отырып, ауызбіршілікке,
ынтымақтастыққа баулу.
Көрнекілігі:Мерекеге сай безендірілген сынып. Әдемі сазды әуен ойналып
тұрады. Балалардың қолдарында
жапырақтар.
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, ұстаздар! Бүгін мектепалды даярлық
тобы балалары дайындаған «Күз жомарт» атты ертеңгілігіне қош
келдіңіздер.
Армысыздар,
халайық,
Бармысыздар
халайық!
Күзгі тойды жұп
жазбай,
Келіңдер қарсы
алайық!
- Қараңдаршы, бүгін біздің
сыныбымыз қандай әдемі болып кеткен.
Қолымдағы
не балалар
мынау?
-
Жапырақтар.
- Осы жапырақтардың түсі
қандай? - Сары.
Балалар,жұмбақ шешкенді
ұнатасыңдарма? Олай болса, мен сендерге жұмбақ
жасырайын.
Ағайынды
бәрі,
Шықса –
жасыл,
Түссе – сары. Бұл не?
Жапырақ
Балалар: Жапырақ деп өз жауаптарын
айтады.
Балалар, сендерге арналған өте
қызықты тапсырмалар бар .
Тапсырмаларды орындамас бұрын
ортаға өнерлерімізді көрсетіп
алайық.
Ән: «Жау-жау
жаңбыр»
Ал енді балалар, тапсырмаларға
тоқталайық.
1-сұрақ.Бір жылда неше мезгіл
бар?
2-сұрақ:Қазір қай
мезгіл?
3-сұрақ: Күз айларын ата.
(Қыркүйек, Қазан, Қараша )
Ән: «Бала тілегі» Жасмина мен Сезімайдың
орындауында.
1.Расул
Сарғайды
тоғай,
Сап - сары
маңай.
Соңғы әнін
айтып,
Құс кетті
қайтып.
2.
Аңсар
Күздің қазан
айында,
Алма, алмұрт
піседі.
Жапырақтар
сарғайып,
Сыбдыр - сыбдыр
түседі.
3.Самат
Келеді көшіп
комбайн,
Алтын дария
егінді.
Жинап маржан
бидайын,
Күзіміз неткен
көңілді.
4.
Архат
Жетті желмен алтын
күз,
Жеміс жинау
салтымыз.
Жиып - теріп болған
соң,
Той жасайды
халқымыз.
5.Қ.Заңғар
Сап - сары ғып
даланы,
Бояпты ғой күз
деген.
Құстар қанат
қағады,
Қоштасқандай
бізбенен.
Тәрбиеші: Қане, балалар, осындай
молшылық
Күз айында бір ойын ойнап
жіберейік.
Ол ойын «Кім
жылдам?» деп
аталады.
Ойын шарты бойынша ұлдар бір себетке көкөністерді
жинайды, ал қыздар
екінші себетке жемістер
жинайды.
Ал енді
ата-аналар балалардың ойынына
баға берер болсақ,олар
көкөністер
мен жемістерді дұрыс ажыратып
жинады.
6.
Лаура
Асханадан
шықпаймын,
Атым –пияз
бұқпаймын.
Көзден жасты
шығарып.
Тұмаудан бірақ
сақтаймын.
7.Сезімай
Өсіретін
бойыңды,
Дамытатын
ойынды.
Қоянға да
азықпыз-
Сәбіздерміз
жазықсыз.
8.Нұрайлым
Тал шыбығым
бұрылып,
Бақшаларда
қызарып,
Тұрған ол
мен-қызанақ,
Күнге қарап ұялып.
(қызанақ)
9.Еркенұр
Көптен ерте
шырмалып,
Өсемін мен бүр
жарып (қарбыз)
10.Асылым
Атым-қияр, теріп
ал,
Жиі-жиі
суарып (қияр)
Енді екінші тапсырмамды
тыңдаңдар, жұмбақ шешу.
1.Жазда інге тығылып,
Жатқан қызыл
түлкіні
Құйрығынан
суырып,
Әкелді әжем бір күні.Бұл не?
(Сәбіз)
2. Жайлы, жұмсақ
төсегім,
Домаланып өсемін
Қабат-қабат тоным
бар
Қалай оны
шешемін.
Бұл не? (Орамжапырақ)
3. Қалың киім
ұнатады,
Шешіндірсең жылатады. Бұл
не?(Пияз)
Жарайсыңдар, балалар! Жұмбақты
да шеше алдыңдар
жарайсыңдар.
Ән: «Біз дәуірдің
түлегіміз»
Тәрбиеші:
Берекесін
сыйлауға
Өлкемізге Күз
келді.
Жемістерін
жинауға
Шақырады
біздерді.
Жемістерді қарсы
алайық.
(Осы кезде әуен ойналады.
Ортаға жемістер шығады.)
11. Азиз
(Алмұрт)
Мен алмұртпын,
алмұртпын,
Аузындамын бар
жұрттын.
12. О.Заңғар
(Алма)
Мен алмамын,
алмамын,
Таңдай жұлар бар
дәмім.
13. Нұрбек
(Анар)
Бұтақтан
үзілген
Жарылса
анармын
Моншақтай
тізілген,
Дәндерін
аламын.
14. Жаннұр
(Жүзім)
Мен жүзіммін,
жүзіммін
Моншақ болып
тізілдім.
15. Жасмина
(Өрік)
Өрікпін, мен
өрікпін,
Бау-бақшаға
көрікпін
Баптап мені күткен
соң,
Талды бойлап
өріппін.
16. Диана
(Шие)
Мен шиемін,
шиемін,
Күннің көзін
сүйемін.
Қышқыл шырын менде
бар,
Төмен бас
иемін.
Ән: «Солдат болам,мен
ертең» хормен
Өте
тамаша,балалар!
Қазір менімен ойын ойнайсыңдар
ма?
Бұл ойын «Қай
жеміс?» деп
аталады.
Көздеріңді жұмып,жемісті жеп,қай жеміс екенін
айтасыңдар,бір
ыдыста
туралған әр түрлі
жемістер)
17. Аружан
Бақша төріндегі
асқабақпын
Асханадағы дәмді
тамақпын
Сап сары боп
торсиып
Күтем сені терсін
деп (асқабақ)
18.Наурызбек
Өрік, алма, шие,
алша.
Жидек, жүзім
піседі.
Қауын, қарбыз, қияр,
сәбіз,
Дүкендерге
түседі.
19.
Бекнұр
Алтын, сары, қызыл,
көк,
Алуан- алуан
жапырақ
Күзгі бақта
күлімдеп
Көз тартады
атырап.
20.Гүлбахар
Аспанды сұрғылт бұлт
Жан-жақтан жабады.
Күн бірте суытып
Жауын көп жауады.
Ән: «Ертегілер елінде»
қыздардың орындауында.
21.
Рамазан
Ағаштарды жамырап
Ұшты кенет жапырақ
Құстар қайтып барады
Көк аспанды қалықтап.
22. Әмірхан
Көкөністің
ішінде
Менің атым
қызылша
Денсаулығын
нығайтып
Қызмет етем
адамға.
23.Айнұр
Қызара піскен
бақшада
Қызанақты
білерсің
Шырыныммен
етіме
Тояттап-ақ
жүрерсің
24.
Бағдат
Жемісі мол
теретін
Күз дос екен
бізбенен
Бәрін тауып
беретін
Жомарт екен күз
деген
Тәрбиеші:
Күздің кереметі, байлығы өте көп.Күзде біздің
дастарханымыз дәнді дақылдарға, көкөністерге,жеміс-жидектерге толы
болады, бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбек ету керек. Сондықтан
сендер еңбекшіл болыңдар.
Міне, осымен «Күз жомарт» атты
ертеңгілігіміз аяқталды.Сіздерді Күз мерекесімен құттықтаймын, әр
отбасыларыңызға бақыт,береке
тілеймін.
Мұхамед-Салық Бабажанов
атындағы жалпы орта білім беретін
мектебі
Тәрбие
сағаты
«Күз
жомарт»
\
Өткізген:Қабиева
Г.Е
Сайқын-2017